Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабының 5-тармағына, "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 287) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
____________ Ж. Қасымбек
2015 жылғы 23 ақпан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген |
Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабының 5-тармағына, "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ереженің 15-тармағының 287) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы, біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бос тұру – энергия қондырғысының жұмыссыз жай-күйі;
2) диспетчерлік технологиялық басқару – диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешу үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қабылдауды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы хабарламаларын қабылдауға және өндеуге арналған процесс;
3) дүлей құбылыстар – табиғи ықпалдардың әсерінен, оның ішінде апаттың және зілзаланың салдарынан қоршаған орта жай-күйінің бұзылуының, өзгеруінің болуын немесе болу мүмкіндігін сипаттайтын, адам мен қоғамның өмірлік маңызды мүдделеріне қауіп төндіретін жағдай;
4) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы нәтижесінде оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер етуі;
5) жедел емес персонал – жедел және жедел-жөндеу персоналынан басқа персонал;
6) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
7) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
8) жүктемені толық түсіру – электр станциясының электр немесе жылу жүктемесін түсіруі;
9) жылу энергетикасы объектілері – жылу энергиясының көздері, жылу желілері және жылу тұтынатын құрылғылар;
10) жылу энергиясының көзі – жылу энергиясын өндіруге арналған жылу электр орталығы, қазандықтар және басқа да құрылғылар және (немесе) қондырғылар;
11) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі (бұдан әрі - БЭЭЖ) - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы;
12) қате әрекеттер – технологиялық бұзушылыққа әкеп соққан немесе оның пайда болуының алдын алмаған персоналдың әрекеті немесе әрекетсіздігі;
13) технологиялық бұзушылық – электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну процесінің бұзылуына алып келген жабдықтың, электр және (немесе) жылу желілерінің істен шығуы немесе зақымдануы, оның ішінде жану немесе жарылыс, белгіленген режимдерден ауытқу, жабдықты рұқсатсыз өшіру немесе оның жұмыс істеу қабілетін шектеу немесе оның бүлінуі салдарынан істен шығуы немесе зақымдануы.
Технологиялық бұзушылықтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінде келтірілген өлшемшарттарға сәйкес жіктеледі.
Технологиялық бұзушылық белгілері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Технологиялық бұзушылық себептерін жіктеу белгілерінде келтірілген;
14) істен шығу – энергия кәсіпорнының немесе оның жабдығының жұмысқа жарамдылық жай-күйінің бұзылғанын білдіретін процесс;
15) энергия қондырғысы – жылу немесе электр энергиясын өндіруге, жинауға, өзгертуге, беруге, таратуға немесе тұтынуға арналған жабдық;
16) энергия торабы – жылу және электрмен жабдықтау саласындағы инфрақұрылым тұтастығына ие оқшауланған аумақ.
Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы туралы заңнамасында пайдаланылатын ұғымдарға сәйкес келеді.
2-тарау. Тергеп-тексеру жүргізу тәртібі
3. Тергеп-тексерудің мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін анықтау және тиісті шаралар қабылдау;
2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы заңнамасы талаптарын бұзуға жол берген тұлғаны (тұлғаларды) айқындау.
4. Тергеп-тексеруді жүргізудің негіздері:
1) адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, мұндай факт тұлғалардың кең тобына әсер еткен және бұзушылыққа жол берген нақты тұлғаны (тұлғаларды) анықтау талап етілетін жағдайларда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жүгінуі;
2) авариялардың, технологиялық бұзушылықтардың алдында болған мән-жайларды анықтау, олардың себептерін, техникалық құрылғыларды пайдалану шарттарын, технологиялық процестерді бұзушылықтардың, электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы талаптарды бұзушылықтардың сипатын анықтау, авариялардың, технологиялық бұзушылықтардың зардаптарын жою және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды, осындай авариядан, технологиялық бұзушылықтан келтірілген материалдық залалды айқындау қажеттігі туындайтын авариялар, технологиялық бұзушылықтар.
5. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар және жылу тасымалдаушы субъектілер (бұдан әрі - энергетикалық кәсіпорындар) - технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 1 сағаттың ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес энергетикалық кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінде орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы шұғыл хабарламаларды ұсыну регламентіне сәйкес жедел хабарламалармен алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы жедел хабарлама береді.
Энергетикалық кәсіпорын технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 15 минут ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тиісті облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаментті және жергілікті атқарушы органды жедел хабарламалармен алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы технологиялық бұзушылықтың туындау фактісі туралы хабардар етеді.
Технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде энергетикалық кәсіпорын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тиісті облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаментіне, жергілікті атқарушы органға және жүйелік операторға жазбаша хабарлама жолдайды.
6. Жедел және жазбаша хабарламалар мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) энергетикалық кәсіпорынның атауы, технологиялық бұзушылық, жазатайым оқиғаның пайда болған күні және уақыты;
2) технологиялық бұзушылық, жазатайым оқиғаның болжамды себептері;
3) пайдаланылған қорғаныс, автоматика және бұғаттау тізбесі;
4) істен шыққан және жұмыста қалған жабдықтың тізбесі;
5) технологиялық бұзушылықтың салдары: бұзылған жабдықтың көлемі, толық жібермеу, ажыратылған тұтынушылардың саны, технологиялық бұзушылықты жою уақыты;
6) жазатайым оқиғаның алдын ала салдары;
7) ақпаратты берген адамның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған кезде) және лауазымы.
7. Мына технологиялық бұзушылықтарды:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің (бұдан әрі – Технологиялық бұзушылықтар жіктеуі) 1 мен 2-тармақтарында көзделген, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде болған технологиялық бұзушылықтарды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған комиссия тергеп-тексереді;
Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 7) 9), 10), 11), 12), 13) тармақшалары және 2-тармағының 4), 8), 9), 10) тармақшаларында көзделген жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде болған технологиялық бұзушылықтарды жергілікті атқарушы органның бұйрығымен құрылған комиссия тергеп-тексереді.
