Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 сәуірде № 10612 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қағидалардың 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 3 және 5-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 № 676 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
В. Школьник

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 152 бұйрығымен бекітілді

Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 07.11.2018 № 439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 42) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      1) азаю көлемі – энергия өндіруші ұйымға сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу нәтижелері бойынша айқындалған аттестатталған электр қуатының және желіге жіберу жиынтық электр қуатының айырмасы, мегаватта (бұдан әрі – МВт);

      2) аралас орташалау әдісі – бұл өнеркәсіптік кешен тұтынатын электр қуатының есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) максималды мәнін анықтау (есептеу) әдісі, оған сәйкес өнеркәсіптік кешен тұтынатын электр қуатының есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) максималды мәні аталған есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдеріндегі өнеркәсіптік кешеннің нетто-қуатының тиісті орташа мәні ретінде айқындалады;

      3) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының қосындысы, МВт;

      4) бақылау кезеңі – жергілікті уақыт бойынша 17:00-ден бастап 23:00-ге дейін күнтізбелік күн уақытының мерзімі (мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында);

      5) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;

      6) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын айқындауға бағытталған жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;

      7) генерацияның жұмыс электр қуаты, технологиялық және техникалық минимумдар ведомосы – Жүйелік оператор әрбір тәулікке жасайтын, энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және Жүйелік опертормен келісілген энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының, генерацияның жұмыс электр қуатының мәндері енгізілетін құжат;

      8) желіге жіберу жиынтық электр қуаты – онда ескерілген есепті жылдағы энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының өз қажеттіліктері үшін электр қуатының максималды мәнін шегергендегі жиынтық электр қуаты, МВт;

      9) жиынтық шегерілетін электр қуаты – энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу туралы қолданыстағы шарттарда немесе олар болмаған (жасалмаған) жағдайда, энергия өндіруші ұйымды электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы екі жақты шарттарда тиісті күнтізбелік жылға көрсетілген мына параметрлер қосындысы: есептік жылдағы өз қажеттілігіне тұтынылатын электр қуатының максималды мәндері, есептік жылдағы бөлшек сауда нарығы субъектілеріне жеткізілетін максималды электр қуаты және есептік жылдағы экспорттың максималды электр қуаты, МВт;

      10) жиынтық электр қуаты – әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінің және шегерілетін жиынтық электр қуатының қосындысы, МВт;

      11) жоспарлы жөндеу – Жүйелік оператормен келісілген жөндеу графигіне енгізілген жоспарлы жөндеу;

      12) жоспарлау жүйесі – электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің бір күн бұрын электр энергиясын өндіру-тұтыну, электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік графигін қалыптастыру бойынша өтінімді беру, сондай-ақ өтінімді дәл айтқан күні беруге (бекітілген тәуліктік графигін түзету) арналған бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;

      13) жөндеу қуаты – тек жылу тұтынудағы (олар болған кезде) жұмысқа технологиялық арналған генерациялайтын қондырғылардың белгіленген электр қуатын есепке алмай, электр өндіруші ұйымның электр станциялары генерациялайтын қондырғыларын жөндеудің барлық түрлеріндегі (резервтен тыс жағдайда) жиынтық белгіленген электр қуаты;

      14) жүктеменің өңірлік бейіні – өңірлік электр желілік компаниясы айқындаған және жүйелік оператормен келісілген қуат нарығы тұтынушыларының электр энергиясын тұтынудың сағаттық мәндерін (сальдо-ток ағымын) есептеу алгоритмі;

      15) жылуландыру қуатының дельтасы – осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалған, осы көлемде ескерілген тек қана жылу тұтынуда жұмыс істеуге технологиялық арналған генерациялайтын қондырғыларға (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) тиесілі, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің бір бөлігі, МВт;

      16) қолжетімсіз қуат – қазандықтарды не қазандық корпустарын авариялық тоқтату себебінен туындаған электр өндіруші ұйымы электр станцияларының жұмыс істеп тұрған генерациялайтын қондырғылары генерациясының электр қуатының жиынтық ағымдағы шектеулері, МВт;

      17) қуат нарығының тұтынушылары – энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар мен электр энергиясы көтерме нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар, оның ішінде өнеркәсіптік кешендер;

      18) қысқару көлемі – энергия өндіруші ұйымға сәйкес келетін электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шартты көлемінің мәніне ұлғайтылған желіге жіберілетін жиынтық электр қуатының және энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу нәтижелері бойынша айқындалған аттестатталған электр қуатының айырмасы, МВт;

      19) номиналды жоспарлы жөндеу кезеңі – ұзақтығы жүз сексен күнтізбелік күн уақыт мерзімі;

      20) орталықтандырылған сауда нарығының операторы – электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің орталықтандырылған сауда-саттықтарын жүзеге асыратын ұйым;

      21) өнеркәсіптік кешен – электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын, құрамында жеке заңды тұлғалар болып табылмайтын электр станциялары бар, электр энергиясын өндіру осы ұйымның құрамына кіретін кәсіпорындар мен бірлестіктердің тұтынуы, сондай-ақ электр энергиясын көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарықтарында өткізу мақсатында жүзеге асырылатын және бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасамаған ұйым;

      22) өнеркәсіптік кешенінің нетто-қуаты – өз алдына өнеркәсіптік кешен тұтынатын электр қуатының және өнеркәсіптік кешеннің құрамына кіретін электр станциялары желісіне жіберілетін электр қуатының айырмасын білдіретін электр қуаты (аталған айырманың теріс мәндері нөлге теңеледі);

      23) сауда-саттықта қуатты сатудың рұқсат етілетін көлемі – энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуатының және сауда-саттықта сатылмайтын электр қуатының айырмасы, МВт;

      24) сауда-саттықта сатылмайтын электр қуаты – осы Қағидалардың 11-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жасалған энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттарда тиісті күнтізбелік жыл үшін көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерінің және шегерілетін жиынтық электр қуатының қосындысы, МВт;

      25) тесттік команда – энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының электр қуатын өзгертуге энергия өндіруші ұйымның Жүйелік операторы берген өкім;

      26) техникалық минимум – генерациялайтын қондырғылардың минималды рұқсат етілетін электр қуатының қосындысы: конденсациялық, жылуландыру, газқұбырлы және бу-газды электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайлары бойынша; гидравликалық электр станциялары үшін – су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган белгілеген су шығынын қамтамасыз ету жағдайлары бойынша, МВт;

      27) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың минималды электр қуатының қосындысы (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде), МВт;

      28) толық орташалау әдісі – есептік кезеңде (күнтізбелік айда) энергия беруші ұйымның электр қуатын тұтынуының максималды мәнін айқындау (есептеу) әдісі, оған сәйкес есептік кезеңде (күнтізбелік айда) энергия беруші ұйымның электр қуатын тұтынуының максималды мәні осы энергия беруші ұйымның жеке желілерде және шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясының ысырабын жабу үшін тұтынған электр қуатының мәні осы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айда) орташа ретінде айқындалады;

      29) тұлғалар тобының тізілімі – Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөлімдеріне сәйкес бақылауда болған жағдайда, уәкілетті орган қалыптастыратын және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын, тұлғалардың бір тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар тізбесі;

      30) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      31) ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі - энергия өндіруші ұйымдарда электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарттарға тиісті күнтізбелік жыл үшін көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемдерінің қосындысы, МВт;

      32) шоғырландыру көлемі – қуат нарығының тұтынушылары ағымдағы күнтізбелік жылдың барлық алдыңғы есептік кезеңдері (күнтізбелік айлары) ішінде жүзеге асырған бірыңғай сатып алушының жүктемесін атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің нақты жиынтық төлемінің және ағымдағы күнтізбелік жылдың барлық алдыңғы есептік кезеңдері (күнтізбелік айлары) ішінде бірыңғай сатып алушы жүзеге асырған энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты жиынтық төлемі айырмасының оң мәні;

      33) ішінара орташалау әдісі – есептік кезең (күнтізбелік ай) ішінде қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының максималды мәнін айқындау (есептеу) әдісі, оған сәйкес есептік кезеңде (күнтізбелік айда) қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының максималды мәні осы есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдері үшін қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының тиісті орташасы ретінде айқындалады;

      34) электр қуатының аттестатталған азаю жылдамдығы – электр станциясы генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттаудың үшінші кезеңін өткеру уақытында энергия өндіруші ұйымның электр станциясы электр қуатының азаю жылдамдығының орташа мәні, минутына/МВт;

      35) электр қуатының аттестатталған ұлғаю жылдамдығы – электр станциясы генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттаудың бірінші кезеңін өткеру уақытында энергия өндіруші ұйымының электр станциясы генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, минутына/МВт;

      36) электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қызмет – тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген бір тұлғалар тобына бірге кіретін тұтынушыларға энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметі;

      37) электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі – энергия өндіруші ұйым мен тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген бір тұлғалар тобына бірге кіретін тұтынушылар арасындағы электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы екі жақты шарттарда тиісті күнтізбелік жыл үшін көрсетілген электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметі көлемдерінің сомасы, МВт;

      38) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы – электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуға бағытталған процесс;

      39) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттықтарын өткізу графигі – электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттықтарын өткізу күні, басталу және аяқталу уақыты көрсетілген кесте;

      40) электр станциясының аттестатталған электр қуаты – белгілеу уақытында энергия өндіруші ұйымның электр станциясы генерациялайтын қондырғыларының желісіне электр қуатының жіберудің орташа мәні, МВт;

      41) электр станциясының өз қажеттіліктері үшін электр қуаты – электр станциясы генерациялайтын қондырғыларының генерация электр қуаты мен желіге жіберілетін электр қуатының айырмасын білдіретін электр қуаты;

      42) энергия өндіруші ұйымның өз қажеттіліктері үшін тұтынылатын электр қуаты – энергия өндіруші ұйымдардың құрамына кіретін және жеке заңды тұлғалар болып табылмайтын кәсіпорындар мен бірлестіктер тұтынатын электр қуатының және энергия өндіруші ұйымдардың құрамына кіретін электр станцияларының жеке, шаруашылық және өзге де қажеттіліктеріне арналған электр қуатының жиынтығын білдіретін электр қуаты.

      Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібі

1-параграф. Жалпы ережелер

      3. Электр қуаты нарығының қатысушылары жүйелік оператор, бірыңғай сатып алушы, энергия өндіруші ұйымдар, қуат нарығын тұтынушылар, орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы болып табылады.

      4. Электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт және жүктемені атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен үлгі шарттар негізінде жасалады.

2-параграф. Жүйелік оператордың электр қуаты нарығына қатысуы және алдағы және кейінгі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұранысты әзірлеу тәртібі

      5. Жүйелік оператор 2018 жылғы отызыншы қазанға дейін өзінің интернет-ресурсында қуат нарығы тұтынушыларының тізбесін қалыптастырады және орналастырады.

      Жүйелік оператордың интернет-ресурсына орналастырылған қуат нарығы тұтынушыларының тізбесін қуат нарығы тұтынушылары құрамының өзгеру фактісі бойынша жүйелі оператор өзектендіреді.

      6. Алдыңғы есептік жылдың бірінші қазанынан кешіктірмейтін мерзімде жүйелік оператор электр қуаты резервінің қажетті шамасын және ұлттық электр желісінің жеке және шаруашылық қажетіне технологиялық шығысты өтеу үшін орташа жылдық электр тұтыну қуатын есепке алып, қуат нарығы тұтынушыларының болжамдық өтінімдері негізінде алдағы және кейінгі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұраныс әзірлейді.

      7. Алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына деген болжамды сұранысты Жүйелік оператор Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі – ҚР БЭЖ) аймақтары бойынша бөліп көрсете отырып, мынадай тәртіпте әзірлейді:

      1) осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығының тұтынушылары Жүйелік операторға жіберген тұтыну бойынша болжамды өтінімдерінде көрсетілген тұтыну қуатының аталған айға сәйкес келетін сомасы ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарына кіретін облыстар үшін алдағы күнтізбелік жылдың әрбір айы үшін жеке есептеледі;

      2) осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығының тұтынушылары Жүйелік операторға жіберген тұтыну бойынша болжамды өтінімдерінде көрсетілген тұтыну қуатының аталған айға сәйкес келетін сомасы ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағына кіретін облыстар үшін алдағы күнтізбелік жылдың әрбір айы үшін жеке есептеледі;

      3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген соманың көп бөлігі (бұдан әрі - ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарының біріктірілген максимумы), сондай-ақ ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарының біріктірілген максимумына сәйкес келетін ай (бұдан әрі – ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтары максимумының айы) анықталады;

      4) осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес есептелген соманың көп бөлігі (бұдан әрі - ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының біріктірілген максимумы), сондай-ақ ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының біріктірілген максимумына сәйкес келетін ай (бұдан әрі – ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағы максимумының айы) анықталады;

      5) ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтары максимумының айы үшін осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығы тұтынушыларының Жүйелік операторға жіберген тұтыну жөніндегі болжамды өтінімдерінде көрсетілген тұтыну қуатының аталған айға және ҚР БЭЖ-нің аталған аймағына сәйкес келетін сома ретінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағының біріктірілген максимумы анықталады;

      6) ҚР БЭЖ-нің Солтүстік аймағының біріктірілген максимумының он пайызға арттырылған мәні ретінде ҚР БЭЖ-нің Солтүстік аймағы бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұраныс мәні анықталады;

      7) ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтары максимумының айы үшін осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығы тұтынушыларының Жүйелік операторға жіберген тұтыну жөніндегі болжамды өтінімдерінде көрсетілген тұтыну қуатының аталған айға және ҚР БЭЖ-нің аталған аймағына сәйкес келетін сома ретінде ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағының біріктірілген максимумы анықталады;

      8) ҚР БЭЖ-нің Оңтүстік аймағының біріктірілген максимумының он пайызға арттырылған мәні ретінде ҚР БЭЖ-нің Оңтүстік аймағы бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұраныс мәні анықталады;

      9) ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының максимум айы үшін осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығы тұтынушыларының Жүйелік операторға жіберген тұтыну жөніндегі болжамды өтінімдерінде көрсетілген тұтыну қуатының аталған айға және ҚР БЭЖ-нің аталған аймағына сәйкес келетін сомасы ретінде ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының біріктірілген максимумы анықталады;

      10) ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының біріктірілген максимумының он пайызға арттырылған мәні ретінде ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағы бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұраныс мәні анықталады;

      11) электр қуатына болжамды сұраныс алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға әзірленеді, онда осы тармаққа сәйкес анықталған Солтүстік, Оңтүстік, Батыс аймақтар және бүкіл ҚР БЭЖ бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына деген болжамды сұраныстардың мәндері, ҚР БЭЖ, Солтүстік, Батыс және Оңтүстік аймақтардың біріктірілген максимумдарының мәндері көрсетіледі.

