Есеп жүргізу және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 239 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10986 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 367 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 15.03.2018 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 37, 44, 51, 210, 262-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізу және осындай тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақталатын (сақтауда тұрған) тауарлардың есебін жүргізу және осындай тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есебін жүргізу және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 239
бұйрығына
1-қосымша

Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне
сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізу және осындай
тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып мемлекеттік кірістер органына есептілікті
ұсыну қағидасы

      1. Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізу және осындай тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 37-бабына сәйкес дайындалды және кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Кедендік тасымалдаушылар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін қағаз тасығышта және Excel форматында электрондық түрде осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша кедендік тасымалдаушының кедендік бақылаумен тауарларды тасымалдауды есепке алу және есептілік кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу жолымен жүзеге асырады.

      Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірлеуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында кедендік тасымалдаушы орналасқан мемлекеттік кірістер органы басшысының не оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.

      Ағымдағы күнтізбелік жылда соңғы жазу енгізілгеннен кейін Есепке алу кітабы салыстырып тексеру үшін мемлекеттік кірістер органына беріледі. Салыстырып тексеруді жүргізу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.

      Есепке алу кітабы соңғы жазу енгізілген күннен бастап бес жыл бойы сақталады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін Есепке алу кітабына қосымша жазулар немесе түзетулер енгізуге жол берілмейді.

      Есепке алу кітабы не оның электрондық түрдегі көшірмесі мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамдарына олардың талап етуі бойынша ұсынылады.

      3. Кедендік тасымалдаушылар тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының бесінші күнінен кешіктірмей қызмет аймағында кедендік тасымалдаушылар бар мемлекеттік кірістер органына есепті кезеңде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылған барлық тауарларды тасымалдаулар туралы есепті ұсынады.

      Есеп есепке алу кітабына енгізілген мәліметтер негізінде осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастырушы адам, бас бухгалтер қол қояды, кедендік тасымалдаушының мөрімен куәландырылады. Қағаз тасығыштағы есеппен бір уақытта кеден органына Excel форматындағы электрондық түрдегі есеп ұсынылады.

      Есептілік мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері (Web-портал) арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде ұсынылкы мүмкін.

  Кедендік тасымалдаушының кедендік
транзит кедендік рәсіміне сәйкес
тасымалданатын тауарлардың есебін
жүргізу және кедендік тасымалдаушының
осындай тауарлар туралы, оның ішінде
ақпараттық технологияларды пайдалана
отырып мемлекеттік кірістер органына
есептілікті ұсыну қағидасына қосымша

      Нысан

Кедендік тасымалдаушының кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауын есептілік кітабы

Р/с

Транзиттік декларация нөмірі

Тасымалдауды бас тау күні

Жөнелтушінің мемлекеттік кіріс тер органы белгіленген жеткізу мерзімі

Тасымалдаудың іс жүзінде аяқталған күні, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттың немесе тауарлар декларациясының нөмірі

Жөнелтушінің мемлекеттік кіріс тер органы

Межелі мемлекеттік кір іс тер органы

Нақты жеткізілетін мемлекеттік кіріс тер органы

Көлік құралының (тіркеменің) мемлекеттік тіркеу нөмірі

Тауардың атауы

Тауарлардың таза салмағы (кг), көлік тік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Уақытша сақтау қоймасының атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

  Кедендік тасымалдаушының кедендік
транзит кедендік рәсіміне сәйкес
тасымалданатын тауарлардың есебін
жүргізу және кедендік тасымалдаушының
осындай тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып
мемлекеттік кірістер органына
есептілікті ұсыну қағидасына 1-қосымша

      Нысан

Кедендік тасымалдаушының кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауын есепке алу

Р/с

Транзиттік декларация нөмірі

Тасымалдауды бас тау күні

Жөнелтушінің мемлекеттік кіріс тер органы белгіленген жеткізу мерзімі

Тасымалдаудың іс жүзінде аяқталған күні, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттың немесе тауарлар декларациясының нөмірі

Жөнелтушінің мемлекеттік кіріс тер органы

Межелі мемлекеттік кіріс тер органы

Нақты жеткізілетін мемлекеттік кіріс тер органы

Көлік құралының (тіркеменің) мемлекеттік тіркеу нөмірі

Тауардың атауы

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Уақытша сақтау қоймасының атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 239 бұйрығына
2-қосымша

Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақталатын
(сақтауда тұрған) тауарлардың есебін жүргізу және осындай
тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып мемлекеттік кірістер органына есептілікті
ұсыну қағидасы

      1. Сақталатын (сақтауда тұрған) тауарлардың есебін жүргізу және уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің осындай тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну туралы осы қағида (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 44 және 51-бабына сәйкес дайындалды және уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақталатын (сақтауда тұрған) тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлардың есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта және Excel форматында электрондық түрде Сақтаудағы тауарларды есепке алу кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      3. Есепке алу кітабы тауарды шығару туралы соңғы жазба енгізілген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.

      Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірленуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасының иесі орналасқан мемлекеттік кірістер органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.

      4. Уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының иелері тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының бесінші күнінен кешіктірмей қызмет аймағында осындай қоймалар орналасқан мемлекеттік кірістер органына есепті кезеңде, сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы қорытылған есепті ұсынады.

      Есептілік мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері (Web-портал) арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде ұсынылкы мүмкін.

      5. Мемлекеттік кірістер органы мемлекеттік кірістер органымен анықталатын уақыт кезеңінде сақталатын (сақтауда тұрған) тауарлар туралы есеп ұсынуды жазбаша нысанда талап ете алады.

      Есеп есепке алу кітабына енгізілген мәліметтер негізінде осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастырушы адам, бас бухгалтер қол қояды, кедендік тасымалдаушының мөрімен куәландырылады. Қағаз тасығыштағы есеппен бір уақытта кеден органына Excel форматындағы электрондық түрдегі есеп ұсынылады.

      Уақытша сақтау қоймалары, кеден

      қоймалары иелерінің сақтауда тұрған

      (сақталатын) тауарлар туралы, оның ішінде

      ақпараттық технологияларды пайдалана

      отырып есеп жүргізу және мемлекеттік

      кірістер органына есептілікті

      ұсыну қағидасына 1 қосымша

      Нысан

Сақтаудағы тауарларды кітабы


Кіріс

Орналастыру күні мен уақыты

Қойманың тіркеу нөмірі

Транзиттік декларацияның немесе ХЖТ кітапшасының нөмірі

Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастырушы адам

Көлік құралының (тіркеменің) мемлекеттік тіркеу нөмірі

Тауардың атауы

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Қоймада орналасқан орны (бокс № және т.б.) адамның қолы

Тауарларды қабылдаған адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


      кестенің жалғасы

Шығыс

Қалдық (бар болса

Примечание

Тауарлар декларациясы немесе транзиттік декларацияның нөмірі

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Қоймадан іс жүзінде шығарылған күш

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі


11

12

13

14

15

16

17


      Уақытша сақтау қоймалары, кеден

      қоймалары иелерінің сақтауда тұрған

      (сақталатын) тауарлар туралы, оның ішінде

      ақпараттық технологияларды пайдалана

      отырып есеп жүргізу және мемлекеттік

      кірістер органына есептілікті

      ұсыну қағидасына 2-қосымша

      Нысан

Сақтаудағы тауарларды есепке алу


Кіріс

Орналастыру күні мен уақыты

Қойманың тіркеу нөмірі

Транзиттік декларацияның немесе ХЖТ кітапшасының нөмірі

Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастырушы адам

Көлік құралының (тіркеменің) мемлекеттік тіркеу нөмірі

Тауардың атауы

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Қоймада орналасқан орны (бокс № және т.б.) адамның қолы

Тауарларды қабылдаған адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


      кестенің жалғасы

Шығыс

Қалдық (бар болса

Примечание

Тауарлар декларациясы немесе транзиттік декларацияның нөмірі

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Қоймадан іс жүзінде шығарылған күш

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі


11

12

13

14

15

16

17

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 239 бұйрығына
3-қосымша

Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы
оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын,
тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе)
пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер органына
есептілікті ұсыну қағидалары

      1. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну туралы осы қағидалар "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес әзірленді және арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік кірістер органы сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есепті (бұдан әрі – есеп) алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғаларға талаптың тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты тоқсан сайын айдың 1-нен кешіктірмей почта жөнелтімімен жолдайды.

      3. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалар тауарларды кедендік тазалауды жүзеге асыратын орны бойынша мемлекеттік кірістер органының жазбаша талабы бойынша есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаға 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша Excel форматында қағаз және электронды тасығышта есеп ұсынады.

      Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға және бас бухгалтер қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады.

      4. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалар мемлекеттік кірістер органының талабында белгіленген мерзімдерде есептілікті дұрыс ұсынуды қамтамасыз етеді.