Бұйрық шығарған органның, ұйымның өкілдері Комиссия төрағалары болып тағайындалады.
8. Тергеп-тексеру технологиялық бұзушылықтар жіктемесін айқындау сәтінен бастап келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін технологиялық бұзушылықтар жіктемесін айқындау сәтінен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей басталады және күнтізбелік 30 күннен аспауға тиіс.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган (құзыреті бойынша) бақылау субъектісін (объектісін), мүдделі мемлекеттік органдарды тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы технологиялық бұзушылық туындаған сәттен бастап келесі жұмыс күнінен есептелетін 2 жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген кезеңде тергеп-тексеруді аяқтау мүмкін болмаған кезде тергеп-тексеру мерзімдері комиссия шешімімен күнтізбелік 30 күнге бір рет қана ұзартылады.
Осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде тергеп-тексеруді жүргізуге объективті кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған кезде тергеп-тексеру мерзімдері комиссия төрағасының бұйрығымен ресімделетін комиссияның шешімімен тоқтатыла тұрады.
Тергеп-тексеру комиссия төрағасының бұйрығымен ресімделетін комиссияның шешімі бойынша оны тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылғаннан кейін қайта басталады.
Комиссия төрағасының тергеп-тексеруді қайта бастау туралы бұйрығы шығарылған күннен бастап мерзімдердің өтуі жалғасуда.
10. Комиссия жұмысы ұйымдастыру іс-шараларын орындайтын және уақтылы, сапалы тергеп-тексеруді және оның нәтижелерін ресімдеуді қамтамасыз ететін оның төрағасы белгілейтін регламентке сәйкес жүргізеді.
11. Комиссия төрағадан және оның мүшелерінен, сондай-ақ комиссияның шешіміне қатыспайтын хатшыдан тұрады. Хатшыны есептемегенде, комиссия мүшелерінің саны – тақ.
Комиссия құрамы технологиялық бұзушылықтың ауырлығына және сипатына байланысты анықталады және мемлекеттік органдардың, энергетикалық кәсіпорынның, жөндеу, баптау, жобалау, ғылыми-зерттеу, дайындаушы зауыттардың, құрылыс-монтаждау және өзге де мүдделі тұлғалардан айқындалады.
12. Тұтынушыда орын алған және энергия беруші ұйымда одан әрі өршуіне алып келген технологиялық бұзушылықтар аталған екі тараптың өкілдерінің қатысуымен тергеп-тексеріледі.
13. Технологиялық бұзушылық болған тергеп-тексерілетін энергетикалық кәсіпорын:
1) техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулер, сынақтар жүргізеді;
2) зақымданған объектінің фототүсірілімдерін орындайды.
14. Комиссия жұмысы басталғанға дейін энергетикалық кәсіпорын:
1) орын алған технологиялық бұзушылық сипаты мен көлемін айқындайды;
2) тіркеу аспаптарының диаграммаларын, осцилограммаларын, жедел келіссөздердің электрондық жазбаларын, жедел журналдарды, электрондық-есептеу машиналарының басылымдарын, зақымданған жабдықтың жекелеген элементтері мен бөліктерін сақтауды қамтамасыз етеді;
3) коммутациялық аппаратураның, ілгекті және реттеу арқауының, блинкерлер мен бастырмалардың тұрған орындарын белгілейді;
4) технологиялық бұзушылықты жоюға қатысқан персоналдың, бұзушылықты көргендердің рапорттарын жинайды;
5) жөндеу және жобалық құжаттамасын, хаттамаларды, схемаларды, зауыттық және өндірістік нұсқауларды, режимдік карталарды іріктеуді жүзеге асырады;
6) қажет болған кезде немесе комиссияның шешімі бойынша энергетикалық сараптаманы жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жүргізілген энергетикалық сараптаманың дәлелденген, негізделген нәтижелерін және сарапшылардың сараптама өткізу мәні бойынша толық тұжырымдарын комиссия тергеп-тексеру нәтижелерін ресімдеу үшін пайдаланады;
7) осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген Электр және жылу энергиясын толық жібермеу анықтамасына сәйкес энергияны толық жібермеуді айқындайды.
15. Осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көрсетілген орындалған іс-шаралар қорытындысы бойынша қалыптастырылған материалдар комиссияның әрбір мүшесіне ұсынылады. Комиссияның қарауына ұсынылатын сипаттамалар мен құжаттарды аумағында технологиялық бұзушылық орын алған және тергеп-тексеріліп жатқан энергетикалық кәсіпорынның басшысы дәйектейді.
16. Тергеп-тексеру барысында комиссия мүшелерінің сұранысы бойынша энергетикалық кәсіпорын тергеп-тексеру тақырыбына байланысты қажетті материалдарды ұсынады.
17. Тергеп-тексеру кезінде пайда болу, өршудің барлық себептері сипатталады, зерделенеді және:
1) қызмет көрсетуші персоналдың әрекеті;
2) объектілердің және оны пайдаланатын ұйымдардың қауіпсіздік, техникалық жай-күйі және пайдалану талаптарына сәйкес келуі;
3) жөндеу, профилактикалық тексеру мен сынақтар, жабдықтың жай-күйіне бақылау жүргізу сапасы мен мерзімдері;
4) жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде технологиялық тәртіптің сақталуы;
5) авария ошақтарын және жабдық ақауларын жою бойынша шаралардың уақтылы қабылдануы;
6) жабдықтар мен конструкцияларды дайындау, жобалық, құрылыс, монтаждау және реттеу жұмыстарының сапасы;
7) дүлей құбылыстардың (көк мұз қырларының қалыңдығы, желдің жылдамдығы және басқасы) нақты параметрлерінің жобада қабылданған және (немесе) нормалармен белгіленген шамаларға сәйкес келуі;
8) жүргізілген энергетикалық сараптама нәтижелері бағаланады.