      Солтүстік, Оңтүстік, Батыс аймақтар және бүкіл ҚР БЭЖ бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына деген болжамды сұраныстардың мәндері, ҚР БЭЖ, Солтүстік, Батыс және Оңтүстік аймақтардың біріктірілген максимумдарының мәндері алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға арналған электр қуатына болжамды сұраныста бүтінге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Алдағы және кейінгі күнтізбелік жылдарға электр қуатына әзірленген болжамды сұранысты жүйелік оператор жыл сайын 5 қазанға дейін бірыңғай сатып алушыға және уәкілетті органға жібереді.

      9. Бірыңғай сатып алушыдан қуат нарығы тұтынушысы электр энергиясын тұтынуға техникалық шектеулерді енгізуге (алып тастауға) өтінім түскен кезде Жүйелік оператор қуат нарығының осы тұтынушысының электр энергиясын тұтынуға техникалық шектеулерді енгізуді (алып тастауды) жүзеге асырады. Бұл ретте, Жүйелік опреатор қуат нарығының осы тұтынушысына электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын электр өндіруші ұйымды (ұйымдарды) электр энергиясын тұтынуға көрсетілген техникалық шектеулерді енгізу (алып тастау) туралы хабардар етеді.

      10. Жүйелік оператор жыл сайын 5 қарашаға дейін жазбаша түрде орталықтандырылған сауда нарығы операторын алдағы күнтізбелік жылдың желтоқсан айында күтілетін ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймағын байланыстыратын электр тарату желілерінің өткізгіштік қабілеті туралы хабардар етеді.

3-параграф. Бірыңғай қатысушының электр қуаты нарығына қатысуы

      11. Заңның 15-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес электр қуатына болжамды сұранысты жабу үшін бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасуды (басымдық тәртібімен):

      1) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемін және мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;

      2) уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жүзеге асырады. Бұл ретте осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемін және мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;

      3) Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес ҚР БЭЖ-дегі тапшылықты жабу үшін жасалған және тиісті тұлғалар тобы талап етпеген көлемде – тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдармен жүзеге асырады. Көлемі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 515 бұйрығымен бекітілген Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18004 болып тіркелген) сәйкес айқындалады;

      4) тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф бойынша жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалады және ол энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәнінің және осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінің айырмасын білдіреді, бұл ретте:

      осы көлемде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың (олардың жылу жүктемісінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуаты ескерілмейді;

      егер энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәні осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінен аспаса, осы көлем нөлге тең деп қабылданады;

      5) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен - электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша, осы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша қалыптасқан бағалар бойынша және көлемдерде жыл сайын жиырма бесінші желтоқсанға дейін алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес аталған энергия өндіруші ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес айқындалатын алдағы күнтізбелік жылға арналған электр қуатына болжамды сұраныстың көлемінің және осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес айқындалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерінің айырмасына тең болады.

      Энергия өндіруші ұйымдардың сауда-саттығына жіберілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі Сауда-саттық көлемінен аз болған жағдайларда, бірыңғай сатып алушы жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз жиынтық көлемінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасасады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерге жеке тариф, осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы әр шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу мерзімі мен көлемін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығымен бекітілген Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларына сәйкес уәкілетті орган белгілейді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 болып тіркелген).

      Осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құрамына жылу электр орталығы кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы әр шарт үшін электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша көрсетілетін қызметтер көлемін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 688 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларына сәйкес айқындайды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12510 болып тіркелген).

      13. Бірыңғай сатып алушы жыл сайын Сауда-саттық көлемін, ҚР БЭЖ-нің аймақтарына тиесілі көлемін мына формулалар бойынша есептейді:

      Рсауда.солт = Рсұраныс.солт - Ртендер.солт - Ртізілім.солт - РИС.солт - РТМ.солт,

      Рсауда.оңт = Рсұраныс.оңт - Ртендер.оңт - Ртізілім.оңт - РИС.оңт - РТМ.оңт,

      Рсауда.батыс = Рсұраныс.батыс - Ртендер.батыс - Ртізілім.батыс - РИС.батыс - РТМ.батыс,

      РSсауда = Рсауда.солт + Рсауда.оңт + Рсауда.батыс, онда

      Ртендер.солт, Ртендер.оңт, Ртендер.батыс – бірыңғай сатып алушының ҚР БЭЖ Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарының жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларын салуға өткізілген тендер жеңімпаздарымен жасаған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу туралы шарттардың алдағы күнтізбелік жылға арналған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің жиынтық көлемдері, МВт;

      Ртізілім.солт, Ртізілім.оңт, Ртізілім.батыс – бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 11-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес ҚР БЭЖ-нің Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарының тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасаған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу туралы шарттардың алдағы күнтізбелік жылға арналған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметінің жиынтық көлемдері;

      Рсұраныс.солтүстік, Рсұраныс.оңтүстік, Pсұраныс.батыс – Жүйелік оператор бекіткен алдағы және келесі күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұранысқа сай ҚР БЭЖ-нің Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтары бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұраныстар мәндері, МВт;

      РИС.солтүстік, РИС.оңтүстік, РИС.батыс – жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасасқан ҚР БЭЖ-нің Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарының жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдарымен бірыңғай сатып алушы жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу туралы шарттардың алдағы күнтізбелік жылға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерінің жиынтық көлемдері, МВт;

      РТМ.солт, РТМ.оңт, РТМ.батыс – бірыңғай сатып алушы ҚР БЭЖ-нің Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарының жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасаған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу туралы шарттардың алдағы күнтізбелік жылға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерінің жиынтық көлемі;

      Рсауда.солтүстік, Рсауда.оңтүстік, Рсауда.батыс – ҚР БЭЖ-нің Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарына жататын сауда-саттық көлемдері, МВт;

      Р

сауда – Сауда-саттық көлемдері, МВт.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес есептелген ҚР БЭЖ Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарына келетін сауда-саттық көлемдері туралы ақпаратты бірыңғай сатып алушы жыл сайын бесінші қарашаға дейін орталықтандырылған сауда нарығының операторына береді.

      15. Бірыңғай сатып алушы жыл сайын бесінші қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12489 тіркелген болып тіркелген) (бұдан әрі - Аттестаттауды өткізу қағидалары) сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының аттестаттауынан өткен барлық энергия өндіруші ұйымдарының сауда-саттығына қуатты сатудың рұқсат етілген көлемдері туралы ақпаратты орталықтандырылған сауда нарығының операторына береді.

      16. Бірыңғай сатып алушы жыл сайын отызыншы желтоқсанға дейін Жүйелік операторға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерін сатып алу туралы қолданыстағы шарттары негізінде жасалған энергия өндіруші ұйымдар және алдағы күнтізбелік жылға электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы екі жақты шарттар туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттардың параметрлері өзгерген жағдайда, бірыңғай сатып алушы Жүйелік оператор үшін Ақпаратты уақтылы жаңартады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жасалатын шарттар бойынша ай сайын, бірақ аталған қызмет көрсету айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне ақы төлейді.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жасалған қолданыстағы шарттар бойынша есепті кезең (күнтізбелік ай) үшін энергия өндіруші ұйымдар нақты көрсеткен осы Қағидалардың 44 және 45-тармақтарына сәйкес бірыңғай сатып алушы айқындайтын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерінің көлемдері бірыңғай сатып алушы тарапынан төлеуге жатады.

      Есепті кезеңде (күнтізбелік ай) энергия өндіруші ұйымдар нақты көрсеткен осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемдерін уақтылы төлеу үшін бірыңғай сатып алушы қажет болған жағдайда, шоғырландыру көлемі шегінде осы Қағидаларға сәйкес қызметті жүзеге асыру нәтижесінде ағымдағы күнтізбелік жылдың барлық алдыңғы есептік кезеңдері (күнтізбелік айлары) үшін онда шоғырланған қаражатты пайдаланады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Бірыңғай сатып алушы жүктемені атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге арналған жасасқан шарт негізінде көтерме нарық субъектілері болып табылатын энергия жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға жүктемені атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуді жүзеге асырады.

      19. Жүктемені атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерге бағаны бірыңғай сатып алушы жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға есептейді.

      Бірыңғай сатып алушы жыл сайын бірінші желтоқсанға дейін өзінің интернет-ресурсында растайтын есептермен бірге алдағы күнтізбелік жылға жүктемені атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерге баға орналастырады.

      Бірыңғай сатып алушы жүктемені атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерге бағаны есептеу және интернет-ресурсқа орналастыруды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 685 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілген қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларына сәйкес жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12474 болып тіркелген).

      20. Бірыңғай сатып алушы электр энергиясының нарығын енгізу жылы алдындағы жылдың он бесінші қарашаға дейін электр энергиясының көтерме нарығының субъектілерін көрсете отырып, жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге жасасқан шарттар тізбесін (бұдан әрі - шарттар тізбесі) қалыптастырып, өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

      Шарттар тізбесімен бірге бірыңғай сатып алушы Жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылған және жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге бірыңғай сатып алушымен шарттары жоқ қуат нарығының тұтынушылар тізбесіне енгізілген қуат нарығы тұтынушыларының тізімін де (бұдан әрі - Тізім) орналастырады.

      Бірыңғай сатып алушы интернет-ресурсқа орналастырған шарттар тізбесі мен Тізімді бірыңғай сатып алушы жүктемені арттыруға электр қуаты әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге жаңа шарттар жасасу фактісі бойынша өзектендіреді.

      21. Қуат нарығының тұтынушысы электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге жасалған тиісті шарт бойынша электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету қызметіне ақы төлеу талаптарын бұзған жағдайда немесе қуат нарығының тұтынушысы бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету шартын жасамаған жағдайда, бірыңғай сатып алушы Жүйелік операторға сы қуат нарығы тұтынушысының электр энергиясын тұтынуға техникалық шектеулер енгізу туралы өтінім жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды жою фактісі бойынша бірыңғай сатып алушы Жүйелік операторға осы қуат нарығы тұтынушысының электр энергиясын тұтынуына қойылған техникалық шектеулерді алып тастау туралы өтінім жібереді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Электр қуатының нарығына энергия өндіруші ұйымдардың қатысуы

      22. Заңның 12-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар: электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асыруға (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады).

      23. Заңның 13-бабы 3-2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес энергия өндіруші ұйымдарға бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме арттыруға әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттары жоқ, қуат нарығы тұтынушыларының электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.

      Жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге бірыңғай сатып алушымен шарттары жоқ қуат нарығының тұтынушылары Тізімде көрсетіледі.

      24. Энергия өндіруші ұйым генерацияланатын қондырғының электр қуатына аттестаттау (бұдан әрі - Аттестация) Аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес жүргізгеннен кейін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру қызметтерін өткізуді жүзеге асырады.

      25. Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында бірыңғай сатып алушыға аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатуды жүзеге асырады, бұл ретте мыналар шегеріп тасталады:

      1) тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты;

      2) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға жасалған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты;

      3) есептік жылы экспорттың максималды электр қуаты;

      4) есептік жылы бөлшек сауда нарығы субъектілеріне жеткізілетін максималды электр қуаты;

      5) электр қуатының мына екі мәндерінің ең жоғарғысы:

      есептік жылы өз қажеттілігіне тұтынылатын электр қуатының максималды мәні;

      есептік жылы энергия өндіруші ұйымдар құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының минималды электр қуатының максималды мәндері (олардың жылу жүктемелерінің берілген деңгейі кезінде).

      Егер кезектен тыс аттестаттау өткізу нәтижесінде энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы нәтижелері бойынша бірыңғай сатып алушымен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының дайындығын қолдау қызметінің көлемінен аз болып шықса, онда энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметінің бұл көлемі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.

      Энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу туралы қолданыстағы шартта көрсетілген өз қажеттілігіне тұтынылатын электр қуатының максималды мәні, бөлшек сауда нарығы субъектілеріне жеткізілетін максималды электр қуаты және экспортталатын максималды электр қуаты өзгеріс жоспарланған кезеңнің (күнтізбелік айдың) алдындағы есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) он бесінші күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бірыңғай сатып алушыға тиісті өтінім берген жағдайда жиынтықтап алғанда аттестатталған электр қуаты мен энергия өндіруші ұйымның жиынтық электр қуатының айырмашылығы шегінде өзгертуге жатады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Осы Қағидалардың 25-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім аясында пайдалануға енгізілген генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты ретінде осы Қағидалардың 11-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жасалған (жасасқан) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт (шарттар) бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру көлемі (көлемдері) пайдаланылады.

      Осы Қағидалардың 25-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген есепті жылдағы экспорттың максималды электр қуатына да есепті жылда энергиямен жабдықтау ұйым (ұйымдар) арқылы экспорттың максималды электр қуаты қосылады.

