РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қағидалардың 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 3 және 5-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 № 676 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі В. Школьник
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 152 бұйрығымен
бекітілген
Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – Жүйелік оператор жүргізетін және электр қуатының нарығына қатысу үшін жүктеме көтеруге (жұмыс істеп тұрғандардың да, жаңадан пайдалануға берілгендердің де) генерациялайтын қондырғылардың техникалық әзірлігін айқындауға бағытталған іс-шаралар;
2) аттестатталған қуат – энергия өндіруші кәсіпорын, өнеркәсіп кешені немесе ұйымдар, қайтадан пайдалануға енгізілген тендер қорытындысы бойынша генерациялық қондырғыны салу анықталғандар мегеватта (МВт) электр қуаты энергия өндіруші кәсіпорын, өнеркәсіп кешені немесе ұйымдар, қайтадан пайдалануға енгізілген тендер қорытындысы бойынша генерациялық қондырғыны салу анықталғандарға аттестация өткізуге сұраныста көрсетілген желіде алуының электр қуаты көлемі фиксациясы уақытында желіде орта есептік ортаарифметикалық сияқты электр энергиясын ұзақ өндіруші техникалық мүмкіндігі бар болады;
3) генерациялайтын қондырғылардың технологиялық минимумы – жылуфикация режимі бойынша жұмыс істейтін электр станциялары үшін паспорттық мәліметтер негізінде орнатылған генерациялайтын қондырғылардың генерациясының минималды қуаты; генерациялайтын қондырғылардың технологиялық минимумы су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы Уәкілетті органмен тапсырылған су шығынын қамтитын көлемде су электр станциялары үшін жылу жүктемесін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес белгіленеді;
4) генерациялайтын қондырғы – блокты электр станциясына энергия блогы немесе электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын басқа электр станцияларына генератор;
5) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерге орталықтандырылған сауда өткізу кестесі – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерге орталықтандырылған сауда өткізу күнін, уақытының басталуымен аяқталуы көрсетілген тізім;
6) Бақылау сағаттары – 17-00-ден 23-00-ге дейінгі мерзім (Астана уақыты);
7) электр қуатының болжамды сұранысы – Қазақстанның бірыңғай электр желісінде электр қуатының қажетті қоры және электр энергия көтерме нарығы субъектілерінің электр қуатын тұтыну жылындағы ең жоғарғы мөлшері болжамын анықтайтын Жүйелік оператормен әзірленген құжат;
8) өнеркәсіп кешені – электр энергиясы бөлшек және (немесе) көтерме нарығын іске асыру үшін, сондай-ақ берілген өнеркәсіп кешені құрамына кіретін кәсіпорындар мен бірлестіктер тұтыну мақсатында жүзеге асырылатын электр энергиясын өндіру жеке заңды тұлғалар болып табылмайтын өз құрамында электр станциясы бар кәсіпорындар;
9) электр қуатының ұлғаю жылдамдығы – аттестация өткізу өтінімінде көрсетілген кезеңде генерациялық қондырғы ұзақ өндіретін генерациялық қондырғының ең жоғарғы мәнінің электр қуатынан техникалық ең аз мәніне дейінгі генерациялық қондырғының орта арифметикалық электр қуатының ұлғаю жылдамдығы;
10) электр қуатының азаю жылдамдығы – аттестация өткізу өтінімінде көрсетілген кезеңде техникалық ең аз мәніне дейінгі генерациялық қондырғымен ұзақ өндірілетін генерациялық қондырғы электр қуаты ең жоғарғы мәнінен генерациялық қондырғының электр қуатының азаю жылдамдығы;
11) тесттік команда – электр жүктемесін көтеруге техникалық әзірлікті растау мақсатында генерацияны өзгертуге Жүйелік оператордың өкімі;
12) генерациялық қондырғылардың техникалық параметрлері – генерациялық қондырғылардың МВт-тағы технологиялық минимумы, электр қуатының МВт/мин-тағы ұлғаю және азаю жылдамдығы;
13) генерациялайтын қондырғылардың технологиялық минимумы – жылуфикация режимі бойынша жұмыс істейтін электр станциялары үшін паспорттық мәліметтер негізінде орнатылған генерациялайтын қондырғылардың генерациясының минималды қуаты; генерациялайтын қондырғылардың технологиялық минимумы су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы Уәкілетті органмен тапсырылған су шығынын қамтитын көлемде су электр станциялары үшін жылу жүктемесін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес белгіленеді;
14) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар мен анықтамалар электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының Заңына және заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібі
Параграф 1. Жалпы ережелер
3. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар жеке генерациялайтын тұтыну көздерінің электр қуатын қоспағанда, электр жүктемесін көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жүйелік оператормен жасалған шарттар негізінде электр қуаты нарығында қатысуға міндетті.
4. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жеткізушісіне (бұдан әрі – Жеткізуші) тендер негізінде қайтадан пайдалануға енгізілетін генерациялық құрылыс қорытындысы бойынша анықталған, сондай-ақ ұйым, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті органмен шекті тариф орнатылуы үшін энергия өндіруші ұйым мен кешенді өнеркәсіп жатады.
5. Жеткізушілер тендер негізінде қайтадан пайдалануға берілгендер, электр қуатының генерациялық қондырғыларынан басқа электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр қуатының әзірлігіне қызмет көрсетуді іске асырады.
