"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығымен бекітілген |
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.12.2018 № 1066 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын (бұдан әрі – ДСН-коды) беру тәртібін айқындайды.
2. ДСН-кодтар мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге (бұдан әрі – өтініш берушілер) және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін әрбір мұнай өнімдерінің атауына беріледі.
2-бөлім. ДСН-кодтарын беру тәртібі
3. "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы және жоғарғы аумақтық мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) тиісті аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркеу есебінде тұрған өтініш берушілер қызмет түріне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ДСН-кодтарын беруге арналған өтінімдерді:
мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін;
мұнай өнімдерін импорттаушы – мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін "Акцизделетін тауарлар мен жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы электрондық түрде береді.
4. Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
5. Аумақтық бөлімшелер электрондық өтінімнің түскен күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) ДСН-кодын беруін ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді немесе осы Қағидалармен көзделген жағдайларда ДСН-кодын беруден бас тартады;
2) Өтініш берушіді ДСН-кодын беру туралы немесе ДСН-кодын беруден бас тарту туралы ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.
Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттардың берілуі тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты (не оның нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
6. ДСН-кодты ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
7. Аумақтық бөлімшелер ДСН-кодтарды беруден келесі жағдайларда бас тартады:
1) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодесінің (Салық кодексі) 88 бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі болмағанда;
2) мұнай өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде.
8. Осы Қағидалардың 6-тармақпен көзделген жағдайларда ДСН-кодты беруден бас тарту кезінде, өтініш берушілер осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте, ДСН-кодын беруге арналған өтінімдерді қайтадан береді.
9. Өтінімді қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге арналған өтінім
________________ бойынша | |
(облысы/қаласы) | |
Мемлекеттік кірістер | |
органының басшысына | |
_________________________ | |
20___ жылғы "__"_________ |
Салық төлеушінің атауы:
Субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
Субъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы):
Мұнай өнімінің өндіруші ел:
Субъектінің әкімшілік-аумақтық бірлігі:
Р/с № | Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім) | Мұнай өнімінің атауы | Техникалық сипаттама (МЕМСТ, ТШ және т.б.) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | |||
2 |
Басшы _______________________________ ____________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) (қолы)
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларына 2-қосымша |
Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы
Бірінші фасет - мұнай өнімді өндіруші елдердің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
екінші фасет - әкімшілік-аумақтық бірліктің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
үшінші фасет - мұнай өнімдері нарығы субъектісінің коды (0001-ден бастап 9999-ға дейінгі реттік нөмірлер) бензин, авиациялық және дизель отынын, мазут өндірушілерге және (немесе) импорттаушыларға беріледі;