      Осы Қағидалардың 25-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген есепті жылдағы бөлшек сауда субъектілеріне жеткізілетін максималды электр қуаты Жүйелік оператордың интернет-ресурсына қуат нарығы тұтынушыларының тізбесін орналастырған және осы тізбеде бөлшек нарықтың көрсетілген субъектілері болмаған жағдайда ескеріледі (нөлге теңестірілмейді).

      27. Энергия өндіруші ұйым бірыңғай сатып алушымен осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт (шарттар) жасасады.

      28. Бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы жасалған шарттар аясында энергия өндіруші ұйым:

      1) генерациялайтын қондырғлар электр қуатын тұрақты әзірлікте ұстап тұруын;

      2) Жүйелік оператордың тесттік командаларын орындауды;

      3) Жүйелік операторға теңгерімдейтін нарықта электр энергиясын арттыруға және азайтуға реттеуге қатысуға өтінімді күнделікті беруді;

      4) Қазақстан Республикасының энергетика саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілік пен қуатты бастапқы және қосалқы қолдау жүйелерін тұрақты әзірлікте ұстап тұруды (бұл ретте, энергия өндіруші ұйымды жиілік пен қуатты реттеуге тарту энергия өндіруші ұйымдармен келісу бойынша жүргізіледі);

      5) алдағы жоспарлау тәулігіне энергия өндіруші ұйымдар құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуатының мәндері туралы ақпаратты Жүйелік операторға күнделікті беруді;

      6) Жүйелік операторға өз тұтынуындағы ағымдағы электр қуаты және желіге жіберудің ағымдағы электр қуаты, генерацияның ағымдағы электр қуатының мәндері туралы телеметрикалық ақпаратты беруді;

      7) жоспарлаудың тиісті тәулігіне Жүйелі операторға берілген энергия өндіруші ұйымдар құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, жұмыс электрлік генерация қуатының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалған техникалық мүмкіндік шегінде тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес генерация режимін сағат бойынша жоспарлауды жүзеге асырады.

      29. Жүйелік оператор команданы күнтізбелік айда үш реттен жиі емес береді. Бұл ретте, тесттік командалар арасында уақытша аралық үш күнтізбелік күннен кем болмайды.

      Тесттік командалар мен олардың орындалу нәтижелері Жүйелік оператордың және тиісті энергия өндіруші ұйымдардың кезекші персоналының жедел журналдарында тіркеледі.

      30. Жүйелік оператордың тесттік командаларын орындау кезінде генерациялайтын электр қуатының, желіге жіберілетін электр қуатының және энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының электр қуатын арттыру және азайту жылдамдықтарының мәндерін тіркеу Жүйелік оператордың диспетчерлік пункттеріне автоматты түрде трансляциялайтын телеметрия аспаптарының деректері бойынша бақылау жүргізіле отырып, электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйесі өлшемдерінің деректері бойынша жүргізіледі.

      Энергия өндіруші ұйым электр станциясының электр қуатын арттыру мен азайту жылдамдықтарын тіркеу Жүйелік оператор тиісті тесттік командасын берген соң он минуттан кейін басталады, ал соңы Жүйелік оператор тіркеген осы Қағидалардың 32-тармағында көрсетілген электр қуатының тиісті мәніне қол жеткізілгені туралы жедел ақпарат (бұдан әрі – қол жеткізілгені туралы ақпарат) электр станцияларынан келіп түскен уақытпен белгіленеді.

      Генерацияланатын электр қуаты мен желіге жіберілетін электр қуатының мәндері тіркеле бастайтын уақыт Жүйелік операторға қол жеткізілгені туралы ақпарат келіп түскен уақыттан бастап есептеледі, бұл ретте тіркеу ұзақтығы бір сағатты құрайды. Схемалық-режимдік жағдай өзгерген кезде Жүйелік оператор тіркеу ұзақтығын өзгертеді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Электр энергиясын өндіру-тұтыну тәуліктік кестесінің тиісті жоспарлы шамасына қатысты Жүйелік оператордың тесттік командарларын орындау процесінде энергия беруші ұйымдардың электр станциялары шиналарынан қосымша берілген немесе дұрыс берілмеген электр энергиясын ағымдағы есепті кезең (күнтізбелік ай) ішінде Жүйелік оператор физикалық түрде реттейді.

      32. Жүйелік оператордың тесттік команда бойынша энергия өндіруші ұйымы оның құрамына кіретін электр станциялар генерациясының ағымдағы электр қуатының өзгерісін қамтамасыз етеді, бұл ретте:

      1) Жүйелік оператор арттыруға тесттік команда берген жағдайда энергия өндіруші ұйым оның құрамына кіретін электр станциялары генерациялайтын электр қуатының ағымдағы жиынтық мәнін мына формула бойынша айқындалатын мәнге дейін өзгертуді қамтамасыз етеді:

      Рөзг =(Р

+ Рқамт) - Р

- Рқолжетімсіз - Ржөнд, онда

      Рөзг – оған дейін энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының генерацияланатын электр қуатының ағымдағы жиынтық мәні өзгертілетін генерациялайтын электр қуатының мәні, МВт;

      Р

– тиісті күнтізбелік жылдың жиынтық электр қуаты, МВт;

      Р

– тиісті күнтізбелік жылдың жылуландыру қуатының дельтасы, МВт;

      Рқолжетімсіз – қол жетімсіз қуат (тесттік командасын орындаған уақытта), МВт;

      Ржөнд – жөндеу қуаты(тесттік командасын орындаған уақытта), МВт;

      Рқамт – электр қуатымен қамтамасыз ету қызметінің шартты көлемі.

      Бұл ретте, Жүйелік оператор бөлек орындау туралы қосымша өкіммен тесттік команда берген жағдайда, Жүйелік оператордың көрсетілген қосымша өкіміне сәйкес арттыруға тесттік команданы энергия өндіруші ұйымның электр станциялары генерациялайтын ағымдағы электр қуатын осы электр станцияларының генерацияланатын жұмыс электр қуатының мәндеріне дейін кезекпен өзгерту жолымен энергия өндіруші ұйым орындайды, бұл ретте энергия өндіруші ұйым ол туралы ақпаратты Жүйелік операторға ағымдағы тәулікте береді. Аталған электр станциялары қол жеткізген генерациялайтын электр қуатының мәндері Жүйелік оператордың тиісті тесттік командасын орындау нәтижелері бойынша қол жеткізілген энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының генерацияланатын электр қуатының жиынтық мәнін (бұдан әрі – генерациялайтын электр қуатының жиынтық мәні) анықтау үшін бірізді жиынтықталады. Егер бөлек орындау туралы қосымша өкіммен арттыруға берілген тесттік командасын орындау аяқталған сәтке дейін генерацияның электр қуатының жиынтық мәні осы тармақшада талап етілетін мәнге жеткен жағдайда, энергия өндіруші ұйым аталған тесттік командасын орындауды тоқтатады;

      2) Жүйелік оператор азайтуға тесттік команда берген жағдайда, энергия өндіруші ұйым оның құрамына кіретін генерацияның электр қуатының ағымдағы мәнін осы электр станциялары өнеркәсіптік тұтынушыларды бумен жабдықтауды есепке алып, технологиялық және техникалық минимумдардың ағымдағы мәндерінен оларға ең көп мәнге сәйкес келетін мәнге өзгертуді қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте, Жүйелік оператор оны бөлек орындау туралы қосымша өкіммен азайтуға тесттік команда алған жағдайда, арттыруға тесттік команданы Жүйелік оператордың көрсетілген қосымша өкіміне сәйкес энергия өндіруші ұйымдардың электр станциялары генерацияның ағымдағы электр қуатын осы электр станцияларының өнеркәсіптік тұтынушыларын бумен жабдықтауды есепке алып, технологиялық және техникалық минимумдардың ағымдағы міндерінен оларға сәйкес келетін ең көп мәнге дейін алма-кезек өзгерту арқылы энергия беруші ұйым орындайды.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Егер энергия өндіруші ұйым Жүйелік оператордың тиісті командасы бойынша осы Қағидалардың 32-тармағы 2) тармақшасы немесе 1) тармақшасында көрсетілген іс-қимылдарды жүзеге асырмаса немесе осы іс-қимылдарды жүзеге асыру нәтижелері бойынша оларды жүзеге асыруға жұмылдырылған қандай да бір энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының электр қуатының ұлғаюының (азаюының) орташа жылдамдығының мәні электр қуатының ұлғаюының (азаюының) тиісті аттестатталған жылдамдығынан аз болған жағдайда, Жүйелік оператордың тесттік командасы орындалмаған болып саналады.

      34. Егер есепті кезең (күнтізбелік ай) ішінде энергия өндіруші ұйым Жүйелік оператордың қатарынан үш тесттік командасын орындамаған жағдайда не энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша Жүйелік оператор Аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізеді.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Егер энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларына кезектен тыс аттестаттау жүргізу нәтижесі бойынша оның аттестатталған электрлік қуаты желіге беру тиісті жиынтық электр қуатынан аз болса, онда ұстап тұру бойынша қызметтің шарттық көлемін азаю көлеміне азайтуға (бұдан әрі - азайту) жатады, бұл ретте азайту мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезекте азаю көлеміне осы Қағидалардың 11-тармағы 4) тармақшасына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметтер көлемін азайтады;

      2) егер азаю көлемі осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қызмет көлемінен асып кетсе, осы Қағидалардың 11-тармағы 4) тармақшасына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемі төмендейді;

      3) егер азаю көлемі осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметтер көлемінің сомасынан асып кетсе, осы Қағидалардың 11-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемі азаяды.

      Энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы тиісті шартқа азаюға қатысты өзгерістер (бұдан әрі - Азаюға қатысты өзгерістер) енгізуді бірыңғай сатып алушы Жүйелік оператордан энергия өндіруші ұйымдардың аттестатталған электр қуаты туралы тиісті жазбаша ақпарат алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Азаюға қатысты өзгерістерді қолданысқа енгізу күні энергия өндіруші ұйымының электр станцияларын тиісті кезектен тыс соңғы аттестаттау жүргізілген айдың бірінші күні белгіленеді.

      Азаюға қатысты өзгерістер қолданысқа енгізілген жылдың отыз бірінші желтоқсанына дейін қолданыста болады.

      36. Егер электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізу нәтижесінде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім аясында пайдалануға енгізілген генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемінен аз болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі кезекті аттестаттау жүргізгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендейді.

      37. Осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемінің азаюы осы шартқа бірыңғай сатып алушының тиісті түзетуді (бұдан әрі - Түзетулер) енгізуі арқылы жүзеге асырылады.

      Түзетулерді бірыңғай сатып алушы энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының құрамына кіретін жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім аясында пайдалануға енгізілген генерациялайтын қондырғының аттестатталған электр қуатын көрсете отырып, энергия өндіруші ұйымдардың аттестатталған электр қуаты туралы жазбаша түрде жүйелік оператордан тиісті ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Осы Түзетулердің қолданысқа енгізілген күні жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім аясында пайдалануға енгізілген генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттау жүргізу жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтары болып белгіленеді.

      Түзетулер қолданысқа енгізілген жылдың отыз бірінші желтоқсанына дейін қолданыста болады.

      Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім аясында пайдалануға енгізілген генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау Аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      38. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімде (бұдан әрі - Келісім) белгіленген мақсатты индикаторларға қол жеткізбеген жағдайда, уәкілетті орган осы Келісімді бұзуға немесе электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке жеке тарифті, жүйелік операторды хабарландыра отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу көлемі мен мерзімдерін өзгертуге құқылы.

      39. Егер уәкілетті орган энергия өндіруші ұйыммен Келісімді бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бірінші мамырға дейін осы шешім туралы бірыңғай сатып алушыны және Жүйелік операторды жазбаша хабардар етеді.

      Егер уәкілетті орган Келісімде көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу көлемі мен мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдаса, уәкілетті орган бірінші мамырға дейін осы шешім туралы бірыңғай сатып алушыны және Жүйелік операторды жазбаша хабардар етеді.

      Бірыңғай сатып алушы уәкілетті органнан тиісті хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Жүйелік операторды хабардар ете отырып, Келісім негізінде жасалған электр өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы шартты бұзу немесе оған өзгерістер енгізуді жүзеге асырады. Осы шартқа енгізілген өзгерістер ағымдағы есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және олар қолданысқа енгізілген жылдан кейінгі жылдың бірінші мамырына дейін қолданыста болады.

      40. Энергия өндіруші ұйымдар Жүйелік операторға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) (бұдан әрі – Теңгерімдеуші нарықтың жұмыс істеу қағидалары) сәйкес электр энергиясының теңгерімделген нарығында арттыру үшін реттеуге қатысу туралы өтінімді (бұдан әрі – Арттыру туралы өтінім) күн сайын береді.

      Бұл ретте арттыру туралы өтінімде көрсетілетін арттыру үшін реттеудің минималды ұйғарынды шамасы мына формула бойынша операциялық тәуліктердің әрбір сағаты үшін жеке анықталады:

      ОЗарттыру = (Р

+ Рқамтам) - Р

- Рқолжетімсіз - Ржөн - Рген - Рқайта.рет., онда

      ОЗарттыру – операциялық тәуліктің тиісті сағаты үшін арттыруға реттеудің минималды шекті шамасы, МВт;

      Р

– тиісті күнтізбелік жылдың жиынтық электр қуаты, МВт;

      Р

– тиісті күнтізбелік жылдың жылуландыру қуатының дельтасы, МВт;

      Рқолжетімсіз – қолжетімсіз қуат (операциялық тәуліктің тиісті сағаты үшін), МВт;

      Ржөн – жөндеу қуаты (операциялық тәуліктің тиісті сағаты үшін), МВт;

      Рқамтам – электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемі.

      Рген – операциялық тәуліктің тиісті сағатына энергия өндіруші ұйымдар электр станциялары генерациясының электр қуатының жоспарлы жиынтық мәні, МВт;

      Рқайта.рет. – жиілік пен қуатты қосалқы реттеу бойынша қосалқы қызметтер көлемі, оның ішінде Жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымдар көрсететін жиілік пен қуатты автоматты реттеу арқылы, МВт;

      Рқамтам – электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемі.

