«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 61-бабының 2-тармағына, 63-бабының 1-тармағына, 64-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Уәкілетті экономикалық операторлардың сауалнамасын, тізілімін және тізілімге енгізу туралы куәлігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 26 шілдедегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6383 болып енгізілген, 2010 жылғы 18 тамызда № 218 (26279)) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнама нысандарын, уәкілетті экономикалық операторлар тізілімін, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнамасының нысаны, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінің нысаны, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлігінің нысаны, осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 234 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 26 шілдедегі
№ 372 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу
туралы куәлікті алуға арналған сауалнама
_____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның атауы
_____________________________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы
_____________________________________________________________________
Іс жүзіндегі мекен-жайы
_____________________________________________________________________
Электрондық мекен-жайы, веб-сайт
Ұйымдастыру сипаттамалары
№ | Сұрақ | Жауап |
---|---|---|
1 |
Заңды тұлғаның акцияның бақылау пакетін иеленуші құрылтайшылардың, акционерлердің, ірі акция ұстаушылардың (акциялардың үлесі 10% артық) мекен-жайын көрсетіңіз |
|
2 |
Мемлекеттік кірістер органдарында заңды тұлғалардың мүдделерін білдіру үшін жауапты тұлғалар туралы мәліметті көрсетіңіз: |
|
3 |
Заңды тұлға қызметінің негізгі түрін көрсетіңіз |
|
4 |
Заңды тұлғаның, сондай-ақ басқа елдердегі өкілдіктері және/немесе филиалдары туралы мәліметті көрсетіңіз: |
|
2. Бизнестің көлемі | ||
1 |
Кедендік декларациялау жүзеге асырылады: |
|
2 |
Сіз демпингке қарсы немесе өтемдiк баждарға жататын тауарлармен жұмыс істейсіз бе? (Иә/жоқ) |
|
3 |
Заңды тұлға соңғы жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден ісі саласында әкімшілік жауапкершіліккке тартылды ма? Егер, иә болса, онда заңды тұлға тартылған бапты көрсетіңіз және алдағы уақытта мұндай құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін қандай шаралар қабылданған? |
|
3. Бухгалтерлік есеп, логистикалық және компьютерлік жүйе | ||
1 |
Мына мәселелер бойынша ақпаратты ұсыныңыз: |
|
2 |
Қай компания бағдарламалық өнімнің сүйемелдеуін жүргізеді? Бағдарламалық өнімді сүйемелдейтін заңды тұлғаның реквизиттерін, бағдарламалық өнімді сүйемелдеу туралы шарт жасасқан күні және нөмірі. |
|
4. Қаржылық тұрақтылық | ||
1 |
Соңғы үш жыл ішінде заңды тұлғаға қатысты төлем қабілетсіздігі бойынша қандай да бір сот талқылауы болды ма? (Иә/жоқ) |
|
2 |
Заңды тұлғаның қаржылық ахуалы туралы мәліметті көрсетіңіз: |
|
5. Тауарлардың ішкі бақылау жүйесі | ||
1 |
Егер сіз өндіруші немесе экспорттаушы болып табылсаңыз, қандай тауарларды өндіресіз және/немесе экспорттайсыз? Өз тауарыңыздың қысқаша сипаттамасын көрсетіңіз? Сіздің тауарларыңыз қайта өңдеуге және/немеес экспортқа ұшырай ма? Бір жыл ішінде тауарлар жеткізілімінің қандай мөлшерін жүзеге асырасыз? |
|
6. Экспорттық бақылау және екі жақтық белгілеу тауарлар туралы ақпарат | ||
1 |
Мына сұрақтарға жауап беріңіз: |
|
6. Тауарларды сақтау | ||
1 |
Мына сұрақтарға жауап беріңіз: |
|
2 |
Тәуекелдің әртүрлі деңгейі бар тауарлар жеке сақталады? (Иә/жоқ) |
|
3 |
Сіз стандарттарды қанағаттандыратын тауарларға санкцияланбаған қол жетімділікті алдын алу үшін сәйкестендіру құралдарын пайдаланасыз ба (халықаралық стандарттарға сәйкес келетін пломбалар, мөрлер)? |
Заңды тұлғаның басшысы _______________
(қолы, күні)
М.О.
(болған кезде)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 234 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 26 шілдедегі
№ 372 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімі
№ |
Уәкілетті экономикалық операторды тізілімге енгізу туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні |
Уәкілетті экономикалық оператордың атауы |
Уәкілетті экономикалық оператордың тұрған жерінің мекенжайы |
Уәкілетті экономикалық оператордың бизнес сәйкестендіру нөмірі |
Уәкілетті экономикалық операторға куәлік беру туралы ҚР ҚМ МКК бұйрығының нөмірі және күні |
Уәкілетті экономикалық оператор тіркелген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі |
Уәкілетті экономикалық оператордың тауарларын сақтауға арналған үй-жайдың тұрған орнының мекенжайы |
Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін тоқтата тұру туралы ҚР ҚМ МКК бұйрығының нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Жалғасы
Уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің қолданылуын жаңғырту туралы ҚР ҚМ МКК бұйрығының нөмірі |
Уәкілетті экономикалық оператордың куәлігін кері қайтару туралы ҚР ҚМ МКК бұйрығының нөмірі |
Уәкілетті экономикалық оператордың құрылымдық бөлімшесінің атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны және тұрған орнының мекенжайы |
Уәкілетті экономикалық оператордың құрылымдық бөлімшесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі |
Уәкілетті экономикалық оператордың құрылымдық бөлімшесі белгілеген тауарларды сақтауға арналған үй-жайдың тұрған орнының мекенжайы |
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің тіркелген күні және аяқталу күні, қолданылу мерзімі |
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілі |
Қосымша ақпарат |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 234 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 26 шілдедегі
№ 372 бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Уәкілеттік экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы
№ ____ КУӘЛІК
_____________________________________________________ берілді
Заңды тұлғаның атауы
_____________________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________________
Ұсынылатын арнайы (қосымша) оңайлатулардың атауы
Басшы
(оны алмастыратын тұлға) ____________________________________________
М.О.
Уәкілеттік экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы ___ жылғы № ___ бұйрығы
Астана қ.
Берілген күні 201_ ж.«__»______