Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10869 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерды ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі                        В. Школьник

     «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      _____________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы «____»_________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Е. Досаев
      2015 жылғы «____»_________

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 145 бұйрығымен   
бекітілген     

Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау қағидалары туралы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленген және қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу тәртібін айқындайды.
      2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қоршаған орта сапасын бiрте-бiрте жақсарту қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерiнiң белгiлi бiр уақыт кезеңiне арналған шектi деңгейiн реттейдi.
      3. Мыналар қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу үшін негіз болып табылады:
      1) өңірдегі экологиялық ахуалды талдау;
      2) өндірістік күштерді едәуір өзгерту перспективалары;
      3) қоршаған ортаның сапасына қойылатын қосымша талаптары бар рекреациялық аймақтарды, ауыл шаруашылығы объектілерін қалыптастыру жөніндегі жоспарлар;
      4) қоршаған орта объектілеріндегі аялық шоғырланулардың қоршаған орта сапасының қабылданған нормативтерінен асып түсуі туралы ақпарат.
      4. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде әзірлейді.

2. Коршаган орта сапасыныц нысаналы корсетюштерш айкындау Tәpтiбi

      5. Қоршаған орта сапасының әртүрлi нысаналы көрсеткiштерi:
      1) қоныстану аумағы;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
      3) рекреациялық аймақтар;
      4) шөл және шөлейт аудандар;
      5) су объектiлерi үшiн белгiленуi мүмкiн.
      6. Нысаналы көрсеткіштер оларды әзірлеу процесінде айқындалған, бірақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаттарында көзделген мерзімдерден аспайтын мерзімге белгіленеді, 2009 жылдың 18 маусымда № 827 Қазақстан Республикасының Жарлығымен бекітілген.
      7. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қоршаған орта сапасын бірте-бірте жақсарту қажеттілігі ескеріле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерінің белгілі бір уақыт кезеңіне арналған шекті деңгейін реттейді.
      8. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) экологиялық ахуалды талдау;
      2) қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізу жөніндегі экономикалық мүмкіндіктерді зерделеу;
      3) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу өлшемдерін анықтау:
      қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеуге арналған негіздерді айқындау;
      адам денсаулығы мен құнды экологиялық жүйелер үшін қауіп-қатерді бағалау;
      нысаналы көрсеткіштерді белгілеу қажеттілігін айқындау;
      4) нысаналы көрсеткіштердің тізбесі мен маңыздарын қалыптастыру.
      9. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу кезінде адам денсаулығы мен құнды экологиялық жүйелер үшін қауіп-қатерді бағалау бекітілген санитарлық-гигиеналық нормативтерге, токсикологиялық дерекқорға, эпидемиологиялық зерттеулердің материалдарына сәйкес жүргізіледі.
      10. Әзірленген қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері мынадай мәліметтерді қамтитын талдау ақпараты (есеп) түрінде ресімделеді:
      1) өңірдің жалпы әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы;
      2) өндірістік күштердің дамуын талдау;
      3) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі;
      4) өңірде бұрын белгіленген қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін және оларға қол жеткізу нәтижелерін талдау;
      5) экологиялық ахуалды, экологиялық қауіп-қатерлерді талдау;
      6) зертханалық зерттеулердің деректері;
      7) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қабылдаудың болжамды ахуалдары мен салдары туралы деректер;
      8) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің кестесі;
      9) нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі шаралар кешені;
      10) техникалық емес түйіндеме.
      11. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу:
      1) тұтастай және кезең-кезеңімен қолжетімді;
      2) сандық және сапалық параметрлермен сипатталуға;
      3) бақыланатын және тексерілетін болуға тиіс.