18. Зақымданған жабдықты ашу немесе бөлшектеу комиссия төрағасының рұқсаты бойынша жүргізіледі.
Адамдар мен жабдық үшін ықтимал қауіп болған кезде ашуға және бөлшектеуге рұқсатты энергетикалық кәсіпорынның техникалық басшысы қабылдайды.
19. Тергеп-тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тергеп-тексеру нәтижелері туралы актімен ресімделеді.
Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісіне жүргізілген энергетикалық сараптама нәтижелері, комиссия тұжырымдарын растайтын құжаттар (зақымданған жабдықты қарап-тексеру актісі, регистрограммалар, осциллограммалар, жедел журналдардан алынған көшірмелер, түсініктеме жазбалар, схемалар, сызбалар, фотосуреттер, жабдық және металды сынау нәтижелері, сауалнама қағаздары) қоса беріледі.
20. II дәрежелі істен шығулар осы Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген нысан бойынша энергетикалық кәсіпорындағы технологиялық бұзушылық журналында ресімделеді.
21. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісіне комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісінде келтірілген шешіммен келіспеген комиссия мүшелері тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісіне қосу үшін жазбаша ерекші пікірін ұсынады, бұл ретте олар тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісіне "ерекше пікірді ескере отырып" деген ескертпемен қол қояды.
22. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісі барлық қосымшаларымен бірге үш данада жасалады: бірі – энергетикалық кәсіпорын үшін, екіншісі – мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган үшін (құзыреті бойынша), үшіншісі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіледі.
23. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісіне сәйкес әрбір іс-шараны орындау мерзімі өткеннен кейін энергетикалық кәсіпорын 5 жұмыс күні ішінде іс-шараның орындалуы туралы ақпаратты растайтын материалдарды қоса бере отырып, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға (құзыреті бойынша) жібереді.
24. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган (құзыреті бойынша) тергеп-тексеруді жүргізудің қорытындылары бойынша тергеп-тексеруді жүргізуге негіз болған, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген тұлғаны (тұлғаларды) айқындайды.
Тергеп-тексеруді жүргізудің қорытындылары бойынша бұзушылыққа жол берген тұлғаға (тұлғаларға) қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар қабылданады.
25. Тергеп-тексеруді жүргізудің қорытындылары мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бақылау органының интернет-ресурсында жарияланады.
26. Орталық Азияның біріктірілген энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі – БЭЖ) және Қазақстанның БЭЭЖ жұмысында іргелес мемлекеттердің кінәсінен болған технологиялық бұзушылықтар Орталық Азия БЭЖ Кеңесі бекіткен Орталық Азия БЭЖ және Қазақстан БЭЖ жұмысындағы бұзушылықтарды тергеп-тексеру және есепке алу жөніндегі (2003 жылғы 31 шілде – 2003 жылғы 1 тамыздағы отырыстың 49 –хаттамасы, Бішкек қаласы) нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) талаптарына сәйкес тергеп-тексеріледі. Бұл технологиялық бұзушылықтар Нұсқаулыққа сәйкес арнайы есепке алуға жатады.
3-тарау. Технологиялық бұзушылықтарды есепке алу тәртібі
27. Технологиялық бұзушылықтар жіктеуіне сәйкес біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, электр желілерінің және жылу энергетикасы объектілерінің жұмысында орын алған технологиялық бұзушылықтар есепке алуға жатады.
28. Технологиялық бұзушылықтарды есепке алуды энергетикалық кәсіпорындар энергетикалық қондырғыларды кешенді сынақтан өткізген (жүктемемен) және өнеркәсіптік немесе тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға қабылдаған сәттен бастап олардың жалпы жұмыс істеу уақыты ішінде жүргізеді.
29. Ауқымына, өршу ортасына, қатысушының кінәсіне байланысты бірнеше энергетикалық кәсіпорынды қамтитын технологиялық бұзушылық бір немесе бірнеше энергетикалық кәсіпорында комиссияның шешімі бойынша есепке алынады.
30. Әрбір энергетикалық кәсіпорын есепті айдан кейінгі айдың жетісіне дейін ай сайын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға (құзыреті бойынша) осы Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша технологиялық бұзушылықтар туралы жиынтық есептілікті жолдайды.
Технологиялық бұзушылықтарды есепке алу, оның ішінде тергеп-тексеру актілерін тіркеу энергетикалық кәсіпорындарда нысаны осы Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген технологиялық бұзушылықтарды есепке алу журналында жүргізіледі.
Технологиялық бұзушылықтарды жіктеу
Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі – БЭЖ), электр станцияларының, жылу энергиясы көзідерінің, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтар салдарының сипаты мен ауырлығына байланысты аварияларға, I және II дәрежелі істен шығуларға жіктеледі.