  Кеден ісі саласында қызметті жүзеге
асыратын арнайы оңайлатуларды
пайдаланатын тұлғалардың сақталатын,
тасымалданатын, өткізілетін, қайта
өңделетін және (немесе) пайдаланылатын
тауарлары туралы мемлекеттік кірістер
органына есептілікті ұсыну қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы
оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын,
тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе)
пайдаланылатын тауарлары туралы
мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну талабы

      "___" ______ 20__ ж. № ____________

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан

      Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес ___________________________

      (кеден органның атауы)

      Сізге _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе есептілікті ұсынушы заңды тұлғаның толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (тексерілетін тұлғаның заңды мекенжайы және орналасқан орны)

      "___" __________ ____ ж. "___" __________ ____ ж. дейінгі кезеңде ресімделген сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есептілікті ұсынудың қажеттігі туралы хабардар етеді.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 14, 210-баптарына сәйкес Сізге Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидаларына 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өсу қорытындысымен сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есепті ұсыну қажет.

      Мемлекеттік кірістер органының басшысы

      ____________________________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      "___" __________ 20__ ж. М.О.

  Кеден ісі саласында қызметті жүзеге
асыратын арнайы оңайлатуларды
пайдаланатын тұлғалардың сақталатын,
тасымалданатын, өткізілетін, қайта
өңделетін және (немесе) пайдаланылатын
тауарлары туралы мемлекеттік кірістер
органына есептілікті ұсыну қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы
оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын,
тасымалданатын, қайта өңделетін
және пайдаланылатын тауарлары туралы есеп

Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың атауы

Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың СТН (БСН)*

Транзиттік декларацияның немесе ХЖТ кітапшасының нөмірі

Оның аймағында тауарлардың кедендік тазартылуы жүзеге асырылған аумақтық мемлекеттік кірістер органының атауы

Тауарларға арналған декларацияның нөмірі

КОК-ның 20.09.2010 ж. № 378 шешіміне 1-қосымшаға сәйкес кедендік рәсімдер түрлерінің жіктеуішіне сәйкес кедендік рәсімдер түрінің коды

1

2

3

4

5

6


      кестенің жалғасы

КО СЭҚ ТН коды

Тауарлардың атауы

Статистикалық құн (АҚШ долл.)

Тауарлардың салмағы нетто/брутто (кг), қосымша өлшем бірліктеріндегі көлемі

Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке төленуге жататын сомасы

Бюджетке төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы

КОК-ның 20.09.2010 ж. № 378 шешіміне 16-қосымшаға сәйкес арнайы оңайлатулар түрлерінің жіктеуішіне сәйкес арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалармен қолданылған арнайы оңайлатулар түрінің коды

Есепті тоқсан

7

8

9

10

11

12

13

14


      Басшы _________________________ тегі, аты-жөні

      (қолы)

      Бас бухгалтер _________________ тегі, аты-жөні

      (қолы)

      Заңды тұлғаның мөрімен расталады.

  Кеден ісі саласында қызметті жүзеге
асыратын арнайы оңайлатуларды
пайдаланатын тұлғалардың сақталатын,
тасымалданатын,өткізілетін, қайта
өңделетін және (немесе) пайдаланылатын
тауарлары туралы мемлекеттік кірістер
органына есептілікті ұсыну қағидаларына
3-қосымша

      Форма

Арнайы оңтайландыруды пайдаланатын кеден ісі саласындағы қызметті
жүзеге асыратын тұлғалардың өткізілетін тауарлары туралы есеп

п/п

Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың атауы

Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың СТН (БСН)*

Тауардың атауы

Жөнелтілетін ел

Импортталған тауарды сатып алушының атауы, мекенжайы

Тауарды сатып алушының СТН/БСН

СЭҚ ТН коды

Тауарлардың салмағы нетто/брутто (кг), қосымша өлшем бірліктеріндегі көлемі

Статистикалық құн (АҚШ долл.)

Жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан ұсталған алымдардың сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


      Басшы _________________________ тегі, аты-жөні

      (қолы)

      Бас бухгалтер _________________ тегі, аты-жөні

      (қолы)

      Заңды тұлғаның мөрімен расталады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 239 бұйрығына
4-қосымша

Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын шетелдік
тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың
сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және
(немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер
органына есептілікті ұсыну қағидалары

      1. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну туралы осы қағидалар Кедендік одақтың 2010 жылғы 25 маусымдағы Кедендік кодексінің 121-бабына және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес әзірленді және кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын шетелдік тауарларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген мемлекетік кірістер органына, аталған мемлекетік кірістер органының жазбаша талабы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда Excel форматында қағаз тасығышта және (немесе) және электронды тасығышта есеп ұсынады.