төртінші фасет - өнімінің коды (1 - бензин, 2 - дизельдік отын, 3 - мазут, 4 - авиациялық отын) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің жекелеген түріне беріледі;
бесінші фасет - бензин, авиациялық және дизельдік отын маркасының коды (001-ден ∞ реттік нөмірлер) стандарттау органдарында тіркелген және сериялық өндіріске және сатуға рұқсат берілген бензиннің, дизель отынының және мазуттың әрбір маркасына беріледі.
Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымына қосымша |
Мұнай өнімді өндіру елдердің кодтары
ДСН-код | Мұнай өнімді өндіруші елдердің атауы |
1 | Еуразиялық экономикалық одағына жатпайтын елдер |
2 | Беларусь Республикасы |
3 | Қазақстан Республикасы |
4 | Ресей Федерациясы |
5 | Қырғыз Республикасы |
6 | Армения Республикасы |
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің кодтары
ДСН-код | Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы |
1 | 2 |
Ақмола облысы | |
001 | Көкшетау қаласы |
002 | Ақкөл ауданы |
003 | Астрахан ауданы |
004 | Атбасар ауданы |
005 | Сандықтау ауданы |
006 | Аршалы ауданы |
007 | Ерейментау ауданы |
008 | Егіндікөл ауданы |
009 | Қорғалжын ауданы |
010 | Бұланды ауданы |
011 | Целиноград ауданы |
012 | Шортанды ауданы |
013 | Степногор ауданы |
014 | Жарқайың ауданы |
015 | Есіл ауданы |
016 | Жақсы ауданы |
017 | Зеренді ауданы |
018 | Бурабай ауданы |
019 | Еңбекшілдер ауданы* |
020 | Бурабай АЭА |
Ақтөбе облысы | |
021 | Ақтөбе қаласы |
022 | Алға ауданы |
023 | Байғанин ауданы |
024 | Әйтеке би ауданы |
025 | Ырғыз ауданы |
026 | Қарғалы ауданы |
027 | Мәртөк ауданы |
028 | Мұғалжар ауданы |
029 | Темір ауданы |
030 | Ойыл ауданы |
031 | Қобда ауданы |
032 | Хромтау ауданы |
033 | Шалқар ауданы |
Алматы облысы | |
034 | Талдықорған қаласы |
035 | Балқаш ауданы |
036 | Жамбыл ауданы |
037 | Іле ауданы |
038 | Қарасай ауданы |
039 | Райымбек ауданы |
040 | Талғар ауданы |
041 | Ұйғыр ауданы |
042 | Еңбекшіқазақ ауданы |
043 | Қапшағай қаласы |
044 | Ақсу ауданы |
045 | Алакөл ауданы |
046 | Қаратал ауданы |
047 | Кербұлақ ауданы |
048 | Көксу ауданы |
049 | Панфилов ауданы |
050 | Сарқан ауданы |
051 | Ескелді ауданы |
052 | Текелі қаласы |
Атырау облысы | |
053 | Атырау қаласы |
054 | Құрманғазы ауданы |
055 | Индер ауданы |
056 | Исатай ауданы |
057 | Қызылқоға ауданы |
058 | Мақат ауданы |
059 | Махамбетов ауданы |
060 | Жылыой ауданы |
Шығыс Қазақстан облысы | |
061 | Өскемен қаласы |
062 | Катонқарағай ауданы |
063 | Глубоков ауданы |
064 | Зайсан ауданы |
065 | Күршім ауданы |
066 | Тарбағатай ауданы |
067 | Ұлан ауданы |
068 | Шемонаиха ауданы |
069 | Зырянов ауданы |
070 | Риддер қаласы |
071 | Абай ауданы |
072 | Аякөз ауданы |
073 | Бесқарағай ауданы |
074 | Бородулиха ауданы |
075 | Жарма ауданы |
076 | Көкпекті ауданы |
077 | Курчатов қаласы |
078 | Үржар ауданы |
079 | Семей қаласы |
Жамбыл облысы | |
080 | Тараз қаласы |
081 | Жамбыл ауданы |
082 | Жуалы ауданы |
083 | Қордай ауданы |
084 | Тұрар Рысқұлов ауданы |
085 | Мерке ауданы |
086 | Мойынқұм ауданы |
087 | Сарысу ауданы |
088 | Байзақ ауданы |
089 | Талас ауданы |
090 | Шу ауданы |
Батыс Қазақстан облысы | |
091 | Орал қаласы |
092 | Бөрлі ауданы |
093 | Жәнібек ауданы |
094 | Жаңақала ауданы |
095 | Зеленов ауданы |
096 | Қазталов ауданы |
097 | Қаратөбе ауданы |
098 | Сырым ауданы |
099 | Тасқала ауданы |
100 | Теректі ауданы |
101 | Бөкей ордасы ауданы |
102 | Ақжайық ауданы |
103 | Шыңғырлау ауданы |
Қарағанды облысы | |
104 | Қарағанды қаласы |
105 | Абай ауданы |
106 | Қарқаралы ауданы |
107 | Нұра ауданы |
108 | Осакаров ауданы |
109 | Саран қаласы |
110 | Теміртау қаласы |
111 | Бұхар жырау ауданы |
112 | Шахтинск қаласы |
113 | Қарағанды қаласының Октябрь ауданы |