1. Авариялар:
1) су құбырының, газ-мазут құбырының, отын беру трактының, электр станцияларының өзіндік жеке электр немесе жылу қажеттіліктерінің істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге шығару; электр станциясындағы, кіші электр станциясындағы өрт; негізгі немесе қоректендіру құбырларының жарылуы; ғимараттар мен құрылыстардың негізгі элементтерінің құлауы, егер жоғарыда аталған жағдайлардың ең болмаса біреуі барлық өндіруші жабдықтың бір тәуліктен артық толық тоқтап қалуына немесе оның бір бөлігінің 25 және одан артық тәулік мерзімге бос тұруына әкелсе;
2) қуаты 100 гигакалорий/сағат (бұдан әрі – Гкал/сағ) қазанның, қуаты 50 мегаватт (бұдан әрі – МВт) және одан жоғары турбинаның, қуаты 60 МВт және одан жоғары генератордың, қуаты 75 мегавольт ампер (бұдан әрі – МВА) және одан жоғары трансформатордың, реактордың, ажыратқыштың, кернеуі 220 киловольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары электр беру желілерінің ұзақтығы 25 тәулікке және одан артық мерзімге бос тұруына әкеп соққан зақымдану;
3) мыналарға:
гидротораптың ең жоғары есептік қабілетінің артуымен су қоймасынан суды ағызуға;
гидроэлектр станциясының қазіргі қуатының 50 % және одан артық төмендеуіне;
жоғарғы бьефте су деңгейінің шекті-қолжетімді мәндерге артуына әкеп соққан белгіленген қуаты 100 МВт және артық гидроэлектр станциялары құрылыстарының зақымдануы немесе жұмысқа жарамдылығының бұзылуы:
4) БЭЭЖ және оның оқшауланған бөлігінің 49 герцтен (бұдан әрі – Гц) төмен жиілікпен 30 минуттан артық жұмыс істеуі немесе 51 Гц жоғары жиілікпен үш минуттан артық жұмыс істеуі;
5) БЭЭЖ-дың жекелеген бөліктерге бөлінуі арқылы оның тұтастығының бұзылуы немесе тұтынушыларға сағатына 250000 кВт (кВт/сағ) және одан артық өлшемдегі электр энергиясын жеткіліксіз беруді тудырған электр станциясы және (немесе) электр желісі жұмысының бұзылуы;
6) бір блокты жұмыс режимін қоспағанда, келтірілген жалпы электр және жылу жүктемесі 300 МВт және одан жоғары болса, жылыту қазандықтарының (су жылыту және бу) жүктемесін есепке алмағанда, электр станцияның жүктемені толық түсіруі;
7) тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің бекітілген графиктен 250С төмен желілік су температурасымен бес тәуліктен артық жұмыс істеуге әкеп соққан жылу көзінің зақымдануы немесе ақаулығы;
8) күл-қож қалдықтарының қоршаған ортаға шығарылуымен электр станциясы күл-қож дамбасының бұзылуы;
9) су құбырының, газ-мазут құбырының, отын беру трактының, қазандықтардың өзіндік жеке электр немесе жылу қажеттіліктерінің істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге шығару; қазандықтардағы өрт; негізгі немесе қоректендіру құбырларының жарылуы; ғимараттар мен құрылыстардың негізгі элементтерінің құлауы, егер жоғарыда аталған жағдайлардың ең болмаса біреуі барлық жылу энергиясын өндіретін жабдықтың бір тәуліктен артық толық тоқтап қалуына немесе оның бір бөлігінің 25 және одан артық тәулік мерзімге бос тұруына әкелсе;
10) өнімділігі сағатына 160 тонна (бұдан әрі – т/сағ.) және одан жоғары бу қазанының, өнімділігі сағатына 100 гигакалорий (бұдан әрі – Гкал/сағ.) және одан жоғары су жылыту қазанының ұзақтығы 25 тәулікке және одан артық мерзімге бос тұруына әкеп соққан зақымдану;
11) тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің желілік су температурасымен бір тәулік және одан көп бекітілген кестеден 250С төмен жұмыс істеуіне әкеп соққан қазандық жабдығының істен шығуы және оларды кейіннен авариялық жөндеуге шығару;
12) күл-қож қалдықтарының қоршаған ортаға шығарылуымен қазандық күл-қож дамбасының бұзылуы;
13) жылыту маусымында тұтынушыларды жылумен жабдықтауда 24 сағаттан артық мерзімге үзіліс тудырған жылу желілерінің зақымдануы болып табылады.
2. I дәрежелі істен шығулар:
1) су құбырының, газ-мазут құбырының, отын беру трактының, электр станцияларының өзіндік жеке электр немесе жылу қажеттіліктерінің істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге шығару; электр станциясындағы, кіші электр станциясындағы өрт; негізгі немесе қоректендіру құбырларының жарылуы; ғимараттар мен құрылыстардың негізгі элементтерінің құлауы, егер жоғарыда аталған жағдайлардың ең болмаса біреуі барлық өндіруші жабдықтың бір тәуліктен артық толық тоқтап қалуына немесе оның бір бөлігінің 10 тәуліктен 25 тәулікке дейінгі мерзімге бос тұруына әкелсе;
2) қуаты 100 Гкал/сағ қазанның, қуаты 50 МВт турбинаның, қуаты 60 МВт және одан жоғары генератордың, қуаты 75 МВА және одан жоғары трансформатордың, реактордың, ажыратқыштың, кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр беру желілерінің 10 тәуліктен 25 тәулікке дейінгі мерзімге ос тұруына әкеп соққан зақымдану;
3) БЭЭЖ-дың жекелеген бөліктерге бөлінуі арқылы оның тұтастығының бұзылуы немесе тұтынушыларға сағатына 100000 кВт/сағ-тан 250000 кВт/сағ. дейінгі өлшемдегі электр энергиясын жеткіліксіз беруді тудырған электр станциясы және (немесе) электр желісі жұмысының бұзылуы;
4) тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің бекітілген графиктен 150С төмен желілік су температурасымен 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін жұмыс істеуіне әкеп соққан жылу энергиясы көзінің зақымдануы немесе ақаулығы;
5) БЭЭЖ немесе оның оқшауланған бөлігінің (энерготорап) ұзақтығы 30 минутқа дейін 49,0 Гц төмен жиілікпен немесе үш минуттан аз 51,0 Гц жиілікпен жұмыс істеуі;
6) күзгі-қысқы кезеңнен тыс бір блокты жұмыс режимін қоспағанда, келтірілген жалпы электр және жылу жүктемесі 300 МВт және одан жоғары болса, жылыту қазандықтарының (су жылыту және бу) жүктемесін есепке алмағанда, электр станцияның жүктемені толық түсіруі;
7) ғимараттар мен құрылыстардың салмақ түсетін элементтерінің зақымдануы, мәжбүрлі өшіру немесе тұтынушыларға 100000 бастап 250000 кВт/сағ. дейін электр энергиясын жеткіліксіз беруді тудырған электр станцияларының және (немесе) кіші станциялардың, электр беру желілерінің негізгі жабдығының (қуатына қарамастан) жұмыс істеу қабілеттілігінің шектелуі;
8) су құбырының, газ-мазут құбырының, отын беру трактының, электр станцияларының өзіндік жеке электр немесе жылу қажеттіліктерінің істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге шығару; қазандықтардағы өрт; негізгі немесе қоректендіру құбырларының жарылуы; ғимараттар мен құрылыстардың негізгі элементтерінің құлауы, егер жоғарыда аталған жағдайлардың ең болмаса біреуі барлық өндіруші жабдықтың бір тәуліктен артық толық тоқтап қалуына немесе оның бір бөлігінің 10 тәуліктен 25 тәулікке дейінгі мерзімге бос тұруына әкелсе;
9) тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің желілік су температурасымен бір тәуліктен аз бекітілген кестеден 150С төмен жұмыс істеуіне әкеп соққан қазандық жабдығының істен шығуы және оларды кейіннен авариялық жөндеуге шығару;
10) жылыту маусымында тұтынушыларды жылумен жабдықтауда 16 сағаттан 24 сағатқа дейін үзіліс тудырған жылу желілерінің зақымдануы болып табылады.
