Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10970 тіркелді

Қолданыстағы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Мыналардың:
      1) «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 (2009 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5862 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 20 наурызда № 1 жарияланған) бұйрығының;
      2) «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 860 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7356 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2014 жылғы 6 тамызда № 151 (27772) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ____________ Т. Дүйсенова
      27 наурыз 2015 ж.

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________ Б. Сұлтанов
      1 сәуір 2015 ж.

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы  
№ 150 бұйрығымен бекітілген

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген.
      2. Қағидалар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғаларының қаулылары немесе ұйғарымдары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
      3. Қағидаларда пайдаланылатын анықтамалар:
      1) лауазымды тұлға – Кодекске сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғасы:
      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және оның орынбасарлары, тиісті аумақтар мен көліктердегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, олардың орынбасарлары;
      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведмствосының басшылары, олардың орынбасарлары мен мамандары;
      тиісті аумақтар мен көліктердегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары мен мамандары;
      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
      2) орындаушы – санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары;
      3) тапсырыс беруші – санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге тапсырыс беретін заңды және жеке тұлғалар;
      4) ЭМӨ – электромагниттік өріс.
      4. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргізеді.
      5. Жобаларға, объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін тапсырыс беруші орындаушыға мына құжаттарды жолдайды:
      1) қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) объектіні орналастыруға және құрылысқа арналған жобалау құжаттамасы;
      3) объектілерді реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасы;
      4) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобалар және нормативтік құжаттама;
      5) жерүсті және жерасты сумен жабдықтау көздерінің, су қоймаларының санитариялық қорғау аймағын белгілеу бойынша жобалау құжаттамасы;
      6) санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жоба, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстарының, өндіру жөніндегі құжаттама жобасы;
      7) қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылыс салуларының бас жоспарлары, елді мекендер құрылыс салуларын жоспарлау жобалары.
      6. Заңды және жеке тұлғалардың (бастамымен) өтініштері бойынша, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу үшін Кодекстің 62-бабының 5-тармағына сәйкес олар қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

2. Лауазымды тұлғаның қаулылары бойынша өнімдерге
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібі

      7. Зерттеулер жүргізу үшін өнімдердің сынамаларын (үлгілерін) (бұдан әрі – сынамалар) алуды тексерілетін субъектінің басшысының немесе өкілінің немесе тексерілетін субъектінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен лауазымды тұлға жүргізеді және өнімнің сынамаларын алу актісімен (бұдан әрі – акт) куәландырылады. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың басқа нысаны шеңберінде өнімдердің сынамаларын алуды жүргізу кезінде өнімді алу фактісін растайтын құжатпен қосымша куәландырылады. Алынған сынамалар жинақталған, оралған және пломбаланған (мөрмен бекітілген) болуы тиіс.
      8. Акт Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бекітетін нысан бойынша үш данада жасалады.
      9. Актінің барлық даналарына өнім сынамасын алған лауазымды тұлға және тексерілетін субъектінің басшысы немесе өкілі немесе тексерілетін субъектінің уәкілетті тұлғасы қол қояды. Актінің бірінші данасы лауазымды тұлғаның қаулысы бойынша өнім үлгілерімен бірге кешіктірмей санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің (бұдан әрі – Ұйым) мемлекеттік ұйымдарына жолданады. Актінің екінші данасы субъектінің тексеретін басшыда қалады. Актінің үшінші данасы өнім сынамасын алуды жүзеге асырған лауазымды тұлғада сақталады.
      10. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін акті жасалып және өнімдердің сынамалары алынғаннан кейін лауазымды тұлға қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы қаулы (бұдан әрі – Қаулы) шығарады.
      11. Қаулы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес үлгісі бойынша екі данада жасалады. Бірінші дана Ұйымға жіберіледі. Екінші дана лауазымды тұлғада сақталады.
      12. Сынамалар алған лауазымды тұлға, олардың сақталуын және Ұйымға уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді.

