Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын және алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10516 тіркелді

Қолданыстағы

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу қағидалары;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                                 В. Школьник

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 13 ақпан

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 55 бұйрығына   
1-қосымша      

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу қағидалары айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мен анықтамалар Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қолданылады.

2. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу
тәртібі

      3. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, белгіленген электр қуаты 5 МегаВатт (бұдан әрі – МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын (бұдан әрі – әзірлік паспорты) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган береді.
      4. Заңның 6-бабы 10-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын жергілікті атқарушы органдар береді.
      5. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері береді.
      6. Жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган немесе оның аумақтық бөлімшелері энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) өтініштерін қабылдауды жыл сайын 15 қыркүйектен бастап жүзеге асырады.
      7. Әзірлік паспортын алу үшін ұйымдар жыл сайын 1 қазанға дейінгі, жүйелік оператор 25 қазанға дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 345-тармақтарына сәйкес мына құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға өтініш;
      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі актісі (бұдан әрі – әзірлік актісі).
      Әзірлік актісіне осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттарының (бұдан әрі – шарттар) орындалғанын растайтын құжаттар қоса беріледі;
      3) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі туралы, сондай-ақ ұйымның күзгі-қысқы кезеңде Заңның 9-1-бабы 5-тармағына сәйкес бекітілген температуралық кестелерге, Заңның 15-3-бабы 2-тармағына сәйкес электр қуатының теңгерімдеріне сәйкес тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге әзірлігі туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.
      8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар нөмірленеді, байланады және шарттарда көрсетілген жүйелілікке сәйкес орналастырылады, сондай-ақ басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылады.
      9. Әзірлік актісін дайындау үшін ұйымдар жыл сайын энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігін айқындау жөніндегі комиссиясын (бұдан әрі – ұйым комиссиясы) құрады және 1 қыркүйектен бастап жұмыс істей бастайды.
      10. Ұйым комиссиясы төрағадан, төрағаның орынбасарынан және оның мүшелерінен тұрады.
      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
      Ұйым комиссиясының құрамына ұйымның басшылары және басқа да жауапты лауазымды тұлғалар, жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері кіреді.
      Қуаты 100 Гигакаллория/сағ (бұдан әрі – Гкал/сағ) дейін энергия өндіруші ұйымдар құрған ұйым комиссиясының құрамына ұйымның басшылары және басқа да жауапты лауазымды тұлғалары кіреді.
      Мемлекеттік органдардың өкілдері өз жұмысын өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
      11. Ұйым комиссиясының төрағасы болып ұйымның бірінші басшысы, ал ол болмағанда оны алмастыратын тұлға тағайындалады. Төрағаның орынбасары болып жергілікті атқарушы органның өкілі тағайындалады.
      12. Ұйым комиссиясы энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігін айқындайды.
      13. Ұйым комиссиясы жұмысының қорытындылары бойынша әзірлік актісі ресімделеді және оған барлық мүшелері қол қояды.
      14. Егер отырыста ұйым комиссиясы мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi. Дауыс беру нәтижелерi отырысқа қатысқан ұйым комиссиясы мүшелерiнің көпшілік дауысымен айқындалады.
      15. Ұйым комиссиясының жекелеген мүшелері келіспеген кезде әзірлік актісіне «ерекше пікірмен» қол қойылады.
      Ұйым комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі әзірлік актісіне қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
      Ұйым комиссиясының жұмысы кезінде анықталған кемшіліктер әзірлік актісінде көрсетіледі.
      15. Ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзір еместігі жағдайында ұйым басшылығы кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны ұйым комиссиясымен келіседі. Келісілген іс-шаралар жоспары әзірлік актісіне қоса беріледі.
      16. Барлық қосымшаларымен бірге әзірлік актісі екі данада жасалады, оның бір данасы ұйымда сақталады, ал екінші данасы әзірлік паспортын алу үшін өтінішке қоса беріледі.
      17. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган немесе оның аумақтық бөлімшесі өтініш түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде ұйымның атына жетіспейтін мәліметтер мен материалдарды ұсыну қажеттігі туралы сұрау жібереді.
      18. Ұйым сұрау түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жетіспейтін мәліметтер мен материалдардың жіберілуін қамтамасыз етеді.
      19. Осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген мерзімде мәліметтер мен материалдар ұсынылмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган немесе оның аумақтық бөлімшесі өтінішті қараусыз қайтарады.
      Бұл ретте, ұйым 15 қазанға дейін әзірлік паспортын алуға өтінішті қайта жібереді.
      20. Ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініштерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
      21. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері құратын комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесінің және жергілікті атқарушы органның өкілдері келісім бойынша енгізіледі.
      22. Комиссия әзірлік паспортын алуға өтініштерді қарауды 1 қарашаға дейін жүзеге асырады.
      23. Комиссия жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган немесе оның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығына сәйкес құрылады және жыл сайын 15 қыркүйектен бастап жұмыс істей бастайды.
      24. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады және оның дауыс беру құқығы жоқ.
      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
      25. Жергілікті атқарушы орган құратын комиссияның төрағасы болып жергілікті атқарушы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады.
      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган құратын комиссияның төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады.
      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесі құратын комиссияның төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады.
      26. Комиссия әзірлік паспортын алуға ұсынылған материалдарды қажеттілігіне қарай зерделейді.
      27. Егер Комиссия отырысында комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi. Дауыс беру нәтижелерi отырысқа қатысқан комиссия мүшелерiнің көпшілік дауысымен айқындалады.
      28. Қарау қорытындылары бойынша комиссия мынадай негізделген шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) әзірлік паспортын беру;
      2) әзірлік паспортын ескертулермен беру;
      3) әзірлік паспортын беруден бас тарту.
      29. Комиссиямен әзірлік паспортын беру туралы шешімін қабылдауға әзірлік паспортын алу үшін шарттарды орындағанын анықтайтын ұсынылған құжаттардың көлемі мен мазмұнының сәйкестігі негіз болып табылады.
      30. Комиссияның әзірлік паспортын беру шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге әзірлік паспорты қолма-қол беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі.
      Берілген әзірлік паспорттары Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын тіркеу журналында тіркеледі.
      31. Комиссиямен әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімін қабылдауға әзірлік паспортын алу үшін шарттарды орындағанын анықтайтын ұсынылған құжаттардың көлемі мен мазмұнының сәйкестігі негіз болып табылады, бұл ретте кейбіреулерінің мазмұны бойынша қосымша түсіндірмелер, материалдар және негіздеулер ұсынылуы қажет.
      Ескертулер келесі жылдың 1 қаңтарына дейін жою үшін белгіленіп беріледі.
      Берілген ескертулерді орындау туралы ақпаратты ұйым мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органға, оның аумақтық бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органға ескертулерді орындау мерзімі өткен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
      32. Комиссиямен әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешімін қабылдауға әзірлік паспортын алу үшін шарттарды орындағанын анықтайтын ұсынылған құжаттардың көлемі мен мазмұнының сәйкессіздігі негіз болып табылады.
      33. Комиссия әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, хаттамаға қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге комиссия отырысының хаттамасынан үзінді қоса беріле отырып, дәлелді хат жіберіледі.
      Комиссияның шешімі алдағы күзгі-қысқы кезеңге ғана қолданылады.
      34. Белгіленген мерзімде әзірлік паспортын алмаған ұйым күзгі-қысқы жағдайларда жұмысты жалғастырады және ескертулерді комиссия отырысының хаттамасында көрсетілген мерзімдерде жоюды қамтамасыз етеді. Күзгі-қысқы жағдайларда жұмысты жалғастыруы әкімшілік жауапкершіліктен босатпайды.
      35. Жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің бақылау қызметі немесе технологиялық бұзушылықтарды тексеру барысында нәтижелері бойынша әзірлік паспортын беру туралы шешім қабылданған, сондай-ақ белгіленген мерзімде ескертулер алынбаған жағдайда мәліметтердің сәйкессіздігі, құжаттардың бұрмаланғаны анықталған кезде берілген әзірлік паспортын оны берген мемлекеттік орган жояды.
      36. Ұйымдар үшін әзірлік паспортын алу мерзімі жыл сайын 1 қарашаға дейін, ал жүйелік оператор үшін жыл сайын 25 қарашаға дейін.

