"Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 32) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
____________ Ж. Қасымбек
2015 жылғы 23 ақпан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген |
Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының,
аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің
жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру
жүргізу және оларды есепке алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.07.2019 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.09.2021 № 301 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бос тұру – энергия қондырғысының жұмыссыз жай-күйі;
2) диспетчерлік технологиялық басқару – диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешу үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қабылдауды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы хабарламаларын қабылдауға және өндеуге арналған процесс;
3) дүлей құбылыстар – табиғи ықпалдардың әсерінен, оның ішінде апаттың және зілзаланың салдарынан қоршаған ортаның бұзылуының, өзгеруінің болуын немесе болу мүмкіндігін сипаттайтын, адам мен қоғамның өмірлік маңызды мүдделеріне қауіп төндіретін жағдай;
4) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы нәтижесінде оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер етуі;
5) жедел емес персонал – жедел және жедел-жөндеу персоналынан басқа персонал;
6) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
7) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
8) жүктемені толық түсіру – электр станциясының электр немесе жылу жүктемесін түсіруі;
9) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесі – Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен кіші станциялардың жиынтығы;
10) қате әрекеттер – технологиялық бұзушылыққа әкеп соққан немесе оның пайда болуының алдын алмаған персоналдың әрекеті немесе әрекетсіздігі;
11) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) тергеп-тексеру – технологиялық бұзушылықтың туындау себептерін анықтау үшін құрылған комиссия жүзеге асыратын іс-шара;
13) технологиялық бұзушылық – электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну процесінің бұзылуына алып келген жабдықтың, электр және (немесе) жылу желілерінің істен шығуы немесе зақымдануы, оның ішінде жану немесе жарылыс, белгіленген режимдерден ауытқу, жабдықты рұқсатсыз өшіру немесе оның жұмыс істеу қабілетін шектеу немесе оның бүлінуі салдарынан істен шығуы немесе зақымдануы.
Технологиялық бұзушылықтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінде келтірілген өлшемшарттарға сәйкес жіктеледі.
Технологиялық бұзушылық белгілері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Технологиялық бұзушылық себептерін жіктеу белгілерінде келтірілген;
14) істен шығу – энергия кәсіпорнының немесе оның жабдығының жұмысқа жарамдылық жай-күйінің бұзылғанын білдіретін процесс;
15) энергетикалық кәсіпорындар – энергия беруші, энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;
16) энергия қондырғысы – жылу немесе электр энергиясын өндіруге, жинауға, өзгертуге, беруге, таратуға немесе тұтынуға арналған жабдық;
17) энергия торабы – жылу және электрмен жабдықтау саласындағы инфрақұрылым тұтастығына ие оқшауланған аумақ.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.09.2021 № 301 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге ұғымдар Заңда айқындалған ұғымдарға сәйкес қолданылады.
2-тарау. Технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.07.2019 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Тергеп-тексеруге келесі технологиялық бұзушылықтар жатады:
1) энергетикалық объектінің құрамына кіретін энергетикалық жабдықты, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану кезінде бұзылуы;
2) энергия қондырғыларының, электр және (немесе) жылу желілері мен олардың элементтерінің олардың істен шығуына әкеп соққан олардың жай-күйінің (жұмысының) техникалық (технологиялық) параметрлерінің жол берілмейтін ауытқулары. Электр және (немесе) жылу энергиясының сапа көрсеткіштерінің стандарттан ауытқуы;
3) энергия беруші ұйымның кінәсінен тұтынушылардың энергия қабылдағыштарын толық немесе ішінара жоспарланбаған ажырату.
5. Энергетикалық кәсіпорын технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 1 сағаттың ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес энергетикалық кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде орын алған технологиялық бұзушылықтар туралы шұғыл хабарламаларды ұсыну регламентіне сәйкес жедел хабарламалармен алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы жедел хабарлама береді.
Энергетикалық кәсіпорын технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 15 минут ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тиісті облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаментті және жергілікті атқарушы органды жедел хабарламалармен алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы технологиялық бұзушылықтың туындау фактісі туралы хабардар етеді.
Технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде энергетикалық кәсіпорын тиісті мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тиісті облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаментке, жергілікті атқарушы органға және жүйелік операторға жазбаша хабарлама жолдайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Жедел және жазбаша хабарламалар мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) энергетикалық кәсіпорынның атауы, технологиялық бұзушылық, жазатайым оқиғаның пайда болған күні және уақыты;
2) технологиялық бұзушылық, жазатайым оқиғаның болжамды себептері;
3) пайдаланылған қорғаныс, автоматика және бұғаттау тізбесі;
4) істен шыққан және жұмыста қалған жабдықтың тізбесі;
5) технологиялық бұзушылықтың салдары: бұзылған жабдықтың көлемі, толық жібермеу, ажыратылған тұтынушылардың саны, технологиялық бұзушылықты жою уақыты;
6) жазатайым оқиғаның алдын ала салдары;
7) ақпаратты берген адамның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, технологиялық бұзушылықтарды энергетикалық кәсіпорынның бұйрығымен құрылған тұрақты жұмыс істейтін комиссия тергеп-тексереді.
Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген технологиялық бұзушылықтарды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған комиссия тергеп-тексереді;
Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген технологиялық бұзушылықтарды жергілікті атқарушы органның бұйрығымен құрылған комиссия тергеп-тексереді.
Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру жүргізуге мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған комиссияға рұқсат беріледі;
Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 2-тармағының 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру жүргізуге жергілікті атқарушы мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған комиссияға рұқсат беріледі.
Бұйрық шығарған органның, ұйымның өкілдері Комиссия төрағалары болып тағайындалады.
Ескерту. 7-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап келесі жұмыс күнінен есептелетін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей басталады және комиссия құрылған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде аяқталады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеруді осы Қағидалардың 8-тармағымен көзделген кезеңде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, тергеп-тексеру мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Мыналар:
олардың шешімі бойынша мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның (құзыреті бойынша) бұйрығымен;
мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның (құзыреті бойынша) келісімі бойынша энергетикалық кәсіпорынның бұйрығымен комиссия құрылған жағдайда, тергеп-тексеру мерзімі ұзартылады.
