Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10724 тіркелді

Қолданыстағы

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 32-5) тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнама белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы респуликалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурстарында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 16 наурыз

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      ___________________ В. Школьник
      2015 жылғы 5 наурыз

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің     
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 208 бұйрығымен   
бекітілген     

Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 32-5) тармақшасына сәйкес әзiрленді және пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру тәртiбiн айқындайды.
      2. Жергілікті атқарушы орган ұсынылған негіздеуші материалдардың құрылыс салудың экономикалық орындылығы бөлігін қарастырады, ал уәкiлеттi орган ұсынылған негіздеуші материалдардың пайдалы қазбаларды алу мүмкiндігі бөлігін қарастырады.

2. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру тәртiбi

      3. Пайдалы қазбалар қабаттары жатқан алаңдарға құрылыс салуға жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығын дәлелденген жағдайда жол беріледі.
      4. Пайдалы қазбалар жатқан алаңға құрылыс салуға рұқсат алу үшiн жеке немесе заңды тұлға жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi жергілікті атқарушы органға ерiктi нысандағы өтiнiмдi жібереді, онда бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсетіп, заңды тұлғаның атауы немесе оның жеке сәйкестендіру нөмірін, мекенжайын, географиялық координаттардағы құрылыс объектiсiнiң орналасатын жерiн көрсетіп, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi.
      5. Жергілікті атқарушы орган екі жұмыс күн ішінде жеке немесе заңды тұлғалардың өтiнiмін жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның тиісті аумақтық бөлiмшесiне (бұдан әрi – аумақтық бөлiмше) келісу үшiн жібереді.
      Аумақтық бөлiмшелер жеке немесе заңды тұлғалардың өтiнiмін оны тіркеген сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде қарайды және алдағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалардың болуы немесе болмауы (маңыздылығының аздығы) туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға жібереді.
      Жеке немесе заңды тұлға мәлiмдеген алдағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалар болмаған (маңыздылығының аздығы) жағдайда, жергілікті атқарушы орган екі жұмыс күн ішінде пайдалы қазбалар шөгіндісінің болмауы (маңыздылығының аздығы) туралы осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес нысана бойынша қортынды береді, мұндай жағдайда пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат қажет емес.
      Жергілікті атқарушы орган оған заңды немесе жеке тұлға берген пайдалы қазбалардың болмауы (маңыздылығының аздығы) туралы қорытындыларды есепке алуды және тiркеудi жүргiзедi.
      Жеке немесе заңды тұлға мәлiмдеген алдағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалар болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган екі жұмыс күнi ішінде жеке немесе заңды тұлғаға алдағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалардың болуы туралы жазбаша хабарламаны береді.
      6. Жеке немесе заңды тұлға жазбаша хабарламаны алғанан кейін жергілікті атқарушы органға пайдалы қазбаларды алу мүмкiндігін дәлелдейтін немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығын дәлелдейтін материалдарды (бұдан әрі – негіздеуші материалдар) ұсынады:
      1) жоспарланған құрылыс аумағының және оған іргелес аумақтың топографиялық жоспарының көшірмесі (топографиялық жоспардың көшірмесінде тау-кен геологиялық жағдай, қолда бар және жоспарланған құрылыс контуры, тау-кен бөлінісінің шекарасы, құрылыс объектісіне тау-кен игерудің зиянды әсер ететін аймақ шекаралары көрсетіледі);
      2) түсіндірме жазба.
      7. Түсіндірме жазба мыларды қамтиды:
      1) құрылысқа сұрау салған жеке немесе заңды тұлға, объекті жобалауды және салуды жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтер;
      2) арнай мақсатын, қысқа сипаттамасын және болжамды құрылыс ауданының көлемін қоса алғанда, объект туралы мәліметтер;
      3) тау-кен бөлінісі аумағында объекті құрылысы жоспарлаған жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер, жоспарланған құрылыс ауданының қысқаша геологиялық сипаттамасы (ауданның геологиялық құрылымы, шөгудін тереңдігі, негізгі дененің және бірге олармен жатқан пайдалы қазбалардын құрылымы, қорлардың сапасы мен саны, гидрогеологиялық және инженерлік геологиялық талаптары және т.б.);
      4) объектінің нысыналы бағытын, іргетас пен қабырға материалдарының сипаттамасын, жерасты құрылыстың бекітілуін; пайдалану уақытындағы өзгеру мүмкіндігін көрсете отырып, жоспарланған объект құрылысы туралы мәліметтер;
      5) құрылыс салудың экономикалық орындылығын негіздеу және пайдалы қазбалар жатқан алаңға құрылыс салуға байланысты пайдалы қазбалардың күтілетін шығындарынан экономикалық залалды есепке алып, оны басқа мүмкін нұсқалармен салыстыру;
      6) жер қыртысының және тау жыныстарының құрылыс учаскесі астында жатқан пайдалы қазбаларды алу кезінде күтілетін түрлен есебі, сондай-ақ құрылыс объектісі және техналогиялық жабдықтар үшін оларды тау-кен жұмыстарымен игерген кезде түрленуінің рұқсат берілген мөлшері.
      8. Жергілікті атқарушы орган жеке немесе заңды тұлғадан негіздеуші материалдар келiп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға алдағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалардың болуы туралы жазбаша хабарларманың, жеке немесе заңды тұлғалардың өтiнiмінің көшірмесін, негіздеуші материалдарды жібереді.
      9. Уәкiлеттi орган жергілікті атқарушы органнан құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалардың болуы туралы жазбаша хабарларманы, жеке немесе заңды тұлғаның өтінішінің көшірмесі, сондай-ақ негіздеуші материалдар келiп түскен сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде осы құжаттарды қарастырып, жергілікті атқарушы органға пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға арналған осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес нысана бойынша рұқсатты не осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларда жазбаша түрде дәлелдi бас тартуды бередi.
      10. Жергілікті атқарушы орган уәкiлеттi органның рұқсаты келiп түскен сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жеке немесе заңды тұлғаға жергілікті атқарушы органның және уәкілетті органның пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға арналған осы Қағидалардың 3 қосымшасына сәйкес нысана бойынша рұқсатын не осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларда жазбаша түрде дәлелдi бас тартуды бередi.
      11. Егер құрылыс салу барысында жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу мүмкiн болмаса немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденбесе, пайдалы қазбалар жатқан алаңға құрылыс салуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын және уәкiлеттi органның рұқсатын беруден бас тартылады.
      12. Жергілікті атқарушы орган заңды немесе жеке тұлғаларға пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға берге рұқсаттарды, сондай-ақ уәкiлеттi орган берген рұқсаттарды есепке алуды және тiркеудi жүргiзедi.