      Бұл ретте, егер арттыруға өтінім көлемін айқындау нәтижесінде оның мәні теріс болса, онда арттыруға өтінім көлемінің мәні нөлге теңеседі.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Энергия өндіруші ұйым күн сайын Жүйелік операторға Теңгерiмдеуші нарығының жұмыс iстеу қағидаларына сәйкес электр энергиясын теңгерімдеуші нарықта азайтуға реттеуге қатысуға өтінім береді.

      Бұл ретте, өтінімде көсретілген азайтуға реттеу шамасы мына формула бойынша операциялық тәуліктің әр сағаты үшін жеке айқындалады:



      ОЗазайту - операциялық тәуліктің тиісті сағаты үшін азайтуға реттеу шамасы, МВт;

      Рген - операциялық тәуліктің тиісті сағатына жоспарлы, электр өндіруші ұйымдар электр станциялары генерациясының электр қуатының жиынтық мәні, МВт;

      Р∑мин - операциялық тәуліктің тиісті сағаты үшін орташадан көп осы электр станцияларының өнеркәсіптік тұтынушыларын бумен жабдықтауды есепке алып, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары мәнінің сомасы, МВт;

      Рқосалқы реттеу - жиілік пен қуатты қосалқы реттеу бойынша қосалқы қызметтер көлемі (оның ішінде жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымы көрсететін ЖҚАР арқылы), МВт.

      42. Жүйелік оператор өзектендірген энергия өндіруші ұйымның арттыруға (азайтуға өтінім) өтінімі егер энергия өндіруші ұйым осы өтінімді орындау процесінде онда көрсетілген электр қуатының мәніне қол жеткізілмесе, не егер осы өтінімді орындау нәтижесі бойынша оның орындалуына жұмылдырылған қандай да бір энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатының ұлғаюының (азаюының) орташа жылдамдығы электр қуатының ұлғаюының (азаюының) тиісті аттестатталған жылдамдығынан аз болса орындалмаған болып саналады.

      Энергия өндіруші ұйымдардың Жүйелік оператор өзектендірген арттыруға өтінімді және азайтуға өтінімді орындамағаны Жүйелік оператордың және энергия өндіруші ұйымдардың кезекті персоналының жедел журналдарында тіркеледі.

      43. Есептік кезеңде (күнтізбелік ай) энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерін сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттары бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі (бұдан әрі - ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі) мына формула бойынша ондықтарға дейінгі дәлдікпен есептеледі:

      тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кірмейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:

      ҚН = ҚШ * k1 * k2 * mi n (k3; k4) * k5 * k7,

      тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін:

      ҚН = ҚШ - (ҚШ + ҚШг) * (1 - k2 * mi n (k3; k4) * k5 * k6 * k7), онда

      ҚН - энергия өндіруші ұйымның электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алудың барлық қолданыстағы шарттары бойынша ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;

      ҚШ - ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі, МВт;

      КШг – электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтердің шарттық көлемі, МВт;

      k1, k2, k3, k4, k5, k6, k7 – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бірыңғай сатып алушымен шарт (шарттар) немесе электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт (шарттар) жасасқан әр энергия өндіруші ұйым үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есепті кезеңнің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша Жүйелік оператор айқындайтын шексіз коэффициенттер;

      min (k3; k4) – есептік кезеңнің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша k3 және k4 коэффициенттерінен ішіндегі минималдысы.

      k1, k2, k3, k4, k5, k6, k7 коэффициенттерінің мәнін Жүйелік оператор береді:

      1) растайтын құжаттармен бірге осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті акт түрінде тиісті есептік кезең (күнтізбелік күн) аяқталған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алушыға;

      2) осы энергия өндіруші ұйымның тиісті сауалының негізінде растаушы есептермен бірге k1, k2, k3, k4, k5, k6, k7 коэффициенттерінің оған сәйкес келетін мәндері туралы ақпарат түрінде электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға шартты (шарттарды) және электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге шартты (шарттарды) бірыңғай сатып алушымен жасасқан энергия өндіруші ұйымға береді.

      Қажет болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттар бойынша қолдау бойынша қызметтердің нақты көлемі осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес түзетіледі.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Егер осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес есептелген энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттары бойынша ұстап тұру бойынша қызметтердің нақты көлемі қолдау бойынша қызметтердің шарттық көлеміне тең болса, энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы әр қолданыстағы шарт бойынша ұстап тұру бойынша қызметтердің нақты көлемі осы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметтер көлеміне теңестіріледі.

      45. Егер осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес есептелген энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттар бойынша қызметтердің нақты көлемі ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемінен аз болса, энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы әр қолданыстағы шарт бойынша ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі мынадай тәртіпте айқындалады:

      1) энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы әр қолданыстағы шарт бойынша қызметтердің нақты көлемі және ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі айырмасының мәні есептеледі (бұдан әрі – толымсыз жеткізу);

      2) осы Қағидалардың 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарт бойынша қызметтің нақты көлемі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің осы шартта көрсетілген айырмасы және толық жеткізбеу ретінде есептеледі (бұдан әрі – бірінші шарттың айырмасы), бұл ретте бірінші шарттың айырмасы толық жеткізбеудің теріс мәніне теңеледі;

      3) егер толық жеткізбеу осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шарттар бойынша қызметтер көлемінен аспаған жағдайда (аталған шарт бар болған кезде), энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетіна қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы барлық қалған шарттар бойынша ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі осы шарттарда көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлеміне теңестіріледі;

      4) егер толық жеткізбеу осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шарт бойынша қызметтер көлемінен асса немесе аталған шарт жоқ болса, осы Қағидалардың 11-тармағы 3) тармақшасына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарт бойынша ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің нақты көлемі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің осы шартта көрсетілген айырмасы және бірінші шарттың айырмасы мәні модулі (бұдан әрі – екінші шарттың айырмасы) есептеледі, бұл ретте аталған шарт жоқ болса, екінші шарттың айырмасы бірінші шарттың айырмасының мәніне теңестіріледі;

      5) егер толық жеткізбеу осы тармақтың 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген шарттар бойынша (аталған шарттар немесе олардың бірі бар болғанда) қызметтер көлемінен аспаса немесе аталған шарттар жоқ болса, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы барлық қалған шарттар бойынша ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі осы шарттарда көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдеріне теңестіріледі;

      6) егер толық жеткізбеу осы тармақтың 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген шарттар бойынша (аталған шарттар немесе олардың бірі бар болғанда) қызметтер көлемінен асқан жағдайда немесе аталған шарттар жоқ болса, осы Қағидалардың 11-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарт бойынша ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі осы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдеріне айырма және екінші шарттың айырмасы модулі ретінде есептеледі.

      Егер толық жеткізбеу осы тармақтың 2) және (немесе) 4) тармақшаларында көрсетілген шарттар бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемінен (көлемінен) асса, аталған шартқа (шарттарға) сәйкес ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі (көлемдер) нөлге теңестіріледі.

      Тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін есеп осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары бойынша жүргізіледі. Бұл ретте, бірінші шарттың айырмасының мәні теріс болған жағдайда, осы шарттың 2) тармақшасында көрсетілген ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет шартының нақты көлемі нөлге теңестіріледі.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Бірыңғай сатып алушы төлеуге жататын энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарттарды қолдау бойынша қызметтердің нақты көлемдері туралы ақпаратты тиісті есепті кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде энергия өндіруші ұйымның бірыңғай сатып алушысы береді.

5-параграф. Қуат нарығы тұтынушыларының электр қуатының нарығына қатысуы

      47. Заңның 12-бабының 6-тармағына сәйкес электр энергиясының көтерме нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдары және тұтынушылар бірыңғай сатып алушымен жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге шарттар жасасуға және осы шарттар негізінде электр қуаты нарығына қатысуға міндетті.

      48. Заңның 15-3-бабының 2-тармағының бірінші абзацына сәйкес көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді қалыптастырады, онда өздерінің құрамында меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен бар генерациялайтын көздердің электр қуаты есебінен жабылмайтын, алдағы және келесі күнтізбелік жылдардың әр айына тұтынудағы электр қуатының ең жоғары мәндерін (бұдан әрі – тұтынудың максималды айлық қуаты) көрсетеді және оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.

      Бұл ретте көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын және тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді қалыптастырады, онда өздерінің құрамында меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен бар генерациялайтын көздердің электр қуаты есебінен, сондай-ақ өздерімен бірге тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың электр қуаты есебінен жабылмайтын, алдағы және келесі күнтізбелік жылдардың әр айына тұтынудағы электр қуатының ең жоғары мәндерін (бұдан әрі – тұлғалар тобының тұтынушылары үшін тұтынудың максималды айлық қуаты) көрсетеді және оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.

      Осы тармақта көрсетілген тұтынуға арналған болжамды өтінімдер осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысанда ресімделеді.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Тұтынуға арналған болжамды өтінімде қуат нарығының тиісті тұтынушысы орналасқан Қазақстан Республикасының облысы көрсетіледі.

      Бұл ретте егер қуат нарығы тұтынушысы электр энергиясын тұтынуды Қазақстан Республикасының екі немесе одан көп облыстарында жүзеге асырса, онда тұтынуға болжамды өтінімде қуат нарығының тұтынушысы барлық Қазақстан Республикасы бойынша жиынтықта да, оның облыстары бойынша бөліністе де тұтынудың максималды айлық қуатын (тұлғалар топтары тұтынушылары үшін тұтынудың максималды айлық қуаты) көрсетеді.

      Тұтынудың максималды айлық қуаты (тұлғалар топтары тұтынушылары үшін тұтынудың максималды айлық қуаты) тұтынуға болжамды өтінімде ондықтарға дейінгі дәлдікпен МВт-да көрсетіледі.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. Тұтынуға болжамды өтінімде көрсетілетін тұтынудың максималды айлық қуаты (тұлғалар топтары тұтынушылары үшін тұтынудың максималды айлық қуаты) мынадай айқындалады:

      1) энергия беруші ұйымдарды және өнеркәсіптік кешендерді қоспағанда, қуат нарығының барлық тұтынушылары үшін – ішінара орташалау әдісін есепке алып;

      2) энергия беруші ұйымдар үшін – толық орташалау әдісін есепке алып;

      3) өнеркәсіптік кешендер үшін – аралас орташалау әдісін есепке алып көрсетіледі.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартта алдағы күнтізбелік жылға белгіленген жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемі (бұдан әрі - қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемі) алдағы күнтізбелік жылға осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылда берілген және болжамды сұранысқа енгізілген тұтынуға тиісті болжамды өтінімде көрсетілген тұтынатын максималды электр қуаты болып табылады.

      Электр энергиясының көтерме сауда нарығы нарығында жаңадан құрылған тұтынушы ағымдағы жылға тұтынуға арналған өтінімді және келер жылға тиісті жүкті көтеру үшін электр энергиясының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету бойынша келісім-шарт жасасуға тиісті келіп түскен өтінімді ұсынады және электр энергиясына нарыққа қатысады.

      52. Қажет болған жағдайда, қуат нарығының тұтынушылары қамтамасыз ету бойынша шарттық көлем белгіленген күнтізбелік (есептік) жыл ішінде бірыңғай сатып алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзінің ресми бланкісінде қамтамасыз ету бойынша қызметтік шарттық көлемін ұлғайтуға өтінім (бұдан әрі – ұлғайтуға өтінім) береді.

      Ұлғайтуға өтінімді қуат нарығының тұтынушысы желтоқсан айынан басқа, ағымдағы есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) он бесінші күнінен кешіктірмейтін мерзімде береді.

      Егер ұлғайтуға өтінімді қуат нарығының тұтынушысы осы тармақтың бірінші және екінші бөлімдеріне сай берген жағдайда, бірыңғай сатып алушы жүктемені арттыруға электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге арналған тиісті шартқа қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізеді, бұл өзгерістер алдағы есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) бірінші күнінен бастап күшіне енеді.

      Бұл ретте, бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті қосымша сатып алуды жүзеге асырмайды.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемінің азаю жағына өзгеруіне энергия жабдықтаушы ұйымдарға қатысты мынадай жағдайларды қоспағанда жол берілмейді:

      1) электр энергиясын тұтынушы Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған бір энергиямен жабдықтаушы ұйымнан (бұдан әрі - бірінші ЭЖҰ) екінші энергиямен жабдықтаушы ұйымға (бұдан әрі - басқа ЭЖҰ) ауысқан жағдайда;

      2) тұтынудың максималды қуаты энергиямен жабдықтаушы ұйымның қамтамасыз ету бойынша қызметтердің шарттық көлемінде ескерілген электр энергиясының бөлшек нарығы субъектісін жүйелік оператордың интернет-ресурсына орналастыраған қуат нарығы тұтынушыларының тізбесіне енгізген және олардың бірыңғай сатып алушымен жүктемені арттыруға арналған шарт жасасқан жағдайда.

      54. Қағидалардың 53-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде бірінші ЭЖҚ қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемі электр энергиясын тұтынушының электр қуатының келесі екі мәнінен аз мән шегінде: бірінші ЭЖҚ қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемінде ескерілген мән және осы электр энергиясын тұтынушысының ауысуын көрсете отырып, тікелей байланысты басқа ЭЖҚ қамтамасыз ету бойынша қызметтік шарттық көлемін (шарттық көлемдерін) ұлғайту бөлігіндегі тең мән азаяды.

      Қағидалардың 53-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде энергия жабдықтаушы ұйымды қамтамасыз ету бойынша қызметтік шарттық көлемі қуат нарығының көрсетілген тұтынушысының электр қуатының келесі екі мәндерінің ең аз мәні шегінде энергия жабдықтаушы ұйымдардың қамтамасыз ету бойынша қызметтердің шарттық көлемінде ескерілген мән және қуат нарығының осы тұтынушысының қамтамасыз ету бойынша қызметтердің шарттық көлемінің мәні азаяды.

