Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10749 тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі

      Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндеттерін атқарушы

С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ______________Б. Сұлтанов

      "____" _________ 2015 жыл

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
Министрдің міндеттерін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпанда
№ 7-1/179 бұйрығымен
бекітілген

Процессингтік орталықтың жұмыс істеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Процессингтік орталықтың қызмет ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленген және процессингтік орталықтың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын, жануардың жеке нөмірі туралы, диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін қоса алғанда, оны ветеринариялық өңдеу туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы мәліметтерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бір бөлігі;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жұмыстарын жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін қолданылатын сырғалар (радиожиілік таңбасы бар аспалы), болюстер, чиптер және өзге бұйымдар (құралдар);

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған аспап, құрал–саймандар;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың республикалық қоры – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу кезінде қолданылатын, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың үнемі жаңартылатын белгілі көлемі;

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бұйымдарына (құралдарына) ен салатын лазерлік станция (бұдан әрі – лазерлік станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмірлерді салуды жүзеге асыратын ұйым;

      6) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссиясы) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республикалық әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бөлу;

      7) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясы бойынша дерекқор – тіркелген лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясының автоматтандырылған жүйесі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8) конверт әдісі – көліктік ыдыстан даналық материалдарды (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар) іріктеп алу кестесі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9) көліктік ыдыс – дербес көліктік бірлікті (қорап, жәшік, контейнер және басқа орам түрлері) құрайтын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды салуға арналған орамдар;

      10) процессингтік орталық – Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңына сәйкес жұмыс ісейтін Қазақстан Республикасының Үкіметімен құрылған мемлекеттік ветеринариялық мекеменің құрылымдық бөлімшесі;

      11) тіркеу – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы ақпаратты жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорға енгізу рәсімі.

      3. Процессингтік орталық:

      1) жеке нөмірлердің эмиссиясын;

      2) жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және олардың өндірушілерін тіркеуді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтауды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды жеткізу поцесінде оларды іріктеп алуды (бұдан әрі – іріктеп алу);

      5) жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізуді жүзеге асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6) Мемлекетік сатып алу рәсімін өткізу, оның қортындысы нәтижесінде өнім берушімен жеткізу туралы келісім шарт жасау және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау және сақтау қызметтерін ұсынып, қамтамасыз етеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың республикалық қорын қалыптастырады;

      8) ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендірілуін мониторгингілейді.

2. Жеке нөмірлердің эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі

      4. Процессингтік орталық облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың қажеттілігі туралы ақпаратты алған күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларының бұрын берілген жеке нөмірлерін есепке ала отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің дәйекті нөмірленуін анықтауды;

      2) облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін үлестіріп беруді;

      3) жеке нөмірлердің эмиссиясының дерекқорын қалыптастыруды;

      4) құлаққа асылмалы, безендірілетін ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінен басқа, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелеріне ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін тапсыруды жүргізеді.

      5. Ауыл шаруашылығы жануарларынның жеке нөмірлері заңның

      8 бабының 38) тармақшасындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес белгіленгенеді.

      6. Ауыл шаруашылығы жануарлары есептен шығарылғаннан кейін жеке нөмірлерді тізімнен шығару жеке нөмірлер эмиссиясының және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорларында көрсетіледі.

      7. Процессингтік орталық ауыл шаруашылығы жануарлары есептен шығарылғаннан кейін 5 жыл өткен соң есептен шығарылған жеке нөмірлердің эмиссиясын жүзеге асырады.

3. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу реті

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу, заңның 8 бабының

      38-2) тармақшасындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың талаптарға сәйкестігін анықтау тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-тармақты алып тастау көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Процессингтік орталық ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың белгіленген қағидаларға сәйкестігін, оларды тіркеу және жеткізу барысында анықтайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Процессингтік орталық ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың бірегейлендіру Қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтауды тіркеу Қағидаларына сәйкес тіркеу кезінде анықтайды.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың бірегейлендіру Қағидалары талаптарына сәйкестігін анықтау осы Қағидалардың 5 бөліміне сәйкес жүргізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тарауды алып тастау көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Іріктеп алуды жүзеге асыру тәртібі

      11. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу бірдейлендіру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау кезеңінде жүргізеді.

      12. Процессингтік орталық ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу үшін комиссия құрады.

