«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің 21-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Күзет іс-шараларын өткізу кезінде арнаулы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда және су айдындарында жөндеу, құрылыс, монтаж және басқа да жұмыстардың барлық түрлерінің өндірісін келісу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бөлімшелер жеке құрамының Нұсқаулықты оқып-үйренуін ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы таныстырылсын.
4. Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Генерал-майор А. Күреңбеков
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
бастығының
2015 жылғы 25 наурыздағы
№ 47 бұйрығымен бекітілген
Күзет іс-шараларын өткізу кезінде арнаулы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда және су айдындарында жөндеу, құрылыс, монтаж және басқа да жұмыстардың барлық түрлерінің өндірісін келісу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Күзет іс-шараларын өткізу кезінде арнаулы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда және су айдындарында жөндеу, құрылыс, монтаж және басқа да жұмыстардың барлық түрлерінің өндірісін келісу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңы (бұдан әрі - Заң), «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына сәйкес әзірленген және Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі - ҚР МКҚ) күзет іс-шараларын өткізген кездегі арнаулы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда және су айдындарында жөндеу, құрылыс, монтаж және басқа да жұмыстардың барлық түрлерін келісуді жүргізудің тәртібін нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
авариялық қалпына келтіру жұмыстары - жұмысты өндірушінің инженерлік коммуникацияларда, басқа да объектілерде, егер олар бұзылса, объектінің жұмысқа қабілеттігін және оны пайдаланудың сипаттамаларын қалпына келтіру бойынша кідіртуге болмайтын жұмыс өндірісін талап ететін іс-әрекеті;
жұмыс өндірісі - жеке және заңды тұлғалардың арнаулы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда және су айдындарында іргелес аумақтардың абаттандырылуын уақытша бұзумен, жол жүрісін шектеу немесе уақытша тоқтатумен байланысты, сондай-ақ жобалау-іздестіру, жерге орналастыру және дайындық жұмыстарына (құрылыс материалдарын және конструкцияларды қоймаға қою, машиналарды және механизмдерді орналастыру, уақытша ғимараттар мен имараттарды салу) жалғасатын жөндеу, құрылыс, монтаж және басқа да жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу бойынша іс-әрекеті;
келісу - жұмыс жүргізушінің жұмыс істеуді келісу туралы ресми өтінішіне жазбаша жауапты дайындауды қамтитын ҚР МКҚ басқарушылық шешімін әзірлеу және қабылдау тәртібі;
келісу бастамашысы - өз құзыретінің шегінде арнаулы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда және су айдындарында жұмыс жүргізуді жоспарлайтын жеке және заңды тұлғалар;
келісу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) - арнаулы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда және су айдындарында жұмыс жүргізуге келісім алу үшін талап етілетін құжаттар тізбесін қоса ұсына отырып, жеке немесе заңды тұлғаның ҚР МКҚ-га ресми жазбаша, соның ішінде электрондық сандық қолмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші.
2. Өтініш беру тәртібі
3. Келісу ҚР МКҚ-ға, Алматы қаласында ҚР МКҚ департаментіне жүгіну негізінде жүзеге асырылады.
Авариялық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда, келісу бастамашысы шұғыл жұмыстарды жүргізеді, алайда ҚР МКҚ-ны мұндай жағдай туындаған сәттен бастап 12 сағат ішінде міндетті түрде жазбаша хабардар етеді.
Хабарламаға осы Нұсқаулықтың 5-тармағында аталған құжаттар қоса беріледі.
4. Қазақстан Республикасының басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктерінде келісу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Режимді аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидаларымен белгіленген тәртіпте арнаулы трассалар актіленгеннен кейін жүзеге асырылады.
5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте қарастырылады.
6. Өтініштің мәтінінде болжалды жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, егер олар орындалса жоспарланған нәтижелері, өндіріс әдісі, олар жүргізілетін орны және мерзімі көрсетіледі. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жұмысқа тартылған жұмысшылардың тізімі және олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
2) пайдаланылатын техникалық құралдардың тізімі және олардың мемлекеттік тіркеу куәліктерінің көшірмелері;
3) жоспарланған жұмыс объектілерінің ахуалдық схемалары, соның ішінде егер жұмыс өндірісі қолданыстағы жол маршруттарын немесе басқа да коммуникацияларды өзгертуді талап етсе, жол жүрісінің уақытша маршруттары;
4) жұмыстардың уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілгенін растайтын құжат;
5) жеке тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
6) сұрау салынған жұмыс түрлерін өндіруге лицензиялардың қосымшаларымен бірге көшірмелері;
7) жұмысты өндіру кестесі.
Тартылған жұмысшылар мен арнаулы техникалар тізімі өзгерген жағдайда, келісу бастамашылары оларды міндетті түрде ҚР МКҚ-мен келіседі. Тартылған жұмыскерлер мен арнаулы техникаларды ауыстыру ҚР МКҚ-ның келісімімен жүзеге асырылады.
