Криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сынау әдiстерiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10747 тіркелді

Қолданыстағы

      «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының 29-бабының 1-тармағының 8-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сынау әдiстерi бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жедел-криминалистикалық департаменті (Қ.Қ. Аманқұлов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаментіне (Қ.Қ. Аманқұлов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                     Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2015 жылғы 16 наурыздағы 
№ 219 бұйрығымен бекітілген

Криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сынау әдiстерiн бекіту туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы криминалистік талаптар «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының 29-бабының 1-тармағының 8-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және заңсыз жасау мүмкіндігін болдырмау мақсатында Қазақстан аумағында айналымдағы азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына қойылатын арнайы техникалық талаптарды белгілейді.
      Осы криминалистік талаптар Қазақстан Республикасының аумағында сату құқығынсыз тек экспортқа өндірілетін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына қолданылмайды.

2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына қойылатын криминалистік талаптар

1-параграф. Атыс, ұңғысыз, белгі беру, газды, электрлі және пневматикалық қаруға қойылатын криминалистік талаптар

      2. Үрмелі қуаты 7,5 Дж жоғары және калибрі 4,5 мм астам атыс, ұңғысыз, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қарудың дараландыратын таңбалау белгісі (сериясы, нөмірі) болады. Таңбалау белгісі механикалық тәсілмен (соққы, қысым) немесе жоғары концентрацияланған энергия көздерін пайдалана отырып, оның ішінде тереңдігі кемінде 0,2 мм лазермен орындалады.
      3. Атыс, белгі беру, газды қарудан атылған гильзаларда оны сәйкестендіруге жеткілікті белгілер кешенін қамтитын қарудың бөлшектері мен тетіктерінің іздерін қалдырады.
      4. Белгі беру, газды және пневматикалық қарудың бөлшектері мен тетіктерінің (ұңғы, бекітпе, барабан, рамка, ұңғы қорабы, соққы-ағытқыш тетігі) ерекшеліктері жауынгерлік, азаматтық және қызметтік атыс қаруының бөлшектері мен тетіктерін өзара ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етпейді.
      5. Белгі беру және газды қару конструкциясының қайтарымсыз өзгерту мүмкіндігінсіз нәтижесінде снарядқа 0,5 Дж/мм2 астам кинетикалық энергия үлесін беретін эластикалық емес оқты және бытыралы снарядпен ату мүмкіндігін қамтамасыз етейді.
      6. Ойық азаматтық атыс қаруы (спорттық қаруды қоспағанда) бір типтегі патронға арналып әзірленген жауынгерлік атыс қаруынан ұңғы оқпаны параметрлерінің кемінде біреуі (саны, бағыты, ені, ойықтың қадамы, оқпанішілік штафтердің бар-жоғы, саны мен өзара орналасуы) бойынша айырмашылығы болады.
      Ойықтардың ені бойынша айырмашылығы жол шегінің арасы кемінде 0,2 мм құрайды, ал ойықтардың қадамы бойынша айырмашылығы жол шегінің арасындағы ойықтар көлбеуінің бұрыш айырмашылығы кемінде 1 градусты қамтамасыз етеді. Айырмашылықтар олардың қолданыстағы криминалистік әдістерімен іздер бойынша саралану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
      7. Ойық атыс қаруының бір типті патронға арналып әзірленген модельдердің арасында гильзалардағы іздері бойынша айырмашылығы болады.
      8. Патронның бір типіне арналып әзірленген әртүрлі модельдегі көп зарядты оқжатары бар тегіс ұңғылы атыс қаруының лақтырғыш пен шағылдырғыш іздерінің өзара орналасуы, сондай-ақ гильзада із жасауға қатысатын басқа да бөлшектердің іздері бойынша модельдер арасында айырмашылығы болады.
      9. Ойық және тегіс ұңғылы қарудың конструкциясында дыбыс тұншықтырғыш, сондай-ақ атыс дыбысын тұншықтырушыны орнатуға арналған аспаптар немесе арнайы құрылғылар болмайды.
      10. Оқжатарының сыйымдылығы он патроннан асатын ойық және тегіс ұңғылы қаруда ұзын ұңғы немесе 500 мм кем емес ұңғы қорабы бар және қарудың жалпы ұзындығы 800 мм кем емес ұзын ұңғы болмауы тиіс.
      11. Ұзындығын кемінде 800 мм не ұңғының немесе ұңғылы қораптың ұңғысын жиналған күйде кемінде 500 мм ұзартуға мүмкіндік беретін жиналмалы конструкциясы бар ұзын ұңғылы қару атуды қамтамасыз етпеуі тиіс.
      12. Ойық қарудан, тегіс ұңғылы қару ұңғысының ойық қондырғыларынан, сондай-ақ қысқа ұңғылы қарудан атылған оқтарда ұңғы оқпанының іздері қалады.
      13. Ұңғысыз атыс қаруы конструкциясының қайтарымсыз өзгерістерінсіз нәтижесінде снарядтарға 0,5 Дж/м2 астам кинетикалық энергия үлесін беретін оқты және бытыралы снарядтармен ату мүмкіндігін қамтамасыз етпейді.
      14. Белгі беру және газды қарудың атыс қаруының патронынан ату үшін қайта өзгертуді қиындату мақсатында ұңғысының қаңқаға бекітпесі босаңқы болады.
      15. Пневматикалық аңшылық қарудың 25 Дж аспайтын, спорттық қарудың 35 Дж аспайтын кинетикалық энергиясы болады.

2-параграф. Конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын криминалистік талаптар

      16. Конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар, оның ішінде мылтық пен су астындағы аңшылыққа арналған тапанша құрылымының қайтарымсыз өзгерістерінсіз оларды атыс қаруы ретінде пайдалану және 0,5 Дж/мм2 асатын кинетикалық энергия үлесі бар снарядтармен ату мүмкіндігін қамтамасыз етейді.
      17. Конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар жауынгерлік ойық атыс қаруынан оны қайта жасау және атысқа жарамсыз жағдайға келтіру арқылы әзірленбейді.
      18. Конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың бөліктері мен бөлшектерінің (ұңғы, бекітпе, барабан, рамка, ұңғы қорабы, соққы-ағытқыш тетігі) ерекшеліктері оларды жауынгерлік, азаматтық және қызметтік қарудың бөліктерімен және бөлшектерімен ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етпейді.

3-параграф. Атыс, ұңғысыз, газды және белгі беру қаруының патрондарына қойылатын криминалистік талаптар

      19. Ойық, тегіс ұңғылы, ұңғысыз, сондай-ақ газды және белгі беру қаруы патрондарының конструкциясы мен гильзаларының материалдары эксперименталдық атыс кезінде оларда қару бөлшектері мен тетіктерінің іздерін сәйкестендіру үшін жарамды сақталуын қамтамасыз етеді.
      20. Ойық қарудың патрондары оқтарының конструкциясы мен материалдары оққаққыштарға эксперименталдық ату кезінде қаруды сәйкестендіруге жарамды іздердің сақталуын қамтамасыз етеді. Талап травматикалық әсер ететін патрондардың оқтарына қолданылмайды.
      21. Травматикалық әсер ететін патрондардың оқтарында металл өзегі болмайды.

4-параграф. Суық, лақтыратын қаруға және сыртқы пішіні бойынша осындай қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын криминалистік талаптар