6. Жүйелік оператор электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызмет туралы шарттар негізінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуды жүзеге асырады:
1) бір күнтізбелік жылға жеткізу мерзімімен орталықтандырылған сауда нарығы операторымен өткізілетін және ұйымдастырылатын орталықтандырылған сауда қорытындысы бойынша анықталған бағамен көлемі бойынша;
2) тендерлік негізде қайтадан пайдалануға енгізілген, генерациялық қондырғылар үшін уәкілетті органмен анықталған бағамен көлемі бойынша.
7. Жеткізушілер мен жүйелік оператор, энергия өндіруші ұйым және орталықтандырылған сауда нарық операторы арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке сауданы ұйымдастыру және өткізу әзірлігін қамтамасыз ету бойынша келісім негізіндегі нарық операторымен жүзеге асырылады.
8. Жүйелік оператор жасалған шарттарға сәйкес көтерме нарығы субъектілері – электр энергиясы тұтынушылары, энергиямен жабдықтаушы, энергия өндіруші ұйымдар жүктемесін көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетеді.
Параграф 2. Жеткізушілердің электр қуаты нарығында қатысуы
9. Жеткізушілер Қазақстан Республикасы шегінен тыс электр энергиясын жеткізудің ең жоғарғы қуаты, оның ішінде энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындар арқылы осы Қағидалардың 67 тармағында көрсетілген, резервтеу коэффициентіне сәйкес резервтік электр қуатын тұтынуды есепке ала отырып, олардың құрамына кіретін, объектілердің қуатты жеке тұтынуының ең жоғарғы шегерімдеріне электр қуатының аттестатталған генерациялық қондырғысының көлемінен көп емес көлемде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке Жүйелік операторға электр қуатын нарықта іске асырады.
10. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке Жүйелік оператормен жасалған шарт аясында жеткізушілер:
1) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әрдайым әзірлігін ұстауды;
2) жүктемені көтеруге техникалық әзірлікті растау мақсатында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жиынтық мәні шегінде Жүйелік оператор диспетчері тесттік команда бойынша генерацияны өзгертуді;
3) электр энергиясының баланстық нарығында төмендетуге және жоғарылатуды реттеуге қатысуға өтінім беруді және күнделікті қалыптастыруды;
4) электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес бірінші жиілікті реттеу жалпы жүйесі әрдайым әзірлігін ұстауды жүзеге асырады.
11. Жеткізушілер мен Жүйелік оператор арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет шарттарында келесідей негізгі параметрлер назарға алынады:
1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке шарт көлемін;
2) осы Қағидалардың 67-тармағында көрсетілген резервтеу коэффициентіне сәйкес электр қуатын тұтынуды резервтеуді есепке ала отырып, Жеткізуші құрамына кіретін объектілердің жеке тұтыну ең жоғарғы қуаты;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарылған ең жоғарғы электр қуаты;
4) осы Қағидалардың 11-тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген параметрлер сомасы ретінде айқындалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұрудың жиынтық мәні.
12. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің шарт көлемі белгіленеді:
1) Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет орталықтандырылған сауда қорытындысы бойынша;
2) тендерлік негізде қайтадан пайдалануға енгізілген, генерациялық қондырғылар үшін уәкілетті органмен анықталған бағамен көлемі бойынша. Бұл ретте электр қуаты аттестация қорытындысы бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің шарт көлемін генерациялық қондырғылар сияқтылар өзгертіледі.
13. Осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет параметрлерінің келісіммен бекітлген асып кеткен жағдайда осы Қағидалардың 37-40-тармақтарында көрсетілген коэффициентті есепке ала отырып жиынтық мәні не азайтылады, есептік кезең (күнтізбелік ай), Жүйелік операторға Жеткізушілермен көрсетілетін қызметтің бар болған көлемі.
14. Осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген параметрлердің нақты мәні есепті кезеңге (күнтізбелік ай) осы Қағидалардың 34-тармағымен белгіленген тәртіпке сәйкес есептеледі.
15. Жеткізушімен Қазақстан Республикасы сыртына электр энергиясын тек электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шартымен орнатылған ең жоғарғы жеткізу аясында ғана жүзеге асырылады.
16. Жеткізушілер жүктемені көтеруге әзірлікті растау мақсатында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жиынтық мәні шегінде Жүйелік оператор диспетчерлік тесттік командасы бойынша генерацияны ұлғайтуды жүзеге асырады. Тек қана жылыту режимі бойынша жұмыс істейтін жалғыз генерациялық қуат үшін белгіленген су шығынын қамтамасыз ету көлемі – су электр станциясы жалғыз генерациялы қуаты үшін технологиялық ең аз ведомосты көрсетілген мәні аясында тесттік команда сияқты Жүйелік оператордың диспетчеріне түседі. Электр энергиясы балансталған нарығында қаржы реттеледі, Жүйелік оператор команданы орындау кезінде қосымша өндірілген электр энергиясын.
17. Жеткізушімен есепті айға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша нақты мәнінің генерациясын өзгертуге Жүйелік оператор диспетчерінің тесттік командасы орындалмаған жағдайда төмендейді:
1) тесттік команданы бір ретте орындамаған жағдайда, шарт көлемнен қызмет көрсету мәні 10 пайызға төмендейді;
2) тесттік команданы екі рет орындамаған жағдайда, 20 пайызға;
3) үшеуден жоғары орындалмаса 30 пайызға.