114 | Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы |
115 | Ақтоғай ауданы |
116 | Жаңаарқа ауданы |
117 | Ұлытау ауданы |
118 | Шет ауданы |
119 | Балқаш қаласы |
120 | Жезқазған қаласы |
121 | Приозерск қаласы |
122 | Қаражал қаласы |
123 | Сатпаев қаласы |
Қызылорда облысы | |
124 | Қызылорда қаласы |
125 | Арал ауданы |
126 | Қазалы ауданы |
127 | Қармақшы ауданы |
128 | Жалағаш ауданы |
129 | Сырдария ауданы |
130 | Шиелі ауданы |
131 | Жаңақорған ауданы |
Қостанай облысы | |
132 | Қостанай қаласы |
133 | Алтынсарин ауданы |
134 | Меңдіқара ауданы |
135 | Жітіқара ауданы |
136 | Қамысты ауданы |
137 | Қарасу ауданы |
138 | Қарабалық ауданы |
139 | Қостанай ауданы |
140 | Ұзынкөл ауданы |
141 | Наурызым ауданы |
142 | Денисов ауданы |
143 | Әулиекөл ауданы |
144 | Таран ауданы |
145 | Сарыкөл ауданы |
146 | Федоров ауданы |
147 | Лисаковск қаласы |
148 | Рудный қаласы |
149 | Амангелді ауданы |
150 | Жангелді ауданы |
151 | Арқалық қаласы |
Маңғыстау облысы | |
152 | Мұнайлы ауданы |
153 | Бейнеу ауданы |
154 | Қарақия ауданы |
155 | Маңғыстау ауданы |
156 | Түпқараған ауданы |
157 | Жаңаөзен қаласы |
158 | Ақтау теңіз порты |
Павлодар облысы | |
159 | Павлодар қаласы |
160 | Ақтоғай ауданы |
161 | Баянауыл ауданы |
162 | Железин ауданы |
163 | Ертіс ауданы |
164 | Қашыр ауданы* |
165 | Лебяжі ауданы* |
166 | Май ауданы |
167 | Павлодар ауданы |
168 | Успен ауданы |
169 | Шарбақты ауданы |
170 | Ақсу қаласы |
171 | Екібастұз қаласы |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
172 | Қызылжар ауданы |
173 | М. Жұмабаев ауданы |
174 | Жамбыл ауданы |
175 | Есіл ауданы |
176 | Мамлют ауданы |
177 | Шал ақын ауданы |
178 | Аққайың ауданы |
179 | Тимирязев ауданы |
180 | Айыртау ауданы |
181 | Ақжар ауданы |
182 | Тайынша ауданы |
183 | Уәлиханов ауданы |
184 | Ғабит Мүсірепов атындағы аудан |
Оңтүстік Қазақстан облысы* | |
185 | Шымкент қаласы |
186 | Бәйдібек ауданы |
187 | Оpдабасы ауданы |
188 | Отыpаp ауданы |
189 | Қазығұpт ауданы |
190 | Төлеби ауданы |
191 | Мақтааpал ауданы |
192 | Сайрам ауданы |
193 | Саpыағаш ауданы |
194 | Созақ ауданы |
195 | Түлкібас ауданы |
196 | Шаpдаpа ауданы |
197 | Аpыс қаласы |
198 | Кентау қаласы |
199 | Түpкістан қаласы |
200 | Әл-Фараби ауданы |
201 | Абай ауданы |
202 | Еңбекші ауданы |
Алматы қаласы | |
203 | Алматы қаласы |
204 | Әуезов ауданы |
205 | Бостандық ауданы |
206 | Жетісу ауданы |
207 | Түрксіб ауданы |
208 | Алмалы ауданы |
209 | Медеу ауданы |
210 | Алатау ауданы |
Астана қаласы | |
211 | Астана қаласы |
212 | Алматы ауданы |
213 | Сарыарқа ауданы |
214 | Есіл ауданы |
215 | "Астана - жаңа қала" АЭА |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
216 | Петропавловск қаласы |
Маңғыстау облысы | |
217 | Ақтау қаласы |
Оңтүстік Қазақстан облысы* | |
218 | АЭА Оңтүстік |
219 | Қаратау ауданы |
Алматы қаласы | |
220 | Наурызбай ауданы |
Түркестан облысы | |
221 | Кентау қаласы |
222 | Түркестан қаласы |
223 | Бәйдібек ауданы |
224 | Ордабасы ауданы |
225 | Мақтаарал ауданы |
226 | Жетысай ауданы |
227 | Отырар ауданы |
228 | Казығұрт ауданы |
229 | Төлеби ауданы |
230 | Сайрам ауданы |
231 | Сарыағаш ауданы |
232 | Келес ауданы |
233 | Созақ ауданы |
234 | Түлкібас ауданы |
235 | Шардара ауданы |
Шымкент қаласы | |
236 | Шымкент қаласы |
237 | Абай ауданы |
238 | Әл-Фараби ауданы |
239 | Еңбекші ауданы |
240 | Оңтүстік |
241 | Қаратау ауданы |
Ақмола облысы | |
242 | Біржан сал ауданы |
Алматы облысы | |
243 | Кеген ауданы |
Павлодар облысы | |
244 | Тереңкөл ауданы |
245 | Аққулы ауданы |
Астана қаласы | |
246 | Байқоныр ауданы |
Алматы қаласы | |
247 | Ақпараттық технологиялар паркі |
Ескертпе: * салықтық бақылау шеңберінде пайдаланады.