1-кіші бөлім. Аңшылық сұқпалы суық қаруға қойылатын криминалистік талаптар

      22. Осы криминалистік талаптар жалпы және арнайы мақсаттағы аңшылық пышақтарға, аңшылық қанжарлар мен тіршілікті сақтауға арналған пышақтарға қолданылады.
      23. Жалпы және арнайы мақсаттағы аңшылық пышақтар жиналмайтын, жиналатын, құрастырмалы болып бөлінеді.
      24. Аңшылық қанжарлар мен тіршілікті сақтауға арналған пышақтар жиналмайтын және құрастырмалы болып бөлінеді.
      25. Жалпы мақсаттағы аңшылық пышақтар мен аңшылық қанжарлар сұқпа мен қолсаптан тұрады, тірегі (немесе шектегіші) не қолсабында саусақ асты ойығы болады (талаптың арнайы мақсаттағы аңшылық пышақтарға қатысы жоқ).
      Тіршілікті сақтауға арналған пышақтарды аңшылық қанжарлар сияқты сұқпасымен жасауға рұқсат етіледі.
      26. Аңшылық пышақтардың және қанжарлардың сұқпасы мен қолсабының қосылған жері (оның ішінде топсасы) мықты және қатты.
      27. Аңшылық пышақтар мен қанжарлардың сұқпасының қаттылығы егер осы криминалистік талаптарда өзгеше айтылмаса, Роквелл шкаласы бойынша 42 бірліктен (42 HRC) төмен болмауы тиіс.
      28. Аңшылық пышақтардың сұқпаларының ең қысқа мөлшері: ұзындығы 90 мм, сыртының қалыңдығы 2,6 мм.
      29. Аңшылық қанжарлар сұқпаларының ең қысқа мөлшері: ұзындығы 150 мм, сыртының қалыңдығы 4,0 мм, ені 25 мм.
      30. Аңшылық пышақтардың сұқпасының кесетін жиегі (жүзі) қайралған болады. Қайраудың арнайы түрлері (мысалы, «құндыз тіс» типті, ал тіршілікті сақтауға арналған пышақтарда сұқпаның сырт жағы қайралуы мүмкін) сұқпа жүзінің бүкіл ұзындығына, сондай-ақ оның бір бөлігіне де рұқсат етіледі.
      31. Аңшылық пышақтардың тұрмыстық мақсаттағы (біз, консерві пышағы, бұрауыш және т.б.), сондай-ақ сұқпаның сыртында не кез келген бөлек зат түрінде пышақтың қолсабында немесе қолсаптың ішінде, қынапта немесе құндақта орналасуы мүмкін арнайы мақсаттағы: экстрактор, қысу сақинасы, кішкентай ара сияқты қосымша құрылғылары болады.
      32. Жалпы мақсаттағы аңшылық пышақтардың, аңшылық қанжарлардың қарудың алынбайтын кез келген бөлігіне әртүрлі әдістермен (қалыптау, нақыштау, өңдеу, күйдіру) жасалатын тіркеуге арналған нөмірі және өндірушінің таңбасы болады.
      33. Аңшылық пышақтар мен қанжарлардың, тіршілікті сақтауға арналған пышақтар мен шапашоттардың қолсаптары, егер:
      бір жақты немесе екі жақты (қоса алғанда) шектегіштің ені пышақтар мен аңшылық қанжарлардың, тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың қолсабының сап енінен 5 мм асса;
      алдыңғы төлкенің саусақ асты ойығының немесе қолсап сабының тереңдігі 5 мм асса;
      бірден артық саусақ асты ойығы бар қолсап сабында саусақ асты ойықтардың тереңдігі 4 мм асса;
      шектегіш ретінде пайдаланылатын сұқпаның түбі немесе саусақ асты ойықтың қалыңдығы 3,5 мм асса жарақат салу қаупі жоқ деп есептеледі.
      34. Жалпы мақсаттағы жиналмалы аңшылық пышақтардың сұқпалары жазылған күйінде мықты бекітіледі (яғни бекіткіші болады).
      35. Жалпы мақсаттағы аңшылық пышақтардың сұқпалары, заттары және құрылғылары өткір бөлігімен саңылауға кіреді, бұл ретте оларды алып жүргенде және қолданғанда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
      36. Жалпы мақсаттағы аңшылық пышақтың конструкциясы негізгі функцияларды орындаудан басқа, қосымша функцияларды орындауды көздейді, яғни пышақтың екі мақсаты болады.
      37. Жалпы мақсаттағы жиналмалы аңшылық пышақтардың сұқпалары, заттары мен құрылғылары саптың саңылауынан жеткілікті түрде оңай, қолмен шығады. Жалпы мақсаттағы жиналмалы аңшылық пышақтардың сұқпаларын, заттарын және құрылғыларын ашуға ыңғайлы болу үшін қолсапта қолжетімділікті жеңілдететін тереңдіктер немесе ойықтар не сұқпаларда, заттар мен құрылғыларда арнайы тереңдіктер немесе шошақтар болады.
      38. Жалпы мақсаттағы жиналмалы пышақтардың конструкциясында сұқпасының бекіткіші серіппесіз болуға (мысалы, қаңқалы, серпінді, «көбелек» типтес және т.б.) рұқсат етіледі.
      39. Арнайы мақсаттағы жиналмалы пышақтардың (мүшелейтін, тері сыпыратын) сұқпаларын жазылған күйінде бекіткіш арқылы мықты бекітуге рұқсат етіледі. Осы түрдегі пышақтардың сұқпасының сыртында сүйек кесетін кішкентай ара, ал сұқпада қақпақ ашқыш, гайка кілті және т.б. түрдегі арнайы ойықтар болады.
      40. Арнайы мақсаттағы аңшылық пышақтар (мүшелейтін, тері сыпыратын) сұқпасының ұзындығы мен қалыңдығына қарамастан, мынадай жағдайларда суық қару болып табылмайды:
      1) сұқпаның ұшын және саптың жоғары шетін қосатын шартты сызықтан жоғары алғанда сұқпа сыртының ең көп иілу мөлшері 15 мм асса. Иілу мөлшерін өлшеу үшін сұқпаның ұшын және саптың жоғары шетін тура сызықпен қосу қажет. Өлшеу сұқпа сыртының ең көп иілген жерінде жүргізіледі;
      2) сұқпа сыртының жүзі жағына ең көп иілген жері 5 мм асады. Сұқпаның иілуін тікелей сабынан бастауға рұқсат етіледі, сұқпаның ұшы сыртының сызығынан 5 мм астам жоғары орналасады;
      3) пышақтың конструкциясы нысананы зақымдауға (зақымдайтын сабы пышақпен шанышпалы соққы соғуға арналмаған, ұшының нысаны және сұқпаның қалыңдығы зақымдау қасиетін және басқаларын неғұрлым төмендетеді) арналмаған және оны қамтамасыз етпейді. Егер екі жақты шектегіштің жалпы биіктігі немесе бір жақты шектегіштің (тірегіштің) биіктігі не саусақ асты ойықтың тереңдігі 5 мм аз болса, пышақтық сабын жарақат келтіру қаупі бар болып табылады.
      41. Сыртқы пішіні мен конструкциясы бойынша арнайы мақсаттағы аңшылық пышақтармен (мүшелейтін, тері сыпыратын) ұқсастығы бар, бірақ оларға осы криминалистік талаптардың 42-тармағында көрсетілген техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін пышақтар қос мақсатты болып келеді және олардың айналымы осы криминалистік талаптардың 4-параграфының 1-кіші бөлімінің талаптарына сәйкес анықталады.
      42. Арнайы мақсаттағы аңшылық пышақтар (мүшелейтін, тері сыпыратын) сұқпасының қаттылығы шексіз.
      43. Аңшылық қанжарларда өткір жауынгерлік ұшы (үшкір) бар симметриялы екі жақты жүзі бар нысандағы сұқпасы болады. Аңшылық қанжарлардың ұшы сұқпаның ортаңғы сызығында болады.
      Сұқпада жырымдалған жаралар салуға арналған шығыңқы (ойық) болуына жол берілмейді.
      44. Аңшылық қанжарларға:
      1) стилет типтес сұқпалы;
      2) сұқпаның ұзындығы мен енінің арақатынасы 6:1 және одан көп;
      3) жүзі қайралмаған;
      4) ұлттық немесе жауынгерлік тип бойынша әзірленген қанжарлар жатпайды.
      45. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтарда міндетті түрде қосымша заттар (біз, консерві ашқыш, компас және т.б.), сондай-ақ арнайы мақсаттағы құрылғылар (экстрактор, қысу сақинасы, сүйек кесетін кішкентай ара, балық аулау құралдары, рогатка, тері сыпыратын пышақ, адырна, дәрі қорап, шырпылар және басқалары) болады. Қосымша заттар мен құрылғылар пышақ сабының қуысында немесе тысында (қынабында) орналасады.
      46. Тіршілікті сақтауға арналған пышақ сабының айрықша конструктивтік ерекшелігі оның металдан (сирек - басқа да мықты материалдардан) әзірленетіндігі болып табылады, іші қуыс және бұранда жалғастырушының көмегімен бекітілетін сыртпен жабылады. Саптың мұндай құрылымы қосымша құрамдас бөліктер мен құрылғыларды жинақы сақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ пышақты ағаш сапқа қондыруға (бұл жағдайда пышақ найзаның ұшы ретінде қызмет етеді) мүмкіндік береді.
      47. Шапашоттарда ятаган типті сұқпаның ұшынан бастап кеңейтіп және кеңейтусіз түзу және қисық сұқпаға жол беріледі.
      48. Шапашоттардың қолсаптары қиылысқан, жартылай қиылысқан қорғаныс имек тұтқамен, шектегішпен немесе қорғаныс құрылғысымен жарақталады.
      49. Шапашоттардың өлшемдік сипаттамалары:
      сұқпасының ұзындығы 210-нан 500 мм дейін,
      сыртының қалыңдығы 3 мм кем емес,
      сұқпасының ені 25-тен 45 мм дейін,
      ұшының бұрышы 700 артық емес,
      сұқпаның тікелей қайралған ұшының ені 20 мм және ромб тәріздес немесе сына тәртізді нысанды емес.
      50. Шапашоттардың сұқпасының қаттылығы Роквелл шкаласы бойынша 40 бірліктен (40 HRC) кем емес.
      51. Туристік пышақтар суық қару болып табылмайды.
      52. Туристік пышақтар жиналмайтын, жиналмалы, құрастырмалы болып бөлінеді.
      53. Жиналмайтын туристік пышақтар тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың типі бойынша жасалады.
      54. Туристік пышақтар сұқпадан және қолсаптан тұрады, сондай-ақ тіреуіші (немесе шектегіші) не пышақты мықты ұстауды қамтамасыз ететін қолсапта саусақ асты ойықтары болады.
      55. Туристік жиналмайтын және құрастырмалы пышақтар сұқпасының сабымен қосылған жері қатты және мықты.
      56. Туристік жиналмалы пышақтардың сұқпасын ашылған күйде қатты бекітуге (яғни бекіткіштің болуына) рұқсат етіледі.
      57. Туристік пышақтарда тұрмыстық және арнайы мақсаттағы қосымша заттар мен құрылғылар: біз, консерві ашқыш, компас, экстрактор, қысу сақинасы, сүйек кесетін кішкентай ара, балық аулау құралдары, рогатка, тері сыпыратын пышақ, адырна, дәрі қорап, шырпылар және басқалары болады.
      58. Туристік пышақтардың конструкциясы, егер сұқпаның ұзындығы 90 мм аспаса, сұқпаны серіппесіз (қаңқалы, серпінді, «көбелек» типтес және т.б.) бекітуге рұқсат етіледі.
      59. Туристік пышақтар сұқпаларының шекті мөлшері: пышақ конструкциясында тіреуіш немесе шектеуіш не саусақ асты ойығы болған кезде ұзындығы - 90 мм дейін; пышақ құрылымында тіреуіш немесе шектеуіш болмаған немесе саусақ асты ойығы болмаған кезде ұзындығы - 150 мм дейін.
      Туристік жиналмалы, жиналмайтын және құрастырмалы пышақтар сыртының қалыңдығы, егер сұқпаның ұзындығы 90 мм аспаса 2,4 мм астам.
      60. Туристік пышақтардың сұқпасының қаттылығы шексіз. Туристік пышақтардың сұқпалары мықты, бірақ майыстырған кезде оларды деформациялауға рұқсат етіледі.