3. II дәрежелі істен шығулар:
1) сәтті автоматты қайтадан қосу (АҚҚ) жұмыстары жағдайларынан басқа, 220 кВ және одан жоғары желілерде қорғаныс құрылғыларының жұмысын тудырған Қазақстанның БЭЭЖ ұлттық және өңірлік электр желілерінде энергия тұтыну режимінің бұзылуы;
2) диспетчерлік байланыс және телемеханика жүйесі құралдарының бір тәуліктен артық мерзімге жұмыс істеу қабілетінің бұзылуы;
3) осы құрылғылардың жұмыс жағдайларынан басқа, қорғаныс және (немесе) автоматиканың сигналға дұрыс әрекет етпеуі;
4) желілерде 220 кВ және одан жоғары қуаттың асқын тогын шектеу автоматикасынан тұтынушыларды ажырату;
5) егер ол авария немесе I дәрежелі істен шығу болып табылмаса, электр станциясы, қазандық, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығының зақымдануы, қате немесе мәжбүрлі ажыратылуы болып табылады.
4. Профилактикалық қарап-тексеру және бақылау, авариямен немесе жұмыстағы істен шығулар кезінде анықталған ұсақ ақаулар мен бұзушылықтарды (төсемдерді ауыстыру, тығыздамаларды қағу, қазандықтарды сылау, тіреу элементтерін ауыстыру, нөлдік оқшаулағыштарды ауыстыру, оқшаулауды тазарту, май ағуды болдырмау) жою үшін жедел өтінім бойынша жабдықты жоспардан тыс істен шығару ресімделмейді. Егер жабдықты істен шығару белгіленген диспетчерлік кестенің орындалмауына, тұтынушыларды авариялық ажыратулар мен шектеулерге әкелмесе, мұндай жұмыстар жедел-техникалық құжаттамада ескеріледі.
Технологиялық бұзушылықтар себептерін жіктеу белгілері
1. Технологиялық бұзушылықтардың техникалық себептерін жіктеу белгілері мыналар болып табылады:
1) қондырғы материалы құрылымының, оның бөлшектерінің немесе торабының бұзылуы;
2) пісірудің, дәнекерлеудің бұзылуы;
3) механикалық қосылыстың бұзылуы;
4) механикалық тозу;
5) күлдік тозу;
6) коррозиялық тозу;
7) эрозиялық тозу;
8) тұтастығының бұзылуы;
9) дірілдің нормативтік мәнін асыру;
10) жарылыс;
11) термиялық зақымдануы, қызып кету, қатты күю;
12) электр доғалық зақымдану;
13) электрлік оқшаулаудың бұзылуы;
14) электрлік түйісудің бұзылуы;
15) механикалық қирау (зақымдану);
16) жану немесе өрт;
17) электр желісі тұрақтылығының бұзылуы;
18) аварияға қарсы автоматиканың бұзылуы;
19) жіктелмеген себептер (ресурстың жойылуы, қождануы және басқасы);
20) өндірісті диспетчерлік және технологиялық басқару жүйелерінің жұмысындағы бұзушылықтар.
2. Технологиялық бұзушылықтарды ұйымдастыру себептерін жіктеу белгілері мыналар болып табылады:
1) жедел персоналдың қате әрекеті;
2) жедел емес персоналдың қате әрекеті;
3) энергетикалық кәсіпорын және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелері басшылық персоналының жұмысындағы кемшіліктер;
4) жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру;
5) пайдаланудағы басқа да кемшіліктер;
6) жоба ақаулары;
7) құрылым ақаулары;
8) дайындаудағы ақаулар;
9) монтаждау ақаулары;
10) жөндеу ақаулары;
11) құрылыс ақаулары;
12) дүлей құбылыстың әсері;
13) бөгде тұлғалар мен ұйымдардың ықпалы;
14) жіктелмеген себептер (нормативтік пайдалану мерзімінен асып кеткен пайдаланудағы жабдықтың тозуы, құстардың, кеміргіштердің ықпалы).
