Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 28.09.2018 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 32-бабының 3 және 7-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін қолдана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Біліктілік емтихандарын өткізу бағдарламасын, тәртібін әзірлеу, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеу және бекіту, кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестатын алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік аттестатының, бейджінің, кедендік декларациялау жөніндегі маманның жеке нөмірлік мөрінің нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Р. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) "Кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар кеден органдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 418 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 6455 болып тіркелді және 2010 жылғы 6 қазандағы № 263 (26324) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған);
2) "Бағдарламаны әзірлеу, біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеуді және оны бекітуді, аттестат алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеудің Ережесін, сондай-ақ, біліктілік аттестатының, бейджінің, кедендік декларациялау жөніндегі маманның жеке нөмірлік мөрінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қарашадағы № 569 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 3 желтоқсанда № 6660 тіркелді және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылы № 1 (тиражға шыққан күні 25.03.2011 ж.) жарияланған).
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 238 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін қолдана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының тізбесі
1. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
2. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департамента
3. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
4. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департамента
5. Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
6. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
8. Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
9. Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
10. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
11. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
12. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
13. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
14. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
16. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 238 бұйрығына 2-қосымша |
Бағдарламаны әзірлеу, біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін,
біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеуді және бекітуді,
кедендік декларациялау бойынша аттестат алуға үміткердің
білімін бағалаудың критерийлерін белгілеудің Ережесі
1. Біліктілік емтихандарын (бұдан әрі - емтихан) өткізу бойынша бағдарламаны әзірлеу Қазақстан Республикасы заңнамасының және Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасының кедендік декларациялау бойынша маманның біліктілік аттестатын алуға үміткер жеке тұлғалардың (бұдан әрі - үміткер) білімін тексеруді автоматтандыруын қамтамасыз етеді.
2. Емтихан өткізу бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушілерді жүйеде тіркеу;
2) тестілеу;
3) тестілеу нәтижелерін өңдеу;
4) тестілеудің нәтижесін шығару.
3. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жауапты лауазымды тұлғалары үміткердің есепке алу жазбаларын қосады, үміткер туралы деректерді өзгертеді, сондай-ақ енгізілген мәліметтерге сәйкесінше енгізілген ұқсас атымен пайдаланушыны іздеу жұмыстарын жүргізеді.
4. Тестілеу компьютерлік және бейнежазу қондырғыларын қолдана отырып жүргізіледі.
Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жауапты лауазымды тұлғалары үміткердің келу сәтінен бастап емтиханның өткізілуі аяқталғанға дейін емтиханды өткізу бейнежазбасын жүргізеді.
Бейнежазба тестілеуді өткізудің (үздіксіз) барлық процесін қамтуы тиіс және біліктілік емтихан тапсыратын үміткерлердің беті, компьютерлердің мониторы анық көрінуі, дыбысы естілуі тиіс.
5. Үміткер, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына емтиханды өткізгенге дейін 3 жұмыс күні бұрын еркін нысан бойынша өтініш ұсынады. Өтінішке:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) кәсіби, техникалық немесе жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
3) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр екі түрлі түсті суретін қоса береді.
6. Емтихан тапсыруға келген кезде үміткер өзімен бірге бейнежазба құрылғысына табыс етілетін жеке басын куәландыратын құжатты (паспорт не жеке куәлік) әкелуі қажет.
7. Егерде осы Ереженің 5-тармағымен көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, үміткердің өтініші қараусыз қалдырылады және өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге қайтарып беріледі.
8. Емтихандарды өткізу орны мен уақыты аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының интернет ресурстарында айына бір реттен сирек емес жарияланады.
9. Емтихандарды өткізу үшін дайындықты, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жауапты тұлғасы ұйымдастырады.
Дайындық жүргізу мынадай іс-шаралардан тұрады:
1) үміткерлерден қажетті құжаттарды жинау;
2) үміткерлер тізімін жасау;
3) мемлекеттік кірістердің орталық аппаратына (бұдан әрі - орталық аппарат) алдағы айға емтихандарды өткізу кестесін әзірлеу және ұсыну;
Емтиханға осы Ереженің 5 және 6-тармақтарына сәйкес құжаттарды табыс еткен тұлғалар жіберіледі.
10. Уәкілетті органның өкілдері емтихандарды өткізуге қатысады.
11. Кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің мүшелері емтихандарды өткізген кезде қатыса алады.
12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті емтиханды өткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын және Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасын білуге сұрақтарды дайындайды.
