Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 171 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 сәуірде № 10616 тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесінің мөрлік мерзімдік басылымда және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Мыналардың:

      1) "Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 156 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7186 тіркелген);

      2) "Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 156 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8839 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитетінің төрағасы

      _____________ Ә. Смайылов

      2015 жылғы 4 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 171 бұйрығымен
бекітілген
  Әкімшілік деректер жинауға
арналған нысан

Бекіту үшін мәліметтерді қамтитын өндіріс паспорты 20___ жылғы есепті кезең

      Ескерту. Өндіріс паспорты жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entіtіes/energo

      Индексі: № КМӨЗӨП-1 нысан

      Мерзімділігі: үш жылда бір рет

      Ұсынатындар: Қазақстан Республикасының мұнай өңдейтін зауыттары

      Кімге ұсынады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

      Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнің 20 желтоқсаны

  "Бекітемін"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
__________________
(лауазымы)
____________________________
(Лауазымды тұлғаның
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
____________________________
(күні, қолы)
ұйымның
атауы: __________________
Бизнес сәйкестендіру
нөмірі/жеке
сәйкестендіру
нөмірі: __________________
жылжымайтын объектінің
мекенжайы: _________________
заңды мекенжайы: __________
Телефон нөмірі: ____________
Факс: _________________
Электрондық поштасы: _______
____________________________
(ұйым басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________
(күні, қолы)

Қызметтің негізгі түрлері (мұнай өнімдерінің түрлері бойынша жазу)________________________________ Мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаты (кәсіпорынды жаңғыртуды және қайта реконструкциялауды ескере отырып) ____________________ Мұнай өнімдерін өндірушінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы _________ № ______ (күні) Мұнай өңдеу зауытын пайдалануға беру актісінің ________ № ______ (күні) Негізгі өндіріс бойынша ақпарат Өндірілетін мұнай өнімдерінің негізгі түрлері

      1-кесте

№ р/с

Өндірілетін өнімнің және жартылай фабрикаттардың атауы*

Техникалық сипаттамалары
(стандартқа және техникалық регламенттерге сәйкестігі)

Ескертпе

1.




2.




3.




4.




      Ескертпе:

      Әр қондырғының өнімділігі және шығарылатын өнімнің түр-түрі шикізатпен жүктеуге және өңделетін мұнайдың түр-түріне байланысты көрсетіледі.

Жабдықтарды пайдалану регламенті

      2-кесте

№ р/с

Мұнайды өңдеуге арналған қондырғының және жабдықтың атауы

Өндірістің технологиялық процесін сақтау үшін қолда бар жабдықты пайдаланудың сипаттамасы

1.



2.



3.



4.



Өндірісте қолданылатын резервуарлар

      3-кесте

№ р/с

Өнімді және жартылай фабрикаттарды сақтауға арналған резервуарлық парктің атауы

Резервуарлардың саны (дана.)

Өлі қалдықтары бар резервуарлардың жалпы сыйымдылығы (тонна)

Тауарлық өнім бойынша резервуарлардың сыйымдылығы (тонна)

1.





2.





3.





4.





      Ескертпе:

      1, 2, 3-кестелер (зауыттың) кәсіпорынның жаңғыртылуына және реконструкциялануына қарай түзетіледі.

Жыл ішінде айлар бөлінісінде мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндірудің жоспарлы көлемдері 20__ – 20__ жылдар (мың тонна)

      4-кесте

Мұнай өнімінің атауы*

Айлар

Барлығы, жыл ішінде

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

1.















2.















3.















4.















      Өндіріс паспорты келісуге үш данада нөмірленген және тігілген түрде ұсынылады.

      * Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызмет) статистикалық жітеуішіне (ӨТСК) ВК – 002 ред. 4 (19.20.4 сәйкестендіру блогы) сәйкес келтірілді.

      * Шикі мұнай сатып алуды және мұнай өңдеу зауыттарына жеткізуді зауыт иесі еркін нарықта өз бетімен камтамасыз етеді.

      * Қазақстан Республикасынан мұнай өнімдерінің заңсыз экспорты анықталған жағдайда, уәкілетті орган өндіріс паспортын қайтаратын болады.