3. Лауазымды тұлғаның ұйғарымдары бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібі

      13. Қоршаған ортаның физикалық факторларына, ЭМӨ-ға құрал-саймандық және радиологиялық өлшеулер (бұдан әрі - өлшеулер) жүргізу үшін санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы ұйғарымды (бұдан әрі – Ұйғарым) лауазымды тұлға шығарады.
      14. Ұйғарым Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалады. Бірінші дана Ұйымға жіберіледі. Екінші дана лауазымды тұлғада сақталады.
      15. Өлшеулер жүргізу үшін тексерілетін субъектінің басшысының немесе өкілінің немесе тексерілетін субъектінің уәкілетті тұлғаның міндетті түрде қатысуымен Ұйымның қызметкерлері тартылады және Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бекітетін нысан бойынша өлшеулер хаттамасымен куәландырылады.
      16. Өлшеулер хаттамасы үш данада жасалады. Өлшеулер хаттамасының бірінші данасы лауазымдық тұлғаның ұйғарымы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін Ұйымға жіберіледі. Екінші данасы тексерілетін субъектінің басшысында қалады. Өлшеулер хаттамасының үшінші данасы лауазымдық тұлғада сақталады.

4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу

      17. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өнімдерге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сынама алуды және өлшеу жүргізуді Ұйымның мамандары жүргізеді.
      18. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама:
      1) Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес санитариялық-эпдемиологиялық сараптама жүргізу туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің толтырылған үлгісін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін Ұйымның кеңсесінде тіркеуді;
      2) сынама алу, санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға өлшеулер жүргізу үшін объектіге бару күні мен уақытын тапсырыс берушінің орындаушымен алдын ала келісуін;
      3) сынама алатын жерге бару, сынама алу, өлшеулер жүргізуді;
      4) зертханалық зерттеулерді, нәтижелерді бағалауды орындауды;
      5) Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бекітетін нысан бойынша зерттеулер хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) «бір терезе» қағидаты бойынша беруді;
      6) өлшеулер актісін, хаттамасын ресімдеуді қамтиды.

5. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу

      19. Ұйымның зертханасына сынамалар келіп түскеннен кейін, оларды тіркеу журналына тіркеу жүргізіледі. Зерттеулердің түріне қарай сынамалар зертхананың тиісті бөлімшелеріне жіберіледі, онда Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттары бойынша зерттеулер жүргізіледі (бұдан әрі – нормативтік құжаттар).
      20. Сынама аяқталғаннан кейін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес зертхана мамандары нәтижелерді бағалауды жүргізеді және хаттама ресімделеді.
      21. Қаулылар мен ұйғарымдар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу кезінде хаттама лауазымды тұлғаға беріледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу кезінде хаттама тапсырыс берушіге беріледі.
      22. Жарамсыз тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаты болған жағдайда Кодекстің 62-бабының 6-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілмейді.
      23. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мерзімінің басталуы орындаушы өтінішті тіркеген күннен бастап белгіленеді. Әзірлеу (жасау) шеңберінде ұсынылған үлгілерді қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мерзімі зерттеу жүргізу әдістемесімен белгіленген мерзімдерден аспауы тиіс.
      24. Хаттама тек зерттелетін жобаға ғана қолданылады. Сынамалар саны, оларды алу тәртібі, сақтау және сәйкестендіру қағидалары, өнімнің сынама алу актісін ресімдеу нақты сынамаға арналған нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес болуы қажет.
      25. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау мемлекеттік органдары жүргізетін жобалардың, объектілердің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның белгіленген қызметі шегінде іске асырылады.
      26. Жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін құжаттарды алғаннан кейін орындаушы ұсынылған құжаттарға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдейді.
      27. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін құжаттарды алғаннан кейін орындаушы объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді, объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады, объектінің санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдейді.
      28. Өнімге берілетін зерттеулер хаттамасы өнімдерге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу нәтижесі болып табылады.
      29. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру жобаларға, объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу нәтижесі болып табылады.
      30. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту саласындағы жоғарғы уәкілетті органға ұсынылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық 
сараптама жүргізу қағидаларына
1-қосымша          

Нысан

_____________________________________
басшысының (Т.А.Ә. (ол бар болғанда))
_____________________________________
мемлекеттік органның атауы     
_____________________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.,     
_____________________________________
өтініш берушінің мекенжайы    
_____________________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны 

Өтініш

     Сізден__________________________________________________________
                         (аудан, көше, үй, пәтер)
__________________________________________________ бойынша орналасқан
_____________________________________________________________________
                    объектінің нысаналы мақсаты
_____________________________________________________________________

тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді
сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

                                           __________________________
                                              қолы, күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
      1.
      2.
      3.