10. Комиссия жұмысы ұйымдастыру іс-шараларын орындайтын және технологиялық бұзушылықты уақтылы, сапалы тергеп-тексеруді және оның нәтижелерін ресімдеуді қамтамасыз ететін оның төрағасы белгілейтін регламентке сәйкес жүргізеді.
11. Комиссия төрағадан және оның мүшелерінен, сондай-ақ комиссияның шешіміне қатыспайтын хатшыдан тұрады. Хатшыны есептемегенде, комиссия мүшелерінің саны – тақ.
Комиссия құрамы технологиялық бұзушылықтың ауырлығына және сипатына байланысты анықталады және:
1) дүлей құбылыстар нәтижесінде бір энергетикалық кәсіпорнының шегінде кернеуі 10 кВ (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары 10 және одан жоғары электр беру желілері бұзылған жағдайда – мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның, энергетикалық кәсіпорынның, жобалық, құрылыс-монтаждау және өзге де ұйым өкілдерін;
2) Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында және 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген технологиялық бұзушылықтардың туындауы – мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, әлеуметтік инфрақұрылым, азаматтық қорғау объектілерінде қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау функциясын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның, энергетикалық кәсіпорынның, жөндеу, баптау, жобалау, ғылыми-зерттеу, қажет болған жағдайда дайындаушы зауыттардың және өзге де ұйым өкілдерін;
3) Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында және 2-тармағының 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген технологиялық бұзушылықтардың туындауы – мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның немесе әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына қадағалау функцияны жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның, энергетикалық кәсіпорынның, дайындаушы зауыттардың, жөндеу, баптау, жобалау, ғылыми-зерттеу және өзге де ұйым өкілдерін;
4) БЭЖ, электр станциялары мен желілері жабдығының жұмыс режимінің өзгеруі, автоматика, релелік немесе технологиялық қорғау құрылғыларының, байланыс құралдарының дұрыс жұмыс істемеуі – мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, энергетикалық кәсіпорынның, мамандандырылған ұйым өкілдерін;
5) энергетикалық кәсіпорынның энергетикалық жабдығын немесе ғимаратын жобалау, дайындау, салу, монтаждау немесе жөндеу ақаулары – мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, энергетикалық кәсіпорынның, дайындаушы зауыттардың, жобалау, құрылыс-монтаждау және өзге ұйым өкілдерін қамтиды.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Тұтынушыда орын алған және энергия беруші ұйымында одан әрі дамуға алып келген технологиялық бұзушылықтар екі тараптың өкілдерінің қатысуымен тергеп тексеріледі.
13. Технологиялық бұзушылықты тергеп-тексеретін энергетикалық кәсіпорын:
1) техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулер, сынақтар жүргізеді;
2) зақымданған объектінің фототүсірілімдерін орындайды.
14. Комиссия жұмысы басталғанға дейін энергетикалық кәсіпорын:
1) орын алған технологиялық бұзушылық сипаты мен көлемін айқындайды;
2) зақымданған жабдықтың тіркеу аспаптарының диаграммаларын, осцилограммаларын, жедел келіссөздердің электрондық жазбаларын, жедел журналдарды, электрондық-есептеу машиналарының басылымдарын, жекелеген элементтері мен бөліктерін сақтауды қамтамасыз етеді;
3) коммутациялық аппаратураның, ілгекті және реттеу арқауының, блинкерлер мен бастырмалардың тұрған орындарын белгілейді;
4) технологиялық бұзушылықты жоюға қатысқан персоналдың, бұзушылықты көргендердің рапорттарын жинайды;
5) жөндеу және жобалық құжаттамасын, хаттамаларды, схемаларды, зауыттық және өндірістік нұсқауларды, режимдік карталарды іріктеуді жүзеге асырады;
6) қажет болған жағдайда немесе комиссияның шешімі бойынша энергетикалық сараптаманы жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жүргізілген энергетикалық сараптаманың дәлелденген, негізделген нәтижелерін және сарапшылардың сараптама өткізу мәні бойынша толық тұжырымдарын Комиссия технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелерін ресімдеу үшін пайдаланады.
7) энергияны толық жібермеу осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген Электр және жылу энергиясын толық жібермеу анықтамасына сәйкес айқындалады.
15. Осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көрсетілген орындалған іс-шаралар қорытындысы бойынша қалыптастырылған материалдар комиссияның әрбір мүшесіне ұсынылады. Комиссияның қарауына ұсынылатын сипаттамалар мен құжаттарды аумағында технологиялық бұзушылық орын алған және тергеп-тексеріліп жатқан энергетикалық кәсіпорынның басшысы дәйектейді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Тергеп-тексеру барысында комиссия мүшелерінің сұранысы бойынша энергетикалық кәсіпорын тергеп-тексеру тақырыбына байланысты қажетті материалдарды ұсынады.
17. Технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде пайда болу, өршудің барлық себептері сипатталады, зерделенеді және бағаланады:
1) қызмет көрсетуші персоналдың әрекеті;
2) объектілердің және оны пайдаланатын ұйымдардың қауіпсіздік, техникалық жай-күйі және пайдалану талаптарына сәйкес келуі;
3) жөндеу, профилактикалық тексеру мен сынақтар, жабдықтың жай-күйіне бақылау жүргізу сапасы мен мерзімдері;
4) жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде технологиялық тәртіптің сақталуы;
5) авария ошақтарын және жабдық ақауларын жою бойынша шаралардың уақтылы қабылдануы;
6) жабдықтар мен конструкцияларды дайындау, жобалық, құрылыс, монтаждау және реттеу жұмыстарының сапасы;
7) дүлей құбылыстардың (көк мұз қырларының қалыңдығы, желдің жылдамдығы және басқасы) нақты параметрлерінің жобада қабылданған және (немесе) нормалармен белгіленген шамаларға сәйкес келуі;
8) жүргізілген энергетикалық сараптама нәтижелері.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Зақымданған жабдықты ашу немесе бөлшектеу комиссия төрағасының рұқсаты бойынша жүргізіледі.
