"Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 860 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 желтоқсанда № 7356 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 550 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қазіргі төрелік талқылаулар бойынша «Reed Smith, LLP» компаниясының Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша 500000 (бес жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада ақшалай қаражат бөлінсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   K. Мәсімов