18. Жүйелік оператордың диспетчері тесттік командасын орындамау электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жиынтық мәні жетпеген болып табылатын генерациялық өзгертуге ұлғаю 5 пайыз мәні жоғары қуат бойынша жүктеме (жеңілдету) жылдамдығы бойынша техникалық параметр төмендеуі, сондай-ақ технологиялық минимум немесе электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шартпен орнатылған.
19. Жүйелік оператор диспетчерінің мәтінді текстті жүктемені көтеруге технологиялық әзірлікті растау мақсатында генерация өзгеру арасындағы қашықтық 24 сағаттан аз болуы керек.
20. Генерациялық қондырғыларды жоспардан тыс жөндеу немесе авария кезінде немесе өз кезегінде жөндеуге шығаруға себеп болған басқа құрылғылар, сондай-ақ генерациялық қондырғының негізгі құрылғысын резерфтен тыс жағдайы, есеп кезеңі бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша шарт көлеміне мына формула бойынша есептеледі:
Кав = 1 - (Чай*N – ЧАР)/ Чай*N, мұнда
Чай – есепті кезеңдегі сағат саны;
N – генерациялық жалғыз қуат саны;
ЧАР – Осы Қағидалардың 21-тармағымен орнатылған мәнінен жоғары жоспарлы жөндеуі, сондай-ақ резерфтен тыс жағдайы және жоспардан тыс жөндеу, авариялық жалғыз генерациялық қуаты негізгі құрылғысын жай нақтылы саны.
21. Авариялық коэффициент есептеу мақсаты үшін ең жоғарғы саны генерациялық жалғыз қуаты тұру күні жоспарлы жөндеу кезінде 180 күнтізбелік күнді құрайды.
22. Жеткізушімен жеткізу кезінде көтерме нарығына орта сағаттық қуаттан төмен емес жиынтық мәнді электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге шартпен орнатылған қалған электр қуатының бөлігі, генерациялық қуатты шегеруде жоспарлы, жоспардан тыс тұрған авариялық жөндеу немесе резервтен тыс жағдайда жеткізуші күнде қалыптастырады және қатысуға өтінім береді. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес теңгерімді нарыққа жоғарыламауды реттеуге. Аталған норма жылыту режимі бойынша тек жұмыс істейтін жалғыз генерациялық қуатқа қолданылмайды.
23. Жеткізуші Қазақстан Республикасының электр энергетикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес технологиялық минимумдардың ведомостында көрсетілген генерациялық қондырғылардың технологиялық минимумының мәніне сәйкес келетін мәнге дейін теңгерімді нарықта операциялық тәуліктің әрбір сағатына төмендеуді реттеуге қатысуға күн сайын қалыптастырады және өтінім береді.
24. Егер электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті жеткізуші реттеуге қатысуға өтінім бермеген жағдайда немесе толық көлемде емес реттеуге қатысуға өтінім берсе есепті кезеңдегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке нақтылы көлемі көлемде азайтуға жатады, ол келесі тәртіпте анықталған:
1) келесі формулада қарастырылатын жоғарылауға реттеуге қатысу төменгі коэффициент есептеледі:
Кбрегвв = 1 – (ЧайЧбрегвв)/ Чай, мұнда
Чай – есепті кезеңдегі сағат саны;
Чбрегвв – есепті айдағы сағат көлемі, өтінім қатысуға реттеу саны есептік ай сағаты болғанда немесе толық көлемде берілмесе.
2) келесі формула бойынша есептелетін төмендеуге реттеуге қатысу коэффициенті төмендету есептеледі:
Кбрегвн = 1 - (ЧайЧбрегвв)/Чай, мұнда
Чай – есепті кезеңдегі сағат саны;
Чбрегвн – есепті айдағы сағат көлемі, өтінім қатысуға реттеу саны есептік ай сағаты болғанда немесе толық көлемде берілмесе.
3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша шарт көлеміне реттеуге қатысуға төмендету коэффициентінен есептелетін көбірегі қолданылады.
25. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша нақтылы көлем есепті кезеңде анықталатын қуатқа қызмет көлемі келісімі сияқты Қағидалардың 12-тармағына сәйкес анықталған шегерілген көлемі Қағидалардың 13, 24-тармақтарына сәйкес есептелген және кішкене көлем Қағидалардың 17 және 20-тармақтарына сәйкес есептелген. Теріс нақты көлемі болған жағдайда электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке есепті кезеңде нақтылы қызмет көлемі нөлге тең болады.
Парараф 3. Электр қуаты нарығында жүктемені көтеруге электр
қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке тұтынушылардың
қатысуы
26. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жүктемесін көтеруге тұтынушылар (бұдан әрі – Қызметті тұтынушылар), электр энергиясы нарығы электр энергиясы көтерме нарығы субъектісі болып табылатын өнеркәсіп кешені, тұтынушылар, энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдар болып табылады. Жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет тұтынушылары жүктемені көтеру электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке Жүйелік оператормен қалыптастырылған тұтынушы тізбесінде тіркелуге жатады.