Адамдар мен жабдық үшін ықтимал қауіп болған жағдайларда ашуға және бөлшектеуге рұқсатты энергетикалық кәсіпорынның техникалық басшысы қабылдайды.
19. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру актісімен мыналармен:
1) қолданылу мерзімін өтемеген жабдықтың зауыттық ақауларына байланысты зақымдалуына;
2) электр станциясының жүктемелерін толық түсіруіне;
3) 110-1150 кВ электр желілерінің, сондай-ақ 110 кВ және жоғары шағын станциялардың негізгі жабдығының зақымдалуына;
4) жылыту маусымында жылу жүйелерінің зақымдалуына;
5) персоналдың қате әрекетіне байланысты авариялардың, І дәрежелі бұзылыстардың, сондай-ақ ІІ дәрежелі бұзылыстардың тергеп-тексеру нәтижелері ресімделеді.
ІІ дәрежелі бұзылыстарды тергеп-тексеруде қажет болған жағдайда мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның (құзыреті бойынша) өкілдері қатысады.
Технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру актісіне жүргізілген энергетикалық сараптама нәтижелері, комиссия тұжырымдарын растайтын құжаттар (зақымданған жабдықты қарау актісі, регистрограммалар, осциллограммалар, шұғыл журналдардан алынған көшірмелер, түсініктеме жазбалар, схемалар, сызбалар, фотосуреттер, жабдық және металды сынау нәтижелері, сауалнама қағаздары) қоса салынады.
20. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілмеген II дәрежелі бұзылыстар осы Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген нысан бойынша энергетикалық кәсіпорындағы технологиялық бұзушылық журналында ресімделеді.
21. Технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру актісіне комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссияның жекелеген мүшелері келіспеуі кезінде актіге "ерекше пікірмен" қол қойылады. Комиссия мүшесінің ерекше пікірі қол қою кезінде технологиялық бұзушылықты тергеп-тексеру актісіне қоса беріледі.
22. Технологиялық бұзушылықты тергеп-тексеру актісі барлық қосымшаларымен бірге екі данада жасалады: бірі энергетикалық кәсіпорын үшін, екіншісі мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган үшін.
Энергетикалық кәсіпорын комиссия құрған жағдайда, технологиялық бұзушылықты тергеп-тексеру актісінің екінші данасы барлық қосымшаларымен бірге қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға (құзыреті бойынша) жіберіледі.
23. Орталық Азияның біріктірілген энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі – БЭЖ) және Қазақстанның БЭЖ жұмысында іргелес мемлекеттердің кінәсінен болған технологиялық бұзушылықтар Орталық Азия БЭЖ Кеңесі бекіткен Орталық Азия БЭЖ және Қазақстан БЭЖ жұмысындағы бұзушылықтарды тергеп-тексеру және есепке алу жөніндегі (49 – отырыстың хаттамасы 2003 жылғы 31 шілде – 2003 жылғы 1 тамыз, Бішкек қаласы) нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) талаптарына сәйкес тергеп-тексеріледі. Бұл технологиялық бұзушылықтар жоғарыда аталған Нұсқаулыққа сәйкес арнайы есепке алуға жатады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Технологиялық бұзушылықтардың тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.07.2019 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысында орын алған технологиялық бұзушылықтар есепке алуға жатады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Технологиялық бұзушылықтарды есепке алуды энергетикалық кәсіпорындар энергетикалық қондырғыларды кешенді сынақтан өткізген (жүктемемен) және өнеркәсіптік немесе тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға қабылдаған сәттен бастап олардың жалпы жұмыс істеу уақыты ішінде жүргізеді.
26. Ауқымына, өршу ортасына, қатысушының кінәсіне байланысты бірнеше энергетикалық кәсіпорынды қамтитын технологиялық бұзушылық бір немесе бірнеше энергетикалық кәсіпорында комиссияның шешімі бойынша есепке алынады.
Ескерту. 26-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде өзгермейді – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Әрбір энергетикалық кәсіпорын есептік айдан кейінгі айдың жетісіне дейін ай сайын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға (құзыреті бойынша) осы Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша технологиялық бұзушылықтар туралы жиынтық есептілікті жолдайды.
Технологиялық бұзушылықтарды есепке алу, оның ішінде тергеп-тексеру актілерін тіркеу энергетикалық кәсіпорындарда нысаны осы Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген технологиялық бұзушылықтарды (аварияларды, бұзылыстарды) есепке алу журналында жүргізіледі.
Технологиялық бұзушылықтарды жіктеу
Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі – БЭЖ), электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтар салдарының сипаты мен ауырлығына байланысты аварияларға, I және II дәрежелі бұзылыстарға жіктеледі.