      13. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу көліктік ыдыстардың санына байланысты ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың диагоналі бойынша төменгі, ортаңғы және жоғарғы қабатынан іріктеп ала отырып жалғыз, екі және үш конверт әдісімен жүзеге асырылады, бірақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған 100 бұйымнан және 3 атрибуттан кем болмауы тиіс. Процессингтік орталық жүргізген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу Қағидалардың 2–қосымшасында көрсетілген форма бойынша іріктеп алу актісі толтырылады.

      14. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін іріктеліп алынған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың бірдейлендіру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау тіркеу кезінде өндіруші тапсырған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың үлгілерімен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін іріктеліп алынған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды көзбен қарап салыстыру негізінде жүзеге асырылады.

      15. Іріктеп алудың нәтижелері осы іріктеп алу рәсімі жүргізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде Қағидалардың 3–қосымшасында көрсетілген форма бойынша тиісті актімен рәсімделеді және оған сатып алынатын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу комиссиясы мүшелері қол қояды.

      Іріктеп алынған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар Қағидалардың 4–қосымшасында көрсетілген форма бойынша қайтару актсі рәсімделгеннен кейін жеткізушілерге қайтаруға жатады.

6. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізу
тәртібі

      16. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқор ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқормен өзара байланысты.

      17. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізу:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша үлестіріп берілген ауыл шаруашылығы жануарларына берілген жеке нөмірлердің есебін жүргізуді;

      2) тіркелген лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы мәліметтерді енгізуді қамтиды.

      18. Тіркелген лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы ақпарат процессингтік орталықтың интернет-ресурсына орналастырылады және олардың тіркелу шамаларына байланысты үнемі жаңартылып отырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-тарауды алып тастау көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды мемлекетік сатып алу, сатып алу рәсімі қортындысы нәтижесінде өнім берушімен жеткізу туралы келісім шарт рәсімдеу, тасымалдау және сақтау тәртібі

      19. Процессингтік орталық ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды оның ішінде Республикалық қорға сатып алуды, Мемлекетік сатып алу рәсімін өткізу және оның қортындысы нәтижесінде өнім берушімен жеткізу туралы келісім шартты Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңына сәйкес жүзеге асырады.

      Сатып алынатын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың көлемі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарының қажеттілігі және осы Қағидалардың 23 тармақшасы негізінде белгіленеді.

      20. Процессингтік орталық ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың республикалық қорындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарын сақтайды.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарын сақтау қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен және зақымдалудан қорғалатын талаптарға сай жүргізіледі.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарын сақтауды заңының 11 бабының

      1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының Үкіметімен құрылған мемлекеттік ветеринариялық мекеменің басшысымен тағайындалатын жауапты тұлғаға жүктеледі.

      Жауапты тұлға осы Қағидалардың 1–қосымшасына сәйкес Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды қабылдау және өткізіп беру (тапсыру) журналын жүргізеді.

      21. Процессингтік орталық ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тапсырыс берушіге (Республикалық маңызы бар қалалар, Астана және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына) жеткізу ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарға мұқтаждықтарын есепке алына іске асады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-тарауды алып тастау көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың республикалық қорын қалыптастыру тәртібі

      22. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың республикалық қоры (бұдан әрі – Республикалық қор) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін жыл сайын қалыптастырылып, ұйымдастырылады.

      23. Процесснгтік орталық республикалық қор көлемін жыл сайын төмендегі ақпаратты талдау негізінде қалыптастырады:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарының алдағы жылға қажеттілігі;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарының жоғалған немесе зақымданған (ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмерін анықтау мүмкін емес жағдайда) жағдайдағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарының қажеттілігі;

      3) ауыл шаруашылығы жануарларынан алынатын төлдің болжамы.

      24. Республикалық қордан бірдейлендіруді жүргізуге республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына, процессингтік орталық ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың берілген көлемімен және сапасына сәйкес тең көлемдегі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың көлемімен толықтырылады.

      Республикалық қордың қолданылған көлемі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды сатып алу арқылы толықтырылады.

9. Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіруінің мониторингін жүргізу тәртібі

      25. Процессингтік орталықтың ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіруінің мониторингі:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорындағы жеке нөмірлердің эмиссиясы және ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендірілуі бойынша әкімшілік – аумақтық бірліктерге бөліп таратылған жеке нөмерлерді бақылау арқылы;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорындағы жеке нөмірлердің эмиссиясын және тапсырыс берушілерге (республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге берілген нөмерлерді салыстыру арқылы;

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорына мәліметтердің уақытылы еңгізілуі және жаңартылыуыны арқылы жүргізіледі.