2-кіші бөлім. Ұлттық киімдердің керек-жарағы болып табылатын суық қаруға (семсерлер, қылыштар және қанжарлар) қойылатын криминалистік талаптар

      61. Семсерлер, қылыштар мен қанжарлар сұқпадан және қылыштың сабынан (гардасы бар немесе жоқ саптан не қиылысқан немесе тіректен) тұрады.
      62. Семсерлердің, қылыштар мен қанжарлар сұқпасының сабымен қосылған жері тығыз және берік. Семсерлер мен қылыштардың сұқпасының сабына жалғанған жерінің мықтылығын тексеру үшін диаметрі 150-200 мм кепкен қарағай бөренеге көлденең жеткілікті түрде бес рет қатты шабу-кесу соққысын (адамды зақымдауға есептелген соққы қуаты 20-50 Дж) жасау керек. Сынақ жүргізілгеннен кейін сұңғы мен қылыш сабының қосылған жерінде босаңқылыққа жол берілмейді.
      Қылыш сұқпанының сабына жалғанған жерінің мықтылығын анықтау үшін қалыңдығы кемінде 30 мм қарағай тақтайшасына 20-50 Дж қуатпен кемінде бес рет қатты шанышпалы соққы жасау керек. Сұқпан мен қылыш сабының қосылған жерінде босаңқылыққа жол берілмейді.
      63. Семсерлердің, қылыштар мен қанжарлардың сұқпасының жүзін қатты қайрамай-ақ жасауға болады.
      64. Сұқпандарды қолатпен қоса, сондай-ақ қолатсыз жасауға рұқсат етіледі. Қолаттың саны регламенттелмейді.
      65. Семсерлердің, қылыштар және қанжарлардың ағаштан, металдан немесе пластмассадан жасалып, былғарымен, былғарыны ауыстыратындармен, басқа да материалдармен қапталған немесе қапталмаған қатты сақтандыратын қынабы болады. Бұл ретте семсерлердің, қылыштар мен қанжарлардың сұқпаны қынабында мықты ұсталады, бірақ қажет болған кезде олардан оңай алынады.
      66. Семсерлер, қылыштар мен қанжарлар сұқпанының түп жағында тіркеуге арналған нөмірі және жасаушының таңбасы болады.
      Таңбалау белгілерін салудың әртүрлі әдістеріне (қалыптау, нақыштау, өңдеу, күйдіру) рұқсат етіледі. Таңдап алынған тіркеу нөмірін және жасаушының таңбасын салу тәсілі олардың қарудың барлық пайдалану уақытына сақталуын қамтамасыз етеді.
      67. Семсерлер мен қылыштар мынадай ұзындық сипаттамаларына сәйкес келеді:
      1) жалпы ұзындығы – 730-дан 1150 мм дейін;
      2) сұқпаның ұзындығы – 650-ден 900 мм дейін (өткір ұшынан гардаға дейін, ал ол болмаған жағдайда қылыш сабының қиылысқан жеріне (тіреуішіне) дейінгі мөлшер);
      3) сұқпаның ені - 23-тен 55 мм дейін;
      68. Қанжарлар мынадай ұзындық сипаттамаларына сәйкес келеді:
      1) жалпы ұзындығы – 400-ден 600 мм дейін (өткір ұшынан шектегішке дейін, ал ол болмаған жағдайда қолсаптың тіреуішіне дейінгі мөлшер);
      2) сұқпаның ұзындығы – 300-ден 440 мм дейін;
      3) сұқпаның қалыңдығы – 5,0 мм кем емес (едәуір қалың жеріндегі мөлшері (мысалы, қатты қыры);
      4) сұқпаның ені - 25-тен 45 мм дейін.
      69. Семсерлер мен қылыштардың жалпы салмағы – 1000-нан 2000 г дейін, қанжардың жалпы салмағы – 450-ден 750 г дейін.
      70. Семсерлер мен қылыштар конструкциясының мықтылығы мен шымырлығы көмір қышқылды болаттан жасалған сұқпаның өткір ұшын 1/8 ұзындықта және болат құрыштан жасалған сұқпа үшін 1/13 ұзындықта майыстыру арқылы анықталады.
      71. Қанжар сұқпасының ұзындығы 300 мм болған кезде оның өткір ұшы 21 мм майыстырылады. Сұқпаның ұзындығы 25 мм ұзарған сайын, майысу шамасы 2 мм өседі.
      Сынақтан кейін семсердің, қылыш пен қанжардың сұқпанында 1 мм асатын қалдық өзгерістердің болуына рұқсат етілмейді.
      72. Семсерлер мен қылыштар сұқпасының қаттылығы Роквелл шкаласы бойынша 40 бірліктен (40 HRC) кем емес болуы тиіс.
      73. Қылыштар сұқпасының морттығын тексеру үшін қылышпен ені 150-200 мм және қалыңдығы кемінде 30 мм тегіс қарағай тақтай бойын қылыштың жалпақ жағымен орташа күшпен (соққы қуаты 20-30 Дж) екі-үш соққы жасалады. Сұқпа металының сынақтан кейін шытынауына және үгітілуіне жол берілмейді.

3-кіші бөлім. Лақтыратын қару мен оның снарядтарына қойылатын криминалистік талаптар