      55. Осы Қағидалардың 53-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген қамтамасыз ету бойынша қызметтердің шарттық көлемдерін азайту тиісті энергиямен жабдықтаушы ұйымның бірыңғай жеткізушіге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресми бланкіде ағымдағы күнтізбелік жылға белгіленген оның қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемін азайтуға өтінім беру арқылы жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 53-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемін азайту тиісті энергиямен жабдықтаушы ұйым бірыңғай жеткізушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресми бланкіде азайтуға өтінімді беру арқылы жүзеге асырады.

      Азайтуға өтінім тиісті есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) 15 күнінен кешіктірмей, қамтамасыз ету бойынша қызметтің тиісті шарттық көлемін белгілеген күнтізбелік жыл ішінде беріледі.

      Егер азайтуға өтінім осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес бірыңғай сатып алушы жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге арналған тиісті шартқа азайтуға көрсетілген өтінім берілген оның есепті кезеңнен (күнтізбелік айдан) кейінгі есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) бірінші күнінен бастап күшіне енетін қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемін азайту бөлігіне өзгерістер (осы Қағидалардың 54-тармағын есепке алып) енгізеді.

      56. Қуат нарығы тұтынушысының электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарында электр энергиясын сатып алуы (сатып алуы) (бұдан әрі – Сатып алу) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге Бірыңғай сатып алушымен жасалған шарт болған кезде жүзеге асырылады.

      Нарық тұтынушысында бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарты болмаған кезде, Жүйелік оператор тәуліктік графикті қалыптастыру кезінде осы тұтынушының алдағы тәуліктің әрбір сағатына электр энергиясын өндіру-тұтыну жөніндегі өтінімдерін қабылдамайды.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57. Көтерме нарық субъектісі болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушының қызметін ай сайын бірыңғай сатып алушы есептелген күнтізбелік жыл ішінде тіркелген баға бойынша осы қызметті жеткізу айы аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеуге міндетті.

      58. Осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілген жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерге төлемнің нақты шамасын бірыңғай сатып алушы бірыңғай сатып алушының есепті кезеңде (күнтізбелік айда) нақты көрсеткен осы Қағидалардың 61-тармағына сәйкес айқындалған жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлеміне қарай қуат нарығының әр тұтынушысы үшін жеке айқындайды.

      59. Қуат нарығының тұтынушысына есептік кезеңде (күнтізбелік айда) бірыңғай сатып алушы нақты көрсеткен жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігінін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көлемі (бұдан әрі – қамтамасыз ету бойынша қызметтің нақты көлемі) мына формула бойынша ондықтарға дейінгі дәлдікпен есептеледі:

      электр энергиясы көтерме нарығының субъектілері болып табылмайтын және тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кірмейтін энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар үшін:

      НК = ШК + n0 * D0, онда

      НК – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;

      ШК – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;


о – есепті кезеңдегі қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің тиісті шарттық көлеміндегі қуат нарығының тұтынушысы тұтынатын электр қуатының нақты максималды мәнін арттыру мәні, МВт;

      n0

0-ге тәуелді шексіз коэффициент:

      1) n0 = 0, егер

0 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 5,0 пайыз аспаған жағдайда;

      2) n0 = 1,3, егер

0 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 5,1-ден 20,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;

      3) n0 = 1,5, егер

0 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 20,1-ден 40,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;

      4) n0 = 1,7, егер

0 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 40,1-ден 50,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;

      5) n0 = 2,0, егер

0 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 50,0 пайызға асқан жағдайда;

      электр энергиясы көтерме нарығы субъектілері болып табылатын және тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар үшін:

      НК = ШК + n1 *

1, онда

      НК - қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;

      ШК - қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;

      n -ге тәуелді шексіз коэффициент:

      1) n1 = 0, егер

1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 5,0 пайыз аспаған жағдайда;

      2) n1 = 1,3, егер

1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 5,1-ден 20,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;

      3) n1 = 1,5, егер

1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 20,1-ден 40,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;

      4) n1 = 1,7, егер

1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 40,1-ден 50,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;

      5) n1 = 2,0, егер

1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 50,0 пайызға асқан жағдайда;

1 - электр энергиясы көтерме нарығы субъектілері болып табылатын және тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін тұтынушының тұтынуының электр қуаты мәнінің есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) нақты максималды мәнінің қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің тиісті шарттық көлемі мен онымен бірге тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы екі жақты шарттар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету қызметтерінің оған нақты көрсеткен қызмет көлемдерінің қосындысынан артуы, МВт, мынадай формула бойынша есептеледі:


      ШК - қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;

      НМ - тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін және электр энергиясы көтерме нарығы субъектілері болып табылатын тұтынушының электр қуатын тұтынуының есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) нақты максималды мәні, МВт;

      НКг.i - аталған энергия өндіруші ұйымның электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі барлық қолданыстағы екі жақты шарттар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету қызметтерінің есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) осы Қағидалардың 91-тармағына сәйкес белгіленетін i-ші энергия өндіруші ұйым нақты көрсеткен көлем, МВт;

      ШКг.i - i-ші энергия өндіруші ұйым электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтердің шарттық көлемі, МВт;

      Дi - тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін және электр энергиясы көтерме нарығы субъектілері болып табылатын тұтынушы i-ші энергия өндіруші ұйыммен жасаған электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты шартта белгіленген электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, МВт;

      n - тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін және электр энергиясы көтерме нарығы субъектілері болып табылатын тұтынушы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарт жасаған энергия өндіруші ұйымдардың саны;

      i - реттік нөмірі, 1-ден n-ға дейін;


- i бойынша сомасы.

      Бұл ретте,

1 коэффициентінің мәні теріс болған жағдайда, оның мәні нөлге тең болып қабылданады.
      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Есептік кезеңде (күнтізбелік айда) қуат нарығы тұтынушыларының электр қуатын тұтынуының нақты максималды мәндерін Жүйелік оператор әрбір есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) қорытындысы бойынша мына әдістермен айқындайды:

      1) ішінара орташалау әдісі бойынша - энергия беруші ұйымдарды және өнеркәсіптік кешендерді қоспағанда, қуат нарығының барлық тұтынушылары үшін;

      2) толық орташалау әдісі бойынша - энергия беруші ұйымдар үшін;

      3) аралас орташалау әдісі бойынша – өнеркәсіптік кешендер үшін.

      Жүйелік оператор есептік кезеңде (күнтізбелік ай) қуат нарығы тұтынушылары тұтынатын электр қуатының нақты максималды мәндерін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті акт түрінде тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алушыға береді.

      Қуат нарығы тұтынушысының тұтынатын электр қуатының есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) нақты максималды мәнін айқындау кезінде пайдаланылатын электр қуатының мәндері Жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алуының автоматтандырылған жүйесінің орталық деректер базасына келісілген хаттамалар бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректер базасынан сағат бойынша есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректері бойынша айқындалады. Жүйелік операторда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі - ЭКЕАЖ) деректері болмаған жағдайда, есептік кезеңдегі (күнтізбелік айда) қуат нарығы тұтынушысының тұтынатын электр қуатының нақты максималды мәні жүктеменің өңірлік бейіні бойынша айқындалады. Жүктеменің өңірлік бейіні өңірдің электр энергиясын тұтынуының нақты сағаттық графигі мен ЭКЕАЖ-мен жарақталған қосылыстар бойынша электр энергиясы көтерме нарығы субъектілерінің және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың келісімшарттық тұтынушыларының тұтынуы бойынша сағаттық деректер айырмасы ретінде айқындалады. Бір өңірде (облыста, энергия торабында) орналасқан және толық көлемде электр энергиясын тұтынған (алған) мөлшер туралы ЭКЕАЖ-ның сағаттық деректері жоқ электр энергиясының көтерме нарығы субъектілері үшін өңірлік электр желілік компания әр ай үшін жеке Жүйелік оператормен келісілген өңірлік жүктеме бейінін айқындайды.

      Өңірлік электр желілік компания өңірлік жүктеме бейінін тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде Жүйелік операторға береді.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. Тиісті растаушы есептермен бірге қуаттың нарық тұтынушылары төлеуге жататын қамтамасыз ету бойынша қызметтердің нақты көлемдері туралы ақпаратты бірыңғай сатып алушы тиісті есепті кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап он екі жұмыс күні ішінде қуат нарығының тұтынушысына береді.

      62. Бірыңғай сатып алушы мен қуат нарығы тұтынушысы арасында жасалған электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету шарты мына жағдайларда бұзылады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қуат нарығының тұтынушысы таратылған жағдайда, бұл ретте энергия өндіруші ұйымдардың электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттар бойынша қолдау қызметтерінің нақты көлемдері тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік ай) бірыңғай сатып алушы алдында осы тұтынушының қаржылық міндеттемелерін жабу үшін қажетті тиісті шамада ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемдеріне пропорционалды төмендейді;

      2) мына талаптардың барлығы орындалған жағдайда: қуат нарығы тұтынушысының электр энергиясы нарығына қатысуы тоқтатылғанда, аталған тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйыммен энергиямен жабдықтау шартын жасағанда, тиісті энергиямен жабдықтаушы ұйым қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемін арттырғанда, тұтынушының бірыңғай сатып алушыға электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге шартты бұзуға өтінім (бұдан әрі – шартты бұзуға өтінім) бергенде және аталған тұтынушының Жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылған қуат нарығы тұтынушыларының тізбесінен тиісінше шығарылғанында;

      3) мына талаптардың барлығы орындалған жағдайда: қуат нарығы тұтынушысының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысуы тоқтатылғанда, аталған тұтынушының бірыңғай сатып алушы алдында берешегі болмағанда, аталған тұтынушы бірыңғай сатып алушыға шартты бұзуға өтінім бергенде, аталған тұтынушының Жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылған қуат нарығы тұтынушыларының тізбесінен тиісінше шығарылғанында.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген энергиямен жабдықтаушы ұйым осы тармақшада көрсетілген электр энергиясы көтерме сауда нарығында өзінің қатысуын тоқтатқан тұтынушының қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемінен кем емес көлемде қамтамасыз ету бойынша шарттық көлемді арттырады.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шартты бұзуға өтінімді қуат нарығы тұтынушысы бірыңғай сатып алушыға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген энергиямен жабдықтаушы ұйым ұлғайтуға тиісті өтінімді берген есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) он бесінен кешіктірмей береді.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген шартты бұзуға өтінімді қуат нарығы тұтынушысы бірыңғай сатып алушыға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес өзінің электр энергиясының көтерме сауда нарығында қатысуын тоқтататын есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) он бесінен кешіктірмей береді.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тұтынушының бірыңғай сатып алушы алдында берешегі болмауы ретінде алдыңғы есептік кезең (күнтізбелік айлар) үшін қызметтің нақты көлемдерін төлеу бойынша берешектің болмауы және қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемін тұтынушы шартты бұзуға өтінім берген ағымдағы есептік кезең (күнтізбелік ай) және ағымдағы (есептік) жылдың кейінгі есептік кезеңдері (күнтізбелік айлар) үшін төлем қабылданады.

      Бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шартты осы тармақтың 2) тармақшасында (3) тармақшасында) көрсетілген барлық талаптар орындалған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде бұзады.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-параграф. Орталықтандырылған сауда нарығы операторының электр қуаты нарығына қатысуы және электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      63. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы (бұдан әрі - нарық операторы) жыл сайын қараша айының екінші онкүндігінде алдағы күнтізбелік жылға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын (бұдан әрі - сауда-саттық) ұйымдастырады және өткізеді.

      64. Сауда-саттық нарық операторының интернет-ресурсына орналастырылып, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу кестесіне сәйкес бір жылға жеткізу (көрсету) мерзімімен біржақты аукцион нысанында нарық операторының сауда жүйесінің интернет-ресурсында қашықтықтан өткізіледі.

      Сауда-саттықты өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсаты үшін сауда залында сауда-саттық ішінде сауда-саттықты кейінге қалдырған, ауыстырған жағдайда сауда-саттықты өткізгенде коммерциялық құпияны, құпия ақпаратты таратпау туралы міндеттемеге қол қойған сегіз адамнан аспайтын санда мемлекеттік органдар, қауымдастықтар және қоғамдық бірлестіктер өкілдері ішінен бақылаушылар тобының қатысуын қамтамасыз етеді.

      65. Нарық операторы сауда-саттық өткізген күнге дейін кемі жеті күнтізбелік күн бұрын сауда жүйесінің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы алда өтетін сауда-саттық туралы қатысушыларды хабардар етеді.

      66. Нарық операторы шартты негізде бірыңғай сатып алушыға және нарық субъектісіне орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерді көрсетеді.

      67. Сауда-саттықты нарық операторы мына дәйектілікпен жүргізеді:

      1) қатысушылары ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймағының ғана жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдары (бұдан әрі - ЭӨҰ) болып табылатын ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін есепке алып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша бірлескен сауда-саттықтар;

      2) ЕЭС РК қатысушылары ҚР БЭЖ Батыс аймағының ғана ЭӨҰ болып табылатын ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша жекелеген сауда-саттықтар.

      68. Нарық операторы ЭҚҰ-ға мына шарттарды орындаған кезде сауда-саттыққа рұқсат етіледі:

      1) ЭҚҰ Заңның 17-бабының 3-тармағына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттық нарығына қатысу шарты жасасса;

      2) ЭҚҰ нарық операторы айқындаған тәртіпте нарық операторының сауда жүейесіне тіркелуі жүзеге асырылса;

      3) ЭҚҰ сауда-саттық операторының жұмыс орны сауда жүйесінің дерекқорымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін техникалық және бағдарламалық құралдармен жабдықталса;

      4) нарық операторына сауда жүйесінде жұмыс бойынша нарық операторында нұсқамадан өткен ЭҚҰ сауда операторы - уәкілетті адамдарының тізімін ұсынса;

      5) нарық операторына бірыңғай сатып алушы берген ақпарат осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ЭҚҰ сауда-саттығына қуатты сатудың шекті көлемі туралы ақпаратты қамтыса.