Санитариялық-эпидемиологиялық 
сараптама жүргізу қағидаларына
2-қосымша          

Нысан

_____________________________
мемлекеттік органның атауы 
_____________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.  
(ол бар болғанда)      
_____________________________
жеке немесе заңды тұлғаның 
аты, мекенжайы      
_____________________________
(ЖСН/БСН)         
_____________________________
өтініш берушінің байланыс 
телефоны          

Өтініш

      Сізден_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                          (жобаның атауы)

      жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама
жүргізуді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді
сұраймын.
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

                                                                 Қолы
                                                      күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
      1.
      2.
      3.

Санитариялық-эпидемиологиялық 
сараптама жүргізу қағидаларына
3-қосымша          

Нысан

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы
№ _________ қаулы

20___ жылғы «____» ___________                         орын__________

Тексерілетін субъектінің атауы_______________________________________
_____________________________________________________________________

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғасы____________
_____________________________________________________________________
                     (Т.А.Ә. (ол бар болғанда))
Ұсынылған тауарға ілеспе құжаттарды _________________________________
______________________________________________________________ қарап,
                            (санамалау)
мынаны ______________________________________________________________
               (аумақтағы, объектілер тобында қалыптасқан
         санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың сипатын, халықтың
          санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
        Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарын көрсету)

анықтады.
Қаулы шығаруға негіздеме ____________________________________________
_____________________________________________________________________
     (Жоспарлы, жоспардан тыс өнім қауіпсіздігінің мониторингі)

                              Қаулы етемін

      1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама тағайындалсын, оны
өткізу Ұйымға
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                             (Ұйымның атауы)

тапсырылсын.
      2. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаты_______________
_____________________________________________________________________
                (сәйкестігіне зерттеу жүргізілетін)

      Қолы___________________________________________________________
                     (Т.А.Ә. (ол бар болғанда), қолы)

Санитариялық-эпидемиологиялық 
сараптама жүргізу қағидаларына
4-қосымша          

Нысан

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы
№ _________ ұйғарым

20___ жылғы «____» ___________

Тексерілетін субъектінің атауы_______________________________________
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғасы__________--
_____________________________________________________________________
                      (Т.А.Ә. (ол бар болғанда))
Ұсынылған тауарға ілеспе құжаттарды, өлшеулерді______________________
______________________________________________________________ қарап,
                             (санамалау)
мынаны ______________________________________________________________
               (аумақтағы, объектілер тобында қалыптасқан
         санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың сипатын, халықтың
         санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
        Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарын көрсету)

анықтады.
Ұйғарым шығаруға негіздеме___________________________________________
_____________________________________________________________________
     (Жоспарлы, жоспардан тыс өнім қауіпсіздігінің мониторингі)

                               Ұйғарамын

1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, өлшеулер жүргізу
тағайындалсын___.______
_____________________________________________________________________
2. Өндіріс Ұйымға _______________________________________ тапсырылсын
                              (Ұйымның атауы)
3. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаты_____________________
_____________________________________________________________________
                (сәйкестігіне өлшеулер жүргізілетін)

Қолы_________________________________________________________________
                   (Т.А.Ә. (ол бар болғанда), қолы)

Санитариялық-эпидемиологиялық 
сараптама жүргізу қағидаларына
5-қосымша          

Нысан

_______________________
____________директорына
азаматтан, ұйымнан ___________________
______________________________________
ЖСК __________________________________
БСН (ЖСН) ____________________________
БСК __________________________________
Банк _________________________________
Кбе_ _________________________________
Төлем тағайындау коды ________________
Заңды мекен-жайы _____________________
Байланыс тел/факс, E-mail ____________

Өтініш

      Зертханалық зерттеу жүргізуіңізді сұраймын ____________________
      микробиологиялық_______________________________________________
                    (өнімнің атауы (көлемі), су (қандай), шайынды)
      санитариялық-гигиеналық________________________________________
_____________________________________________________________________
       (өнімнің атауы, су, дезинфекциялау құралдары және т.б.)
      токсикологиялық _______________________________________________
_____________________________________________________________________
                     (материалдың атауы)
      радиологиялық өлшеу____________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (объектінің атауы)
      шуды және дірілді өлшеу________________________________________
_____________________________________________________________________
                         (объектінің атауы)
      басқа да зерттеулер____________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (объектінің атауы)
      басқа да жұмыстар _____________________________________________
_____________________________________________________________________
    (объектінің атауы, дезинфекция, дезинсекция, дератизация (м2),
                      камералық өңдеу (кг))

      Төлемге кепілдік береміз

      Қолы _________
      Күні 20 ____ жылғы «_____»____________
      Өтініш берушінің Т.А.Ә. (ол бар болғанда)______________________