"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстар курсанттарына пошталық жөнелтілімдері үшін қаржылай өтемақының мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10895 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстар курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтілімдері үшін қаржылай өтемақының мөлшерін белгілеу туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курс курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтілімдері үшін қаржылай өтемақы мөлшері айына 130 теңге сомасында белгіленсін.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
К. Мәсімов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Ә. Смайылов
2018 жылғы "___" _________