"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1 тармағының 1-1) тармақшасында сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.04.2021 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;
2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________________Ә. Исекешев
"____" ___________ 2015 жылы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________ Е. Досаев
1 сәуір 2015 жылы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/69 бұйрығына 1-қосымша |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Тізбе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.04.2021 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі
ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын
біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесі
Р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жануарларды емдеу және олардың ауруларының профилактикасы бойынша препараттар шығару үшін: 1) қосалқы материалдарды, химиялық ерітінділерді, қоректік орталарды, жасушалардың өсінділерін дайындау ғимараттары; 2) өндіру жөніндегі үй-жайлар (цехтар, бөлімдер); 3) виварий; 4) оқшаулауыш; 5) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшелері; 6) температураны және ылғалдылықты (қажет болған жағдайда) тіркейтін көрсеткіштермен жабдықталған термостаттық бөлме; 7) зертханалық ыдыстарды, қоректік орталарды, құрал-саймандарды стерильдеу және микробтардың өсінділерін, залалданған материалды және басқа да биологиялық шығындарды залалсыздандыруға (зарарсыздандыру) арналған автоклав бөлмелері; 8) ыдыстарды жуу және дайындау үшін – жуу бөлмесі; 9) буып-түюге арналған ғимарат; 10) сақтауға арналған қойма ғимараты; 11) тұрақты коммуникациялар –өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз; 12) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйелері. | Өндіріс мекемелері немесе жалға беру шартының көшірмелеріне заң орнатушы құжаттар; "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес берілеген ветеринариялық-санитариялық қорытынды. | Қызметті беруші меншік құқығын куәландырылатын құжаттардың мәліметін "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорынан алады; Мәліметтер "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінен алынады. |
2. | Жануарлардың ауруларын диагностикалау бойынша препараттар шығару үшін: 1) қосалқы материалдарды, химиялық ерітінділерді, қоректік орталарды, жасушалардың өсінділерін дайындау ғимараттары; 2) өндіру жөніндегі үй-жайлар (цехтар, бөлімдер); 3) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшесі; 4) ыдыстарды жуу және дайындау үшін – жуу бөлмесі; 5) буып-түюге арналған ғимарат; 6) сақтауға арналған қойма ғимараты; 7) тұрақты коммуникациялар –өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз; 8) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйелері. | Өндіріс мекемелері немесе жалға беру шартының көшірмелеріне заң орнатушы құжаттар; "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес берілеген ветеринариялық-санитариялық қорытынды. | Қызметті беруші меншік құқығын куәландырылатын құжаттардың мәліметін "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорынан алады; Мәліметтер "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінен алынады. |
3. | Фармакологиялық белсенділігі бар препараттар шығару үшін: 1) ветеринариялық препаратты өндіру жөніндегі үй-жайлар (цехтар, бөлімдер); 2) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшесі; 3) ыдыстарды жуу және дайындау үшін – жуу бөлмесі; 4) буып-түюге арналған ғимарат; 5) сақтауға арналған қойма ғимараты; 6) тұрақты коммуникациялар –өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз; 7) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйелері. | Өндіріс мекемелері немесе жалға беру шартының көшірмелеріне заң орнатушы құжаттар; Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес берілеген ветеринариялық-санитариялық қорытынды. | Қызметті беруші меншік құқығын куәландырылатын құжаттардың мәліметін "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорынан алады; Мәліметтер "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінен алынады. |
4. | Жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын препараттар шығару үшін: 1) ветеринариялық препаратты өндіру жөніндегі үй-жайлар (цехтар, бөлімдер); 2) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшесі; 3) ыдыстарды жуу және дайындау үшін – жуу бөлмесі; 4) буып-түюге арналған ғимарат; 5) сақтауға арналған қойма ғимараты; 6) тұрақты коммуникациялар –өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз; 7) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйелері. | Өндіріс мекемелері немесе жалға беру шартының көшірмелеріне заң орнатушы құжаттар; "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес берілеген ветеринариялық-санитариялық қорытынды. | Қызметті беруші меншік құқығын куәландырылатын құжаттардың мәліметін "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорынан алады; Мәліметтер "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінен алынады. |
5. | Жануарлардың өнімділігін арттыруға арналған препараттар шығару үшін: 1) ветеринариялық препаратты өндіру жөніндегі үй-жайлар (цехтар, бөлімдер); 2) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшесі; 3) ыдыстарды жуу және дайындау үшін – жуу бөлмесі; 4) буып-түюге арналған ғимарат; 5) сақтауға арналған қойма ғимараты; 6) тұрақты коммуникациялар –өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз; 7) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйелері. | Өндіріс мекемелері немесе жалға беру шартының көшірмелеріне заң орнатушы құжаттар; "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес берілеген ветеринариялық-санитариялық қорытынды. | Қызметті беруші меншік құқығын куәландырылатын құжаттардың мәліметін "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорынан алады; Мәліметтер "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінен алынады. |