27. Қызметті тұтынушылар Жүйелік оператормен жасалатын шартқа сәйкес жүктемені көтерудің электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке сатып алуды жүзеге асырады.
28. Қызметті тұтынушылар Жүйелік оператормен жасалған шарт аясында тұтынушылар жүктемені көтеру бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті іске асырады:
1) электр қуатына сұраныс болжамын қалыптастыру үшін электр қуатын тұтыну көлемінің ең жоғарғы мәнін жыл сайын жоспарлау және Жүйелік операторға беру;
2) күнтізбелік айға электр қуатын тұтыну ең жоғарғы нақты көлемін ай сайын бекіту;
3) жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке Жүйелік операторға уақтылы төлеу.
29. Қызмет тұтынушылары мен Жүйелік оператор арасында жасалатын шартпен барлық кернеу сыныбы сызығы бойынша тұтыну сомасы ең жоғарғы электр қуаты көлемі жылдағы көп емеске тең көлемдегі келісім көлемі қызметі орнатылады. Шарт көлемін өзгерту жүктемені көтеру электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметке азаю тарапына жол берілмейді.
30. Қызмет тұтынушылары қажеттілігіне қарай, Жүйелік операторға өтініш жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету қызметі көлемін жоғарылату өтінімін есепті кезең басталмастан 15 күн бұрын береді. Бұл ретте Жүйелік оператор электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті қосымша сатып алуды жүзеге асырмайды.
31. Қызмет тұтынушыларымен жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету қызметіне жасалатын шартта жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарт көлемі көтерме нарығының субъектісі сұранысына сәйкес орнатылады.
32. Жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шартпен көзделген электр қуатын тұтынудың ең жоғарғы көлемі тек қана электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісінің бөлшек және көтерме электр энергиясын сатып алуды іске асырады.
33. Қызметті тұтынушылар осы Қағидалардың 7-тарауында қарастырылған тәртіпте электр қуаты ең жоғарғы тұтыну көлемі болжамын жүйелік операторға ұсынуды және жоспарлауды жүзеге асырады.
34. Электр қуатының ең жоғарғы нақты көлемі бақылаулы сағаттардағы жұмыс күндері тұтыну қуаты орта сағаттық көлемі орта арифметикалық сияқты тұтыну электр қуаты нақтылы ең жоғарғы мәні күнтізбелік айға есептеледі.
35. Энергия беруші ұйымның электр энергиясын тұтынудың нақты ең жоғарғы электр қуаты күнтізбелік айға орта айлық мән секілді электр энергиясы қуатын тұтыну шаруашылық қажеттіліктерге және жеке желілерге электр энергиясы жоғалтылуын жабу үшін есептеледі.
36. Кешенді өнеркәсіпте электр энергиясы тұтыну қуаты электр нақты ең жоғарысы бақылаудағы сағаттарда жұмыс күндері осы Қағидалардың 67-тармағында көрсетілген коэффицентті резервке сәйкес генерациялық қуат электр резерві көлеміне азайған өнеркәсіп кешені генерациялық қондырғысы электр энергиясы желісінде қуат демалысымен өнеркәсіп кешені электр энергия тұтыну қуаты арасындағы орта сағаттық арифметикалық мәні күнтізбелік айға электр энергиясы өнеркәсіптік кешені электр тұтыну қуаты ең жоғарғы нақтысы.
37. Мөлшерден электр қуатын тұтыну мәні нақты ең жоғарғы өсуі немесе өспеуі кезінде 5 пайыз дейінгі қосқанда жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орнатылған шарт нақты көлеміне есепті кезеңге жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша нақты қызмет көлемі.
38. 1,1 коэффициентке тең және жасалған шарт қызмет көлемі сияқты анықталатын (күнтізбелік айға) есепті кезеңге жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша нақты көрсетілген қызмет көлемі жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша шартпен орнатылған мөлшерден электр қуатын тұтыну ең жоғарғы мөлшері 5,1 пайыз дан 10 пайыз дейін мөлшер жағдайында.
39. 10,01 пайыздан 20 пайыз мөлшері жоғарылаған жағдайда 1,2 коэффициентке тең асатын және қызмет көрсету келісімі өндіруі секілді анықталатын (күнтізбелік айға) есепті кезеңге жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі жүктемені көтерудің электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша шартпен орнатылған мөлшерден электр қуатын тұтыну ең жоғарғы нақты мәні.
40. 20 пайыз мөлшері жоғарылаған жағдайда 1,5 коэффициентке тең асатын және қызмет көрсету келісімі өндіруі секілді анықталатын (күнтізбелік айға) есепті кезеңге жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі жүктемені көтерудің электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша шартпен орнатылған мөлшерден электр қуатын тұтыну ең жоғарғы нақты мәні.
