Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 69) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары;
2) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
В. Школьник |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 13 ақпан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына қосымша |
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 69) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
2) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
3) күзгі-қысқы кезең – басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;
4) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;
5) энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу тәртібі
3. Заңның 6-бабы 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қуаты 5 МегаВаттан (бұдан әрі – МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын (бұдан әрі – әзірлік паспорты) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша береді.
4. Заңның 6-бабы 10-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша береді.
5. Заңның 6-бабы 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға әзірлік паспортын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша береді.
6. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау жергілікті атқару органдар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган немесе оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), www.egov.kz, www.elіcense.kz е-лицензиялау "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда, жүйелік оператор үшін 25 қазанды қоса алғанда жүзеге асырылады.
30 қыркүйектен кейін келіп түскен құжаттар құжаттардың толық топтамасымен бірге өтініш берушіге қаралмастан қайтарылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
8. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініші;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі (бұдан әрі – әзірлік актісі);
әзірлік актісіне осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі қоса беріледі (бұдан әрі – құжаттар тізімі);
станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
2) порталға:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініші;
әзірлік актісі;
әзірлік актісіне құжаттар тізімі қоса беріледі;
станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге берілген кезде нөмірленеді, тігіледі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы басшысының қолымен куәландырылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды портал арқылы берген кезде олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
9. Жыл сайын 1 тамыздан бастап әзірлік актісін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындау үшін көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлікті бағалау жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы) құрылып, жұмыс істей бастайды.
10. Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы төрағадан, төраға орынбасарынан және оның мүшелерінен тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушының комиссия құрамына көрсетілетін қызметті алушының басшылары және басқа да жауапты лауазымды адамдары, жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері кіреді.
Қуаты 100 Гигакаллория/сағ (бұдан әрі – Гкал/сағ) дейін энергия өндіруші ұйымдар құрған көрсетілетін қызметті алушының комиссия құрамына көрсетілетін қызметті алушының басшылары және басқа да жауапты лауазымды адамдары кіреді.
11. Көрсетілетін қызметті алушының комиссия төрағасы болып көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам тағайындалады. Жергілікті атқарушы органның өкілі төрағаның орынбасары болып тағайындалады.
12. Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы құжаттар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін айқындайды.
13. Жұмыс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы әзірлік актісін ресімдейді және оған барлық мүшелері қол қояды.
14. Егер отырыста көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, комиссия шешімі заңды болып есептеледі. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысқан көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады.
Көрсетілетін қызметті алушы комиссиясының жекелеген мүшелері келіспеген кезде әзірлік актісіне "ерекше пікірмен" қол қойылады.
Көрсетілетін қызметті алушы комиссиясының ерекше пікірі әзірлік актісіне қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау кезінде көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы анықтаған кемшіліктер әзірлік актісінде көрсетіледі.
15. Көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайын еместігі жағдайында көрсетілетін қызметті алушының басшылығы кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны көрсетілетін қызметті алушының комиссиясымен келіседі. Келісілген іс-шаралар жоспары әзірлік актісіне қоса беріледі.
16. Әзірлік актісі барлық қосымшаларымен бірге екі данада жасалады, оның бір данасы көрсетілетін қызметті алушыда сақталады, ал екінші данасы құжаттарға қоса беріледі.
17. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің іс жүргізуге жауапты маманы 15 (он бес) минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің іс жүргізуге жауапты маманы құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Толық құжаттар топтамасы ұсынылған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысын анықтайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жолдайды.
Көшірмесінде құжаттардың толық топтамасы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелген күні мен уақыты көрсетілген белгісі бар қағаз жеткізгіштегі өтініш құжаттардың толық топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.
Құжаттар портал арқылы келіп түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің іс жүргізуге жауапты маманы құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысын анықтайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.
Жауапты орындаушы күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын беру үшін осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне және осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген әзірлік паспортын беруге бас тарту үшін негіздердің бар болуына талдауды жүзеге асырады, тиісті қорытынды жасайды және осы қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісуге енгізеді.