1. Авариялар:
1) су құбырының, газ-мазут құбырының, отын беру трактының, электр станцияларының өзіндік жеке электр немесе жылу қажеттіліктерінің істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге шығару; электр станциясындағы, электр шағын станцияларындағы өрт; негізгі немесе қоректендіру құбырларының жарылуы; ғимараттар мен құрылыстардың негізгі элементтерінің құлауы, егер жоғарыда аталған жағдайлардың ең болмаса біреуі барлық өндіруші жабдықтың бір тәуліктен артық толық тоқтап қалуына немесе оның 25 және одан артық тәулік мерзімге еріксіз тоқтап қалуына әкелсе;
2) қуаты 50 мегаватт (бұдан әрі – МВт) және одан жоғары турбинаның, қуаты 60 МВт және одан жоғары генератордың, қуаты 75 мегавольт ампер (бұдан әрі – МВА) және одан жоғары трансформатордың, реактордың, ажыратқыштың, кернеуі 220 киловольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары электр беру желілерінің ұзақтығы 25 тәулікке және одан артық мерзімге еріксіз кідіріп қалуына әкеп соққан зақымдану;
3) мыналарға:
су торабының ең жоғары есептік қабілетінің артуымен су қоймасынан суды ығыстыруға;
су электр станциясының қазіргі қуатының 50 % және одан артық төмендеуіне;
жоғарғы бьефте су деңгейінің шекті-қолжетімді мәндерге артуына әкеп соққан белгіленген қуаты 100 МВт және артық су электр станциялары құрылыстарының бүлінуі немесе жұмысқа жарамдылығының зақымдануы:
4) БЭЖ және оның жиілігі 49 герц (бұдан әрі – Гц) және артық оқшауланған бөлігінің бір сағаттан артық жұмыс істеуі немесе 51 Гц артық жиілікпен үш минуттан артық жиілігі артық жұмыс істеуі;
5) БЭЖ-дың жекелеген бөліктерге бөлінуі арқылы оның тұтастығының бұзылуы немесе тұтынушыларға сағатына 250000 кВт (кВт/сағ) және одан артық өлшемдегі электр энергиясын жеткіліксіз беруді тудырған электр станциясы және (немесе) электр желісі жұмысының бұзылуы;
6) егер келтірілген жалпы электр және жылу жүктемесі бір блокты жұмыс режимін қоспағанда 300 МВт және одан жоғары болса, жылыту қазандықтарының (су жылытқыш және бу) жүктемесін ескерусіз электр станцияның жүктемені толық түсіруі;
7) тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің бекітілген графиктен 250С төмен желілік су температурасымен бес тәуліктен артық жұмыс істеуге әкеп соққан жылу көзінің зақымдануы немесе ақаулығы;
8) күл-қож қалдықтарының қоршаған ортаға шығарылуымен электр станциясы күл-қож дамбасының бұзылуы;
9) су құбырының, газ-мазут құбырының, отын беру трактының, қазандықтардың өзіндік жеке электр немесе жылу қажеттіліктерінің істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге шығару; қазандықтардағы өрт; негізгі немесе қоректендіру құбырларының жарылуы; ғимараттар мен құрылыстардың негізгі элементтерінің құлауы, егер жоғарыда аталған жағдайлардың ең болмаса біреуі барлық өндіруші жабдықтың бір тәуліктен артық толық тоқтап қалуына немесе оның 25 және одан артық тәулік мерзімге еріксіз тоқтап қалуына әкелсе;
10) өнімділігі сағатына 160 тонна (бұдан әрі – т/сағ.) және одан жоғары бу қазанының, өнімділігі сағатына 100 гигакалорий (бұдан әрі – Гкал/сағ.) және одан жоғары су қазанының ұзақтығы 25 тәулікке және одан артық мерзімге еріксіз кідіріп қалуына әкеп соққан зақымдану;
11) тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің желілік су температурасымен бір тәулік және одан көп бекітілген кестеден 250С төмен жұмыс істеуіне әкеп соққан қазандық жабдығының істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге кейінгі шығару;
12) күл-қож қалдықтарының қоршаған ортаға шығарылуымен қазандық күл-қож дамбасының бұзылуы;
13) жылыту маусымында тұтынушыларды жылумен жабдықтауда 24 сағаттан артық мерзімге үзіліс тудырған жылу желілерінің зақымдануы болып табылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. I дәрежелі бұзылыстар:
1) су құбырының, газ-мазут құбырының, отын беру трактының, электр станцияларының өзіндік жеке электр немесе жылу қажеттіліктерінің істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге шығару; электр станциясындағы, электр шағын станцияларындағы өрт; негізгі немесе қоректендіру құбырларының жарылуы; ғимараттар мен құрылыстардың негізгі элементтерінің құлауы, егер жоғарыда аталған жағдайлардың ең болмаса біреуі барлық өндіруші жабдықтың бір тәуліктен артық толық тоқтап қалуына немесе оның 5 тәуліктен 25 тәулікке дейінгі мерзімге еріксіз тоқтап қалуына әкелсе;
2) қуаты 50 МВт турбинаның, қуаты 60 МВт және одан жоғары генератордың, қуаты 75 МВА және одан жоғары трансформатордың, реактордың, ажыратқыштың, кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр беру желілерінің 5 тәуліктен 25 тәулікке дейінгі мерзімге еріксіз кідіріп қалуына әкеп соққан зақымдану;
3) БЭЖ-дың жекелеген бөліктерге бөлінуі арқылы оның тұтастығының бұзылуы немесе тұтынушыларға сағатына 250000 кВт/сағ. 50000 кВт/сағ дейінгі өлшемдегі электр энергиясын жеткіліксіз беруді тудырған электр станциясы және (немесе) электр желісі жұмысының бұзылуы;
4) тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің бекітілген графиктен 250С төмен желілік су температурасымен 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін жұмыс істеуіне әкеп соққан жылу көзінің зақымдануы немесе ақаулығы;
5) қазан жабдығының, турбинаның, генератордың (өнімділігі мен қуатына қарамастан); кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр жабдығының (күш трансформаторының, ажыратқыштың, реактордың, электр беру желілерінің) ұзақтығы бес және одан артық жалғасатын мәжбүрлі тоқтап тұруына әкеп соқтырған зақымдану;