      74. Осы талаптар спорттық арбалеттер мен олардың снарядтарына, сондай-ақ демалыс және көңіл көтеруге арналған арбалеттер мен олардың снарядтарына қолданылады.
      Спорттық арбалеттер лақтыратын қару болып табылады.
      75. Арбалеттерде: әзірлеуші кәсіпорынның жеке нөмірі және таңбасы болады. Демалыс және көңіл көтеруге арналған арбалеттерде жеке нөмірдің болмауына жол беріледі.
      Арбалеттің негізгі бөлшектерінің біріне көрінетін тұсқа (корпусына, бағыттайтын тілімшеге, құндаққа) таңба соғылады. Арбалетке қосымша орнатылатын құрылғылар таңбаны жаппайды.
      Таңбалаудың әртүрлі тәсілдеріне (қалыптау, нақыштау, өңдеу, күйдіру және басқалары) рұқсат етіледі. Таңдап алынған таңба салу тәсілі анық және арбалетті пайдаланудың барлық кезеңінде таңбаның сақталуын қамтамасыз етеді.
      76. Спорттық арбалеттер төрт санатқа бөлінеді: дәстүрлі, матчті, жорықтық, әмбебап.
      77. Дәстүрлі арбалеттердің құрылымдық ерекшелігі қолданылатын снарядтың түрімен және шаппасын қайыру тетігінің типімен анықталады.
      78. Корпус және бағыттайтын тілімше, әдетте болмайды. Тұтастай ағаштан немесе металдан жасалатын табанында иыққа тіреу үшін дүмі болады немесе жоғары жақтан иыққа салатын бөрене түрінде жасалады.
      Садақ болаттан немесе өзге де материалдардан жасалады, бір бөліктен тұрады. Күрделі құрамдас садақтары бар конструкцияға жол беріледі.
      Қапсырмасы массивті, олар айналып тұратын «жаңғақ» немесе осьте шайқалып тұратын «айыр» түрінде жасалады.
      Соғу тетігі: жай, күрделі, анағұрлым жетілдірілген.
      Арбалеттерде 6-10 м қысқа қашықтыққа атуға арналғандарды қоспағанда, күрделілігі әртүрлі көздеу құрылғысы болады.
      Дәстүрлі арбалеттердің адырнасын жасау үшін табиғи материалдар пайдаланылады.
      Адырна лақтырылатын снарядпен тікелей өзара іс-қимыл жасасады.
      Адырнаны қайыру тетігі тек арбалетті қайыру уақытында орнатылатын немесе оның табанында үнемі бекітіліп тұратын жекелеген алынбалы құрылғылар түрінде жасалады.
      Дәстүрлі арбалеттерге арналған оқтың немесе болттың пішіні қатты ағаштан жасалады, табиғи материалдардан (ағаштан, былғарыдан, құстың қауырсынынан) тірегіші болады. Оқтың немесе болттың ұшы оське симметриялы болып металдан жасалады. Қауырсынның саны, олардың нысаны және оқтың денесіне орналасуы, сондай-ақ оқ немесе болт ұштарының құрылымы мен нысаны арбалетті қолданудың нақты шарттарына сүйене отырып айқындалады.
      Қыры және кесетін жиегі бар істік ұштар қолданылмайды.
      79. Дәстүрлі арбалеттердің негізгі параметрлері:
      садақтың ең үлкен серпілуі - 900 мм;
      нысаналы сызықтың ең үлкен ұзындығы - 720 мм;
      садақтың ең жоғары күші (адырнаның тарту күші) - 120 кг.
      Садақтың серпілуі адырна орнатылған кезде оның сыртқы ұшы бойынша өлшенеді.
      80. Матчті арбалеттің құрылымдық ерекшеліктері ату үшін қолданылатын снаряд – болттың түрімен, адырнаны көтеру тетігінің болуымен және арбалетті пайдалану шартымен анықталады.
      Арбалеттің корпусы, әдетте болаттан жасалады.
      Винтовка типтес адырнаның табаны ағаштан жасалады, сағағында винтовканың бауын немесе қолға арналған тіреуді бекіту үшін орнатылған планка болады.
      Арбалеттің моносадағы жеңіл қорытылған болаттан, көмір пластиктен, шыны пластиктен немесе ағаш пластикті композициядан жасалады. Садақтың ұштарында адырнаны бекітуге арналған арнайы таққыштар орнатылады.
      Адырналар синтетикалық немесе болат жіптерден жасалады және ұшында дөңгелектер орнатылған ілгектері болады. Дөңгелектер садақ иінінің ұшындағы таққыштарға осьтің көмегімен бекітіледі. Қарапайым арбалеттерде адырнаның ілгектері садақ иінінің ұшына ілінеді.
      Соғу тетігі механикалық және электронды.
      Қайтару тетігінде екі буынды рычагтың түрі болуға рұқсат етіледі, ол арбалеттің корпусына тікелей бекітіледі немесе арбалетке оқтау алдында тікелей адырнаны қайыру үшін орнатылған жеке құрылғы сияқты жасалады.
      Матчті арбалеттің снаряд – болтының болат ұшы болады. Болттың стабилизаторы ағаштан, пластиктен немесе жеңіл қорытпадан әзірленеді және артқы жағында кеңіткіші «юбка» болады. Матчті арбалеттер үшін болттың салмағы шексіз.
      81. Матчті арбалеттердің және оның болттарының негізгі параметрлері:
      30 м матчті арбалеттер:
            нысаналы сызықтың ең үлкен ұзындығы - 720 мм;
            адырнаның ұзындығы:
      номиналды - 820 мм (рұқсат +3%/-0,5%);
            рұқсат етілген - 608 мм;
            садақтың күші (адырнаның тарту күші) - 135 кг (рұқсат - 5 %);
      арбалеттің ең үлкен салмағы (қосымша жабдықтармен бірге) - 8 кг;
      белбеудің ені - 40 мм.
      30 м матчті арбалеттердің болттары:
      ұштың материалы - болат;
      цилиндрдің диаметрі - 6 мм (рұқсат - 0,05 мм);
      цилиндрдің ең қысқа ұзындығы - 15 мм;
      цилиндр бүйірінің шығыңқылығы - 5 мм;
      цилиндрдің қаптал бетінде бұранданың болуы - рұқсат етіледі.
      10 м матчті арбалеттер:
      нысаналы сызықтың ең үлкен ұзындығы - 720 мм.
      адырнаның ұзындығы:
      номиналды - 608 мм (рұқсат +3%/-0,5%);
      рұқсат етілген - 530 мм (рұқсат +3%/-0,5%);
                       500 мм (рұқсат +3%/-0,5 %);
                       498 мм (рұқсат +3%/-0,5 %);
                       448 мм (рұқсат + 3%/-0,5 %);
      садақтың күші (адырнаның тарту күші) - 80 кг (рұқсат +5%);
      арбалеттің ең үлкен салмағы - 6,75 кг.
      10 м матчті арбалеттердің болттары:
      ұшының материалы - болат;
      цилиндрдің диаметрі - 10 мм;
      цилиндр бүйірінің шығыңқысы - 0,5 мм;
      цилиндрдің қаптал бетінде бұранданың болуы - рұқсат етіледі.
      82. Жорықтық арбалеттің конструкциялық ерекшеліктері снарядты ату үшін қолданылатын түрімен, адырнаны қайыру тетігінің болмауымен (қолмен көтеріледі) және арбалетті пайдалану шарттарымен анықталады.
      Жорықтық арбалеттің корпусы болаттан немесе жеңіл қорытпадан жасалады.
      Еркін конструкциялы бағыттағыш планкасы жеткілікті түрде антифрикциондық қасиеттерге ие кез келген материалдан жасалады, корпусқа қозғалмайтындай болып бекітіледі.
      Табаны винтовка типтес ағаштан әзірленеді.
      Табаны бір бөліктен немесе екі бөліктен тұрады. Ол пластиктен, ағаш пластикті композициядан немесе металдан жасалады. Садақ металдан жасалған жағдайда ол қорғаныс бандажбен жабылады.
      Адырна синтетикалық жіптерден әзірленеді. Ұштарында ілгектер болады, олар садақ иінінің ұштарына кигізіледі. Адырналарды дөңгелектердің көмегімен садақ иінің ұштарына бекітуге рұқсат етіледі.
      Тек механикалық соғу тетігі қолданылады.
      Оқтар кез келген жарамды материалдан жасалады және металл ұштары болады. Қауырсындардың санында, олардың нысаны мен өлшемдерінде, сондай-ақ оқтардың салмағында белгіленген шектеулер болмайды.
      83. Жорықтық арбалеттердің және оның жебелерінің негізгі параметрлері:
      нысаналы сызықтың ең үлкен ұзындығы - 720 мм;
      артқы нысананың ең үлкен ұзындығы - 150 мм;
      иінінің ең үлкен серпуі - 900 мм;
      садақтың ең жоғары күші (адырнаның тарту күші) - 43 кг;
      адырнаның ең жоғары жұмыс жүрісі - 300 мм;
      арбалеттің ең үлкен салмағы (қосымша құралдармен бірге) - 6,75 кг.
      Оқтар:
      ұштың түрі - сопақша;
      ең үлкен мұқалу бұрышы (конусты ұштар үшін) - 60 градус;
      ең үлкен калибр үсті (оқтың диаметрінен ұштың диаметрінің асып түсуі) - 2 мм.
      оқтың ұзындығы:
      ең кіші - 304 мм;
      ең үлкен - 457 мм.
      84. Әмбебап арбалеттердің конструкциялық ерекшеліктері қолданылатын снарядтың (оқтардың) түрімен, садақтардың, көздеу құрылғыларының нысандары мен құрылымдарының әртүрлілігімен, адырнаны қайырған кезде іске қосылатын автоматты сақтандырғыштың міндетті түрде бар болуымен, әртүрлі қайыру тетіктерін қолдану мүмкіндіктерімен және арбалеттерді пайдаланудың кең спектрімен анықталады.
      Арбалеттердің корпусы жеңіл қорытпалардан немесе пластикадан жасалады.
      Винтовка типтес табанының құрылымы қарапайым. Ағаштан немесе полимерді материалдардан жасалады.
      Жұмыс адырнасы синтетикалық жіптен әзірленеді және ұштарында ілгектер болады, ол садақ иінінің соңына тартылады. Қосымша адырналар синтетикалық жіптен немесе полимер материалдан жасалған сақтандырғыш орамамен жабылған болат тростан жасалады.
      Қапсырма, әдетте сақтандырғышпен және соғу тетігімен біріктірілген.
      Тек механикалық соғу тетігі қолданылады.
      Көздеу жүйесі кемінде екі көздеу құрылғысынан тұрады.
      Әмбебап арбалеттерде адырнаның қайтару тетігін қолдануға рұқсат етіледі.
      Әмбебап арбалеттер үшін оқтар кез келген жарамды материалдан жасалады, олардың ұштары сопақша түрде болады. Ұшының диаметрі оқтың пішінінің диаметрімен бірдей. Қауырсындарының нысанында, өлшемдерінде, санында және салмағында белгіленген шектеулер болмайды. Кез келген нысандағы құйрықшалар мен құрылымдар пайдаланылады.
      85. Әмбебап арбалеттердің және оның жебелерінің негізгі параметрлері:
      иінінің ең үлкен серпілуі:
      рекурсивті садақ - 914 мм;
      «компаунд» садағы - 762 мм;
      садақтың ең жоғары күші (адырнаның тартылу күші) - 68 кг (рұқсат +5%);
      арбалеттің ең үлкен салмағы (нысанамен бірге) - 4,5 кг.
      Жебелер:
      ұштың нысаны - сопақша;
      ұштың ең аз салмасы - 8 кг.
      жебенің ұзындығы:
      ең кіші - 355 мм;
      ең үлкен - 610 мм.
      Арбалеттерде әртүрлі шымыр қасиеті бар қозғалмалы бөлігі бар құрама садақтарды, тігінен орналасқан садақтарды, садақты көтеру үшін пневматикалық және гидравликалық аспаптарды, арбалеттің корпусындағы түзету линзасын орнатуға рұқсат етілмейді.
      86. Демалыс және көңіл көтеруге арналған арбалеттер конструкциясы бойынша сырт пішіні спорттық арбалеттерге ұқсас, сондай-ақ тапанша типтес конструкциясы болады.
      87. Демалыс және көңіл көтеруге арналған арбалеттер сипаттамалары бойынша лақтыратын қару болып табылмайды.
      88. Жауынгерлік қасиетінің болмауын қамтамасыз ететін демалыс және көңіл көтеруге арналған арбалеттердің негізгі техникалық параметрлері:
      1) демалыс және көңіл көтеруге арналған арбалеттер:
      садақтың күші (адырнаның тарту күші) - 20 кг аспайды;
      арбалеттің ең үлкен салмағы (нысанамен бірге) - 3,5 кг;
      2) демалыс және көңіл көтеруге арналған арбалеттердің жебелері мен болттары:
      жебе ұшының нысаны - сопақша;
      снарядтың ең үлкен салмағы - 30 г;
      3) садақтың күші 20 кг аспайтын демалыс және көңіл көтеруге арналған арбалеттердің нақты үлгісіне штаттық снарядтың құрылымы және техникалық сипаттамасы жақын қашықтықта (5 метрден аспайды) атыстың нысанаға тию қасиетін тексеру кезінде ұштың 15 мм тереңдіктен аспайтын арнайы пластикті нысанаға кіруін болдырмайды.
      89. Спорттық садақтар мен олардың жебелері спорттық мүкәммал заттары мен лақтыратын қарудың бір түрі болып табылады.
      90. Спорттық садақтар жай («олимпик»), күрделі («компаунд»), жалаң («баребау») болып бөлінеді.
      91. Жай – нысанамен, оқтарға арналған сөремен, тұрақтандырғыш жүйесімен жинақталған жиналмалы садақ. Тарту күшінің шектеуі болмайды.
      92. Күрделі – иық үстіндегі блоктар жүйесі бар нысанамен, сөремен, тұрақтандырғыш жүйесімен жинақталған жиналмалы садақ. Атыс түрлеріне байланысты садақтарды тарту күші 27,2 кг немесе 36,3 кг аспайды.
      93. Жалаң – ешнәрсемен жинақталмаған жиналмайтын садақ. Тарту күшінің шектеуі болмайды.
      94. Садақтар кез келген қауіпсіз материалдан жасалады.
      95. Садақтар еркін нысанда және мөлшерде болады.
      96. Садақтарда ең жоғары жобалық тарту күші мен ұзындығы көрсетілген таңба болады.
      97. Садақтардың жебелері еркін ұзындықтағы кез келген материалдан жасалады.
      98. Жебе тірегінің өлшемі мен қауырсындардың саны шектелмейді.
      99. Жебенің ұшы еркін нысанда және нысанадағы жебені ұстап тұруды қамтамасыз етеді.
      100. Садақтардың және олардың жебелерінің негізгі параметрлері: ең төменгі тартылу күші - 15 кг, жебелердің конструкциясы еркін.
      101. Лақтыратын қаруға жатпайтын демалыс және көңіл көтеруге арналған садақтардың 5-тен 10 кг дейін тарту күші болады және оның конструкциясы 4 метрден аспайтын қашықтықтан 15 мм аспайтын тереңдікке арнайы пластикалық нысанаға енуіне жол бермейтін конструкциясы болады.

