«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік ок күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 304 бұйрығымен
бекітілген
Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де
нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды
(техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық
құжаттаманы) бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік қаражаттың және мемлекеттік инвестициялардың өзге нысандары есебінен объектілердің құрылысына арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды) бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар жаңа ғимараттар мен құрылыстар, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, сондай-ақ қолданыстағыларын өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау және күрделі жөндеу) жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды) бекіту кезінде міндетті болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және оның нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
2) бюджеттік инвестициялар – бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
3) бюджеттік инвестициялық жоба – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын қайта жаңартуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
4) концедент – тиісті уәкілеттік берген мемлекеттік орган арқылы әрекет ететін Қазақстан Республикасы, оның атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган;
5) концессионер – концессия шартына сәйкес концессия объектісіне құқығы бар заңды тұлға (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда);
6) концессия объектісі – мемлекеттік меншіктегі объектілер және концессия шартының талаптарын орындау нәтижелері бойынша пайда болған объектілер;
7) құрылыстағы мемлекеттік инвестициялар – жаңа ғимараттар мен құрылыстардың, олардың кешендерінің, инженерлік және көлік коммуникацияларының құрылысына, сондай-ақ қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникамен қайта жарақтандыруға) инвестициялар, мыналар:
республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге бөлінген нысаналы қаражат;
мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
концессиялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражат олардың көздері болып табалады.
8) құрылыс жобасы – жаңа объектілер салуға, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникамен қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар;
9) құрылыстың есеп айырысу құны – техникалық-экономикалық негіздеме сатысында құрылыстың есеп айырысу құнын айқындау тәртібіне сәйкес құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеген кезде айқындалатын құрылыс объектісінің құны;
10) құрылыстың сметалық құны – құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген кезде сметалық нормативтерге сәйкес айқындалатын құрылыс объектісінің құны;
11) құрылыстың бекітілген сметалық құны – тапсырыс берушінің сметалық құжаттаманы бекіту кезіндегі құрылыс объектісінің құны;
12) тапсырыс беруші – мемлекеттік инвестициялар есебінен және оның қатысуымен құрылысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттің, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке және онымен аффилиирленген заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар мен онымен аффилиирленген заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оларға қатысты бойынша құрылтайшысы (уәкілетті орган) немесе акционері болып табылатын заңды тұлғалар;
13) қайта есептеудің жоспарлы коэффициенті – 2001 жылдың айлық есептік көрсеткішіне қатысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тиісті жылдың айлық есептік көрсеткішінің өзгеру индексі.
4. Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін үш айдан кешіктірмей бекітуге ұсынылуға тиіс.
Жобалау-сметалық құжаттама оны іске асыратын жылға дейін бекітілуге тиіс.
Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама бекітуге ұсынылғаннан кейін бір айдан кешіктірмей бекітіледі.
5. Мемлекеттік инвестицялар есебінен салынатын объектілер техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін іске асырылуға тиіс.
2. Құрылыс объектілеріне арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды бекіту қағидалары
6. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін нысаналы бюджет қаражаты немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің нысаналы қаражаты есебінен қаржыланатын объектілерді (ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын) салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттамаларды бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бірінші басшы уәкілдік берген тұлға) немесе тиісті инвестор бекітуге тиіс.
7. Егер, құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру шеңберінде әзірленсе, онда осы құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін Қор бекітуге тиіс.
8. Құрылысын қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын объектілердің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырыс беруші бекітуге және қайта бекітуге тиіс.
Бір кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, концессионердің таңдауы бойынша конкурс өткізу туралы шешім қабылданған жағдайда, құрылысын қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен жоспарланған (жүзеге асырылатын) объектілердің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы концедент бекітеді және қайта бекітеді.
Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, концессионердің таңдауы бойынша конкурс өткізу туралы шешім қабылданған жағдайда, құрылысын қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен жоспарланған (жүзеге асырылатын) объектілердің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әлеуетті концессионер (қарыз алушы) бекітеді және қайта бекітеді.
9. Бекіту үшін техникалық-экономикалық негіздемелердің және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамалардың материалдары, сондай-ақ оларға қоса берілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындылары ұсынылады.
Техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаларды бекіту бекітілген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде құрылыстың есеп айырысу (техникалық-экономикалық негіздемелер үшін) немесе сметалық (жобалау-сметалық құжаттамасы үшін) құнын көрсете отырып, жүзеге асырылады.
10. Құрылыс салу ұзақтығы бір күнтізбелік жылдан астам объектілер бойынша құрылыстың сметалық құны Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 22-тармағына сәйкес жыл сайын жаңартылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлданған бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен анықталған инфляцияның болжамды деңгейін қолдана отырып, көлемдерді күнтізбелік жылдар бойынша бөліп, құрылыстың мерзімін ескере отырып айқындалады.
11. Техникалық-экономикалық негіздемелер немесе (немесе) жобалау-сметалық құжаттамалар бекітілген сәттен бастап оларды әзірлеу аяқталды деп саналады.
12. Бекітілгеннен кейін ол бойынша үш жыл ішінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және бекітілмеген техникалық-экономикалық негіздеме ескірген болып есептеледі және бастапқы материалдар жаңартылғаннан, жобалық материалдар өзектендірілгеннен, осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылады.
13. Заңнамада белгіленген тәртіппен бекіткеннен кейін үш жыл ішінде құрылысы басталмаған жобалау-сметалық құжаттама ескірген болып есептеледі және бастапқы материалдар жаңартылғаннан, жобалық материалдар өзектендірілгеннен, осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылады.
3. Техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды түзету, қайтадан бекіту (қайта бекіту) жүргізу ерекшеліктері
14. Бұрын бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көзделген жағдайларда түзетуге және қайтадан бекітуге (қайта бекітуге) жатады.
15. Бұрын бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме оған қосымша шығындарға әкеп соғатын техникалық шешімдерді өзгертуді талап ететін қағидатты сипаттағы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізделген қажеттілігі туындаған жағдайда түзетуге жатады.
16. Егер жобаны іске асыру басталғанға дейін немесе белгіленген объектіні салу барысында оған объектінің конструктивті схемасына, оның көлем-жоспарлық, инженерлік-техникалық немесе технологиялық шешімдерге әсер ететін қағидаттық сипаттағы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізделген қажеттілігі, сондай-ақ құндық және басқа да бекітілген техника-экономикалық көрсеткіштерді қозғайтын өзге де объективті факторлар (инженерлік және технологиялық жабдықтарды, негізгі материалдар мен бұйымдарды ауыстыруды қоса алғанда) туындаса, бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес түзетілуге жатады.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына енгізілетін өзгерістер жобаның, оның ішінде қолданылатын негізгі материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың, сондай-ақ көлемдік-жоспарлық шешімдердің сапалық сипаттамаларын және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін нашарлатпауы тиіс.
17. Бюджеттік комиссияның қарауынсыз және мақұлдауысыз жобалау-сметалық құжаттаманы түзету кезінде бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайтуға немесе бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде көзделмеген бюджеттің қосымша шығындарына әкеп соғатын жаңа компоненттерді жобалау шешімдеріне қосуға жол берілмейді.
18. Құрылысқа арналған бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін және жобалау-сметалық құжаттамасын түзету осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
19. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзету және қайта бекіту қажеттілігі құрылыс үдерісінде туындаған жағдайда, онда құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер мен орындалған жұмыстар актілерінің көшірмелері осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес қайтадан мемлекеттік сараптама жүргізу және қайта бекіту үшін ұсынылатын құжаттаманың құрамына енгізіледі, бұл ретте жобалау-сметалық құжаттаманың атқарылған жұмыстар көлемі бар бөлігі түзетуге жатпайды.
Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі қосымша ұсынылады.
20. Құрылыстың бекітілген сметалық құны шегінде түзетуді жүзеге асыру кезінде ведомстводан тыс кешенді сараптама құндық көрсеткіштерді қайта қараусыз жүзеге асырылады.
21. Егер бұрын бекітілген жоба бойынша құрылыс толық көлемде орындалса, онда жобалау-сметалық құжаттама түзетуге және қайта бекітілуге жатпайды.