Параграф 4. Жүйелік оператордың электр қуаты нарығына қатысуы
41. Жүйелік оператор электр қуаты нарығында келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1) жеті жылдық мерзімге электр қуатының болжамдық теңгерімін жасайды;
2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет жеткізушіге деген техникалық талаптарды анықтайды;
3) алдағы және келер жылдарға электр қуатына болжамдық сұранысты қалыптастырады;
4) жеткізуші өкілетті органмен келісім бойынша энергия өндіруші ұйымдарының электр қуатын өндіретін құрылғыларын аттестаттау тәртібін анықтайтын регламентті әзірлеп бекітеді;
5) жеткізуші генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүргізеді;
6) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша сатып алу қызметін жүзеге асырады;
7) жүктелімді жеткізетін өндіруші құрылғылардың техникалық әзірлігін тұрақты мониторинглеуді жүзеге асырады;
8) технологиялық минимумдардың ведомысын қалыптастырады;
9) жүктелімді жеткізетін электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша тұтынушылар қызметінің Тізбесін қалыптастырады;
10) жүктелімді жеткізуге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
11) жүктелімді жеткізуге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша тұтынушылар қызметтерін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер жеткізушілерімен жасасқан шарттар бойынша қазіргі Қағидаларда қарастырылған қызметтердің фактілі көлемдерінің мағынасын есепке алады.
42. Алдағы жылда орталықтандырылған сауда да Жүйелік оператордан сатылып алынатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша нысаналы көлем қызметі келесі формула бойынша анықталады:
Vкуп = Vтұт + Vрез + Vжоғалту – Vтең,
онда:
Vтұт – алдағы жылға электр қуатқа болжамдық сұраныспен қарастырылған электр энергия көтерме нарығының субъектілерінің электр энергияны тұтынудың жиынтық максималдық электр қуаты;
Vрез – осы Қағидалардың 67-тармағына сәйкес анықталатын және алдағы жылға электр қуатына болжамдық сұраныспен қарастырылған ауқымдық резервтік электр қуаты;
Vжоғалту – алдағы жылға Ұлттық электр желісінің өзіндік және шаруашылық қажеттіліктеріне технологиялық шығысын компенсациялау үшін электр энергияны тұтынудың жылдың орташа айлық максималдық электр қуаты;
Vтең – алдағы жылдың 1 қаңтарынан кеш емес тендерлі негізде қайта іске қасылған және/немесе қолданысқа енгізілген өндіруші құрылғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша сатып алу қызметіне шартпен анықталған алдағы жылға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті Жүйелік оператормен сатып алу көлемі.
43. Осы Қағидалардың 42-тармағымен қарастырылған қажетті қызметті сатып алу көлемінен төмен болатын сауда өтінімдеріне жіберілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша жиынтық көлем қызметі осы Қағидалардың 42-тармағымен белгіленген аз көлемде алдағы жылға орталықтандырылған саудада электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша Жүйелік оператордың қызметін сатып алуға рұқсат беріледі.
44. Жүйелік оператор электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті Қазақстанның біріңғай электр желісі зоналары бойынша бөліністе өткізу мүмкіндігі бар электр желілерін, сондай-ақ сенімділікті қамтамасыз ету шарттарын ескере отырып сатып алады.
45. Жүйелік оператор электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша жеткізушілер қызметтеріне өндіруші құрылғыларының электр қуатын ұлғайту және төмендету жылдамдығының минималды мағынасын анықтайды.
46. Жүйелік оператор әр тәулікке өндіріс құрылғыларының технологиялық минимумының ауқымын көрсете отырып, ведосмосты қалыптастырады, олар электр қуаты нарығына қатысатындар, судың шығысы берілген және қажетті жылу жүктелімін ескере отырып. Технологиялық минимумның ауқымы өндіріс құралдарының төлқұжат мәліметтері негізінде орнатылады. Электр станциялары үшін өндіріс құрылғыларының технологиялық минимумы режимінде жылуфикациясы бойынша жұмыс істейтіндер жылу жүктелімін қамтамасыз ету бойынша шарттармен сәйкес орнатылады, жергілікті атқарушы органдармен орнатылатын су электр станциялары үшін – өндіріс құрылғыларының төлқұжат мәліметтерінің негізінде пайдалану және су шығыстары қорының суды қорғау Өкілетті органымен бекітілген қамтамасыз етуді ескере отырып.
47. Жүйелік оператор жүктелімді жеткізуге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті тұтынушылармен шарттар негізінде жүктелімді жеткізуге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетеді.
48. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында Қазақстан Республикасының Заңнамалық тәртіпте белгіленген жүктелімді жеткізуге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметке тариф арқылы өтелетін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алуға кеткен Жүйелік оператордың шығысы.
49. Жүйелік оператор жүктелімді жеткізуге техникалық әзірлігін растау мақсатында электр қуатының нақты бар болуына мониторингті жүзеге асырады жүктелім жеткізуге дайын тесттік командаларды жеткізу арқылы Жеткізуші қызметіне электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша ауқымға дейін өндірісті ұлғайту, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге шартпен анықталған, сондай-ақ келісілген жөндеулер кестесімен сәйкес жоспарлы ремонттан шыққан жабдықтың электр қуатын ескере отырып технологиялық минимумына дейін қуатты төмендетуге.
50. Жүйелік оператордың тесттік командаларының саны электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті Жеткізушіге өндірісті өзгертуге күнтізбелік ай ішінде үш реттен аспау қажет. Электр қуатының ауқымын фиксациялау кезінде жүктелімнің жеткізуге әзірлігі Жүйелік оператормен бекітілген Регламентпен анықталады.
51. Электр энергияны Жүйелік оператордың командасы бойынша қосымша өндірілгенге қаржылық реттеу реттеуге қатысуға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті Жеткізушінің өтінімімен сәйкес электр энергияны баланстандырылған нарықта жүзеге асырылады.