4-кіші бөлім. Сырт құрылымы бойынша суық, лақтыратын қаруға ұқсас кәдесый бұйымдарына қойылатын криминалистік талаптар

      102. Сыртқы құрылымы бойынша суық, лақтыратын қаруға ұқсас кәдесый бұйымдары шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдардың бір түрі болып табылады.
      103. Суық, лақтыратын қарудың белгілі бір үлгілері бойынша жасалған кәдесый бұйымдары нақты имитацияланатын қару үлгілерінің түрлеріне сәйкес келеді, бірақ олардың жауынгерлік қасиетін иеленбейді.
      104. Суық, лақтыратын қарудың нақты үлгілерінің типі бойынша жасалған кәдесый бұйымдарының не конструкциясы әлсіз болады не оларды жасау үшін қару түрінде пайдалануға мүмкіндік бермейтін материалдар қолданылады.
      105. Суық, лақтыратын қарудың үлгілері бойынша орындалған кәдесый бұйымдары:
      1) сыртқы түрі мен өлшемі дәл жасалған, бірақ бұйымның жауынгерлік қасиеттерін мүлдем жоятын конструкциясы едәуір әлсіз суық, лақтыратын қарудың нақты үлгісінің көшірмесі;
      2) қару түрінде пайдалануға мүмкіндік бермейтін масштабты макет;
      3) суық немесе лақтыратын қарудың тек сыртқы түрін бейнелейтін және жауынгерлік қасиеттерін толықтай жоятын нақпішін түрінде жасалады.
      106. Сұқпалы суық қару типі бойынша жауынгерлік қасиеттері жоқ кәдесый бұйымдарын әзірлеуді қамтамасыз ететін талаптар:
      1) сұқпаның артқы ілмегін сабымен бекіту сұқпамен не бекіту үшін қолданылатын әлсіз құйылатын материалдармен (сүргі типтес) қосылған жерінің артқы ілмегін кесуді жасанды азайта отырып айтарлықтай әлсіреді;
      2) кәдесый бұйымдарын жауынгерлік ұзын сұқпалы суық қарудан жасауға рұқсат етіледі. Бұл ретте сұқпаның артқы ілмегін қылыштың сабының қосылған жерімен көлденең тереңдігін айтарлықтай тіліп, конструкциясын әлсірету жүзеге асырылады. Тілік міндетті түрде артқы ілмектің осін кесіп өтеді, ал тіліктің тереңдігі бұйымды қару түрінде пайдалану әрекетінде оның қирауы үшін жеткілікті болады. Нақты бұйымдар үшін тіліктің тереңдігі эмпириялық түрде іріктеледі;
      3) сұқпалы суық қару типі бойынша жасалған кәдесый бұйымы сұқпасының қаттылығы Роквелл шкаласы бойынша 25 бірліктен (25 HRC) төмен болмауы тиіс.
      4) сұқпалы суық қару типі бойынша жасалған кәдесый бұйымының сабы бұйымды қару ретінде пайдалану әрекеті кезінде сұқпаның жауынгерлік орындалуы жағдайында сынуы тиіс, яғни осы кезде түсетін салмақты көтере алмайтын әлсіз материалдардан жасалуы тиіс;
      5) ұзын құйрықты суық қару типі бойынша жасалған кәдесый бұйымдары мықтылығын сынау кезінде диаметрі 150-200 мм бөренені 1-ден артық соққыны көтермейді;
      6) кәдесый пышақтарының сұқпа ұшының нысаны есебінен жауынгерлік қасиеттерін төмендетуді қамтамасыз ететін арнайы жүзі болады; сұқпаның қалыңдығы 4 мм аспайды, ал осы пышақтың сырты мен жүзі бұрыштарының үйлесуі 75 градустан төмен болмайды.
      107. Соғып-ұсақтағыш және өзге де, сондай-ақ жауынгерлік қасиеттері жоқ лақтыратын қарудың типі бойынша кәдесый бұйымдарын дайындауды қамтамасыз ететін талаптар:
      1) кәдесый бұйымдары мұндай бұйымдардың жауынгерлік қасиеттерінің болмауын толығымен қамтамасыз ететін материалдардан ғана дайындалуы тиіс (іші бос нақпішін, пластмасса, резеңке, тез балқитын материалдар және т.б.);
      2) кішірейтілген масштабтағы кәдесый бұйымдарын әзірлеу үшін жауынгерлік және азаматтық үлгідегі соққы қаруын әзірлейтіндерге сәйкес келетін материалдар қолданылуы мүмкін. Бұл ретте бұйымның масштабы бұйымның жауынгерлік қасиеттерін (эмпириялық түрде анықталады) толығымен жоюды қамтамасыз етеді.

3. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістері

1-параграф. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау объектілері мен құралдары

      108. Атыс, ұңғысыз, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қару мен олардың патрондарына, сондай-ақ отандық және шетелде шығарылған қаруға конструкциясы жағынан ұқсас бұйымдарға сынау жүргізу үшін (Қазақстан Республикасының аумағына қарудың жеке (коллекциялық және эксклюзивті) данасын әкелген жағдайдан басқа) мыналар ұсынылады:
      1) өзін-өзі қорғау қаруы және белгі беру қаруы – әрбір моделі немесе модификациясы кемінде 20 дана патронымен (газды қаруға кемінде 15 дана қосымша бос патрон ұсынылады) 3 дана;
      2) қызметтік, спорттық және аңшылық қару – әрбір моделі немесе модификациясы кемінде 30 дана патронымен (снарядымен) 2 дана;
      3) конструкциясы қаруға ұқсас бұйым – әрбір моделі немесе модификациясы 4 дана;
      4) қызметтік және азаматтық қарудың патрондары – әзірлеуші кәсіпорынның бастапқы орамасында кемінде 20 дана.
      109. Суық және лақтыратын қаруға, сондай-ақ сыртқы пішіні осындай қаруға ұқсас бұйымдарға сынау жүргізу үшін (Қазақстан Республикасының аумағына қарудың жеке (коллекциялық және эксклюзивті) данасын әкелген жағдайдан басқа) мыналар ұсынылады:
      1) суық және лақтыратын қару болып табылатын заттар – әрбір моделі немесе модификациясы 3 дана;
      2) суық және лақтыратын қаруға сыртқы пішіні бойынша ұқсас арнайы құралдар – әрбір моделі немесе модификациясы 4 дана;
      3) суық және лақтыратын қаруға сыртқы пішіні бойынша ұқсас шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар – әрбір моделі немесе модификациясы 2 дана;
      4) арбалеттерге немесе садақтарға снарядтар – әрбір модификациясы 15 бірлік.
      110. Сынау құралдарына:
      1) нарядтардың ұшу жылдамдығын өлшейтін өлшеуіші бар атыс қаруын атуға арналған әмбебап қондырғы;
      2) баллистикалық бағдарламалық-аппараттық сәйкестендіру кешені;
      3) салыстырмалы микроскоп;
      4) газды және белгі беру қаруын сынауға арналған қондырғы;
      5) калибрі 4,5 - 11,43 мм патрондарды атуға арналған құрылғы;
      6) калибрі 12,7 - 15 мм патрондарды атуға арналған құрылғы;
      7) адамның тінін имитациялайтын пластик нысана;
      8) патронды демонтаждауға арналған аспап;
      9) бинокулярлық стереоскопиялық микроскоп;
      10) соққының жүктемесін анықтауға және соғып-ұсақтағыш әсері бар суық қарумен соққан кезде туындайтын байланыстың нүктесін тіркеуге арналған аспап;
      11) қаттылықты өлшейтін аспап;
      12) репродукциялық қондырғы;
      13) суық қару сұқпасының беріктігін және шымырлығын тексеруге арналған құрылғы;
      14) садақ пен арбалет адырналарының тарту күшін өлшеуге арналған құрылғы;
      15) құралдар жиыны;
      16) фотоаппарат;
      17) 0,01 г дәлдігімен өлшейтін таразылар;
      18) белсенді дыбысқағарлар;
      19) 0,01 мм дәлдігімен өлшейтін микрометр;
      20) 1 мм дәлдігімен өлшейтін рулетка;
      21) 0,1 мм дәлдігімен өлшейтін штангенциркуль;
      22) 1 мм дәлдігімен өлшейтін металл сызғыш;
      23) оқ-дәрілер, қару, таңбалар, аңшылық мылтықтар бойынша бағдарламалық ақпараттық жүйелер;
      24) сыналатын өнімнің деректер базасын құру бойынша ақпараттық-іздеу жүйесі;
      25) отандық және шетелде шығарылған қарулардың, патрондардың, шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдардың коллекциясы;
анықтамалық әдебиет, каталогтар мен техникалық құжаттама;
      26) қару, оқ-дәрілер сақтауға арналған шкаф.
      111. Сынау ауа температурасы +15 - +300С болған кезде жүргізіледі.
      112. Сыналатын объектілер сынақтың алдында кемінде 2 сағат зертхана үй-жайында ұсталады.
      113. Объектілерді сынау және құжаттарды ресімдеу келіп түскен материалдарды тіркеген күннен бастап 20 тәуліктің ішінде жүргізіледі.
      Ақпарат, құжаттар мен объектілер толық ұсынылмаған жағдайда материалдар өтініш берушіге қараусыз күнтізбелік 2 күн ішінде қайтарылады.
      114. Егер сынақтар барысында алынған нәтижелер Заңға және осы арнайы техникалық талаптарға қайшы келсе, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары криминалистік талаптарға сәйкес келмейді.

2-параграф. Атыс, ұңғысыз, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қаруды, сондай-ақ құрылымы қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдісі

      115. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістері (бұдан әрі – әдістер) криминалистік талаптарды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, сыналатын үлгінің азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына тиесілігін белгілеуге және оның типі мен түрін анықтауға арналған. Сыналатын үлгінің азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары үлгілеріне тиесілігі туралы мәселе теріс шешілген жағдайда оны арнайы құралдардың белгілі бір тобына немесе сырт құрылысы осындай қаруға ұқсайтын шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдарға жатқызу.
      116. Ойық және тегіс ұңғылы қаруды сынау сыналатын қарудың ұңғы оқпанының белгілері бойынша жауынгерлік қарудан айырмашылығын анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) қарудан кемінде 5 рет ату;
      2) оқтың үстіңгі жағының және өн бойының ойығын дайындау немесе баллистикалық кешендердің көмегімен ойықтың санын, бағытын, енін, қадамын анықтау;
      3) анықталған анықтамалық деректерді анықтамалық материалдардағы немесе коллекциялардағы бір типтегі жауынгерлік қару деректерімен салыстыру;
      4) белгіленген нәтижелерді бағалау және қорытынды жасау.
      117. Сынау бір типтегі патрондарға арналып жасалған қару модельдерінің арасындағы айырмашылықтарды гильзалардағы іздер бойынша анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) қарудан кемінде 5 рет ату;
      2) атылған гильзалардағы соққыштың (шаппаның), патрон тіреуішінің, шағылдырғыштың және лақтырғыштың іздерін анықтау;
      3) іздердің түсу тұрақтылығын бағалау;
      4) іздердің нысаны мен мөлшерін, лақтырғыш пен шағылдырғыш іздерінің өзара орналасуын анықтау;
      5) алынған нәтижелерді қарулардың осы типтегі патрондарға әзірленген басқа модельдерінің көрсеткіштерімен салыстыру.
      118. Қарудың кинетикалық энергиясын анықтау:
      1) қарудан кемінде 5 рет ату;
      2) ұңғының үрмелі ойығынан 0,5 м қашықтықтағы әрбір ату үшін снарядтың жылдамдығын өлшеу;
      3) снарядтың кинетикалық энергиясын мына формула Е=mV 2 /2 бойынша есептеу, мұнда:
      Е - снарядтың кинетикалық энергиясы Джоульде;
      m - снарядтың салмағы кг;
      V - снарядтың орташа жылдамдығы м/сек.
      119. Снарядтың кинетикалық үлес энергиясын есептеу:
      1) осы әдістердің 118-тармағына сәйкес кинетикалық энергияны анықтау;
      2) снарядтың көлденең қимасының ауданын S=пR2 формуласымен есептеу, мұнда:
      S - снарядтың көлденең қимасы, мм2 ;
       - 3,14 - тұрақты шама;
      R - оқтың жетекші бөлігінің радиусы, мм.
      3) снарядтың кинетикалық үлес энергиясын Еу =Е/S формуласы бойынша есептеу, мұнда:
      Еу - снарядтың кинетикалық үлес энергиясы, Дж/мм2;
      Е - снарядтың кинетикалық энергиясы, Дж;
      S - снарядтың көлденең қимасы, мм2.
      120. Сынау лақтырғыш пен шағылдырғыш іздерінің өзара орналасуы бойынша бір типтегі патронға арналған түрлі кәсіпорындарда әзірленген көп зарядты оқжатары бар тегіс ұңғылы қару модельдері арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) қарудан кемінде 5 рет ату;
      2) атылған гильзалардағы соққыштың (шаппаның), оқ тіреуішінің, шағылдырғыш пен лақтырғыштың іздерін анықтау;
      3) іздердің түсу орнықтылығын анықтау;
      4) іздердің нысаны мен мөлшерін, лақтырғыш пен шағылдырғыш іздерінің өзара орналасуын анықтау;
      5) алынған нәтижелерді әртүрлі өнеркәсіпте осы типтегі патронға арналып әзірленген қарудың басқа модельдерінің көрсеткіштерімен салыстыру.
      121. Сынау ойық ұзын ұңғылы қарудан тапаншалар мен револьверлерге арналып жасалған патрондардың ату мүмкіндігін анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) қаруға қолданылатын патронның типін анықтау, оның сипаттамаларын тапаншалар мен револьверге патрондардың сипаттамаларымен салыстыру;
      2) қаруды тапаншалар мен револьверлердің патрондарымен оқтау және ату мүмкіндігін тексеру.
      122. Сынау ойық қару ұңғысының үрмелі бөлігінде ойықтың немесе атыс дыбысын тұншықтырғыштарды орналастыруға мүмкіндік беретін басқа да аспаптардың барын анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) қарудың материалдық бөлігін зерделеу және ұңғысының үрмелі бөлігіне қондырғыны бекіту тәсілін анықтау;
      2) атыс дыбысын тұншықтырғышты орнату мүмкіндігін анықтау.
      123. Сынау қарудың, ұңғының немесе ұңғылы қорабы бар ұңғының өлшемдік сипаттамаларын анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) қарудың өлшемдік сипаттамаларын түсіру;
      2) өлшемдерді қарудың паспорттық деректерімен салыстыру;
      3) өлшемдерді криминалистік талаптармен салыстыру.
      124. Сынау атылған оқтар мен гильзаларда қарудың бөлшектері белгілерінің көрінуін, сондай-ақ іздердегі сәйкестендіретін белгілердің орнықтылығын анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) қарудан кемінде 5 рет ату;
      2) атылған гильзалардағы іздерден соққыштың (шаппаның), лақтырғыш ілгегінің, шағылдырғыштың және патрондық тіреуіштің бороздалар мен білікшелерден тұратын із қалдырғыштың беткі қабатының бейнесін және олардың қалу орнықтылығын анықтау;
      3) атылған оқтардағы ұңғы оқпанының іздерінен бороздалар мен білікшелерден тұратын із қалдырғыштың беткі қабатының бейнесін және олардың қалу орнықтылығын анықтау.
      125. Сынау қарудың бетінде өзін дараландыратын таңбалау белгілерінің (нөмірі, сериясы) болуын және оларды жасау тәсілін анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) қарудың сериясы мен нөмірінің бар-жоғын тексеру;
      2) сериясы мен нөмірін түсіру тәсілін анықтау;
      3) сериясы мен нөмірі элементтерінің тереңдігін өлшеу, алынған нәтижелерді осы криминалистік талаптардың 2-тармағында көзделген талаптармен салыстыру.
      126. Сынау ойық аңшылық қарудан жауынгерлік қарудың патрондарымен ату мүмкіндігін анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) қарудың патрон салатын жерінің мөлшері мен нысанын анықтау, тиісті жауынгерлік патрондарды іріктеу;
      2) қаруды жауынгерлік патрондармен оқтау және ату мүмкіндігін тексеру.
      127. Ұңғысыз қаруды сынау қарудың кинетикалық энергиясын анықтау үшін осы криминалистік талаптардың 118-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      128. Сынау ұңғысыз қарудың оқты немесе бытыралы снарядтармен оқталған патрондармен ату мүмкіндігін анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі және бұл ретте снарядқа 0,5 Дж/мм2 кинетикалық үлес энергиясын береді.
      1) патронның калибрі мен типін анықтау;
      2) қаруды оқты және бытыралы снарядтары бар патрондармен оқтау мүмкіндігіне тексеру;
      3) қару патрондарының өлшемін анықтау, қорғасын негізіндегі сфералық нысандағы эксперименталдық снарядтар әзірлеу және оқтау;
      4) осы патрондармен оқталған қарудан кемінде 3 рет ату;
      5) осы криминалистік талаптардың 119-тармағына сәйкес снарядтың үлес энергиясын анықтау;
      6) сипаттамалары өзгерген патрондарды пайдалана отырып, осы криминалистік талаптардың 128-тармағының 3) - 5) тармақшаларында көзделген іс-әрекетті қайталау;
      7) сипаттамалары әртүрлі эксперименталдық бытыралы снарядты пайдалана отырып, осы криминалистік талаптардың 128-тармағының 3) - 5) тармақшаларында көзделген іс-әрекетті қайталау.
      129. Сынау ұңғысыз қарудың бөлшектері мен тетіктерінің қаруды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін атылған гильзаларға түсетін із белгілері кешенімен берілу мүмкіндігін анықтау үшін осы криминалистік талаптардың 124-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      130. Сынау қарудың бетінде өзін дараландыратын таңбалау белгілерінің (нөмірі, сериясы) бар-жоғын анықтау және оларды түсіру тәсілін анықтау үшін осы криминалистік талаптардың 125-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      131. Белгі беру және газды қаруды сынау қайтарымсыз өзгерістерсіз кинетикалық үлес энергиясы 0,5 Дж/мм 2 астам оқ немесе бытыра снарядтармен оқталған патрондармен белгі беру және газды қарудан ату мүмкіндігін анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) қарудың материалдық бөлігін зерделеу, оқ немесе бытыра снарядтармен оқталған патрондардың атылуына кедергі келтіретін құрылымдық элементтерді анықтау, олар болмаған жағдайда сынақ осы криминалистік талаптардың 128-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі;
      2) оқ немесе бытыра снарядтармен оқталған патрондардың атылуына кедергі келтіретін құрылымдық элементтер болған жағдайда қарудың құрылымына тиісті өзгерістер енгізу және сынақты осы криминалистік талаптардың 128-тармағында көзделген тәртіппен жүргізу;
      3) қару конструкциясын бастапқы қалыпқа келтіру (мүмкін болған жағдайда) және қару бөлшектері өзгерістерінің қайтымдылығын бағалау.
      132. Сынау қайтарымсыз өзгерістерсіз бұл ретте снарядқа 0,5 Дж/мм2 астам кинетикалық үлес энергиясын қамтамасыз ете отырып, ұңғының үрмелі бөлігінен оқ немесе бытыра снарядтармен оқталған белгі беру және газды қарудан ату мүмкіндігін анықтау мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) қарудың материалдық бөлігін зерделеу, ұңғының үрмелі бөлігінен оқталатын оқ немесе бытыра снарядтардың атылуына кедергі келтіретін құрылымдық элементтерді анықтау;
      2) ұңғы оқпанының және оқжатар каморасының диаметрін анықтау, диаметрі ұңғы оқпанының немесе оқжатар каморасының диаметрінен 2-4% асатын қорғасын негізіндегі материалдан жасалған сфералық нысанды эксперименталдық снарядтар жасау және қарудың үрмелі бөлігінен оқталуын қамтамасыз ету;
      3) газды және бос патрондарды пайдалана отырып, кемінде 10 рет ату;
      4) осы криминалистік талаптардың 119-тармағына сәйкес әрбір атысқа арналған кинетикалық үлес энергиясын есептеу;
      5) қарудың конструкциясын мүмкіндігінше бастапқы қалыпқа келтіру және қару бөлшектері өзгерістерінің қайтымдылығын бағалау.
      133. Сынау белгі беру қаруынан қарудың бөлшектеріне өзгерістер енгізбей газды патрондармен ату мүмкіндігін анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) патрон салатын жердің немесе қару оқжатары каморасының өлшемін анықтау, өлшемі бойынша сәйкес келетін газды патрондарды таңдап алу;
      2) қарудың газды патрондармен оқталу және ату мүмкіндігін тексеру.
      134. Сынау атыс қаруының негізгі бөліктерін белгі беру және газды қарулардың бөліктерімен өзара ауыстыру мүмкіндігін анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) атыс қаруының белгі беру және газды қарумен конструкциясы бойынша ұқсас моделін анықтау;
      2) атыс қаруының негізгі бөліктерін (ұңғы, бекітпе, оқжатар, қаңқа, ұңғы қорабы және т.б.) белгі беру және газды қарулардың тиісті бөлшектерімен өзара ауыстыру мүмкіндігін тексеру;
      3) қарудың бөліктері мен бөлшектерін ауыстыру және олардың өзара әрекет етуін тексеру.
      135. Сынау дыбыс беру және газды қару ұңғысының қарудың қаңқасына бекітілу тәсілі мен мықтылығын тексеру үшін жүргізіледі:
      1) қаруды бөлшектеу;
      2) қару бөлшектерін жинау құрылымын зерделеу;
      3) ұңғының қаңқаға бекітілу тәсілі мен мықтылығын тексеру.
      136. Сынау дыбыс беру және газды қарудың атылған гильзаларында жеке белгілер кешенімен іздерді түсіру мүмкіндігін анықтау үшін ату саны 10-нан кем емес болған кезде осы криминалистік талаптардың 124-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі (ату саны кемінде 10 рет болуы тиіс).
      137. Сынау белгі беру және газды қарудың бетінде таңбалау белгілерінің (нөмірі, сериясы) бар-жоғын және оларды жасау тәсілін анықтау үшін осы криминалистік талаптардың 125-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      138. Пневматикалық қаруды сынау пневматикалық аңшылық немесе спорттық қарудың калибрін және оның кинетикалық энергиясын анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) қарудың материалдық бөлігін зерделеу және калибрін анықтау;
      2) қарудың кинетикалық энергиясын анықтау ату саны 3-тен кем емес болған кезде осы криминалистік талаптардың 118-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі (ату саны кемінде 3 рет болуы тиіс);
      3) алынған нәтижелерді қарудың паспорттық деректерімен және осы криминалистік талаптардың 15-тармағында көзделген талаптармен салыстыру.
      139. Сынау атыс қаруының негізгі бөліктерін пневматикалық қарудың бөліктерімен өзара ауыстыру мүмкіндігін анықтау үшін осы криминалистік талаптардың 134-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      140. Сынау пневматикалық қарудың бетінде үрмелі қуаты 7,5 Дж астам және калибрі 4,5 мм артық, таңбалау белгілерінің (нөмірі, сериясы) бар-жоғын және оларды түсіру тәсілін анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) осы криминалистік талаптардың 125-тармағында көзделген іс-әрекеттерді орындау;
      2) нәтижелерді қарудың паспортындағы деректермен салыстыру;
      3) бұдан әрі сынау осы криминалистік талаптардың 116-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      141. Конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың атыс қаруы ретінде пайдаланылу және кинетикалық үлес энергиясы 0,5 Дж/мм2 астам снарядтармен ату мүмкіндігін анықтау үшін осы криминалистік талаптардың 128-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      142. Сынау қаруға ұқсас бұйымдарды жасау тәсілін және бұйымның бөліктері мен тетіктерінің атыс қаруының бөліктері мен тетіктеріне қатысын анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) бұйымды бөлшектеу;
      2) конструкциясы бойынша бұйымға ұқсас болып табылатын атыс қаруының моделін анықтау;
      3) сыналатын бұйымның негізгі бөлшектерін атыс қаруының сәйкес келетін бөлшектеріне қайта жасау және қиыстыру мүмкіндігін тексеру;
      4) бөліктер мен тетіктерді қайта жасау кезінде болжанатын біліктілікке талдау жүргізу.