6. | Дезинфекциялауға, дератизациялауға, дезинсекциялауға арналған препараттар шығару үшін: 1) ветеринариялық препаратты өндіру жөніндегі үй-жайлар (цехтар, бөлімдер); 2) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшесі; 3) ыдыстарды жуу және дайындау үшін – жуу бөлмесі; 4) буып-түюге арналған ғимарат; 5) сақтауға арналған қойма ғимараты; 6) тұрақты коммуникациялар –өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз; 7) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйелері. | Өндіріс мекемелері немесе жалға беру шартының көшірмелеріне заң орнатушы құжаттар; "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес берілеген ветеринариялық-санитариялық қорытынды. | Қызметті беруші меншік құқығын куәландырылатын құжаттардың мәліметін "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорынан алады; Мәліметтер "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінен алынады. |
7. | Өндірілетін ветеринариялық препараттың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтары; өндiрiлетiн ветеринариялық препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн құрал-жабдықтармен жабдықталған аккредиттелген зертханалар немесе көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың сынау жұмысын орындау (қызмет көрсету) туралы шарттар | Ветеринариялық бағыттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтің үлгісі | |
8. | Ветеринариялық препараттарды өндіруді регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттаманың болуы | Ветеринариялық бағыттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтің үлгісі | |
9. | Заңды тұлғалар үшін: басшылар мен мамандардың білікті құрамы: тікелей ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын және өндірістік бақылау бөлімшелерінде, "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар мамандар (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер); тікелей ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын және өндірістік бақылау бөлімшелерінде, биотехнологиялық, химиялық немесе биологиялық жоғары немесе орташа білімі бар мамандар; тікелей ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын бөлімшелер басшыларының және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесі қызметкерінің мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері. Жеке тұлғалар үшін: "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білім; мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері | Ветеринариялық бағыттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтің үлгісі |
Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестіктігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымша |
Ветеринариялық бағыттағы препараттарды өндіру бойынша
ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтің үлгісі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік
ветеринариялық дәрігер берген ветеринариялық талаптармен және
технологиялық құрал-жабдықтарын жинақтау нормативтерімен сәйкестігі
туралы ветеринариялық санитариялық қорытынды туралы мәлімет:
Бірдейлендіру нөмірі __________________________________________
2. Өндірілетін ветеринариялық препараттың техникалық шарттарына
сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге арналған
технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтары; өндiрiлетiн
ветеринариялық препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн
құрал-жабдықтармен жабдықталған аккредиттелген зертханалар немесе
көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың сынау жұмысын орындау (қызмет
көрсету) туралы шарттар:
1) әзірлеуші зауыттардың құрал-жабдықтарға пайдалану куәлігінің
деректері:
куәліктің нөмірі ____________________________________________________
берілген күні _______________________________________________________
куәлікті берген орган _______________________________________________
құрал-жабдықтың қолдануы ____________________________________________
2) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7
маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тексеруден
және/немесе калибрлеуден өту туралы растауы:
нөмір _______________________________________________________________
берілген күні _______________________________________________________
сертификатты берген орган ___________________________________________
сертификаттың жарамдылық мерзімі _________________ __________ дейін;
3) зертхананың акредитациядан өткені немесе акредиттелген
зертханамен жасасқан шарт туралы мәлімет:
нөмір _______________________________________________________________
берілген күні _______________________________________________________
акредитация туралы берген орган _____________________________________
құжаттың жарамдылық мерзімі ____________________ ____________ дейін;
келісім-шарттың нөмірі ______________________________________________
қорытындының күні ___________________________________________________
келісім-шарттың жарамдылық мерзімі __________________________________
3. Ветеринариялық препараттарды өндіруді регламенттейтін
нормативтік-техникалық құжаттаманың болуы:
1) ветеринариялық препарат өндіру бойынша мекеменің стандарты,
өндіруші басшымен бекітілген өндірілетін ветеринариялық препаратқа
техникалық жағдай (иә/жоқ);
2) мекеме басшысымен бекітілген, ветеринариялық препаратты
қолдану (іске асыру) бойынша басшылық (иә/жоқ);
3) өндірістік және бақылау микроорганизм штамдарына куәлік:
штамның қолданылуы __________________________________________________
штаммның нөмірі _____________________________________________________
шартты көрсету ______________________________________________________
штамм кіммен алынды _________________________________________________
алынған күні ________________________________________________________
штамм қайсы жануардан алынды ________________________________________
штамм қайсы мекемеден алынды ________________________________________
материалдың мінездемесі______________________________________________
_____________________________________________________________________
(тұрақтаудың түрі, бөлшектеп өлшеуі, әдісі)__________________________
серологиялық қасиеті ________________________________________________
титрлеу нәтижесі ____________________________________________________
. Заңды тұлғалар үшін: басшылар мен мамандардың білікті
құрамы:
тікелей ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын және
өндірістік бақылау бөлімшелерінде, "ветеринариялық медицина",
"ветеринариялық санитария" мамандығы бойынша жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) "ветеринария"
мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар
мамандар (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер);
тікелей ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын және
өндірістік бақылау бөлімшелерінде, биотехнологиялық, химиялық немесе
биологиялық жоғары немесе орташа білімі бар мамандар; тікелей
ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын бөлімшелер
басшыларының және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесі қызметкерінің
мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі, соңғы 5 жылда
мамандануы немесе біліктілігін жетілдіруі және біліктілігін
арттырудың басқа түрлері. Жеке тұлғалар үшін: "ветеринариялық
медицина", "ветеринариялық санитария" мамандығы бойынша жоғары және
(немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім және (немесе) "ветеринария"
мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білім; мамандығы
бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі, соңғы 5 жылда мамандануы немесе
біліктілігін жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері:
1) техникалық басшылар және мамандар құрамының біліктілігі туралы мәлімет:
жоғарғы оқу орнының атауы_____________________________________
мамандық және біліктілік ___________________________________________
жоғары/орта білімі туралы және қызмет түрінің лицензиялау профилі
бойынша дипломның нөмірі ___________________________________________
дипломның берілген күні ____________________________________________
2) маманданудан/біліктілігін жоғарылатудан өткені туралы куәлік:
мамандану/біліктілігін жоғарылату өткен мекеменің атауы
_____________________________________________________________________
тәртіп ______________________________________________________________
сертификаттың нөмірі ________________________________________________
сертификаттың берілген күні__________________________________________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 7-1/69 бұйрығына 2 қосымша |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Тізбе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.04.2021 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа
ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі
ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын
біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесі
Р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік үй-жайлар | Өндіріс мекемелері немесе жалға беру шартының көшірмелеріне заң орнатушы құжаттар; "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес берілеген ветеринариялық-санитариялық қорытынды. | Қызметті беруші меншік құқығын куәландырылатын құжаттардың мәліметін "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорынан алады; Мәліметтер "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінен алынады. |
2. | Сынау әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттар, сондай-ақ "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізуге арналған өлшеу, сынау жабдықтары. | Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау бойынша ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтің үлгісі | |
3. | Заңды тұлға басшысының "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі. Заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесінің штатында: ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасында "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер), соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері. | Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау бойынша ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтің үлгісі |
Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестіктігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымша |
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа
ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі
ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін
мәліметтің үлгісі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігер берген ветеринариялық талаптармен және технологиялық құрал-жабдықтарын жинақтау нормативтерімен сәйкестігі туралы ветеринариялық санитариялық қорытынды туралы мәлімет: Бірдейлендіру нөмірі __________________________________________
2. Сынау әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттар, сондай-ақ "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізуге арналған өлшеу, сынау жабдықтары:
1) стандарттар, методикалық нұсқамалар (иә/жоқ)
2) өтініш берушінің қолымен расталған, құрал-жабдықтарға өндіруші-зауыттардың қолданыс куәліктерінен мәлімет:
куәліктің нөмірі_______________________________________________
берілген күні__________________________________________________
куәлік берген орган)___________________________________________
құрал-жабдықтың қолданылуы_____________________________________
3) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тексерілген және/немесе калибрлеуден өту туралы растауы:
нөмір__________________________________________________________
берілген күні__________________________________________________
сертификатты берген орган______________________________________
сертификаттың жарамдылық мерзімі ______________ ________ дейін;
3. Заңды тұлға басшысының "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі.
Заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесінің штатында: ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасында "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер), соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері:
1) техникалық басшылар және мамандар құрамының біліктілігі туралы мәлімет:
мамандық және біліктілік _____________________________________
жоғары/орта білімі туралы және қызмет түрінің лицензиялау профилі
бойынша дипломның нөмірі __________________________________________
дипломның берілген күні ___________________________________________
2) маманданудан/біліктілігін жоғарылатудан өткені туралы куәлік:
мамандану/біліктілігін жоғарылату өткен мекеменің атауы _______
_______________________________________________________________
тәртіп ______________________________________________________________
сертификаттың нөмірі ________________________________________________
сертификаттың берілген күні _________________________________________