Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2017 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2017 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарын және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 26 ақпандағы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығымен бекітілген |
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Ескерту. Норматив жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.01.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2017 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін республикалық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
Таза кіріс | таза кіріс сомасынан 5 пайыз |
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін | 150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз |
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін | 4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз |
Таза кіріс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін | 34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз |
Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін | 97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз |
Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары | 247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз |
2. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативі 5 пайыздан көп емес мөлшерінде белгіленеді.
3. Қылмыстық-атқару жүйесі және сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру саласында өндірістік қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 2015 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша 0 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
4. 2002 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы 1993 жылғы 13 желтоқсандағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2016-2018 жылдардың қорытындысы бойынша таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерде белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2017-2019 жылдардың қорытындысы бойынша таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі 12 пайыз мөлшерінде белгіленсін.