6) БЭЖ немесе оның оқшауланған бөлігінің (энерготорап) ұзақтығы 30 минутқа дейін 49,0 Гц төмен жиілікпен немесе үш минуттан аз 51,0 Гц жиілікпен жұмыс істеуі;
7) егер келтірілген жалпы электр және жылу жүктемесі бір блокты жұмыс режимін қоспағанда 300 МВт және одан жоғары болса, жылыту қазандықтарының (су жылытқыш және бу) жүктемесін ескерусіз электр станцияның жүктемені толық түсіруі;
8) ғимараттар мен құрылыстардың салмақ түсетін элементтерінің зақымдануы, мәжбүрлі өшіру немесе тұтынушыларға 50000 бастап 250000 кВт/сағ. дейін электр энергиясын жеткіліксіз беруді тудырған электр станцияларының және (немесе) шағын станциялардың, электр беру желілерінің негізгі жабдығының (қуатына қарамастан) жұмыс істеу қабілеттілігінің шектелуі;
9) тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің бекітілген графиктен 250С төмен желілік су температурасымен ұзақтығы 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін жұмыс істеуіне әкеп соққан қазандықтағы жылу көзінің зақымдануы немесе ақаулығы;
10) су құбырының, газ-мазут құбырының, отын беру трактының, электр станцияларының өзіндік жеке электр немесе жылу қажеттіліктерінің істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге шығару; қазандықтардағы өрт; негізгі немесе қоректендіру құбырларының жарылуы; ғимараттар мен құрылыстардың негізгі элементтерінің құлауы, егер жоғарыда аталған жағдайлардың ең болмаса біреуі барлық өндіруші жабдықтың бір тәуліктен артық толық тоқтап қалуына немесе оның 5 тәуліктен 25 тәулікке дейінгі мерзімге еріксіз тоқтап қалуына әкелсе;
11) өнімділігі сағатына 160 тонна (бұдан әрі – т/сағ.) және одан жоғары бу қазанының, өнімділігі сағатына 100 гигакалорий (бұдан әрі – Гкал/сағ.) және одан жоғары су қазанының ұзақтығы 5 тәуліктен 25 тәулікке дейінгі мерзімге еріксіз кідіріп қалуына әкеп соққан зақымдану;
12) тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің желілік су температурасымен бір тәуліктен аз бекітілген кестеден 250С төмен жұмыс істеуіне әкеп соққан қазандық жабдығының істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге кейінгі шығару;
13) жылыту маусымында тұтынушыларды жылумен жабдықтауда 16 сағаттан 24 сағатқа дейін үзіліс тудырған жылу желілерінің зақымдануы болып табылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. II дәрежелі бұзылыстар:
1) сәтті автоматты қайтадан қосу (АҚҚ) жұмыстары жағдайларынан басқа, 220 кВ және одан жоғары желілерде қорғаныс қондырғысының жұмысын тудырған Қазақстанның БЭЖ ұлттық және өңірлік электр желілерінде энергия тұтыну режимінің бұзылуы;
2) диспетчерлік байланыс және телемеханика жүйесі құралдарының бір тәуліктен артық мерзімге жұмыс істеу қабілетінің бұзылуы;
3) осы құрылғылардың жұмыс жағдайларынан басқа, қорғаныс және (немесе) автоматиканың сигналға дұрыс әрекет етпеуі;
4) желілерде 220 кВ және одан жоғары қуаттың асқын тоғын шектеу автоматикасынан тұтынушыларды ажырату;
5) егер ол авария немесе I дәрежелі бұзылыс болып табылмаса, электр станциясы, қазандық, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығының зақымдануы, қате немесе мәжбүрлі ажыратылуы болып табылады.
4. Профилактикалық тексеру және бақылау, авариямен немесе жұмыстағы бұзылыстар кезінде анықталған ұсақ ақаулар мен бұзушылықтарды (төсемдерді ауыстыру, тығыздамаларды қағу, қазандықтарды сылау, тіреу элементтерін ауыстыру, нөлдік оқшаулағыштарды ауыстыру, оқшаулауды тазарту, май ағуды болдырмау) жою үшін жедел өтінім бойынша жабдықты жоспардан тыс істен шығару ресімделмейді. Егер жабдықтың істен шығару белгіленген диспетчерлік кестенің орындалмауына, тұтынушыларды авариялық ажыратулар мен шектеулерге әкелмесе, мұндай жұмыстар жедел-техникалық құжаттамада ескеріледі.
Технологиялық бұзушылықтар себептерін жіктеу белгілері
1. Технологиялық бұзушылықтардың техникалық себептерін жіктеу белгілері мыналар болып табылады:
1) қондырғы материалы құрылымының, оның бөлшектерінің немесе торабының бұзылуы;
2) пісірудің, дәнекерлеудің бұзылуы;
3) механикалық қосылыстың бұзылуы;
4) механикалық тозу;
5) күлдік тозу;
6) тотығып тозу;
7) эрозиялық тозу;
8) тұтастығының бұзылуы;
9) дірілдің нормативтік мәнінің артуы;
10) жарылыс;
11) термиялық зақымдануы, қызып кету, қатты күю;
12) электр доғалық зақымдану;
13) электрлік оқшаулаудың бұзылуы;
14) электрлік түйісудің бұзылуы;
15) механикалық қирау (зақымдану);
16) жану немесе өрт;
17) электр желісі тұрақтылығының бұзылуы;
18) аварияға қарсы автоматиканың бұзылуы;
19) жіктелмеген себептер (ресурстың жойылуы, қождануы және басқасы);
20) өндірісті диспетчерлік және технологиялық басқару жүйелерінің жұмысындағы бұзушылықтар.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Технологиялық бұзушылықтарды ұйымдастыру себептерін жіктеу белгілері мыналар болып табылады:
1) шұғыл персоналдың қате әрекеті;
2) шұғыл емес персоналдың қате әрекеті;
3) энергетикалық кәсіпорын және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелері басшылық персоналының жұмысындағы кемшіліктер;
4) жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру;
5) пайдаланудағы басқа да кемшіліктер;
6) жоба ақаулары;
7) құрылым ақаулары;
8) дайындаудағы ақаулар;
9) монтаждау ақаулары;
10) жөндеу ақаулары;
11) құрылыс ақаулары;
12) дүлей құбылыстың әсері;
13) бөгде тұлғалар мен ұйымдардың ықпалы;
14) жіктелмеген себептер (нормативтік пайдалану мерзімінен асып кеткен пайдаланудағы жабдықтың тозуы, құстардың, кеміргіштердің ықпалы).
