Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 мамырда № 10930 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.04.2020 № 27/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 5-тармағына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.04.2020 № 27/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.04.2020 № 27/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Экономика және қаржы департаментi Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бқйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында жариялауды.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Н.Әбіқаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ____________________Б. Сұлтанов

      2015 жылғы " " наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 11 бұйрығымен
бекітілген

Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары

      Ескерту. Нормалары жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.04.2020 № 27/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары:

      1) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 73-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа);

      2) Заңның 77-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда курсанттарға, тыңдаушыларға;

      3) Заңның 78-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) қолданылады.

      2. Көлікпен жол жүру шығындары жол жүру құжаттарының негізінде:

      1) темір жол көлігімен жол жүру кезінде:

      купе вагонының тарифі бойынша (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, ұйықтайтын вагонның қалпын реттеу бойынша құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орынды купелері бар вагондарды қоспағанда (одан әрі - ҰВ);

      стационарлық емделуге баратын жағдайда дәрігерлік-консультативті комиссия төрағасының жазбаша растауымен және қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (бұдан әрі - ҰҚК) - ҰҚК Төрағасының немесе оның бірінші орынбасарының;

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында - бірінші басшының жазбаша растауымен жұмсақ дивандары төменде орналасқан, ұйықтайтын вагонның қалпын реттеу бойынша құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орынды купелері бар вагондар (бұдан әрі - ҰВ) тарифі бойынша;

      2) су және автомобиль көлігімен жол жүру кезінде - сол жергілікті жердегі қолданылып жүрген жол жүру кұны бойынша;

      3) егер елді мекеннен тыс жерде орналасса, темір жол станциясына, айлаққа, әуежайға автокөлікпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;

      4) жол жүру билеттерін броньдау құны, сондай-ақ төсек керек-жарақтарын пайдаланған жағдайда;

      5) әуе көлігімен жол жүру кезінде - стационарлық емделуге баратын жағдайда дәрігерлік-консультативті комиссия төрағасының жазбаша растауымен және қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда:

      ҰҚК-де - ҰҚК Төрағасының немесе оның бірінші орынбасарының;

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында - бірінші басшының жазбаша растауымен экономикалық сынып тарифі бойынша өтеледі.

      3. Жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар осы Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген көлікпен (әуе көлігін қоспағанда) жол жүрудің ең төменгі құны бойынша қызметкердің баянаты және темір жол көлігінің плацкарт вагоны тарифі бойынша ең төменгі құны туралы анықтама (еркін түрде) негізінде келісілген:

      ҰҚК-де - қаржылық-шарушылық қызметін бағыттайтын ҰҚК Төрағасының орынбасарымен;

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында - бірінші басшымен өтеледі.