      26. Процессингтік орталық осы Қағидалардың 25 тармағында көрсетілген мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің мониторингіне талдау жүргізіп, олар бойынша жасалған рәсімделген есептерді, кестелерді ақпаратты қағаз түріндегі тасмалдаушылар, ақпаратты электронды жинақтаушы, өңдеуші сақтаушы жүйелер арқылы да ветеринария саласындағы өкілетті органның мекемесіне есептік периодтан кейнгі әр айдың 10 жұлдызына дейн табыстайды.

  Процессингтік орталықтың
жұмыс істеу қағидаларына
1–қосымша

      Формасы

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды беру және қабылдау журналы /
Журнал выдачи и приемки изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных

Рег.

№/№

п/п

бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың

атауы/

Наименование изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных

Келісім-шартқа қол қоюдың басындағықалдық/Остаток наначалоотчетного периода

Сақтау

қоймаларына түсім/

Поступление на склад

хранения

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарын (құралдарын) және атрибуттарын негізінде берген құжаттың күні және №/№ и дата

документа, на основании которого были выданы изделия (средства) и атрибуты для проведения идентификации сельскохозяйственных животных

Қоймадан тиеу/

Отгрузки со

склада

Есеп

беру кезеңінің

соңын

дағы

қалдығы/

Остаток

на конец

отчет

ного периода

Ескертпе/Примечание

Күні/Дата

Мөлшері

(дана)/

Коли

чество

(штук.)

Күні/

Дата

Тиеу

мөлшері/

Коли

чество

отгрузки

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











  Процессингтік орталықтың
жұмыс істеу қағидаларына
2–қосымша

      Формасы

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу акті

      №______ "___"_________20___ ж.

      Мен (біз) ___________________________________________________________

      (процессинг орталығының өкілі (дері) Т.А.Ә.)

      ________________________________________________________________ және

      _____________________________________________________________________

      (бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың иесінің(лерінің) жеке немесе

      заңды өкілі(дері) Т.А.Ә.)

      қатысуымен_________________________________________ іріктеліп алынды.

      (бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың атауы)

      Партия көлемі___________________, партияның түскен күні____________ж.

      Жолдама құжаттар_____________________________________________________________

      (құжат түрін, нөмерін, берілген түрін көрсету қажет)

      Жолдамада болмаған құжаттар _________________________________________

      (атауларын көрсету қажет)

      Іріктеп алуды жүргізген процессинг орталығының өкілі (дері):

      _______________ ___________________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      Өнім иесінің(лерінің) жеке немесе заңды өкілі(дері):

      _______________ ___________________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

  Процессингтік орталықтың
жұмыс істеу қағидаларына
3–қосымша

      Формасы

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу нәтижесі туралы акті

      №______ "___"_________20___ ж.

      Мен (біз)____________________________________________________________

      (комиссия мүшесі(лері)нің Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      қатысуымен іріктеп алу жұмыстары жүргізіліп__________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________ туралы акт жасалды.

      Комиссия мүшелері қолдары:

      1.___________________________________________________ _____________

      2.___________________________________________________ _____________

      3.___________________________________________________ _____________

      4.___________________________________________________ _____________

      5.___________________________________________________ _____________

      (комиссия мүшелері Т.А.Ә. лауазымдары) (қолы)

  Процессингтік орталықтың
жұмыс істеу қағидаларына
4–қосымша

      Формасы

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды қайтару акті

      №______ "___"_________20___ ж.

      Мен(біз)_____________________________________________________________

      (процессинг орталығының өкілі (дері) Т.А.Ә.)

      ________________________________________________________________ және

      _____________________________________________________________________

      (бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың иесінің(лерінің) жеке немесе

      заңды өкілі(дері) Т.А.Ә.)

      қатысуымен _____________________________қайтару жұмыстарын жүргіздік.

      (бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың атауы)

      Партия көлемі_________________, партияның түскен күні______________ж.

      Жолдама құжаттар_____________________________________________________________

      (құжат түрін, нөмерін, берілген түрін көрсету қажет)

      Жолдамада болмаған құжаттар _________________________________________

      (атауларын көрсету қажет)

      Іріктеп алуды жүргізген процессинг орталығының өкілі (дері):_________

      ____________________________________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      Өнім иесінің(лерінің) жеке немесе заңды өкілі(дері):_________________

      ____________________________________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)