      69. Сауда-саттық басталғанға дейін нарық операторы сауда жүйесіне:

      1) бірыңғай сатып алушыдан алынған ҚР БЭЖ Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарға келетін сауда көлемдері туралы ақпаратты;

      2) алдағы күнтізбелік жылда желтоқсан айында жүйелі оператордан алынған ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің күтілетін өткізу қабілеті туралы ақпаратты;

      3) бірыңғай сатып алушыдан алынған әр ЭӨҰ сауда-саттығында қуатты сатудың шекті көлемі туралы ақпаратты;

      4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерге шекті тарифтің мәні туралы ақпаратты енгізеді.

      70. ЭӨҰ сауда-саттыққа қатысу үшін нарық операторына электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатуға өтінім (бұдан әрі - Сатуға өтінім) береді.

      71. Сатуға өтінім мынаны қамтиды:

      1) МВт-да көрсетілген және еселі бір МВт сауда-саттықта қуатты сатудың тиісті шекті көлемінен аспайтын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемі;

      2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтік минималды шекті көлемі, МВт және еселі бір МВт;

      3) энергия өндіруші ұйымдардың атауы;

      4) айына бір МВт үшін еселі бір мың теңге, уәкілетті орган бекіткен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке шекті тарифтен аспайтын ҚҚС-сыз Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен айына бір МВт үшін мың теңгемен көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерге баға;

      5) электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті көрсету мерзімі, оны көрсетуді бастаған және аяқтаған күн;

      6) сатуға өтінімге қол қойған басшының немесе жауапты адамның тегі және аты-жөні;

      7) энергия өндіруші ұйымдардың деректемелері (телефон, факс, электрондық пошта мекенжайы).

      72. Сатуға өтінім беру Интернет желісін пайдалана отырып және факсимильдік байланысты пайдалана отырып, сауда сессиясы ішінде жүзеге асырылады, бұл ретте:

      1) Интернет желісін пайдалана отырып берілген сатуға өтінімді ЭӨҰ нарық операторының интернет-ресурсында тікелей қалыптастырады;

      2) факсимильдік байланыс арқылы берілетін сатуға өтінімге ЭӨҰ уәкілетті адамды қол қоюы тиіс.

      Факсимильдік байланыс арқылы берілген сатуға өтінімде бар деректер, оның ішінде нарық операторы оны алған күні мен уақытын нарық операторы сауда жүйесінің деректер базасына енгізеді.

      73. ЭӨҰ сатуға өтінімді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін сатуға жаңа өтінім беру арқылы сатуға бұрын берілген өтінімді жоюға немесе өзгертуге құқылы. Бұл ретте, сатуға жаңа өтінімде көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемі сатуға алдыңғы өтінімде көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлеміне тең болуы тиіс.

      74. Сауда-саттықта ЭӨҰ қуатты сатудың тиісті шекті көлемінен асатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемі, сатуға өтінімді нарық операторы қабылдамайды.

      75. Сатуға өтінімдерден осы сатуға өтінімдерде көрсетілген нарық операторы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерге бағаның арту тәртібінде сараланған кесте қалыптастырады.

      76. Нарық операторы сауда-саттық нәтижелері бойынша кімнің сатуға өтінімдері ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін есепке алып, ҚР БЭЖ Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарға келетін Сауда-саттық көлемдеріне кірген ЭӨҰ тізімін айқындайды және осы тізім негізінде сауда-саттық нәтижесі бойынша жасалатын сатуға тиісті өтінімдердің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтердің бағалары мен көлемдерін көрсете отырып, сауданы жапқаннан кейін бір сағат ішінде нарық операторының интернет-ресурсында жарияланатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарттардың тізілімін қалыптастырады.

      Осы шарттың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттар сатуға тиісті өтінімдерде көрсетілген баға бойынша жасалады.

      77. Нарық операторы сауда-саттық нәтижесі бойынша сауда сессиясы жабылғаннан кейін бір сағат ішінде ЭӨҰ мен бірыңғай сатып алушыға электрондық түрде өткен сауда-саттық нәтижелері туралы хабарлама жібереді. Жазбаша хабарламаны тиісті сауда-саттық өткізген күннен кейінгі жұмыс күнінің сағат 18.00-ден (Астана уақыты бойынша) кешіктірмейтін мерзімде ЭӨҰ және бірыңғай сатып алушыға жібереді.

      78. Нарық операторы тиісті сауда-саттық өткізген күннен кейінгі жұмыс күнінің сағат 18.00-ден (Астана уақыты бойынша) кешіктірмейтін мерзімде өткен сауда-саттықтың қорытындыларын қалыптастырады және уәкілетті органға және бірыңғай сатып алушыға жібереді.

      79. Сауда-саттық мына мән-жайлардың бірі басталған жағдайда 30 (отыз) минутқа тоқатылуы мүмкін:

      1) сауда жүйесінің жұмысқа қабілетсіздікке алып келген сервер жабдығындағы немесе электрондық жүйедегі техникалық ақаулар;

      2) сауда желісіне кіру қолжетімсіздігіне алып келген интернет желілерінің байланыс арналары немесе жабдықтардың техникалық ақаулары.

      80. Сауда-саттықты тоқтата тұрған кезде нарық операторы қанша уақыт ішінде сауда-саттық процесі қалпына келетінін көрсете отырып, сауданы тоқтата тұру себебі туралы қолжетімді техникалық байланыс құралдары арқылы сауда-саттықтың тиісті қатысушыларын жедел хабардар етеді.

      81. Сауда-саттық мына мән-жайлар басталған кезде кейінге қалдырылуы мүмкін:

      1) осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген техникалық ақауларды жоюға отыз минуттан астам уақыт талап етіледі;

      2) сауда залы және (немесе) сауда жүйесінің серверлік жабдығын электрмен жабдықтауда ұзақ, екі сағаттан астам үзіліс;

      3) уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан аукциондық сауда-саттықтар өткізуге тыйым.

      Нарық операторы осы тармақта көрсетілген себептер бойынша сауда-саттықты кейінге қалдырған жағдайда, қайта сауда-саттық өтеді. Қайта сауда-саттық жүргізуді нарық операторы айқындаған тәртіпте жүзеге асырады. Бұл ретте, ЭӨҰ берген сатуға өтінім жойылады да, нарық операторы белгілеген күні қайта беріледі.

      82. Нарық операторының қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тариф бойынша сауда-саттыққа қатысушылар төлейді.

7-параграф. Дауларды шешу

      83. Қуат нарығында олардың қызметі нәтижесінде электр энергиясының көтерме нарық субъектілері арасында туындаған даулар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.

8-параграф. Тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылардың электр қуаты нарығына қатысуы

      Ескерту. 2-тарау 8-параграфпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      84. Энергия өндіруші ұйымдармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар осы тұлғалар тобындағы заңды тұлғаларға меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі генерациялайтын көздер есебінен қуатпен қамтамасыз етілуге құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқық энергия өндіруші ұйымдармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдарға қолданылмайды.

      85. Тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тиісті тұлғалар тобы шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар арасында электр қуатымен қамтамасыз ету жөнінде екі жақты шарттар жасалады.

      Электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарт аталған шарттардың тараптары белгілеген бағалар мен көлемдер бойынша алдағы күнтізбелік жылға жыл сайын жасалады, соған қоса бұл шартта мына міндетті параметрлер көрсетіледі:

      1) энергия өндіруші ұйым он пайыздық резервті есепке ала отырып, тұтынушыға электр қуатын қамтамасыз ету бойынша көрсетуі міндетті қызмет көлемі;

      2) тұтынушы электр өндіруші ұйымның электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметіне ақы төлеуге міндеттенетін баға;

      3) энергия өндіруші ұйым электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге, ал тұтынушы бұл қызметті сатып алуға міндеттенетін шарттың қолданылу мерзімі (жылы);

      шарттың қолданылу мерзімі (жылы) ішіндегі өз қажеттілігіне электр қуатын тұтынудың максималды мәні (соның ішінде электр станцияларының өз қажеттілігіне электр қуатының максималды мәні), бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізудің максималды электр қуаты және энергия өндіруші ұйым экспортының максималды электр қуаты.

      86. Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген, тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар жыл сайын электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарттар жасалатын жылдың алдындағы жылының бірінші тамызына дейін бірыңғай сатып алушыға көрсетілген (жасалған) шарттардың тиісті көшірмелерін (бұдан әрі – көшірмелер) ұсынады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген көшірмелерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін тиісті энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларын кезектен тыс аттестаттау өткізу нәтижелері бойынша осы көрсетілетін қызметтер көлемін төмендету жағдайларын есепке алмағанда, электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарттарда көрсетілген электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көлемі осы шарттардың қолданылу мерзімдері аяқталғанға дейін өзгертілмейді.

      87. Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдар аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде орталықтандырылған сауда-саттықта бірыңғай сатып алушыға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатуды жүзеге асырады, бұл ретте мыналар шегеріледі:

      1) есептік жылда экспорттың максималды электр қуаты;

      2) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізудің есептік жылдағы электр қуатының максималды мәні;

      3) өз қажеттілігіне тұтынудың есептік жылдағы электр қуатының максималды мәні;

      4) көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын және онымен бірге тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға жеткізудің есептік жылдағы электр қуатының максималды мәні.

      Электр қуатын кезектен тыс аттестаттауды өткізу нәтижесінде тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша бірыңғай сатып алушымен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көрсетілген көлемі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.

      Энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарттарда көрсетілген меншік тұтынудың электр қуатының максималды мәні, бөлшек сауда нарығы субъектілеріне жеткізудің максималды электр қуаты және экспорттың максималды электр қуаты аттестатталған электр қуаты және энергия өндіруші ұйымның жиынтық электр қуатының әртүрлілігі мәнінің шегінде жалпы өзгертілуі тиіс, жоғарыда аталған өзгеріс жоспарланып отырған есептік кезеңінің (күнтізбелік ай) алдындағы есептік кезеңінің (күнтізбелік ай) он бесінен кеш емес мерзімде бірыңғай сатып алушыға тиісті өтінім берген жағдайда болады.

      88. Осы Қағидалардың 87-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген есептік жылдағы экспорттың максималды электр қуатына есептік жылдағы энергиямен жабдықтаушы ұйым (ұйымдар) арқылы экспорттың максималды электр қуаты енгізіледі;

      Осы Қағидалардың 87-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген есептік жылдағы бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізудің максималды электр қуаты Жүйелік оператордың интернет-ресурсында қуат нарығы тұтынушыларының тізбеде орналастырған және көрсетілген бөлшек сауда нарығы тұтынушыларының осы тізбеде болмауы шартымен есепке алынады (нөлге теңелмейді).

      Осы Қағидалардың 87-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген электр қуатының максималды мәні ретінде электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтің тиісті шарттық көлемінің мәні қолданылады.

      89. Осы Қағидалардың 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы бірыңғай сатып алушымен шарт жасамаған, бірақ тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушымен (тұтынушылармен) электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарт жасасқан энергия өндіруші ұйым мыналарды:

      1) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын тұрақты әзірлікте ұстап тұруды;

      2) Жүйелік оператордың тесттік командаларын орындауды;

      3) Жүйелік операторға теңгерімдейтін нарықта электр энергиясын арттыруға және азайтуға реттеуге қатысуға өтінімдерді күнделікті беруді;

      4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілік пен қуатты бастапқы және қосалқы қолдау жүйелерін тұрақты әзірлікте ұстап тұруды (бұл ретте, энергия өндіруші ұйымды жиілік пен қуатты реттеуге тарту энергия өндіруші ұйымдармен келісу бойынша жүргізіледі);

      5) алдағы жоспарлау тәулігіне энергия өндіруші ұйымдар құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуатының мәндері туралы ақпаратты Жүйелік операторға күнделікті беруді;

      6) Жүйелік операторға өз қажеттілігіне тұтынуындағы ағымдағы электр қуаты және желіге жіберудің ағымдағы электр қуаты, генерацияның ағымдағы электр қуатының мәндері туралы телеметрикалық ақпаратты беруді;

      7) жоспарлаудың тиісті тәулігіне Жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымдар құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, жұмыс электрлік генерация қуатының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалған техникалық мүмкіндік шегінде тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес генерация режимін сағат бойынша жоспарлауды жүзеге асырады.

      90. Егер тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген, тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларына кезектен тыс аттестаттау жүргізу нәтижесі бойынша оның аттестатталған электрлік қуаты желіге жіберудің электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемінің мәніне арттырылған тиісті жиынтық электр қуатынан аз болса, онда ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі және электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемі мынадай тәртіпте қысқарту көлеміне шегертілуі тиіс:

      1) бірінші кезекте азаю көлеміне осы Қағидалардың 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметтер көлемін азайтады;

      2) егер азаю көлемі осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қызмет көлемінен асатын болса немесе электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт болмаса, электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтердің шарттық көлемі тиісті мәнге төмендейді, соған қоса бұл төмендеу электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтердің екі жақты шарттардың қызмет көлемдері арасында электр қуатын қамтамасыз ету бойынша қызметтердің шарттық көлеміндегі әрқайсысының бөлігіне тепе-тең үлестіріледі.

      Энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы тиісті шартқа азаюға қатысты өзгерістер енгізуді бірыңғай сатып алушы Жүйелік оператордан энергия өндіруші ұйымдардың аттестатталған электр қуаты туралы тиісті жазбаша ақпарат алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарттарға тиісті өзгерістер енгізуді энергия өндіруші ұйым және онымен бірге тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген, бір тұлғалар тобына кіретін тиісті тұтынушылар Жүйелік оператордан аттестатталған электр қуаты туралы тиісті жазбаша ақпарат алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Өзгерістер енгізілген электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша шарттардың көшірмелерін тиісті энергия өндіруші ұйымдар және тұтынушылар бірыңғай сатып алушыға Жүйелік оператордан аттестатталған электр қуаты туралы тиісті жазбаша ақпарат алған күнінен бастап он екі жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Энергия өндіруші ұйымның электр станциялары тиісті кезектен тыс аттестаттаудан өткен айдың бірінші күні осы тармақта көрсетілген шарттарға өзгерістердің қолданысқа енгізу күні болып белгіленеді.