13. Осы сұрақтардың жиынтығы 10 адамдық топ үшін дайындалған сұрақтардың санынан 30 пайыз көп болу керек.
14. Бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық талаптарына емтихандарды өткізудің мынадай кезеңдері қамтылады:
1) үміткер біліктілігін және білімінің деңгейін анықтау мақсатында сұрақтарды іріктеу бойынша тестілеуден өтеді;
2) Тестілеуді өткізудің уақыты 45 минутты құрайды;
3) Тест кездейсоқ іріктеу әдісімен бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы таңдалатын 60 сұрақтан тұрады;
4) сұрақ бір ғана дұрыс жауабы бар үш нұсқадан тұрады;
5) әрбір дұрыс жауап үшін бір балл есептеледі;
6) тестілеудің нәтижесін есептеу (дұрыс жауаптардың саны) бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
15. Егер бағдарламалық қамсыздандырумен есептелген дұрыс жауаптардың саны 60 және одан жоғары пайызын құраса, үміткер тестілеуден өткен болып саналады.
Тестілеудің нәтижелері принтерде екі данада шығарылады және қол қою жолымен үміткерге таныстыру үшін ұсынылады.
Тестілеудің нәтижесі бар парақтың бір данасы үміткерге беріледі, екінші данасы емтихан өткізген аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында қалады.
Тестілеуден өтпеген тұлға алғашқы тестілеу өту сәтінен бастап бір айдан ерте емес емтиханға жіберу туралы өтінішпен қайта жүгінеді.
16. Тестілеу өту кезінде үміткерге анықтамалық құралдарды, арнайы және өзге әдебиеттерді, сондай-ақ қандай да бір жазбалар немесе техникалық құралдарды пайдалануға жол берілмейді.
Үміткер көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, ол тестілеуден шеттетіледі.
Тестілеуден шеттетілген тұлға алғашқы тестілеу өту сәтінен бастап бір айдан ерте емес емтиханға жіберу туралы өтінішпен қайта жүгінеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 238 бұйрығына 3-қосымша |
Нысан
КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАННЫҢ
БІЛІКТІЛІК АТТЕСТАТЫ
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________шешімімен
(аумақтық мемлекеттік кірістер органы)
19 жылы туылған,_____________________________________________________
(кіммен, қашан)
берілген жеке куәлігінің нөмірі (не төлқұжат) №_____________________,
кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестациясы бойынша
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
кеден өкілі атынан кедендік декларациялау бойынша әрекет жасау құқығы
ұсынылады және КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАН біліктілігі
беріледі.
201____жылғы_________№____________Хаттама
201____жылғы___________дейін жарамды
Аумақтық мемлекеттік кірістер
Органының басшысы ______________
(қолы, Т.А.Ә.)
Тіркеу № 00000/000000 М.О.
Нысан
Кедендік декларациялау жөніндегі МАМАННЫҢ
№ 000000
Бейджі
Тегі_______________________
Аты________________________
Әкесінің аты_______________
201___жылғы "__"______
дейін жарамды
Қолы__________________
Аумақтық мемлекеттік
ФОТО кірістер органы
басшысының Т.А.Ә._____________
М.О.
Ескертпе:
таулы бейдж мынадай талаптарға жауап беру керек:
физикалық параметрі: жалпы көлемі-100x70 миллиметр;
жоғары жағының ортасыңда "кедендік декларациялау жөніндегі МАМАН" деген сөзі көрсетіледі;
бейджінің нөмірі жоғары жағының ортасында "кедендік декларациялау
жөніндегі МАМАН" деген сөзінің астында көрсетіледі;
бейджінің ішінің сол жағының ортасына тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
төменгі сол жақ бұрышына 3,5x4,5 сантиметр мөлшеріндегі фотаны кілейлеу үшін орын көрсетіледі;
оң жақ төменгі бұрышқа "(күні, айы, жылы) дейін жарамды", бұдан әрі аумақтық органы басшысының қолы, Т.А.Ә. және мөр қоюға арналған орын.
Нысан
Жеке нөмірлік мөрдің
№ |
№___________ |
№ |
Ескертпе
Мөр мынадай талаптарға жауап беруі керек:
физикалық параметрі: жалпы көлемі - 38x14 миллиметр, сыртқы рамкасы - 36x12 миллиметр, ішкі рамкасы - 35x11 миллиметр:
аттестаттың нөмірі солдан жоғары және оннан төмен рамканың шегінде, сонымен қатар рамканың ішінде мөрдің ортасында төменгі шетіне қарай.