52. Жыл сайын 1 мамырға дейін Жүйелік оператор тұтынушылардың Тізбесін Интернет желілерінің арнайы сайттарында жариялап және қалыптастырады. Бастапқы кезеңде Жүйелік оператор көрсетілген Тізбеде барлық көтерме нарығының субъектілерін тіркейді, олар электрмен қамтамасыз ету мақсатында және де өзіндік тұтыну үшін электр энергияны сатып алуды 2015 жылдың 1 наурызы жағдайы бойынша жүзеге асыратындар.
53. Жүйелік оператор жүктелімді жеткізуге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті тұтынушылар Тізбесіне электр энергияны көтерме нарық субъектісіне электр энергияны сатып алуды жүзеге асыратын, оның ішінде электрмен қамтамасыз ету мақсатында және көтерме нарыққа рұқсат алғандарға мониторинг және осы тізбеге енгізуді жүзеге асырады.
54. Жүйелік оператор жыл сайын 1 қаңтарына дейін жүктелімді жеткізуге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті тұтынушылар Тізбесіне көтерме нарық субъектісінде әзірлікті қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шарттың бар болуы туралы ақпаратты жариялайды.
Параграф 5. Электр қуатына болжамдық сұранысты құру тәртібі
55. Жүйелі оператор жыл сайын алдағы және кейінгі жылдарға жүктеме көтеретін электр қуатын әзірлігін қамтамасыз ету қызметінің тұтынушылардың болжамдық өтінімдері негізінде электр қуатының болжамдық сұранысын құрады.
56. Алдағы жылдарға келер есептік болжамдық өтінімдер 1 тамызға дейін құрылып және жүйелік операторға жіберіледі.
57. Тұтынушылар мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың болжамдық өтінімдері:
1) Қағидалардың 34-тармағына сәйкес есептелген, алдыңғы жылдардың динамикалық өзгеруі ескерілген бөлшек нарығында электр энергиясының тұтынуы қосылған ағымдағы және келер жылдардың ай бойынша нақты максималды электр қуатының тұтыну мөлшері;
2) Қағидалардың 34-тармағына сәйкес есептелген, алдағы жылдардың динамикалық өзгеруі ескерілген ай бойынша максималды болжамды электр қуаты тұтылуының мәндері, келер жылдарға бөлшек нарықта тұтынылатын электр энергиясының ескерілуін қамтуы қажет.
58. Өндірістік кешендердің болжамдық өтінімдері:
1) Қағидалардың 36-тармағына сәйкес есептелген ағымдағы және келер жылдарға ай бойынша нақты максималды тұтынылатын электр қуатының мәндерін;
2) Қағидалардың 36-тармағына сәйкес есептелген келер жылдарға ай бойынша болжамды тұтынылатын электр қуатының мәндерін қамту қажет.
59. Энергия таратушы ұйымдардың болжамды өтінімдері:
1) Қағидалардың 35-тармағына сәйкес есептелген ағымдағы және келер жылдарға ай бойынша нақты максималды тұтынылатын электр қуатының мәндерін;
2) Қағидалардың 35-тармағына сәйкес есептелген алдыңғы жылдардың динамикалық өзгеруін ескеретін ай бойынша болжамды максималды электр қуаты тұтынылуының мәндерін қамту қажет.
60. Болжамдық өтінімде көрсетілген ағымдағы және алдағы тұтынылатын электр қуатының нақты максималды мәні көтерме нарық субъектілерінің уәкілетті өкілдерімен және жүйелік оператормен расталып қол қойылу қажет.
61. Электр қуаты тұтынылуының максималды болжамды мәні оның алдыңғы жылдармен динамикалық өзгеруімен есептеледі.
62. Болжамдық өтінімде көрсетілген алдағы жылдың болжамдық электр қуатын тұтыну максималды мәні ағымдағы немесе келер жылдардағы электр қуатын нақты максималды мәнінен төмен болған жағдайда көтерме нарығының субъектісі жүйелік операторға мөлшердің төмендеу негіздемесінің есептемесін ұсынады.
63. Электр энергиясы көтерме нарық субъектісі болжамдық өтінімді ұсынбаған болмаса уақытылы ұсынбаған жағдайда, мұндай электр энергиясы көтерме нарық субъектісі үшін Жүйелік оператор болжамдық ретінде субъекттің соңғы берген электр қуатын максималды мәнін қабылдау бойынша шешім қабылданады. Электр энергиясы көтерме нарық субъектісінің максималды болжамдық мәні туралы толығымен ақпарат болмаған жағдайда, максималды болжамдық тұтыну қуатының мәні ретінде 0 (нөл) қабылданады.
64. Электр қуатының болжамдық сұранысында Ұлттық электр желісінің технологиялық шығындарын, өзінің және шаруашылық қажеттіліктерін өтеу үшін электр энергия тұтынудың жылдың максималды орташа айлық электр қуатының мәні жеке ескеріледі.
65. Көтерме нарық субъектілерінің болжамының негізінде электр қуатының қажетті резерв мөлшерін ескеріліп келер жылдарға электр қуатының Жүйелік оператор электр қуатының болжамдық сұранысын құрады.
66. Жүйелік оператор тұтынудың өсімін ескеріп келер жылдарға электр қуатының болжамдық сұранысының негізінде келер жылдарға электр қуатының болжамдық сұранысын құрады.
