«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабының
14-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 75 бұйрығымен бекітілген
Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидалары
1. Осы Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидалары халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін (бұдан әрі – ескерткіштер) пайдалануға беру тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі болып табылатын ескерткіштер, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 29-бабына сәйкес Қазақстан халықтарының рухани және дәстүрлерін түлету және дамыту мақсатында, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелі мақсатта пайдаланылады.
3. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) ескерткішті пайдалануға алу үшін тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай құжаттарды ұсынады:
жеке тұлғалар үшін:
1) осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін:
1) осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) анықтама қағазы немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлігінің нотарилды куәландырылған көшірмесі;
4. Уәкілетті орган осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген құжаттар түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Құжаттарды қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган ескерткішті пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды немесе пайдалануға беруден бас тартады.
5. Ескерткішті пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, өтініш берушіге осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген мерзімде, жазбаша хабарлама және тарихи-мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған келісім шарт жобасы жіберіледі.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 74-бабы 10-тармағына сәйкес тарихи-мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт уәкілетті орган мен өтініш берушілер арасында хабарлама алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде жасалады.
6. Пайдалануға беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген мерзімде, өтініш берушіге дәлелді жазбаша жауап жолданады.
7. Ескерткішті пайдалануға беруден бас тартудың негізгі себептері мыналар:
1) осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес келмейтін құжаттардың ұсынылуы;
2) мәлімделген ескерткіштің пайдалануда болуы;
3) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 29-бабының талаптарына ескерткішті пайдалану мақсатының сәйкес келмеуі.
Халықаралық және республикалық
маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштерін пайдалануға
беру қағидасына қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министріне
_______________________________
_______________________________
_______________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
немесе атауы)
Өтініш
________________________________________ ескерткішін ________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________ мақсатында қолданылады.
Қолдану тәсілдері мен жолдары _______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ескерткішті пайдаланудың қысқаша сипаттамасы)
Өтініш берушінің деректері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН, жеке тұлғаның
тұратын жері немесе заңды тұлғаның орналасқан жері)
____________________________________________________________________
Қолы ___________________________ Мөр үшін орын _______________
(заңды тұлға үшін)
Күні «__» _________20__жыл