Энергетикалық кәсіпорындардың орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы шұғыл хабарламаларды ұсыну
РЕГЛАМЕНТІ
1. Энергетикалық кәсіпорындарда орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы ақпарат мына кестеге сәйкес хабарланады:
Шұғыл хабарламалар ұсынылатын бұзушылықтар | Хабарламаларды ұсыну реттілігі | ||
Штаттан тыс жағдайлар туындаған сәттен бастап 1 сағат ішінде жедел хабар алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы және 12 сағаттан кешіктірмей жазбаша түрде хабарланады: | 1-кезең | 2-кезең | |
220 кВ және одан жоғары электр желілеріндегі бұзылулар мен ажырату және (немесе) осы желілердегі қуат ағымын шектеу автоматикасының дұрыс жұмыс істемеуі; |
ЭК ОДҚ-қа ЖО ӨДО-ға, жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына хабарлайды (құзыреті шегінде), | ЖО ҰДО мен мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына хабарлайды | |
энергетикалық кәсіпорындардағы (объектілердегі) жазатайым оқиғалар; | |||
энергетикалық кәсіпорындардағы жабдықтың бұзылуымен өрттің, жарылыстың пайда болуы; | |||
электр станциясы, жылу энергиясының көзі жүктемесінің толық түсуі; | |||
күл-қож үйіндісі дамбаларын немесе гидроқұрылыс бөгеттерін судың шайып кетуі, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың негізгі конструкцияларының бұзылуы; | |||
Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуі; | |||
орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдері бойынша жүйелік оператор өкімдерінің орындалмауы; | ЖО ҰДО-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына хабарлайды | ||
жылыту маусымында жылу желілеріндегі айналымның тоқтауы немесе бұзылуы; | ЭК ОДҚ-сы ЖО ӨДО-ға, жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына хабарлайды (құзыреті шегінде) | ЖО ҰДО мен мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына хабарлайды | |
энергетикалық кәсіпорындардағы (объектілердегі) жазатайым оқиғалар; | ЭК ОДҚ-сы ЦДС ЭП мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына және жергілікті атқарушы органға хабарлайды | мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына және/немесе басқарма басшысына хабарлайды | |
электр станциясы, жылу энергиясының көзі, электр және жылу желілеріндегі жабдықтың бұзылуымен өрттің, жарылыстың пайда болуы; | |||
110 кВ және одан жоғары электр желілеріндегі бұзылулар мен ажырату және осы желілердегі қуат ағымын шектеу автоматикасының дұрыс жұмыс істемеуі; | |||
бір энергетикалық кәсіпорын шегінде 2 және одан да көп электр беру желілерінің, сондай-ақ кернеуі 6-35 кВ электр желілеріндегі жабдықтың немесе тұтынушыларды 0,5 МВт жоғары электр энергиясынан жаппай ажыратуға әкеп соққан немесе дүлей зілзала нәтижесіндегі ажыратылуы және/немесе бұзылуы; | |||
диспетчердің басқарушы объектімен байланысын 1 сағаттан астам мерзімге толық жоғалтуға әкеп соққан диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары жұмысының бұзылуы; | |||
электр станциясы, жылу энергиясы көзінің және жылу желілері жабдығының, технологиялық ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуы; | |||
қорғаныс пен автоматиканың қате әрекеті; | |||
автоматикалық қорғаныс құралдарының немесе технологиялық параметрлердің жол бергісіз ауытқуларынан персонал әрекетінен немесе өзге де себептерден электр станциясы, кіші электр станциясы жабдығының ажыратылуы; | |||
өнеркәсіптің ірі кәсіпорындарының, көлік, байланыс, газ бен мұнайды өндіру, оларды өңдеу; қалалардың (кенттердің) немесе тұрғын аудандардың энергиямен жабдықтаудың тоқтатылуы; | |||
орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдері бойынша жүйелік оператор өкімдерінің орындалмауы. |
Энергетикалық кәсіпорын технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 15 минут ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тиісті облысы және Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаментін және жергілікті атқарушы органды жедел хабарламалармен алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы технологиялық бұзушылықтың туындау фактісі туралы хабардар етеді.
2. Шұғыл және жазбаша хабарламалар мынадай мәліметтерден тұрады:
1) энергетикалық кәсіпорынның атауы, технологиялық бұзушылықтың, жазатайым оқиғаның пайда болған күні мен уақыты;
2) технологиялық бұзушылықтың, жазатайым оқиғаның болжанатын себептері;
3) пайдаланылған қорғаныстардың, автоматика мен бұғаттаулардың тізбесі;
4) істен шыққан және жұмыста қалған жабдықтың тізбесі;
5) технологиялық бұзушылықтың салдары: бүлінген жабдықтың көлемі, толық жібермеу, ажыратылған тұтынушылардың саны, технологиялық бұзушылықты жою уақыты;
6) жазатайым оқиғаның алдын алу салдары;
7) ақпаратты берген адамның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған кезде) және лауазымы.
Ескертпе:
ЭК ОДҚ – энергия кәсіпорындарының орталық диспетчерлік қызметі;
ЖО ӨДО – жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталығы;
ЖО ҰДО – жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы;
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшылығы – Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган Орталық аппаратының басшылығы;
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның АД – Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның облыстар және Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменттері.
Электр және жылу энергиясын толық жібермеуді анықтау тәртібі
1. Жұмыс барысында технологиялық бұзушылықтың әсерінен тұтынушыларға электр және жылу энергиясын толық жібермеу электр энергиясын беру тоқтатылған немесе шектелген мезеттен бастап барлық тұтынушыларға қалыпты параметрлеріне қайта орнағанға дейінгі аралықта есептеледі.
Энергияны толық жібермеу энергиямен жабдықтау үзілісі, сондай-ақ қалыпты режимнің бұзылуына байланысты шектеулер болған кезде есептеледі.
2. Электр беру желісін (әуе немесе кабельді) өшіруге байланысты энергиямен жабдықтау үзілісі кезінде электр энергиясын толық жібермеу осы желілердің жүктемесіне және олардың өшірілген қалпында болу ұзақтығына байланысты есептеледі.
3. Егер энергия тұтыну жоспары (лимиттер) болса, жабдықтың зақымдануына немесе ақаулығына байланысты, оның авариялық тоқтап қалуынан тұтынушыларға электр энергиясын толық жібермеу, осы толық жібермеу орын алған уақытта электр энергиясын жоспарлы және іс жүзінде тұтыну арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Басқа барлық жағдайларда – өткен үш жұмыс күніне электр энергиясын орташа тәуліктік тұтыну мен толық жібермеу орын алған уақыттағы іс жүзінде тұтыну арасындағы айырма ретінде.
