Тауарларды сыныптау жөніндегі, тауарды жинақталмаған түрде сыныптау туралы шешімдердің және преференциялдық және преференциялдық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдердің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10625 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 бұйрығымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы кодексінің 78-бабының 3-тармағына, 85-бабының 2-тармағына, 9-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауарларды сыныптау жөніндегі шешімнің;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарды жинақталмаған түрде сыныптау туралы шешімнің;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес преференциалдық және преференциялдық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімнің нысандары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми, жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет - ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
 
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

     

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 116 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

Тауарларды сыныптау жөніндегі шешім

1. Тауарды сыныптау жөніндегі шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органының атауы:
2. Декларант:
3. Тіркеу нөмірі:
ххххх/хх/хххх
_____жылғы "__"_______________
4. ТД 31 бағанына сәйкес тауардың атауы:
5. Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауарға арналған декларацияда мәлімденген тауардың коды:
6. Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес қабылданған тауардың коды:
7. Тауар туралы мәліметтер, тауардың сипаттамасы:
8. Тауарды сыныптау жөніндегі шешімді қабылдаудың негіздемесі (ұсынылған тауарға ілеспе құжаттар, кеден зертханасы кеден сарапшысының қорытындысы не тауарлардың тәуелсіз сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген сынақ зертханасының тауарды зерттеу нәтижелері туралы акт (анықтама), тауардың тексеріп қарау/қарау актісі):
9. Қызметтік белгілер үшін (нормативтік құқықтық актілерге, мемлекеттік кірістер органының шешіміне сілтеме, тауарға арналған декларациясының нөмірі, іске қосылған тәуекел профилі туралы ақпарат):
Мемлекеттік кірістер органының басшысы:
_____________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы
_________________ ______________________________________ ________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда) (қолы)

     
      Біреуі декларантқа/тауарды шығарғаннан кейін бақылауды жүзеге асыратын бөлімшесіне жіберілетін, екіншісі осы шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органында қалдырылатын екі данада шығарылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 116 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Тауарды жинақталмаған түрде сыныптау туралы шешім

1. Тауарды жинақталмаған түрде кедендік тазарту жүргізілетін мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің атауы
2. Өтініш беруші туралы мәлімет (ұйымның атауы, почта мекенжайы):
3. Тіркеу нөмірі:
ххххх/хххх
_____жылғы "__"_______________
4. Тауар орналастырылатын кедендік рәсімнің түрі:
5. Өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген тауардың атауы:
6. Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес коды:
7. Әрекет ету қағидаттары мен функцияларын көрсете отырып тауар мен оның құрамдауыштарының техникалық сипаттамасы, монтаж немесе жинау тәсілінің сипаттамасы, тауар мен оның құрамдауыштарының өндірілген материалдардың сипаттамасы, жинақты сызбалар, схемалар, мүмкіндігінше өндірушілердің фотосуреттері, каталогтары, бейне материал, қосымшаға* сәйкес тауардың егжей-тегжейлі ерекшелігі
8. Сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын және оған сәйкес тауарлардың құрауыштарын әкелу немесе әкету жүзеге асырылатын құжаттардың немесе кедендік мақсаттар үшін қажетті өзге құжаттардың деректемелері:
9. Қызметтік белгілер үшін (нормативтік құқықтық актілерге, мемлекеттік кірістер органының шешіміне сілтеме):
Мемлекеттік кірістер органының басшысы:
_____________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы
_________________ ______________________________________ ________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда) (қолы)

  Тауарды жинақталмаған
түрде сыныптау туралы
шешімге қосымша

Тауарды жинақталмаған түрде сыныптау туралы шешімге қосымша

Тауардың р/с №
Машинаның жиынтық бөлігіні ң атауы
Машинаның жиынтық бөлігінің ҚО СЭҚ ТН коды
Тауар шығарылған ел (тауар елдерінің тобы)
Саны (өлшем бірлігі )
Тауардың келісімшар т валютасындағы бағасы
Келісімшарттың №
Ерекшеліктің №

     
      Тауарды жинақталмаған түрде сыныптау туралы шешім және оған қосымша үш данада шығарылады және мынадай түрде бөлінеді:
      - бірінші данасы - өтініш берушіге жіберіледі;
      - екінші данасы - шешімнің 1-бағанында көрсетілген мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің мекенжайына жіберіледі;
      - үшінші данасы - мемлекеттік кірістер органында қалады.
      *Қосымша тауарды жинақталмаған түрде сыныптау жөніндегі шешімінің ажырамас бөлігі болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 116 бұйрығына
3-қосымша

      Нысан

Преференциалдық және преференциялдық емес режимдерді қолдану кезінде тауардың шығарылған елін айқындауға қатысты алдын ала шешім

1. Преференциалдық және преференциялдық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органының атауы
2. Өтініш беруші туралы мәлімет (ұйымның атауы, почта мекенжайы):
3. Тіркеу нөмірі:
ххххх/хххх
_______жылғы "__"_________________
4. Осы алдын ала шешімге сәйкес айқындалған тауар шығарылған елі:
5. Өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген тауардың атауы:
6. Тауар туралы мәліметтер, тауардың сипаттамасы
7. Преференциалдық және преференциялдық емес режимдерді қолдану кезінде тауардың шығарылған елін айқындауға қатысты алдын ала шешімді қабылдау негіздемесі (ұсынылған тауарға ілеспе құжаттар, кеден зертханасы кеден сарапшысының қорытындысы, не тауарлардың тәуелсіз сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген сынақ зертханасының тауарды зерттеу нәтижелері туралы акт (анықтама):
8. Қызметтік белгілер үшін (нормативтік құқықтық актілерге, мемлекеттік кірістер органының шешіміне сілтеме, тауардың шығу тегі өлшемдері):
Мемлекеттік кірістер органының басшысы:
_____________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы
_________________ ______________________________________ ________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда) (қолы)

     
      Біреуі өтініш берушіге жіберілетін, екіншісі осы шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органында қалдырылатын екі данада шығарылады.