67. Көтерме электр энергия нарығының субъектісі электр энергиясын тұтыну электр қуатының болжамдық сұранысында қарастырылған Ұлттық электр желісінің технологиялық шығындарын, өзінің және шаруашылық қажеттіліктері үшін ескерілген электр энергия нарық субъектісінің жылдың орташа айлық сомалық максималды электр қуатынан тұтынудың электр қуатының резерв мөлшері 17 % көлемінде орнатылады.
68. Электр қуаты болжамдық сұранысының мәндері болжамдық электр энергия және қуат балансын құруда ескеріледі.
Параграф 6. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша
орталықтандырылған сауда қызметтерін жүргізу және ұйымдастыру
тәртібі
69. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша жүктемені көтеруге орталықтандырылған сауда (бұдан әрі – Сауда) қызметтері біржақты аукцион түрінде өткізіледі. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру қызметтері бойынша жеткізушілер болып электр таратушы ұйымдар болып табылады, ал Жүйелік оператор – сатып алушы.
70. Саудалар орталықтандырылған сауда нарығы операторы интернет-ресурсында орналастырылған сауда өткізу тізіміне сәйкес өткізіледі.
71. Электр қуатының әзірлігін ұстап бойынша орталықтандырылған сауда қызметтері нарық операторының жүйесінің веб-серверінің интернет желісін қолдану арқылы қашықтықтан жүргізіледі.
72. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру орталықтандырылған сауда қызметтері жеткізу мерзімімен бір жылға жүргізіледі.
73. Жүйелік оператордың бастамасы бойынша генерациялық қондырғылардың авариялық шығуынан және (немесе) жоспарланбаған ең жоғарғы қуат тұтынылған жағдайда, ай қою мерзімімен қосымша сауда өткізіледі.
74. Жүктемені көтеретін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша орталықтандырылған сауда қызметтеріне электр қуат нарығының қатысушылары олармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша орталықтандырылған сауда қызметтерінің келесі шарттарын орындаған жағдайда жіберіледі:
1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша сауда қызметтерін жүргізу, ұйымдастыру және әзірлігін қамтамасыз ету бойынша келісім қорытындысы;
2) орталықтандырылған сауда нарық операторының сауда жүйесінде сауда жүйесіне тіркелуге өтініш және нарық операторының әзірленген үлгісі бойынша 2 данада сауда қатысушылардың тіркелу картасы толтыруымен;
3) осы Қағидаларда қарастырылған өзге де талаптарды орындауымен.
75. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сауда нарығының қызметтері тариф бойынша субъектілермен өтеледі.
76. Сауда қызметтерін ұйымдастыру және жүргізу мақсатында орталықтандырылған сауда нарығының операторымен:
1) орталықтандырылған сауда нарығының жұмысын қамтамасыз етеді;
2) Сауда қатысушыларына орталықтандырылған сауда нарығына тең қолжетімді шарттарды қамтамасыз етеді;
3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша орталықтандырылған сауда қызметтерін жүргізу үшін әдістемелік нұсқау әзірлейді;
4) көтерме нарығында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру орталықтандырылған сауда бойынша дайындық жүргізуді үнемі сауда жүйесінде қолдап тұрады;
5) осы Қағидаларда қарастырылған талаптарға сәйкес субъект нарықтарына сәйкестігін анықтайды;
6) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша орталықтандырылған сауда қызметтерінің жүргізіп кестесін бекітіп және құрады;
7) сауда басталуының 7 күнге дейін сауда жүйесінің веб-сайтында орналасқан алдағы сауда ақпараты туралы сауда қатысушыларын хабарлайды;
8) сауда жүйесінің жұмысы бойынша сауда операторы нұсқаулық жүргізеді;
9) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша орталықтандырылған сауда қызметтерін жүргізу және ұйымдастырумен байланысты жүйелік оператормен әрекеттеседі;
10) сауда келісімдерінде бекітілген тізілімін құру жүргізіледі.
77. Нарық субъектісіне орталықтандырылған саудаға қатысу үшін қатысушылар келесі талаптарды орындайды:
1) сауда жүйесінің базасымен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін сауда операторының орнын техникалық және бағдарламалық құрылғылармен жабдықтайды;
2) сауда жүйесінің жұмысы бойынша нарық операторында нұсқаулық өткен сауда операторларының өкілетті тұлғаларын тізімін оператор нарығына ұсынады.
78. Жеткізуші орталықтандырылған сауда нарығы операторына саудада қатысу үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті жеткізуге өтінім береді (бұдан әрі – сатуға өтінім).
79. Сатуға өтінім мынаны қосады:
1) Аттестатталған қуаттың мөлшері (МВт);
2) Саудаға қатысушының атауы;
3) Өтінім түрі (сатуға);
4) Қызметтің бағасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша шекті тарифтен аспауы қажет;
5) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің жеткізу кезеңін басталу және аяқталу жеткізу мерзімдерімен көрсету;
6) өтінімге қол қойған жауапты тұлғаның немесе басшының аты-жөні;
7) жеткізушінің реквизиттері (телефон, факс, поштаның электронды мекенжайы) қамту қажет.
80. Өзінің құрамында бір электр станциясынан көп болатын жеткізушілер әрбір электр станциясы бойынша сатуға жеке өтінім береді.