Жауаты орындаушының қорытындысын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде келіседі және осы қорытынды көрсетілетін қызметті берушінің энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы) қарауына енгізеледі.
18. Осы қорытындыны және ұсынылған құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы құрылады, бұл комиссия 15 тамыздан бастап 13 қарашаны қоса алғанда жұмыс істейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы осы қорытындыны және ұсынылған құжаттарды аптасына кемінде бір рет қарайды.
19. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері құратын көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің және жергілікті атқарушы органның өкілдері енгізіледі.
20. Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының хатшысы көрсетілетін қызметті берушінің комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады және оның дауыс беру құқығы жоқ.
Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
21. Жергілікті атқарушы орган құратын көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып жергілікті атқарушы органның жауапты тұлғасы тағайындалады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган құратын көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның жауапты тұлғасы тағайындалады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі құратын көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің жауапты адамы тағайындалады.
22. Егер көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының отырысында көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының шешімі заңды болып есептеледі. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысқан көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады.
23. Қарау қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы мынадай негізделген шешімдердің бірін қабылдайды:
1) әзірлік паспорты берілсін;
2) әзірлік паспорты ескертулермен берілсін;
3) әзірлік паспорты берілмесін.
24. Әзірлік паспортын алу үшін шарттарды орындағанын растайтын ұсынылған құжаттар мазмұнының сәйкестігі көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының әзірлік паспортын беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады.
25. Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының әзірлік паспортын беру туралы шешімі немесе әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға әзірлік паспорты электрондық/қағаз түрінде беріледі.
Әзірлік паспорты алдағы күзгі-қысқы кезеңде қолданылады.
26. Әзірлік паспортын алу үшін шарттарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігі көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады, бұл ретте кейбір құжаттар мазмұны бойынша қосымша түсіндірмелер, материалдар және негіздемелер ұсынылуы қажет.
Ескертулер оларды келесі жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде жою үшін белгіленіп беріледі.
Берілген ескертулерді орындау туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ескертулерді орындау мерзімі өткен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
27. Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының қарау қорытындысы бойынша жауапты орындаушы күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде әзірлік паспортының жобасын, ескертулері бар әзірлік паспортын немесе әзірлік паспортын беруден дәлелді бас тарту туралы шешім жобасын дайындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде дайындық паспортын берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды. Әзірлік паспортын беруден бас тарту жағдайында қағаз жеткізгіште дәлелді бас тарту береді.
28. Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы әзірлік паспортты беруден бас тарту шешімін қабылдау үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) ұйымдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) ұйымдардың және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
29. Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің комиссия отырысы хаттамасына қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түрінде бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
30. Белгіленген мерзімде әзірлік паспортын алмаған көрсетілетін қызметті алушы күзгі-қысқы кезеңде жұмысты жалғастырады.
31. Көрсетілетін қызметті алушы үшін әзірлік паспортын алу мерзімі – жыл сайын 19 қазанды қоса алғанда, жүйелік оператор үшін – жыл сайын 13 қарашаны қоса алғанда.
32. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
33. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
34. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
____________________________________________________________________
(паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың _________ жылдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты
№_________________ _______________________ қаласы
"____" ____________20___ жыл (паспорт жасалған жер)
(паспорттың нөмірі және берілген күні)
Осы паспорт _______________________________________________________ берілді.
(ұйымның заңды атауы)
____________________ ______________________________
(басшының лауазымы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
____________________________________________________________________
(паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың _________ жылдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты ескертулермен
№_________________ _______________________ қаласы
"____" _____________ 20___ жыл (паспорт жасалған жер)
(паспорттың нөмірі және берілген күні)
Осы паспорт _______________________________________________________ берілді.