Электр энергиясын толық жібермеу шамасы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісінде көрсетіледі, ал есептеу тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісіне қосымшалардың бірі болып табылады.
4. Тұтынушыларды ажырату кезінде жылу энергиясын толық жібермеу өткен үш күннің ішіндегі орташа жүктемеге және ажырату ұзақтығына байланысты есептеледі.
5. Тұтынушыларға шектеу қойылған кезде жылу энергиясын толық жібермеу тұтынушыларға қалыпты параметрлермен жіберілуге тиіс жылу энергиясы мен тұтас шектеу кезеңі ішінде іс жүзінде жіберілген энергия арасындағы айырмашылыққа байланысты есептеледі.
6. Электр және/немесе жылу энергиясын толық жібермеу есептеуіне кәсіпорынның техникалық басшысы қол қояды.
Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісі
№ _____
1. Технологиялық бұзушылық болған объектінің немесе қондырғының атауы.
2. Технологиялық бұзушылықтың пайда болған күні және уақыты.
3. Технологиялық бұзушылықты есепке алу белгісі.
4. Энергияны толық жібермеу (мың киловатт сағат/гигакалорий).
5. Жұмыс режимін сипаттау, персоналдың әрекетін сипаттау және бағалау.
6. Технологиялық бұзушылықтың пайда болуын, оның өршуін, персоналдың әрекетін сипаттау және бағалау.
7. Режимді қалпына келтіру күні мен уақыты.
8. Технологиялық бұзушылықтың пайда болу және өршу себебі.
9. Технологиялық бұзушылықтың пайда болуына ықпал еткен немесе оны оқшаулап шектеуге кедергі келтірген пайдалану кемшіліктері.
10. Технологиялық бұзушылықтың пайда болуына ықпал еткен немесе оны оқшаулап шектеуге кедергі келтірген жабдық жобасының, құрылымының, жабдықты дайындау, құрылыс-монтаждау және ретке келтіру жұмыстарының кемшіліктері.
11. Осындай технологиялық бұзушылықтың алдын алу бойынша негізгі (ұйымдастырушылық және техникалық) іс-шаралар.
12. Зақымдалған жабдықтар, тораптар мен құрылғылар тізбесі.
13. Зақымдалған жабдықтың қалпына келтірілген күні мен уақыты. Бұзушылықты тергеп-тексерген комиссия 20____ жылғы "____" №____ _______________________________________ бұйрықпен тағайындалды.
Төраға _________________________ ______________
(Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған кезде)) (лауазымы, қолы)
Комиссия мүшесі ____________________ ______________
(Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған кезде)) (лауазымы, қолы)
Акт 20____ жылғы "____" ______________ жасалды.
Технологиялық бұзушылықтар журналы
Технологиялық бұзушылық күні және уақыты | Технологиялық бұзушылық болған объект (технологиялық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы) | Техникалық және ұйымдастырушылық жіктеу белгілері | Зақымданған жабдық | Электр және жылу энергиясының жеткіліксіз берілуі | Технологиялық бұзушылыққа әкелген кемшіліктер | Қайталанатын технологиялық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар | Тергеп-тексерудің аяқталған күні | Комиссия мүшелерінің тегі, аты-жөні, лауазымы | Комиссия мүшелерінің қолы | |
Ұсынылады: мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға (құзыреті бойынша)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/kaenk
Әкімшілік нысанының атауы: Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының индексі: № ТБ-1
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: "___"_____ бастап "____"__________ қоса алғанда
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар және жылу тасымалдаушы субъектілер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың жетінші күніне дейін ай сайын
БСН
Жинау әдісі - электронды түрде.
Кәсіпорынның атауы | Авариялар | |||||||||||||
Жыл басынан бастап барлығы | Есеп ті кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | ТБ себептері | |||||||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||||||||||
Техникалық себептер | ||||||||||||||
1.1 | 1.2 | 1.3 | 1.4 | 1.5 | 1.6 | 1.7 | 1.8 | 1.9 | 1.10 | |||||
кестенің жалғасы
ұйымдастыру себептері | |||||||||||||||
1.12 | 1.13 | 1.14 | 1.15 | 1.16 | 1.17 | 1.18 | 1.19 | 1.20 | 2.1 | 2.2 | 2.3 | 2.4 | 2.5 | 2.6 | |
кестенің жалғасы
Толық жеткізбеу | ||||||||||||
Электр энергиясы, (мың кВт*с) | Жылу энергиясы, (Гкал/с) | |||||||||||
Есепті кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңде | Есепті кезеңде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | |||||||||
7 | 8 | 9 | 10 | |||||||||
2.8 | 2.9 | 2.10 | 2.11 | 2.11 | 2.12 | 2.13 | 2.14 | |||||
кестенің жалғасы
Есепті кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | ТБ себептері | ||||||||||||
12 | 13 | 14 | ||||||||||||
техникалық себептер | ||||||||||||||
1.1 | 1.2 | 1.3 | 1.4 | 1.5 | 1.6 | 1.7 | 1.8 | 1.9 | 1.10 | 1.11 | 1.12 | |||
кестенің жалғасы
ұйымдастыру себептері | ||||||||||||||||
1.14 | 1.15 | 1.16 | 1.17 | 1.18 | 1.19 | 1.20 | 2.1 | 2.2 | 2.3 | 2.4 | 2.5 | 2.6 | 2.7 | 2.8 | 2.9 | |
кестенің жалғасы
ІІ дәрежелі істен шығулар | ||||||||||
Толық жеткізбеу | Жыл басынан бастап барлығы | Есепті кезеңінде | ||||||||
Электр энергиясы, (мың кВт*с) | Жылу энергиясы, (Гкал/с) | |||||||||
Есепті кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | Есепті кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | |||||||
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | |||||
2.11 | 2.12 | 2.13 | 2.14 | |||||||
кестенің жалғасы
ТБ себептері | |||||||||||||||
22 | |||||||||||||||
техникалық себептер | |||||||||||||||
1.1 | 1.2 | 1.3 | 1.4 | 1.5 | 1.6 | 1.7 | 1.8 | 1.9 | 1.10 | 1.11 | 1.12 | 1.13 | 1.14 | 1.15 | |
кестенің жалғасы
ұйымдастыру себептері | |||||||||||||||||
1.17 | 1.18 | 1.19 | 1.20 | 2.1 | 2.2 | 2.3 | 2.4 | 2.5 | 2.6 | 2.7 | 2.8 | 2.9 | 2.10 | 2.11 | 2.12 | ||
кестенің жалғасы
Жазатайым оқиғалар | |||||||||||
Толық жеткізбеу | Жыл басынан бастап барлығы | Есепті кезеңде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | Оның ішінде өліммен аяқталатын | |||||||