      3. Мемлекетік кірістер органы есепті алу үшін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғаларға талапты тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жолдайды.

      Талап мемлекетік кірістер органыының ақпараттық жүйелері (Web-портал) арқылы электрондық тәсілмен жолдануы мүмкін.

      4. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегінің (болуы) болмауы туралы анықтаманы алу өтінішімен бірге аталған тұлғалар, оның қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген кеден органына қайта ұйымдастырылған немесе таратылған күнгі жағдай бойынша шетелдік тауарлар бойынша есепті ұсынады.

      5. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар мемлекеттік кірістер органының талабында белгіленген мерзімдерде есептілікті дұрыс ұсынуды қамтамасыз етеді.

  Кеден ісі саласында қызметті жүзеге
асыратын арнайы оңайлатуларды
пайдаланатын тұлғалардың сақталатын,
тасымалданатын,өткізілетін, қайта
өңделетін және (немесе) пайдаланылатын
тауарлары туралы мемлекеттік кірістер
органына есептілікті ұсыну қағидаларына
1-қосымша

"___" ____________ _____ ж. бастап "___" _____________ _____ ж.
дейінгі кезеңде шетелдік тауарларды оның ішінде, оларға қатысты
мөлшері Бірыңғай кедендік тарифпен белгіленген кедендік әкелу
баждары ставкаларының мөлшерінен аз кедендік әкелу баждарының
ставкалары қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі есеп*

п/р/р

Тұлғаның атауы

Тұлғаның СТН

Тұлғаның СТН/ ЖСН

Тауардың атауы

№ ДТ

КО СЭҚ ТН (ҚР СЭҚ ТН) тауар коды ТД 33-б

Рәсім коды, ТД 37-б.

Тауардың салмағы (кг), ДТ 38-б.

Тауардың АҚШ долларындағы статистикалық құны, ДТ 46-б.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


Бухгалтерлік есептің деректер базасынан ақпарат

Ескертпе ****

Тауардың инвентарлық нөмірі (қажет болған жағдайда)

Аталған тауардың бух. есеп бойынша тұрған шотының № (болған жағдайда)

Тауарды пайдалану туралы ақпарат

Тауар сатылған/берілген тұлға туралы ақпарат

Тауармен әрекет жасау *

Құжаттың атауы

Құжаттың № және күні

қосымша өлшем бірліктерінде (бар болған жағдайда)

салмағы (кг)

тұлға ның атауы

тұлғаның СТН

тұлғаның СТН/ЖСН

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21


      * - Есеп есептілік кезеңдегі айдың соңғы күнгі жағдайы бойынша өсу қорытындысымен тоқсан сайын ұсынылады.

      ** - СТН – 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған кезде толтырылады.

      - ЖСН/БСН - 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады.

      *** Тауармен әрекет жасау келесі түрде толтырылады:

      - сатылды

      - үшінші тұлғаға берілді

      - шығынға жызылды

      - кәсіпорында пайдаланылуда

      Тауарды сатқан жағдайда одан кейінгі есептерде аталған тауар көрсетілмейді.

      *** - Ескертпеде есепті ұсынған сәтте тауардың нақты тұрған орны көрсетіледі (ұңғыманың нөмірі, кен орны және т.б.).

      Заңды тұлғаның/жеке тұлғаның басшысы ___________ тегі, аты-жөні

      (қолы)

      Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (дара кәсіпкерде болған жағдайда) бас бухгалтері ___________________ тегі, аты-жөні (қолы)

      Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (дара кәсіпкерде болған жағдайда) мөрімен расталады.

