"Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 сәуірде № 10784 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Энергетика министрінің 25.04.2018 № 140 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10023 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасында:

      1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсатты (бұдан әрі - рұқсат) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) береді.

      Рұқсат беруді (беруден бас тартуды) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Қағиданың 6, 7 және 8-тармақтарында қарастырылған құжаттарды алған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган өтініш берушінің рұқсат алуға құжаттарды алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде толықтығы мен дұрыстығын тексереді, артынша рұқсат жобасын өтінішке қоса берілген құжаттармен бірге жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін жібереді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органдағы ең жоғары келісу мерзімі құжаттар түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті орган жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның келісімін алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыға рұқсат береді.

      Рұқсатта жағатын газдың көлемі мен рұқсаттың қолданылу мерзімі көрсетіледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұңғыма объектілеріне сынақтар жүргізу кезіндегі рұқсатты алу үшін мынадай құжаттар беріледі:

      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қолы қойылған өтініш;

      2) жер қойнауын пайдаланушы жасаған және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органымен келісілген ұңғымалардың жекелеген объектілерін сынау жоспарлары.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жер қойнауын пайдаланушы қайта ұйымдастырылған және (немесе) атауы өзгерген жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы алған сәттен бастап бір ай мерзім ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса рұқсатты қайта ресімдеу туралы ерікті түрде өтініш береді.

      Заңның 72-бабы 10-тармағына сәйкес келісімшарттың қолданылуын құзыретті орган мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға берілген рұқсат жаңа жер қойнауын пайдаланушы анықталғанға дейінгі мерзімге ұлттық компанияға қайта ресімделуге жатады.

      Уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушы (ұлттық компания) тиісті өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу рәсімін сақтамай-ақ рұқсатты қайта ресімдейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сонымен бірге мерзімді баспа басылымдарына жолдануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың

      интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму

      министрінің м.а.

      ________________Ж. Қасымбек

      2015 жылғы 24 ақпан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Е. Досаев

      2015 жылғы 17 наурыз