      Бұл өзгерістер қолданысқа енгізілген жылдың отыз бірінші желтоқсанына дейін қолданылады.

      91. Энергия өндіруші ұйымның есептік кезеңде (күнтізбелік кезеңде) электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы екі жақты шарттар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша нақты көрсеткен қызметінің көлемін (бұдан әрі – электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтің нақты көлемі) бірыңғай сатып алушы мына формула бойынша ондықтарға дейінгі дәлдікпен есептейді:

      НКг = ШКг - |НК|, онда

      НКг – энергия өндіруші ұйымның электр қуатын қамтамасыз ету бойынша барлық қолданыстағы екі жақты шарттар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;

      ШКг – электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;

      НК – энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы барлық шарттар бойынша әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;

      |НК| – НК модулі, МВт (егер НК мәні нөлден жоғары болса, бұл қосылғыш нөлге тең).

      92. Энергия өндіруші ұйымның электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы барлық екі жақты шарттар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты энергия өндіруші ұйымның бірыңғай сатып алушысы тиісті есептік кезеңі (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұсынады.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның жұмыс
істеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Алдағы 20___ жылға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттардың және электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы екі жақты шарттардың негізінде қалыптастырылған энергия өндіруші ұйымдар туралы ақпарат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. 1-кесте.*

ЭӨҰ атауы

Ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт

соның ішінде:

Жиынтық электр қуаты, МВт

Жылуландыру қуатының дельтасы, МВт

Желіге жіберудің жиынтық электр қуаты, МВт

Жиынтық шегерілетін электр қуаты, МВт

Электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемі, МВт

АЖ бойынша қызметтің шарттық көлемі, МВт**

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.









2.









3.









      Ескертпе:

      * - кестенің параметрлерінің сандық мәні бүтінге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      ** - Заңның 15-4-бабына сәйкес уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасасқаннан кейін (негізінде) бірыңғай сатып алушымен энергия өндіруші ұйым жасасқан электр қуаты дайындығын қолдау бойынша қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі;

      МВт - мегаватт.

      2. 2-кесте.*

ЭӨҰ атауы

Өз қажеттілігіне тұтыну электр қуатының максималды мәні, МВт

соның ішінде:

Бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізулердің максималды электр қуаты, МВт**

Экспорттың максималды электр қуаты, МВт

Электр станцияларының өз қажеттіліктерінің электр қуатының максималды мәні, МВт

1

2

3

4

5

6

1.






2.






3.






      Ескертпе:

      * - кестенің параметрлерінің сандық мәні бүтінге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      ** - бөлшек нарық субъектілерінің жеткізілімінің максималды электр қуаты Жүйелік оператордың интернет-ресурсына қуат нарығы тұтынушыларының тізбесі интернет-ресурсқа орналастырған кезде (нөлге теңестірілмейді) және осы тізбеде бөлшек нарықтың көрсетілген субъектілерінің болмаған кезде көрсетіледі;

      МВт - мегаватт.

      3. 3-кесте.*

ЭӨҰ атауы

ЭӨҰ электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарт жасасқан тұтынушының атауы

Электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы екі жақты шартта көрсетілген электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемі, МВт**

1

2

3

4

1.




2.




3.




      Ескертпе:

      * – кесте электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы екі жақты шарттары бар әр энергия өндіруші ұйым үшін жеке толтырылады, соған қоса кестенің параметрлерінің сандық мәні бүтінге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      ** – берілген бағананың жиынтық мәні электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлеміне теңелуі тиіс;

      МВт - мегаватт.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның
жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

k1, k2, k3, k4, k5, k6, k7 коэффициенттерін анықтау

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. k1 коэффициентін анықтау.

      k1 коэффициенті мына формула бойынша анықталады:



      ҚШ – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;


- энергия өндіруші ұйымдардың жиынтық шегерілетін электр қуатымен энергия өндіруші ұйым экспортының электр қуатының және бөлшек нарық субъектілері жеткізілімі электр қуатының, жеке тұтынатын электр қуатының нақты орташа жиынтық мәнінің есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдері үшін артық мәні, МВт;

      n -

-ға тәуелді шексіз коэффициент;

      1) n = 0, егер

жиынтық шегерілетін электр қуатынан 5,0 пайызынан аспаған жағдайда;

      2) n = 1,3, егер

жиынтық шегерілетін электр қуатынан 5,1-ден 20,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда;

      3) n = 1,5, егер

жиынтық шегерілетін электр қуатынан 20,1-ден 40,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда:

      4) n = 1,7, егер

жиынтық шегерілетін электр қуатынан 40,1-ден 50,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда;

      5) n = 2,0, егер

жиынтық шегерілетін электр қуатынан 50,0 пайыздан асқан жағдайда.

      Бұл ретте, k1 коэффициентінің теріс мәні болғанда, оның мәні нөлге тең болады.

      Есептік кезең (күнтізбелік ай) бойынша жеке тұтынудың электр қуатының, бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізудің электр қуатының және энергия өндіруші ұйым экспортының электр қуатының нақты максималды жиынтық мәнін анықтау кезінде қолданылатын электр қуатының мәндері Жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алуының автоматтандырылған жүйесінің орталық деректер қорына келісілген хаттамалар бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректер базасынан сағат бойынша есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректері бойынша айқындалады. Жүйелік операторда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) деректері болмаған жағдайда электр қуатының нақты максималды мәні жүктеменің өңірлік бейіні бойынша айқындалады.

      2. k2 коэффициентін анықтау.

      k2 коэффициенті мына формула бойынша анықталады:

      k2 = min [kарттыру; kтөмен], онда

      kарттыру – арттыруға реттеуге қатысудың төмендетуші коэффициенті;

      kтөмен – төмендеуге реттеуге қатысудың төмендетуші коэффициенті;

      min [kарттыру; kтөмен] – kарттыру және kтөмен коэффициенттерінен ең төмені;

      kарттыру коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:



      Сай – есепті кезеңдегі (күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен;

      Стөмен – арттыруға реттеуге қатысуға энергия беруші ұйымдардың өтінімі болмаған немесе Жүйелік операторға толық көлемде берілмеген есепті кезеңдегі (күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен;

      kтөмен коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:



      Сай – есепті кезеңде (күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен;

      Стөмен – төмендеуге реттеуге қатысуға энергия беруші ұйымдардың өтінімі болмаған немесе Жүйелік операторға толық емес көлемде берілген есепті кезеңдегі (күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен;

      Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмысы имитациялық режимде жұмыс істеген жағдайда k2 коэффициентінің мәні бірге теңестіріледі.

      3. k3 коэффициентін айқындау

      k3 коэффициенті мына мәндерді қабылдайды:

      1) k3 = 1,0, энергия өндіруші ұйымдар есепті кезең ішінде берілген барлық тесттік командаларды орындау кезінде немесе есептік кезең ішінде берілген тесттік командалар болмаған жағдайда;

      2) k3 = 0,9, энергия өндіруші ұйымдар есепті кезең ішінде берілген бір тесттік команданы орындамаған жағдайда;

      3) k3 = 0,7, энергия өндіруші ұйымдар есепті кезең ішінде берілген екі тесттік команданы орындамаған жағдайда;

      4) k3 = 0,5, энергия өндіруші ұйымдар есепті кезең ішінде берілген үш және одан көп тесттік команданы орындамаған жағдайда.

      4. k4 коэффициентін айқындау

      Коэффициент k4 мына формула бойынша айқындалады:



      n – энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жалпы саны;

      m – авариялық немесе жоспардан тыс жөндеу немесе резервтен тыс жағдайдағы энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының саны;

      k – жоспарлы жөндеу ұзақтығы номиналды жоспарлы жөндеу кезеңдерінен асып кеткен энергия өндіруші ұйымдар электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының саны;

      i – тиісінше 1-ден k, m, в, немесе n дейін өзгеретін реттік нөмір;

      b – авариялық немесе жоспардан тыс жөндеу немесе резервтен тыс жағдайдағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының бу қазандары қондырғысының немесе бу қазандары корпусының саны;

      Рқонд.ав.i – авариялық немесе жоспардан тыс жөндеу немесе резервтен тыс жағдайдағы генерацияланатын қондырғының белгіленген электр қуаты, МВт;

      Сав.i – авариялық немесе жоспардан тыс жөндеу немесе резервтен тыс жағдайдағы i-нің генерациялайтын қондырғының есепті кезеңде нақты тұрып қалу ұзақтығы; минутпен;

      Рқонд.арт.i – жоспарлы жөндеу ұзақтығы номиналдық жоспарлы жөндеу кезеңінен асып кеткен i-нің генерациялайтын қондырғының белгіленген электр қуаты, МВт;

      Сарт.i. – номиналды жоспарлы жөндеу кезеңіне қатысты i-нің генерациялайтын қондырғыны жоспарлы жөндеу ұзақтығының есепті кезеңдегі нақты арту ұзақтығы, минутпен;

      j – 1-ден Сай-ға дейін өзгеретін есепті кезеңдегі сағаттың реттік нөмірі;

      Р

- тиісті күнтізбелік жылдың жиынтық электр қуаты, МВТ;

      Ршект.i – есепті кезеңдегі қазандықтарды немесе қазандық корпустарын авариялық тоқтату немесе жоспардан тыс жөндеу, немесе резервтен тыс жай-күйі себебінен туындаған энергия өндіруші ұйымның электр станциялары генерациялайтын қондырғыларының жұмысындағы генерацияның электр қуаты шектеулерінің мәні, МВт;

      Сшек.i. – есепті кезеңдегі ἰ-қазандық қондырғылардың немесе қазандық корпустардың авариялық немесе жоспардан тыс жөндеу, немесе резервтен тыс күйде тұру кезеңінің ұзақтығы, минутпен. Тұру уақытының басталуы энергия өндіруші ұйымның авариялық немесе жоспардан тыс жөндеуге шығаруға берген тиісті өтінімінің негізінде, ал тұрудың соңы – сол энергия өндіруші ұйымнан тәуліктік графикте көрсетілген генерация мәніне қол жеткізу туралы жедел ақпарат алынған уақытпен анықталады;

      Cай – есепті кезеңнің ұзақтығы, минутпен;

      Рқонд.i. – ἰ - ші генерациялайтын қондырғының белгіленген электр қуаты;

      ҚШг – электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтердің шарттық көлемі, МВт;


- i бойынша сома;

- i бойынша сома;

- i бойынша сома;

- i бойынша сома.

      Бұл ретте, k4 коэффициетінің мәні бірден көп болған жағдайда, оның мәні бірге тең болып қабылданады.

      5. k5 коэффициентін айқындау

      k5 коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:



      Сай – есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) сағаттар саны, сағатпен;

      Сжоспар жоқ – сол уақыт ішінде энергия өндіруші ұйым жоспарлаудың тиісті тәулігіне Жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының генерациясы жұмыс электрлік қуатының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындайтын техникалық мүмкіндіктер шегіндегі тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес генерация режимін сағатпен жоспарлау қамтамасыз етілмеген осы жоспарлау жүйесі бойынша айқындалған есепті кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) уақыт мерзімі, сағатпен.

      Бұл ретте, Жүйелік операторға қуатты реттеу бойынша қызмет көрсетуші энергия өндіруші ұйымдар үшін Сжоспар жоқ анықтау кезінде қуатты реттеу бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық (реттеу диапазоны) көлемі есепке алынбайды.

      6. k6 коэффициентін айқындау.

      k6 коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:



      ҚШ – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;

      ҚШг – электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі, МВт;


- энергия өндіруші ұйымның өз қажеттіліктеріне тұтыну электр қуатының, бөлшек нарық субъектілеріне жеткізу электр қуатының және экспорты электр қуатының жиынтық мәнінің есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдері үшін нақты орташа мәннің энергия өндіруші ұйымның электр қуатының жиынтық шегерілетін мәнінен артық мәні, МВт;

      n -

-ға тәуелді шексіз коэффициент;

      1) n = 0, егер

жиынтық шегерілетін электр қуатынан 5,0 пайызынан аспаған жағдайда;

      2) n = 1,3, егер

жиынтық шегерілетін электр қуатынан 5,1-ден 20,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда;

      3) n = 1,5, егер

жиынтық шегерілетін электр қуатынан 20,1-ден 40,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда:

      4) n = 1,7, егер

жиынтық шегерілетін электр қуатынан 40,1-ден 50,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда;

      5) n = 2,0, егер

жиынтық шегерілетін электр қуатынан 50,0 пайыздан асқан жағдайда.

      Бұл ретте, k6 коэффициентінің теріс мәні болғанда, оның мәні нөлге тең болады.

      Есептік кезең (күнтізбелік ай) бойынша жеке тұтынудың электр қуатының, бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізудің электр қуатының және энергия өндіруші ұйым экспортының электр қуатының нақты максималды жиынтық мәнін анықтау кезінде қолданылатын электр қуатының мәндері Жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алуының автоматтандырылған жүйесінің орталық деректер қорына келісілген хаттамалар бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректер базасынан сағат бойынша есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректері бойынша айқындалады. Жүйелік операторда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) деректері болмаған жағдайда, электр қуатының нақты максималды мәні жүктеменің өңірлік бейіні бойынша айқындалады.

      7. k7 коэффициентін айқындау.

      k7 коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:



      ТБД – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын, электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге бірыңғай сатып алушымен шарттары жоқ энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өткізуінің (сатуының) есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) күндерінің нақты саны;

      ТМ – есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) күндер саны.