81. Сауда қатысушысының өтінімін беру интернет желісін қолдану арқылы жүргізіледі. Интернет желісіне нарық субъектісінің мүмкіндігі болмаған жағдайда, факс арқылы байланысты қолдануға рұқсат етіледі. Факс байланысы арқылы берілетін сауда қатысушыларының өтінімдері саудаға қатысатын өкілетті тұлғамен қол қойылып және ұйымның мөрі қойылу қажет.
82. Саудаға қатысушы өтінім қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін жаңа өтінім беру арқылы алдында берген өтінімін өзгертуге немесе алып тастауына болады.
83. Энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдері орталықтандырылған саудаға тек орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүйелік оператордан жүргізілген аттестат нәтижесі аттетатталған тізім алған соң жіберіледі.
84. Электр қуаты генерациялық қондырғылардың аттестация актісіне сәйкес келмейтін сатылу өтінімі қабылданбайды.
85. Сатуға саудаға қатысушылардың өтінімдерінен орталықтандырылған сауданың нарық операторы электр қуатының ұсыныстарынан саптық кесте жасайды.
86. Жүйелік оператордан сатып алуға келіп түскен өтінімдері бар өтінімдердің сатуға қойылған қызмет бағасының өсуімен қанағаттандырылады. Бұл процесс толық көлемдегі өтінімді қанағаттандырғанша жалғасады.
87. Жүргізілген аукционның нәтижесі бойынша орталықтандырылған сауданың нарық операторы саудаға қатысушылардың тізімін анықтайды, олардың сатып алынған (сатылған) электр қуатының көлемі және келісім саудасында бекітілген тізімді құрады.
88. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша орталықтандырылған сауда қызметтерінің келісімдері сатуға көрсетілген бағасы бойынша жасалады.
89. Орталықтандырылған сауданы жүргізу келесі жағдайлардың орын алуымен тоқтатылады:
1) Сауда жүйесінің жұмыс істей алмауына алып келген серверлік қондырғының техникалық ақауы немесе электрондық жүйенің тоқтауы;
2) Сауда жүйесінің жұмыс істей алмауына алып келген техникалық қондырғының ақауы немесе интернет желісінің байланыс каналының ақауы;
3) Сауда залының және (немесе) сауда жүйесінің серверлік қондырғысының электрмен жабдықталуының тоқтауының ұзақ (2 сағаттан аса) үзілісі.
90. Орталықтандырылған сауданы жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда, орталықтандырылған сауданың нарық операторы сауда қатысушыларын техникалық құрылғылардың байланысы арқылы хабардар етеді.
Параграф 7. Электр қуаты нарығындағы келісімдер
91. Электр қуаты нарығында қатысушылар арасындағы қарым-қатынасының регламенттері мен процестері анықталады:
1) Жүйелік оператор мен жеткізуші арасындағы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсету шарты;
2) Жүйелік оператор мен қызметті алушылар арасындағы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсету шарты;
3) орталық сауда-саттық, Жүйелік оператор мен жеткізуші арасында қойылатын Электр қуатының орталық сауда-саттықтағы қатысушылар шарты болып табылады.
92. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша келісімдер келесі бөлімдерден тұрады:
1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көлемі мен қызмет құны;
2) аттестаттау тәртібі және электр нарығын қолдану;
3) Жүйелік оператор бұйрығы бойынша жеткізушінің міндеттерін орындау;
4) қызметтерді көрсету көлемін анықтау тәртібі;
5) Жүйелік оператор және жеткізуші қаржылық міндеттемелер анықтау тәртібі. Атқарылатын көрсету фактісі бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді төлеу Жүйелік оператормен жүргізіледі;
6) қызметті көрсету (шектеу) тоқтату тәртібі.
93. Жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке келісімдер келесі бөлімдерден тұрады:
1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көлемі мен құны;
2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті қолдану тәртібі;
3) Жүйелік оператордың бұйрығын орындау бойынша қызметті алушылар міндеттері;
4) Көрсетілген қызметтердің көлемін анықтау тәртібі;
5) Жүйелік оператордың және қызметті алушылардың қаржылық міндеттемелерін анықтау тәртібі;
6) қызметті көрсету (шектеу) тоқтату тәртібі.
94. Саудада қатысу келісімі келесі бөлімдерден тұрады:
1) келісім түрі, қызметтерді орталықтандырылған нарық операторы, төлеу мерзімі мен түрлері. Қызметтерді орталықтандыру нарығының операторы, Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте тариф бойынша төленеді. Орталықтандырылған сауда нарығы операторының қызметтері Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес орнатылған теңгерім бойынша нарық субъектілерімен төленеді;
2) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттықта қатысуға және сауда жүйесінде кіруге нарық субъектісіне қойылатын критерийлер мен талаптар;
3) орталықтандырылған сауда-саттықты жүргізу әдісі, оның ішінде шарттарды тіркеу тәртібі мен сауданың нәтижесі туралы сауда қатысушыларды хабарлау;
4) шарттың талаптарын бұзғаны үшін шарт қатысушыларының жауапкершілігі.
Параграф 8. Дауларды шешу
95. Қазақстан Республикасында электр қуатының нарығына қатысушылар арасындағы олардың қызметі кезінде пайда болатын даулар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шешіледі.