3. Келісуді зерделеу және тексеру тәртібі, қорытындыны дайындау
7. Құжатты орындауға алған ҚР МКҚ қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) оны зерделейді, аталған ұйымның жұмыскерлеріне қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асырады және қажет болса, болжалды жұмыс орнына барып, жауапты жұмыскерлермен жұмыс кездесуін өткізеді.
8. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама түрінде ресімделеді және онда қызметкер өтініш білдірілген жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі және олардың күзет іс-шараларының қауіпсіздігіне әсер ету деңгейі туралы тұжырым жасайды. Бұл ретте, келісуді қарау нәтижесі бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) өтінішті толық немесе жартылай қанағаттандыру туралы;
2) мұндай шешімнің қабылдануын дәлелдеп немесе дәлелдеместен, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) жұмысты жүргізудің мерзімдерін уақытша ауыстыру бойынша ұсыныстар енгізу туралы.
9. Осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген шешімдер, Заңының 25-бабының 6-тармағына сәйкес, сондай-ақ келісу бастамашысы жоспарланған жұмыстардың түрі және мерзімдері, тартылған жұмысшылар, техника мен басқа да мәліметтер туралы көрінеу дұрыс емес мәліметтер берген, сондай-ақ егер өтініш білдірілген жұмыстар және (немесе) олардың салдарлары мен нәтижелері күзетілетін адамдардың қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндірсе немесе күзетілетін адамдарың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындауға кедергі келтіретін шарттардың, фактілердің және жағдайлардың туындауына әкеп соқтыратын жағдайда қабылданады.
10. Қабылданған шешім туралы өтініш бастамашысы жазбаша хабардар етіледі.
11. Жұмысты орындау барысында күзетілетін адамдарға қауіп-қатер төндіруі мүмкін бұзушылықтар, оларды орындау мерзімі іс жүзінде өзгергені, сондай-ақ ҚР МКҚ санкцияламаған жұмыстар жүргізілгені айқындалған жағдайда, ҚР МКҚ жұмысты өндірушіге айқындалған бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы нұсқама жолдауға құқылы.
12. Жұмысты өндіру мерзімдері ұзартылған жағдайда, келісу бастамашысы өтінішті қайтадан жолдайды.
4. Қорытынды ережелер
13. Күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде арнаулы трассалардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және басқа да жұмыстардың барлық түрлері қажет болса уақытша тоқтатылады.
14. ҚР МКҚ-ға жолданатын құжаттардың растығы, толықтығы және дұрыстығы, өтініш білдірілген жұмыстарды тиісінше орындалмағаны үшін келісудің бастамашысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жауапкершілік атқарады.
Күзет іс-шараларын өткізу
кезінде арнаулы трассаларда
және оларға іргелес аумақтарда
және су айдындарында жөндеу,
құрылыс, монтаж және басқа да
жұмыстардың барлық түрлерінің
өндірісін келісу жөніндегі
нұсқаулыққа қосымша
Нысан
Анықтама
____________________________________________________________
(жұмыстың және ұйымның жалпы атауы)
1. Түскен күні/құжаттың кіріс №: ____________________________________
(құжаттың кіріс нөмірі)
2. Сұрау салу бастамашысы: __________________________________________
(жұмыс жүргізуді жоспарлаған компания, жауапты адамның
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), байл.тел.)
3. Басшылықтың резолюциясы __________________________________________
(ҚР МКҚ басшылығының бұрыштамасы)
4. Қосымша: _________________________________________________________
(негізгі хатқа қоса берілген құжаттар, схемалар, жұмыскерлер мен техниканың тізімі,
басқа органдармен келісу және т.б.)
5. Орындау мерзімі: _________________________________________________
(бақылау карточкасындағы орындау мерзімі)
6. Қысқаша мазмұны: _________________________________________________
(жоспарланған жұмыстардың сипаты мен сипаттамасы, ұйымның өтінімі
_____________________________________________________________________
бойынша орындау мерзімі, өткізу орны, сондай-ақ күзетілетін адамның қауіпсіздік
режиміне ықтимал жағымсыз салдарлар)
7. Тексеру нәтижелері (есептер бойынша персоналды тексеру,
реквизиттердің сәйкестігін, өзге де құжаттарды тексеру): ____________
_____________________________________________________________________
(тексеру қандай базалар арқылы жүзеге асырылды және ұйым қызметкерінің
_____________________________________________________________________
беделіне нұқсан келтіретін материалдың бар-жоғы
8. Ерекше белгілер: _________________________________________________
(құжатты орындау жеделдігі, жұмысты орындау мерзімдерін ұзарту және т.б.)
9. ҚР МКҚ мүдделі бөлімшелерімен келісу: ____________________________
10. Орындаушының тұжырымы: __________________________________________
(орындаушының жұмыстардың осы түрлеріне
_____________________________________________________________________
рұқсат беру немесе бас тарту бойынша негіздемесі)
11. Іс-шаралар: _____________________________________________________
(жұмыстардың аталған түрлеріне бақылау бойынша шаралар кешені)
12. Орындаушының қолы: ______________________________________________
(орындаушының лауазымы, атағы және тегі)
13. Бөлімше бастығының қолы: ________________________________________
14. Қызмет басшылығының қолы: _______________________________________