Электр энергиясы, (мың кВт*с) | Жылу энергиясы, (Гкал/с) | ||||||||||
Есепті кезеңде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | Есепті кезеңде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | Есепті кезеңде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | ||||||
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | |||
2.14 | |||||||||||
кестенің жалғасы
Есепті кезеңде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | |
34 | 34 | |
Ұйымның атауы _________________________________________________
Ұйымның мекенжайы ____________________________________________
Ұйымның телефоны ______________________________________________
Ұйымның электрондық пошта мекенжайы ___________________________
Орындаушы __________________________ ______________ __________
Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған кезде) қолы
Орындаушының телефоны ________________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ________________ _______
Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған кезде) қолы
Ескертпе: "Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
"Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
(индекс № ТБ-1, кезенділігі ай сайын)
1. Есеп беру айына нысанды толтыру жабдықтың жұмысындағы технологиялық бұзушылықтар жөніндегі есептік құжаттар негізінде жүргізіледі.
Кестеге кернеуі 0,4 кВ электр станцияларының электр техникалық жабдығы өшуінің ІІ дәрежелі жіктелген істен шығулар енгізілмейді.
2. "Авариялар" бөлімінде:
"Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап авариялар саны көрсетіледі;
"Есепті кезеңде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есепті кезеңінде және өткен есептік жылдан кейінгі жылдың тиісті кезеңінде болған авариялар саны көрсетіледі;
"ТБ себептері" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес технологиялық бұзушылықтар жіктеу себептерінің белгілері көрсетіледі;
"Жеткіліксіз жіберілген" кіші бөлімінде "Есепті кезеңде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есепті кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі авариялар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.
3. "І дәрежелі істен шығулар" бөлімінде:
"Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап І дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;
"Есепті кезеңде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есепті кезеңдегі болған және өткен жылдың тиісті кезеңінде болған І дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;
"ТБ себептері" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес технологиялық бұзушылықтар жіктеу себептерінің белгілері көрсетіледі;
"Жеткіліксіз жіберілген" кіші бөліміндегі "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі І дәрежелі істен шығулар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.
4. "ІІ дәрежелі істен шығулар" бөлімінде:
"Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап ІІ дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;
"Есепті кезеңде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есепті кезеңдегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі ІІ дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;
"ТБ себептері" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес технологиялық бұзушылықтар жіктеу себептерінің белгілері көрсетіледі;
"Толық жібермеу" кіші бөліміндегі "Есепті кезеңде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есепті кезеңдегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі ІІ дәрежелі істен шығулар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.
5. "Жазатайым оқиғалар" бөлімінде:
"Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі;
"Есепті кезеңде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есепті кезеңдегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі болған жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі;
"Оның ішінде өліммен аяқталатын" бағанында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі.
6. "Өрт" бөлімінде:
"Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап өрт саны көрсетіледі;
"Есепті кезеңде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есепті кезеңдегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі өрт саны көрсетіледі.
Технологиялық бұзушылықтарды (авариялар, істен шығулар) есепке алу
ЖУРНАЛЫ
технологиялық бұзушылық орны | бұзылған күні | технологиялық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы | жабдық түрі | технологиялық бұзушылық түрі (авария, I немесе II дәрежелі істен шығу), жіктелу белгілері | авариялық толық жібермеу мың кВт-Гкал/сағ | техникалық және ұйымдастырушылық себептер | іс-шаралар белгіленді | тергеп-тексеру актісіне қол қою күні | |
* Ескертпе
1. Электр станциялары үшін есепке алу мыналар бойынша жеке жүргізіледі:
- қазандық агрегат;
- қосалқы қазандық жабдығы;
- турбиналар;
- қосалқы турбиналық жабдық;
- құбыржолдар;
- генераторлар;
- трансформаторлар;
- сөндіргіштер және басқа электр жабдығы;
- релелік қорғау және автоматика;
- отын-көлік цехының жабдығы;
- химиялық суды тазарту жабдығы;
- жүктеменің толық түсірілуі, сондай-ақ электр станцияларының жүктемені 50 %-ға және төмен түсірулер бойынша.
2. Электр желілері үшін:
- трансформаторлар;
- әуе желілерінің тіреулері;
- желілік өткізгіштер;
- оқшаулағыштар;
- кіші станцияның сөндіргіштері және басқа жабдығы;
- кабельдік желілер;
- релелік қорғау және автоматика бойынша.
3. Жылу желілері үшін:
- магистральдық құбыржолдар;
- су жылыту қазандықтары;
- сорғылық агрегаттар бойынша.
4. Персоналдың қате іс-әрекеттері.
5. Өрттер және жанулар.
6. Ғимараттар мен құрылыс конструкцияларының бұзылуы.
7. Қысқа тұйықтауышқа қосу және жүктемемен ажыратқыштарды сөндіру.
8. Қорғау және автоматиканың істен шығу жағдайлары.