Энергетикалық кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы шұғыл хабарламаларды ұсыну РЕГЛАМЕНТІ
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы ақпарат мына кестеге сәйкес хабарланады:
№ | Шұғыл хабарламалар ұсынылатын бұзушылықтар | Хабарламаларды ұсыну реттілігі | |
Штаттан тыс жағдайлар туындаған сәттен бастап 1 сағат ішінде жедел хабар алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы және 12 сағаттан кешіктірмей жазбаша түрде хабарланады: | 1-кезең | 2-кезең | |
1. | 220 кВ және одан жоғары электр желілеріндегі бұзылулар мен ажырату және осы желілердегі қуат ағымын шектеу автоматикасының дұрыс жұмыс істемеуі; |
ЭК ОДҚ-қа ЖО ӨДО-ға, жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына хабарлайды, | ЖО ҰДО мен мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына хабарлайды |
2. | Жүйелік оператордың басшылығындағы энергетикалық кәсіпорындардағы (объектілердегі) жазатайым оқиғалар; | ||
3. | Жүйелік оператордың басқару жүйесіне кіретін энергетикалық объектілердегі жабдықтың бұзылуымен өрттің, жарылыстың пайда болуы; | ||
4. | электр станциясы жүктемесінің толық түсуі; | ||
5. | күл-қож үйіндісі дамбаларын немесе гидроқұрылыс бөгеттерін су шайып кету, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың негізгі конструкцияларының бұзылуы; | ||
6. | Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуі; | ||
7. | орталықтандырылған шұғыл-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдері бойынша жүйелік оператор өкімдерінің орындалмауы; | ЖО ҰДО-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына хабарлайды | |
8. | жылыту маусымында жылу желілеріндегі айналымның тоқтауы немесе магистральдық құбырдың бұзылуы; | ЭК ОДҚ-сы ЖО ӨДО-ға, жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына хабарлайды | ЖО ҰДО мен мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына хабарлайды |
9. | энергетикалық кәсіпорындардағы (объектілердегі) жазатайым оқиғалар; | ЭК ОДҚ-сы ЦДС ЭП мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына және жергілікті атқарушы органға хабарлайды | мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына және/немесе басқарма басшысына хабарлайды |
10. | энергетикалық объектілердегі жабдықтың бұзылуымен өрттің, жарылыстың пайда болуы; | ||
11. | 110 кВ және одан жоғары электр желілеріндегі бұзылулар мен ажырату және осы желілердегі қуат ағымын шектеу автоматикасының дұрыс жұмыс істемеуі; | ||
12. | бір энергетикалық кәсіпорын шегінде 2 және одан да көп электр беру желілерінің, сондай-ақ кернеуі 6-35 кВ электр желілеріндегі немесе тұтынушыларды 0,5 МВт жоғары электр энергиясынан жаппай ажыратуға әкеп соққан немесе сұрапыл апат нәтижесіндегі ажыратылуы және/немесе бұзылуы; | ||
13. | диспетчердің басқарушы объектімен байланысын 1 сағаттан астам мерзімге толық жоғалтуға әкеп соққан диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары жұмысының бұзылуы; | ||
14. | электр станциясы жабдығының, технологиялық ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуы; | ||
15. | қорғаныс пен автоматиканың қате әрекеті; | ||
16. | автоматикалық қорғаныс құралдарының немесе технологиялық параметрлердің жол бергісіз ауытқуларынан персонал әрекетінен немесе өзге де себептерден электр станциясы, электр кіші станциясы жабдығының ажыратылуы; | ||
17. | өнеркәсіп ірі кәсіпорындарының, көлік, байланыс, газ бен мұнайды өндіру, оларды өңдеу; қалалардың (кенттердің) немесе тұрғын аудандардың энергиямен жабдықтаудың тоқтатылуы; | ||
18. | орталықтандырылған шұғыл-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдері бойынша жүйелік оператор өкімдерінің орындалмауы. |
Энергетикалық кәсіпорын технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 15 минут ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тиісті облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаментті және жергілікті атқарушы органды жедел хабарламалармен алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы технологиялық бұзушылықтың туындау фактісі туралы хабардар етеді.
2. Шұғыл және жазбаша хабарламалар мынадай мәліметтерден тұрады:
1) энергетикалық кәсіпорынның атауы, технологиялық бұзушылықтың, жазатайым оқиғаның пайда болған күні мен уақыты;
2) технологиялық бұзушылықтың, жазатайым оқиғаның болжанатын себептері;
3) пайдаланылған қорғаныстардың, автоматика мен бұғаттаулардың тізбесі;
4) істен шыққан және жұмыста қалған жабдықтың тізбесі;
5) технологиялық бұзушылықтың салдары: бүлінген жабдықтың көлемі, толық жібермеу, ажыратылған тұтынушылардың саны, технологиялық бұзушылықты жою уақыты;
6) жазатайым оқиғаның алдын алу салдары;
7) ақпаратты берген адамның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы.
Ескертпе:
ЭК ОДҚ – энергия кәсіпорындарының орталық диспетчерлік қызметі;
ЖО ӨДО – жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталығы;
ЖО ҰДО – жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы;
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшылығы – Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган Орталық аппаратының басшылығы;
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның АД – Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменттері.
Электр және жылу энергиясын толық жібермеуді анықтау тәртібі
1. Жұмыс барысында технологиялық бұзушылықтың әсерінен тұтынушыларға электр және жылу энергиясын толық жібермеу электр энергиясын беру тоқтатылған немесе шектелген мезеттен бастап барлық тұтынушыларға қалыпты параметрлеріне қайта орнағанға дейінгі аралықта есептеледі.
Энергияны толық жібермеу энергиямен жабдықтау үзілісі, сондай-ақ қалыпты режимнің бұзылуына байланысты шектеулер болған жағдайда есептеледі.
2. Электр беру желісін (әуе немесе кабельді) өшіруге байланысты энергиямен жабдықтау үзілісі кезінде электр энергиясын толық жібермеу осы желілердің жүктемесіне және олардың өшірілген қалпында болу ұзақтығына байланысты есептеледі.
3. Егер энергия тұтыну жоспары (лимиттер) болса, жабдықтың зақымдануына немесе ақаулығына байланысты, оның авариялық тоқтап қалуынан тұтынушыларға электр энергиясын толық жібермеу, осы толық жібермеу орын алған уақытта электр энергиясын жоспарлы және іс жүзінде тұтыну арасында айырмашылық ретінде айқындалады.