      тел. ____________/факс ______________

  Кеден ісі саласында қызметті жүзеге
асыратын арнайы оңайлатуларды
пайдаланатын тұлғалардың сақталатын,
тасымалданатын,өткізілетін, қайта
өңделетін және (немесе) пайдаланылатын
тауарлары туралы мемлекеттік кірістер
органына есептілікті ұсыну қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы
оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын,
тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе)
пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер органына
есептілікті ұсыну талабы

      "___" ____________ 20__ ж. № ___________________

"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (кеден органның атауы)

      Сізді _________________________________________________________(тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса) немесе есептілікті ұсынған заңды (жеке) тұлғаның толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (тұлғаның заңды мекенжайы және орналасқан орны)

      "___" __________ ____ ж. "___" __________ ____ ж. дейінгі кезеңде ресімделген шетелдік тауар(лар) бойынша есептілікті ұсынудың қажеттігі туралы хабардар етеді.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 14, 210-баптарына сәйкес Сізге есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидасына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша шетелдік тауар(лар) жөнінде есептілік кезеңіндегі айдың соңғы күнгі жағдайы бойынша өсу қорытындысымен есеп ұсыну қажет.

      Мемлекеттік кірістер органының бастығы

      _____________________________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      "___" _______________ 20__ ж. М.О.

  Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 239 бұйрығына
5-қосымша

Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін,
сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік
құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың
автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және
мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидасы

      1. Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну туралы осы қағидалар "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 262-бабына сәйкес әзірленді және жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Жеке тауарларын сақтау қоймаларына келіп түсетін, сақтауда тұрған және әкетілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Сақтауда тұрған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын есепке алу кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Автоматтандырылған бақылау және есепке алуды жеке тауарларын сақтау қоймалары иелері келіп түсетін, сақтауда тұрған және әкетілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының есебін жүргізуге және кеден органына ұсыну үшін есеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану жолымен жүзеге асырады.

      2. Есепке алу кітабы тауарды шығару туралы соңғы жазба енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде сақталады.

      Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірлеуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында жеке тауарларын сақтау қоймасының иесі орналасқан мемлекеттік кірістер органы бастығының немесе оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.

      3. Мемлекеттік кірістер органы жазбаша нысанда мемлекеттік кірістер органы айқындайтын уақыт кезеңінде келіп түскен, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есепті ұсынуды талап етуі мүмкін.

      4. Жеке тауарларын сақтау қоймаларының иелері тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының бесінші күнінен кешіктірмей қызмет аймағында осындай қоймалар орналасқан мемлекеттік кірістер органына есепті кезеңде келіп түскен, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы қорытылған есепті ұсынады.

      Есепке алу кітабына енгізілген мәліметтер негізінде осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша есеп жасалады. Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастырушы адам, бас бухгалтер қол қояды, кедендік тасымалдаушының мөрімен куәландырылады. Қағаз тасығыштағы есеппен бір уақытта мемлекеттік кірістер органына Excel форматындағы электрондық түрдегі есеп ұсынылады.

  Жеке тауарларын сақтау қоймалары
иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған,
әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік
құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың
және есепке алудың автоматтандырылған
нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу
және мемлекеттік кірістер органына
есептілікті ұсыну қағидасына 1-қосымша

      Нысан

Сақтаудағы тауарлар және (немесе) көлік құралдарын
кітабы


Кіріс

Орналастыру күні мен уақыты

Қойманың тіркеу нөмірі

Транзиттік декларацияның немесе ХЖТ кітапшасының нөмірі

Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастырушы адам

Көлік құралының (тіркеменің) мемлекеттік тіркеу нөмірі

Тауардың атауы

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Қоймада орналасқан орны (бокс № және т.б.)

Тауарларды қабылдаған адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


      кестенің жалғасы

Шығыс

Қалдық (бар болса)

Ескертпе

Тауарлар декларациясы немесе транзиттік декларацияның нөмірі

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Қоймадан іс жүзінде шығарылған күні

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі


11

12

13

14

15

16

17

  Жеке тауарларын сақтау қоймалары
иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған,
әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік
құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың
және есепке алудың автоматтандырылған
нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу
және мемлекеттік кірістер органына
есептілікті ұсыну қағидасына 2-қосымша

      Нысан

Сақтаудағы тауарлар және (немесе) көлік құралдарын
есепке алу


Кіріс

Орналастыру күні мен уақыты

Қойманың тіркеу нөмірі

Транзиттік декларацияның немесе ХЖТ кітапшасының нөмірі

Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастырушы адам

Көлік құралының (тіркеменің) мемлекеттік тіркеу нөмірі

Тауардың атауы

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Қоймада орналасқан орны (бокс № және т.б.)

Тауарларды қабылдаған адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


      кестенің жалғасы

Шығыс

Қалдық (бар болса)

Ескертпе

Тауарлар декларациясы немесе транзиттік декларацияның нөмірі

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Қоймадан іс жүзінде шығарылған күні

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі


11

12

13

14

15

16

17