Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.10.2018 № 82/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курс курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтілімдері үшін қаржылай өтемақы мөлшері айына 130 теңге сомасында белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.10.2018 № 82/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Экономика және қаржы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Әбіқаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
______________Б.Сұлтанов
2015 жылғы "__"