Басқа барлық жағдайларда – өткен үш жұмыс күніне электр энергиясын орташа тәуліктік тұтыну мен толық жібермеу орын алған уақыттағы іс жүзінде тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде.
Электр энергиясын толық жібермеу шамасы тексеру актісінде есептеледі, ал есеп тексеру актісіне қосымшалардың бірі болып табылады.
4. Тұтынушыларды ажырату кезінде жылу энергиясын толық жібермеу өткен үш күннің ішіндегі орташа жүктемеге және ажырату ұзақтығына байланысты есептеледі.
5. Тұтынушыларға шектеу қойылған жағдайда жылу энергиясын толық жібермеу тұтынушыларға қалыпты параметрлермен жіберілуге тиіс жылу энергиясы мен тұтас шектеу кезеңі ішінде іс жүзінде жіберілген энергия арасындағы айырмашылыққа байланысты есептеледі.
6. Электр және/немесе жылу энергиясын толық жібермеу есебіне кәсіпорынның техникалық басшысы қол қояды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Нысан
Технологиялық бұзушылықты тергеп-тексерудің
№ _____ актісі
1. Технологиялық бұзушылық болған объектінің немесе қондырғының атауы.
2. Технологиялық бұзушылықтың пайда болған күні және уақыты.
3. Технологиялық бұзушылықты есепке алу белгісі.
4. Энергияны толық жібермеу (мың киловатт сағат/гигакалорий).
5. Жұмыс режимін сипаттау, персоналдың әрекетін сипаттау және бағалау.
6. Технологиялық бұзушылықтың пайда болуын, оның дамуын, персоналдың әрекетін сипаттау және бағалау.
7. Режимді қалпына келтіру күні мен уақыты.
8. Технологиялық бұзушылықтың пайда болу және даму себебі.
9. Технологиялық бұзушылықтың пайда болуына ықпал еткен немесе оны оқшаулап шектеуге кедергі келтірген пайдалану кемшіліктері.
10. Технологиялық бұзушылықтың пайда болуына ықпал еткен немесе оны оқшаулап шектеуге кедергі келтірген жабдық жобасының, құрылымының, жабдықты дайындау, құрылыс-монтаждау және ретке келтіру жұмыстарының кемшіліктері.
11. Осындай технологиялық бұзушылықтың алдын алу бойынша негізгі (ұйымдастырушылық және техникалық) іс-шаралар.
12. Зақымдалған жабдықтар, тораптар мен құрылғылар тізбесі.
13. Зақымдалған жабдықтың қалпына келтірілген күні мен уақыты.Бұзушылықты тергеп-тексерген комиссия 20____ жылғы "____" №____
_______________________________________ бұйрықпен тағайындалды.
Төраға _________________________ ______________
(Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (лауазымы, қолы)
Комиссия мүшесі ____________________ ______________
(Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (лауазымы, қолы)
Акт 20____ жылғы "____" ______________ жасалды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Технологиялық бұзушылықтар журналы
Р/с | Технологиялық бұзушылық күні және уақыты | Технологиялық бұзушылық болған объект (технологиялық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы) | Техникалық және ұйымдастырушылық жіктеу белгілері | Зақымданған жабдық | Электр және жылу энергиясының жеткіліксіз берілуі | Технологиялық бұзушылыққа әкелген кемшіліктер | Қайталанатын технологиялық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар | Тергеп-тексерудің аяқталған күні | Комиссия мүшелерінің тегі, аты-жөні, лауазымы | Комиссия мүшелерінің қолы |
Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Есепті кезең 20__ жылғы "_"_____ бастап 20__ жылғы "____"__________ қоса алғанда.
Индекс: ТБ-1
Кезеңділігі: ай сайын
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: энергия беруші және энергия өндіруші ұйымдар.
Қайда ұсынылады: энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган (құзыреті бойынша).
Тапсыру мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың жетінші күніне дейін ай сайын.
№ п/п | Кәсіпорынның атауы | Авариялар | ||||||||||||
Жыл басынан бастап барлығы | Есеп беру кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | ТБ себептері | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||||||||
Техникалық себептер | ||||||||||||||
1.1 | 1.2 | 1.3 | 1.4 | 1.5 | 1.6 | 1.7 | 1.8 | 1.9 | 1.10 | |||||
кестенің жалғасы
ұйымдастыру себептері | |||||||||||||||
1.11 | 1.12 | 1.13 | 1.14 | 1.15 | 1.16 | 1.17 | 1.18 | 1.19 | 1.20 | 2.1 | 2.2 | 2.3 | 2.4 | 2.5 | 2.6 |
кестенің жалғасы
Жеткіліксіз жіберілген | ||||||||||||
Электр энергиясы, (мың. кВт*с) | Жылу энергиясы, (Гкал/с) | |||||||||||
Есеп беру кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | Есеп беру кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | |||||||||
7 | 8 | 9 | 10 | |||||||||
2.7 | 2.8 | 2.9 | 2.10 | 2.11 | 2.11 | 2.12 | 2.13 | 2.14 | ||||
кестенің жалғасы
І дәрежелі істен шығулар | ||||||||||||||
Жыл басынан бастап барлығы | Есеп беру кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | ТБ себептері | |||||||||||
11 | 12 | 13 | 14 | |||||||||||
техникалық себептер | ||||||||||||||
1.1 | 1.2 | 1.3 | 1.4 | 1.5 | 1.6 | 1.7 | 1.8 | 1.9 | 1.10 | 1.11 | 1.12 | |||
кестенің жалғасы
ұйымдастыру себептері | ||||||||||||||||
1.13 | 1.14 | 1.15 | 1.16 | 1.17 | 1.18 | 1.19 | 1.20 | 2.1 | 2.2 | 2.3 | 2.4 | 2.5 | 2.6 | 2.7 | 2.8 | 2.9 |
кестенің жалғасы
ІІ дәрежелі істен шығулар | ||||||||||
Жеткіліксіз жіберілген | Жыл басынан бастап барлығы | Есеп беру кезеңінде | ||||||||
Электр энергиясы, (мың. кВт*с) | Жылу энергиясы, (Гкал/с) | |||||||||
Есеп беру кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | Есеп беру кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | |||||||
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | |||||
2.10 | 2.11 | 2.12 | 2.13 | 2.14 | ||||||
кестенің жалғасы
Өткен жылдың тиісті кезеңінде | ТБ себептері | ||||||||||||||
21 | 22 | ||||||||||||||
техникалық себептер | |||||||||||||||
1.1 | 1.2 | 1.3 | 1.4 | 1.5 | 1.6 | 1.7 | 1.8 | 1.9 | 1.10 | 1.11 | 1.12 | 1.13 | 1.14 | 1.15 | |