      Бұл ретте, k7 коэффициентінің теріс мәні болғанда, оның мәні нөлге тең болады.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның жұмыс
істеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

20 ____ жылғы ___________________ (есептік кезең (күнтізбелік ай) көрсетілсін)
қорытындысы бойынша айқындалған k1,k2,k3,k4,k5 коэффициенттерінің мәні туралы
акт.*

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Энергия өндіруші ұйымның атауы








1

2

3

4

5

6

7

8

9

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға бірыңғай сатып алушымен шарт (шарттар) жасаған (тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кірмейтін) энергия өндіруші ұйымдар

1.







т-ды**


2.







т-ды


3.







т-ды


Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға бірыңғай сатып алушымен шарт (шарттар) жасаған, сонымен қатар электр қуатын қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарт (екі жақты шарттар) жасасқан (тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кірмейтін) энергия өндіруші ұйымдар

1.


т-ды







2.


т-ды







3.


т-ды







Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға бірыңғай сатып алушымен шарт (шарттар) жасаспаған, сонымен қатар электр қуатын қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарт (екі жақты шарттар) жасасқан (тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кірмейтін) энергия өндіруші ұйымдар

1.


т-ды






т-ды

2.


т-ды






т-ды

3.


т-ды






т-ды

      Ескертпе:

      * - кестенің параметрлерінің сандық мәні жүздікке дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      ** - "т-ды" - "толтырмайды": сәйкес ұяшықтар толтырылмайды.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның жұмыс
істеу қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан

20_____жылға тұтынуға болжамды өтінім

      Ескерту. Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

________________________________________ (Қуат нарығы тұтынушысының атауы)

      1-кесте*


Облыс

____ жылға арналған электр қуатын тұтынудың болжамды максималды мөлшері, МВт**

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

1

2

3

4

5

6

7

8

1.








2.








3.









Барлығы:







      кестенің жалғасы


____ жылға арналған электр қуатын тұтынудың болжамды максималды мөлшері, МВт**

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Жыл бойынша максималды мәні

1

9

10

11

12

13

14

15

1.








2.








3.
















      Ескертпе:

      * - энергиямен жабдықтаушы ұйым өтініммен бірге қосымша электрмен жабдықтауға шарт жасалған және қуаты тұтынуға болжалды өтінімге (әр тұтынушыға осы қуаттарының мәнін көрсетіп) енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылардың тізімін береді;

      ** - кестенің параметрлерінің сандық мәні ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      МВт – мегаватт.

      2-кесте*

Облыс

меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен бар генерациялайтын көздердің (қуат нарығы тұтынушысының атауы көрсетілсін) электр қуатының есебінен өтелетін ___ жылға электр қуатын тұтынудың максималды мөлшері, МВт**

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Жыл бойынша максималды мәні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1.














т-ды***

2.














т-ды

3.














т-ды


Барлығы:













т-ды

      кестенің жалғасы

Облыс

меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен бар генерациялайтын көздердің (қуат нарығы тұтынушысының атауы көрсетілсін) электр қуатының есебінен өтелетін ___ жылға электр қуатын тұтынудың максималды мөлшері, МВт**

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Жыл бойынша максималды мәні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1.














т-ды***

2.














т-ды

3.














т-ды


Барлығы:













т-ды

      Ескертпе:

      * - энергиямен жабдықтаушы ұйым өтініммен бірге қосымша электрмен жабдықтауға шарт жасалған және қуаты тұтынуға болжалды өтінімге (әр тұтынушыға осы қуаттарының мәнін көрсетіп) енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылардың тізімін береді;

      ** - кестенің параметрлерінің сандық мәні ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      *** - "т-ды" - "толтырылмайды": тиісті ұяшықтар толтырылмайды;

      МВт – мегаватт.

      3-кесте*

Облыс

Тиісті тұлғалар тобының тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың электр қуаты есебінен өтелетін ___ жылға электр қуатын тұтынудың максималды мөлшері, МВт**

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

1

2

3

4

5

6

7

8

1.








2.








3.









Барлығы:







      кестенің жалғасы

Тиісті тұлғалар тобының тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың электр қуаты есебінен өтелетін ___ жылға электр қуатын тұтынудың максималды мөлшері, МВт**

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Жыл бойынша максималды мәні

1

9

10

11

12

13

14

15

1.







т-ды***

2.







т-ды

3.







т-ды








т-ды

      Ескертпе:

      * - энергиямен жабдықтаушы ұйым өтініммен бірге қосымша электрмен жабдықтауға шарт жасалған және қуаты тұтынуға болжалды өтінімге (әр тұтынушыға осы қуаттарының мәнін көрсетіп) енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылардың тізімін береді;

      ** - кестенің параметрлерінің сандық мәні ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      *** - "т-ды" - "толтырылмайды": тиісті ұяшықтар толтырылмайды;

      МВт – мегаватт.

      Бірінші басшы: _________________________________ __________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))       (қолы)

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның жұмыс
істеу қағидаларына 4-қосымша
Нысан
  (Бірыңғай сатып алушы болып
табылатын ұйымның атауын
көрсету орны)

Ұлғайтуға өтінім*

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) 52-тармағына сәйкес Сізден осы өтінімге **қосымшаға сәйкес себептерге байланысты ағымдағы жылғы алдағы есепті кезеңнен (күнтізбелік айдан) бастап ______ МВт-дан ______ МВт-ға дейін ______ МВт-ға 20___ жылғы "____" ______________ _________________(өтінім беруші ұйымның атауын көрсету) жасасқан жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартта ағымдағы 20___жылға белгіленген жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемін ұлғайтуды сұраймын.

      Қосымша: ____ парақ.

(Өтінім беруші - ұйымның уәкілетті адамының лауазымын көрсету орны)

қолтаңба

(Өтінім беруші ұйымның уәкілетті адамының есімін (қысқаша) және тегін көрсету орны)

      Ескерту:

      * - жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көлемінің сандық мәні оннан онға дейін дәлдікпен ұлғайтуға өтінімде көрсетіледі.

      ** - егер себеп электрмен жабдықтаудың жаңа шартын жасасу болып табылса, электр энергиясының тиісті тұтынушысының толық атауын, сондай-ақ осы өтінім аясында өтінім беруші ұйыммен жасасқан жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта ағымдағы күнтізбелік күнге белгіленген жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемін ұлғайтудың мәлімделген мәнін енгізетін оның электр қуатының көлемі жеке көрсетіледі.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның
жұмыс істеу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
  (Бірыңғай сатып алушы болып
табылатын ұйымның атауын
көрсету орны)

Азайтуға өтінім*

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) 53-тармағының 1) тармақшасы және 54-тармағына сәйкес Сізден _________________ (электр энергиясы тұтынушысының атауын көрсету) 20___ жылғы "____" ______________ электрмен жабдықтау шартын бұзуға және электр энергиясының осы тұтынушысымен ___________________ (энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауын көрсету) басқа энергия жабдықтаушы ұйыммен жаңа энергиямен жабдықтау шартын (жаңа шарттарын) жасасуға байланысты ағымдағы жылғы алдағы есепті кезеңнен (күнтізбелік айдан) бастап ______ МВт-дан ______ МВт-ға дейін, ______ МВт-ға _________________ (өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауын көрсету) жасасқан 20___ жылғы "____" ______________ № _______ жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта ағымдағы 20___жылға белгіленген жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемін азайтуды сұраймын.

      Қосымша: _________________ (өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы) және _________________ (электр энергиясын тұтынушының атауын көрсету) арасындағы 20___ жылғы "____" ______________ № _______ электрмен жабдықтау шартын бұзғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

(Өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның уәкілетті адамының лауазымын көрсететін орын)

қолтаңба

(Өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның уәкілетті адамының есімін (қысқаша) және тегін көрсету орны)




      Ескерту:

      * - жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемінің сандық мәні оннан онға дейін дәлдікпен азайтуға өтінімде көрсетіледі.

      ** - өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйым мен электр энергиясын тқтынушы арасындағы электрмен жабдықтау шартын бұзған жыл азайтуға өтінім берген жылға сәйкес келуі тиіс.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның
жұмыс істеу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
  (Бірыңғай сатып алушы болып
табылатын ұйымның атауын
көрсету орны)

Азайтуға өтінім*

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) 53-тармағының 2) тармақшасы және 54-тармағына сәйкес Сізден көлемі жоғарыда көрсетілген ЭЖҰ шартында ескерілген _________________ (ұйымның атауын көрсету) жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге шартты жасасуға байланысты ағымдағы жылғы алдағы есепті кезеңнен (күнтізбелік айдан) баста ,______ МВт-дан ______ МВт-ға дейін ______ МВт-ға _________________ (өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауын көрсету) жасасқан 20___ жылғы "____" ______________ № _______ жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта ағымдағы 20___ жылға белгіленген жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемін азайтуды сұраймын.

      Байланыс телефондары және электрондық мекенжайы (өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауын көрсету): __________________________.

      Қосымша: _________________ (өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы) және _________________ (ұйымның атауын көрсету) арасындағы 20___ жылғы "____" ______________ № _______ электрмен жабдықтау шартын бұзғанын растайтын құжаттың көшірмесі**

(Өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның уәкілетті адамының лауазымын көрсететін орын)

қолтаңба

(Өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйымның уәкілетті адамының есімін (қысқаша) және тегін көрсету орны)

      Ескерту:

      * - жүктемені арттыруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемінің сандық мәні оннан онға дейін дәлдікпен азайтуға өтінімде көрсетіледі.

      ** - өтінім беруші энергиямен жабдықтаушы ұйым мен электр ұйым арасындағы электрмен жабдықтау шартын бұзған жыл азайтуға өтінім берген жылға сәйкес келуі тиіс.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның
жұмыс істеу қағидаларына
7-қосымша
Нысан

20____ жылғы ___________________ (есепті кезеңді (күнтізбелік айды) көрсету) қуат нарығы тұтынушылары тұтынатын электр қуатының нақты максималды мәндері туралы Акт*

      МВт

Қуат нарығы тұтынушысының атауы**

Есепті кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) тұтынатын электр қуатының нақты максималды мәні***

1

2

3

1



2



3



      Ескерту:

      * - кестенің сандық мәні оннан онға дейін дәлдікпен көрсетіледі.

      ** - қуат нарығының тұтынушылары - электр энергиясы көтерме нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар, оның ішінде өнеркәсіптік кешендер.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның жұмыс
істеу қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Шартты бұзуға өтінім*

      Ескерту. Қағида 8-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) 62-тармағының 2) тармақшасына сәйкес электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы тоқтатылуына байланысты және

      ______________________________________________________________

      (энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы)

      арасында энергиямен жабдықтау бойынша 20___жылғы "___" ________

      № ________ шарт жасауға байланысты _____________________________

                        (бірыңғай сатып алушы болып табылатын ұйымның атауы)

      ___________________________________________________ арасындағы

      (өтінім берген ұйымның атауы)

      электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша

      қызмет көрсетуге арналған 20___жылғы "___" ___________ № _______

      шартты ______________________________________________________

      (өтінім берген ұйымның атауы)

      бұзуыңызды сұраймын.

      Байланыс телефондары және электрондық мекенжайы:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________.

      (қуат нарығы тұтынушысының атауы – өтінім берушіні көрсету)

      Қосымша: ________________________________________________ және

      (энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы)

      ______________________________________________________________

      (қуат нарығы тұтынушысының атауы)**

      арасындағы электрмен жабдықтау бойынша 20__ жылғы "__" ________

      № ______ шарттың жасалғанын растайтын құжат көшірмесі.

(Энергиямен жабдықтаушы ұйым – өтінім берушінің уәкілетті адамының лауазымын көрсету орны)

қолы

(Энергиямен жабдықтаушы ұйым – өтінім берушінің уәкілетті адамының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Ескертпе:

      * - электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемінің сандық мәні азайтуға арналған өтінімде ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      ** - электрмен жабдықтау шартын жасаған жыл электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шартты бұзуға өтінім берген жылға сәйкес келуі тиіс.

  Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның жұмыс
істеу қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Шартты бұзуға өтінім*

      Ескерту. Қағида 9-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) 62-тармағының 3) тармақшасына сәйкес

      _______________________________________________________________

      (өтінім берген тұтынушының атауы)

      электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы тоқтатылуына

      байланысты _______________________________________________ және

      (бірыңғай сатып алушы болып табылатын ұйымның атауы)

      ____________________________________________________ арасындағы

                  (өтінім берген тұтынушының атауы)

      электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша

      қызмет көрсетуге жасалған 20__ жылғы "__" __________ № ___ шартты

      бұзуыңызды сұраймын. _________________________________________

                              (өтінім берген ұйымның атауы)

      ______________________________________________________________

      (бірыңғай сатып алушы болып табылатын ұйымның атауы)

      алдындағы алдыңғы есептік жылдардағы (күнтізбелік айлар) қызметтің

      нақты көлеміне ақы төлеу бойынша қарызы жоқ, ағымдағы ___ жылдың

      ағымдағы есептік кезеңі (күнтізбелік ай) және келесі есептік жылдары

      (күнтізбелік айлар) бойынша электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін

      қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемінің ақысы өтелді.

      Байланыс телефондары және электрондық мекенжайы: ______________

      ______________________________________________________________.

      (қуат нарығы тұтынушысының атауы – өтінім берушіні көрсету)

      Қосымша: ________________________________________________ және

      (бірыңғай сатып алушы болып табылатын ұйымның атауы)

      ___________________________________________________ арасындағы

      (өтінім берген тұтынушының атауы)

      өзара есеп айырысуды тексерулердің актісі.

(Энергиямен жабдықтаушы ұйым – өтінім берушінің уәкілетті адамының лауазымын көрсету орны)

қолы

(Энергиямен жабдықтаушы ұйым – өтінім берушінің уәкілетті адамының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Ескертпе:

      * - электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемінің сандық мәні азайтуға арналған өтінімде ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;