Қосымша 1      
пайдалы қазбалар жатқан
алаңдарға құрылыс салуға
рұқсат беру қағидаларына

Нысан

                            ҚОРТЫНДЫ
                Пайдалы қазбалар шөгіндісінің болмауы
                    (маңыздылығының аздығы) туралы

Берілді _____________________________________________________________
                         жеке/заңды тұлға атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                     Мекеменің мекен жайы, телефон
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мекен жайы, географиялық координаттар бойынша объектінің мекен жайы

Қосымша ____________________________________________________________

Қортынды: __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  Пайдалы қазбалардың болуы немесе болмауы (маңыздылығының аздығы)
                    туралы қарауының нәтижесі

      _____________________
         Қолы, аты-жөні

Қосымша 2      
пайдалы қазбалар жатқан
алаңдарға құрылыс салуға
рұқсат беру қағидаларына

Нысан

                _______________________________________
                      (уәкілетті органның атауы)

    пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға арналған
                               РҰҚСАТ

                                       Жеке/заңды тұлға атауы,  
                                       мекеменің мекен жайы, телефон

қ. __________                                  «___» _______ 20___ ж.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру туралы
                        қарауының нәтижесі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мекен жайы, географиялық координаттар бойынша объектінің мекен жайы

Қосымша _____________________________________________________________

      Уәкілетті органның басшысы                             аты-жөні

Қосымша 3      
пайдалы қазбалар жатқан
алаңдарға құрылыс салуға
рұқсат беру қағидаларына

Нысан

          ______________________________________________________
              (наименование местного исполнительного органа
           области, города республиканского значения, столицы)