кестенің жалғасы
ұйымдастыру себептері | ||||||||||||||||
1.16 | 1.17 | 1.18 | 1.19 | 1.20 | 2.1 | 2.2 | 2.3 | 2.4 | 2.5 | 2.6 | 2.7 | 2.8 | 2.9 | 2.10 | 2.11 | 2.12 |
кестенің жалғасы
Жазатайым оқиғалар | ||||||||||
Жеткіліксіз жіберілген | Жыл басынан бастап барлығы | Есеп беру кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | Оның ішінде өліммен аяқталатын | ||||||
Электр энергиясы, (мын. кВт*с) | Жылу энергиясы, (Гкал/с) | |||||||||
Есеп беру кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | Есеп беру кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | Есеп беру кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде | |||||
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | ||
2.13 | 2.14 | |||||||||
кестенің жалғасы
Өрт | ||
Жыл басынан бастап барлығы | Есеп беру кезеңінде | Өткен жылдың тиісті кезеңінде |
32 | 34 | 34 |
Ұйымның атауы _________________________________________________
Ұйымның мекенжайы ____________________________________________
Ұйымның телефоны ______________________________________________
Ұйымның электрондық пошта мекенжайы ___________________________
Орындаушы __________________________ ______________ __________
Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Орындаушының телефоны ________________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ________________ _______
Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Ескертпе: "Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
"Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Есеп беру айына нысанды толтыру жабдықтың жұмысындағы технологиялық бұзушылықтар жөніндегі есептік құжаттар негізінде жүргізіледі.
Кестеге кернеуі 0,4 кВ электр станцияларының электр техникалық жабдығы өшуінің ІІ дәрежелі жіктелген істен шығулар енгізілмейді.
2. "Авариялар" бөлімінде:
"Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап авариялар саны көрсетіледі;
"Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңінде және өткен есептік жылдан кейінгі жылдың тиісті кезеңінде болған авариялар саны көрсетіледі;
"ТБ себептері" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес технологиялық бұзушылықтар жіктеу себептерінің белгілері көрсетіледі;
"Жеткіліксіз жіберілген" кіші бөлімінде "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі авариялар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.
3. "І дәрежелі істен шығулар" бөлімінде:
"Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап І дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;
"Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі болған және өткен жылдың тиісті кезеңінде болған І дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;
"ТБ себептері" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес технологиялық бұзушылықтар жіктеу себептерінің белгілері көрсетіледі;
"Жеткіліксіз жіберілген" кіші бөліміндегі "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі І дәрежелі істен шығулар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.
4. "ІІ дәрежелі істен шығулар" бөлімінде:
"Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап ІІ дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;
"Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі ІІ дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;
"ТБ себептері" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес технологиялық бұзушылықтар жіктеу себептерінің белгілері көрсетіледі;
"Жеткіліксіз жіберілген" кіші бөліміндегі "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі ІІ дәрежелі істен шығулар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.
5. "Жазатайым оқиғалар" бөлімінде:
"Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі;
"Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі болған жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі;
"Оның ішінде өліммен аяқталатын" бағанында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі.
6. "Өрт" бөлімінде:
"Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап өрт саны көрсетіледі;
"Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі өрт саны көрсетіледі.
Нысан
Технологиялық бұзушылықтарды (авариялар, бұзылыстар) есепке алу
ЖУРНАЛЫ
Р/с | технологиялық бұзушылық орны | бұзылған күні | технологиялық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы | жабдық түрі | технологиялық бұзушылық түрі (авария, I немесе II дәрежелі бұзылыс), жіктелу белгілері | авариялық толық жібермеу мың кВт-Гкал/сағ | техникалық және ұйымдастырушылық себептер | іс-шаралар белгіленді | тергеп-тексеру актісіне қол қою күні |
* Ескертпе
1. Есепке алу электр станциялары үшін мыналар бойынша жүргізіледі:
- қазандық агрегат;
- қосалқы қазандық жабдығы;
- турбиналар;
- қосалқы турбиналық жабдық;
- құбыржолдар;
- генераторлар;
- трансформаторлар;
- сөндіргіштер және басқа электр жабдығы;
- релелік қорғау және автоматика;
- отын-көлік цехының жабдығы;
- химиялық суды тазарту жабдығы;
- жүктеменің толық түсірілуі, сондай-ақ электр станцияларының жүктемені 50 %-ға және төмен түсірулер бойынша есеп жеке жүргізіледі;
2. Электр желілері үшін:
- трансформаторлар;
- әуе желілерінің тіреулері;
- желілік өткізгіштер;
- оқшаулағыштар;
- шағын станцияның сөндіргіштері және басқа жабдығы;
- кабельдік желілер;
- релелік қорғау және автоматика бойынша.
3. Жылу желілері үшін:
- магистральды құбыр жолдар;
- су ысытатын қазандықтар;
- сорғылық агрегаттар бойынша.
4. Персоналдың қате іс-әрекеттері.
5. Өрттер және жанулар.
6. Ғимараттар мен құрылыс конструкцияларының бұзылуы.
7. Қысқа тұйықтауышқа қосу және жүктемемен ажыратқыштарды сөндіру.
8. Қорғау және автоматиканың істен шығу жағдайлары.