(ұйымның заңды атауы)
_________________________ _________________________________
(басшының лауазымы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына 3-қосымша |
"Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары. |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі; |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | күнтізбелік 20 (жиырма) күн. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен беру, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, "электрондық үкімет" веб-порталының жұмыс графигі |
Жұмыс графигі: |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш
_______________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
_______________________________________________________
(Бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
анықтаманың нөмірі және күні)
Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері:
Пошталық мекенжайы:_____________________________________
Телефон нөмірлері: ________________________________________
E-maіl: __________________________________________________
Факс:____________________________________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
1. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №
2. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №
3. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №
4. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №
5. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №
6. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №
Ұйымның басшысы_________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), қолы)
20__ жылғы "___" ______________
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың __________ жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі
________________________ _______________________
(акт жасалған жер) (күні)
_______________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
_______________________ № ____________ бұйрығымен тағайындалған комиссия.
_______________________________________________________________________
(энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалғаны, орындалмағаны көрсетіледі)
Тұжырым: ______________________________________________________________
(ұйым күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзір - әзір емес)
Комиссия |
__________ |
___________________ |
__________________ |
Комиссия |
__________ |
____________________ |
__________________ |
Комиссия |
__________ |
___________________ |
__________________ |
__________ |
___________________ |
__________________ | |
__________ __________ __________ (лауазымы) |
___________________ |
__________________ |
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына 6-қосымша |
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі
1. Энергия өндіруші ұйымдар үшін (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда):
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелген) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператордың келісімімен күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;
2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері (өз отынын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда);
3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;
4) энергия өндіруші ұйымның жүктемелер (электр, жылу) графигін орындауға әзірлік актісі, яғни жұмыс пен резервте қажетті негізгі жабдық құрамының болуы;
5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14033 болып тіркелген) Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларына сәйкес қоймада негізгі және резервтік (авариялық) отын қорының болуы туралы анықтама;
6) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
7) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
8) күл үйінділерінің қалған сыйымдылығын (бар болған жағдайда) күзгі комиссиялық қарап-тексеру жүргізу туралы актісі.
2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін:
1) Қағидаларға сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператордың келісімімен күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;
2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларын алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;
3) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
4) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
5) гидроқұрылыстарға (бар болған жағдайда) күзгі комиссиялық қарап- тексеру жүргізу туралы акт.
3. Энергия беруші ұйымдар үшін:
1) Қағидаларға сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператордың келісімімен күрделі жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;
2) электр жүктемелері графигін орындауға әзірлік туралы акті, яғни жұмыста және резервте жүктемелер графигін орындау және электр беру желілері мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (күзгі-қысқы кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылғы жаздық және қысқы бақылау күндеріне жүктемелерді өлшеулер);
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына және электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес көлемде және мерзімдерде электр желілерінің жабдығына сынақтар жүргізу туралы акті;
4) релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау туралы акті, ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік және технологиялық басқару құрылғыларының, бар болған жағдайда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің әзірлігі (актілердің көшірмелері);
5) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеу (веерлі ажыратулар) графиктерінің көшірмелері;
6) пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, графиктер мен кезеңділікке сәйкес жұмыс комиссияларында техникалық куәландырудан өткен энергия кәсіпорындарының жабдығы, электр қондырғылары, әуе желілері, кабельді желілері, релелік қорғау және автоматика құрылғылары, ғимараттар мен құрылыстардың тізбесі;
7) аварияға қарсы, өртке қарсы өткізілген жаттығулар туралы актілер (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);
8) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы актісі.
4. Жылу энергиясын (жылу желілерін) тасымалдауды және таратуды жүзеге асыратын энергия беруші ұйымдар үшін:
1) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және техникалық актілерге сәйкес келетін көлемде және сапада негізгі және қосалқы жабдыққа жоспарлы жөндеудің орындалуы туралы акті;
2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар және құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акті;
3) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
4) ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
5) жылу беретін ұйымдардың аталған жерді жылыту үшін сыртқы ауаның есептік температурасына жылу желілері мен жылу көздерінің жылу желілері жұмысының температуралық графиктерін орындауға әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі акті.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына 2-қосымша |
|
Нысан |
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың _________ жж.
күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорты
Ескерту. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.