«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-1-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру ету нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 2 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 181 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат
20___ жылғы _________________үшін
п/п |
Аудиттелетін субъекті туралы жалпы ақпарат (объекті мен субъектінің деректемелері және атауы) |
Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттi жүргiзу үшін негiзді (өтініш және шарт) |
Жиналған ақпарат тiзбесiн және оған шолуды (санитариялық-эпидемиологиялық қарап-тексеру актілері, сырқаттанушылық туралы деректер, сынақ хаттамалары, өлшеу және басқалар) |
Аудиттелетін субъектiнi тексеру, арнайы зерттеулер, оның қызметкерлерiне сауалнама жүргізу нәтижелерін |
Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін жақсарту жөніндегі ұсынымдар тізбесін |
Аудиттелетін субъектiнiң эпидемиялық маңыздылығы, тәуекел тобын айқындау, анықталған бұзушылықтар, құжаттама мен есептілікті жүргiзудiң дұрыстығы туралы қорытындыларды қамтуы тиіс |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
______________________________________________________ ______________
(Басшының тегі, аты, әкесінің (болған жағдайда) аты) (қолы)
______________________________________________________ ______________
(Ақпаратты жасауға жауапты адамның тегі, аты, (қолы)
әкесінің (болған жағдайда) аты) Жасалған күні 20 жылғы « »
Ескертпе. Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдың он бесінші қазанына қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосына тапсырады.