3-параграф. Ойық, тегіс ұңғылы, ұңғысыз, газды және белгі беру қаруының патрондарын сынау әдісі

      143. Сынау сәйкестендіруге жарамды оқ-дәрілердің бөліктерінде қарудың бөлшектері мен тетіктері іздерінің көріну және сақталу мүмкіндігін анықтау үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) оққаққышқа екі сериямен кемінде 10 рет ату;
      2) атылған гильзалардан соққыштың (шаппаның), патрон тіреуішінің, шағылдырғыштың және лақтырғыштың іздерін, ал атылған оқтардан - ұңғы оқпаны ойығының алғашқы және екінші іздерін анықтау.
      144. Сынау травматикалық патронның оқтарында металл өзектің бар-жоғын анықтау мақсатында мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) саны кемінде 10 дана патронға демонтаж жүргізу;
      2) оқтың қабығын өзектен бөлектеу;
      3) металдың сапасы мен қаттылығын талдау.

4-параграф. Суық, лақтыратын қаруды және сырт пішіні бойынша осындай қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдісі

      145. Толығымен сыналатын объектінің, оның жекелеген бөлшектері нысандарының, өлшемдері мен конструкциялық ерекшеліктерінің Криминалистік талаптарда келтірілген деректерге сәйкестігіне тексеріледі.
      Алынған нәтижелер нормативті белгіленген, ал олар болмаған жағдайда ұқсас үлгілердің техникалық сипаттамаларымен салыстырылады.
      146. Сыналатын объекті конструкциясының беріктігін тексеру үшін эксперимент өткізіледі, оның процесінде нысанаға бірнеше рет тигізу мүмкіндігі белгіленеді. Нысана ретінде қалыңдығы адамның тінін имитациялайтын арнайы пластик нысана пайдаланылады. Қаруды бірнеше рет (кемінде 10 рет) қолданған кезде конструкцияның толығымен немесе оның жекелеген бөлшектерінің бұзылу немесе бұзылмауы тіркеледі.
      Алынған нәтижелер:
      қару құрылымының төзімділігіне;
      оны көп рет қолдану мүмкіндігіне;
      тигізу қасиетін төмендетуге әсер ету дәрежесі бойынша бағаланады.
      Алынған нәтижелер нормативтік белгіленген, ал олар болмаған жағдайда белгілі ұқсас үлгілерінің техникалық сипаттамаларымен салыстырылады.
      147. Сыналатын объектілердің зақымдау қасиеттерінің жеткілікті болуы мынадай көрсеткіштер:
      1) арнайы пластикті нысанаға (кемінде 20 мм) қадалу тереңдігіне қатысы;
      2) «Кистень» аспабында соғу-ұсақтау қаруымен соққы күшінің және зақымдаудағы алаңының көрсеткіштері бойынша белгіленеді.
      148. Сынау жүргізудің кезектілігі:
      1) суық қаруға сынақтар жүргізу кезінде сынау объектісіне жататын келіп түскен материалдарды зерделеу қажет;
      2) сынау объектісін қарау және оның сыртқы құрылымын фототіркеу;
      3) толығымен сыналатын объекті мен оның жекелеген объектілерінің өлшемдік параметрлерін белгілеу үшін қажетті өлшемдер жүргізу, сондай-ақ өзге де техникалық сипаттамаларды (заттың салмағы және т.б.) анықтау.
      Объектінің негізгі параметрлерін, зақымдаушы қасиеттерін анықтау кезіндегі зақымданулардың тереңдігін, қалдық өзгерістердің шамасын, бұйымның салмағын, садақтар мен арбалеттердің адырналарын тарту күшін, соққының күшін анықтау тексерілген әмбебап және арнайы өлшеу құралдарымен, берілген дәл өлшемді қамтамасыз ететін таразылармен жүргізіледі:
      сызықтық өлшемдер, зақымданулар мен қалдық өзгерістердің тереңдігі – 0,1 мм;
      бұрыштардың шамасы – 1 градус;
      салмақ – 0,1 кг (снарядтар үшін) 1 кг дейін (бұйымдар үшін);
      садақтар мен арбалеттердің адырналарын тарту күшін – 1 кг;
      4) сыналатын объектінің сыртқы пішіні мен жалпы құрылымын бағалау;
      5) қажетті құрылымдық элементтердің кешенін бөлу;
      6) суық, лақтыратын қарудың ұқсас үлгілерімен салыстыру. Үлгілер ретінде:
      суық, лақтыратын қарудың, арнайы құралдар мен шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы заттардың натуралық үлгілерінің коллекциясына енгізілген объектілер;
      анықтамалық және арнайы әдебиеттегі әртүрлі үлгідегі суық, лақтыратын қарудың тиісті сипаттамасы пайдаланылады;
      7) сынау объектісінің өлшемдік және өзге де параметрлерінің осы криминалистік талаптарға сәйкестігін тексеру:
      негізгі техникалық сипаттамаларды белгіленген сипаттамалармен салыстыру;
      негізгі элементтердің өзара бекітілу тәсілдерін және осындай бекітудің сенімділігін бағалауды анықтау;
      қару ретінде қолданудың қауіпсіздігін анықтау;
      мақсатты қолданудың мүмкіндігін анықтау;
      8) сынау объектісінің беріктігін:
      сынау объектісі конструкциясының беріктігін мен серпінділігін анықтау. Пышақтар конструкциясының беріктігі мен серпінділігі ұзындығы 90 мм сұқпаға сүйене отырып, анықталады. Бұл ретте оның жауынгерлік ұшы (жүзі) 5 мм (егер талапта өзгеше көзделмесе) иіледі. Сұқпаның ұзындығын әрбір 25 мм арттырса, иілу шамасы 2 мм ұлғаяды. Сынақтан кейін сұқпада 1 мм асатын қалдық өзгерістердің болуына рұқсат етіледі. Эксперименттер жүргізуге қойылатын негізгі талаптар: көп қайталанымдық, күш пен бағытты түрлендіру;
      сұқпаның жұмыс бөлігінің қаттылығын өлшеу;
      9) зақымдағыш қасиеттерін анықтау. Зақымдағыш қасиеттері эксперименттердің мынадай нәтижелері бойынша белгіленеді:
      арнайы пластикалық нысанадағы зақымдану тереңдігіне қатысты;
      соққы күшін және соғу-ұсақтау қаруымен зақымдаудағы алаңын тіркейтін «Кистень» аспабының көрсеткіштері бойынша. Зақымдайтын қасиеттерді бағалау соққы күшінің алынған мәндерінің нәтижелері бойынша жүргізіледі;
      10) жүргізілген сынау нәтижелерін синтездеу және бағалау.
      149. Қорытындылар жасау:
      1) объектіге жүргізілген сынау нәтижелері бойынша:
      объектіні суық, лақтыратын қарудың белгілі бір түрі мен типіне жатқызу турлы;
      зерттеу объектісінің суық қаруға тиесілігі туралы қорытындылар беріледі;
      2) суық, лақтыратын қаруға тән белгілердің қажетті және жеткілікті жиынтығы болмаған кезде зерттеу объектісінің арнайы құралдардың белгілі бір топтарына немесе сыртқы пішіні бойынша суық, лақтыратын қаруға ұқсастығы бар шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы заттарға тиесілігі туралы қорытынды жасалады.