Энергия өндіруші, энергия беруші
ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлігі паспортын  
алу қағидаларына       
1-қосымша           

Нысан

(кімге) ____________________________
(органның атауы)
____________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға
өтініш

_____________________________________________________________________
                 (заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
(БСН, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
анықтаманың нөмірі және күні)

Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері:
Пошталық мекенжайы: _________________________________________________
Телефон нөмірлері ___________________________________________________
E-mail ______________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
1. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
2. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
3. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
4. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
5. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
6. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №

Ұйымның басшысы _____________________________________________________
                 (лауазымы, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған
                           жағдайда), қолы)

МО 20__ ж. «___» ______________

Энергия өндіруші, энергия беруші
ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлігі паспортын  
алу қағидаларына       
2-қосымша           

Нысан

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың __________ жж.
күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік
актісі

_____________________________                     ___________________
(акт жасалған жер)                                       (күні)
_____________________________________________________________________
                         (ұйымның атауы)
__________________ № _____________ бұйрығымен тағайындалған комиссия.
_____________________________________________________________________
(энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда
_____________________________________________________________________
жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін шарттардың орындалғаны –
_____________________________________________________________________
орындалмағаны көрсетіледі)
Тұжырым:_____________________________________________________________
           (ұйым күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзір - әзір емес)

Комиссия төрағасы:

____________________
____________________
____________________
(лауазымы)

________________
(басшының қолы және ұйымның мөрі)

_______________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Комиссия мүшелері:

______________________
______________________
______________________
(лауазымы)

_______________
(басшының қолы және ұйымның мөрі)

_______________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))


______________________
______________________
______________________
(лауазымы)

_______________
(басшының қолы және ұйымның мөрі)

_______________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))


______________________
______________________
______________________
(лауазымы)

_______________
(басшының қолы және ұйымның мөрі)

_______________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Энергия өндіруші, энергия беруші
ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлігі паспортын  
алу қағидаларына       
3-қосымша           

Нысан

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу
шарттары

      1. Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттары:
      1) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі – НҚА) және нормативтік техникалық құжаттарына (бұдан әрі – НТҚ) сәйкес, тиісті актілермен (қайта жаңартудан немесе күрделі жөндеуден өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдап алу актілерінің көшірмелері) ресімделген қажетті көлемде және белгіленген нормаларға сәйкес сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің толық көлемде орындалуы бойынша материалдар;
      2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың болуы;
      3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстар бүлінуінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы актісі;
      4) жүктемелер кестесін орындауға әзірлік, яғни жұмыс пен резервте жүктемелер кестесін орындау үшін қажетті жабдық құрамының болуы;
      5) Заңның 5-бабының 45) тармақшасымен орнатылған талаптарға сәйкес, қоймада энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының белгіленген нормалары талаптарына сәйкес негізгі және резервтік отын қорының болуы;
      6) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптармен және құралдармен, НТҚ және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен және бастапқы құралдарымен (персоналдың нормативтік және нақтылы санына салыстырмалы талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының, құралдардың, саймандардың, өртті сөндірудің бірінші ретті құралдар санына нормативтік және нақты салыстырмалы талдау) қамтамасыз етілгендігі;
      7) техникалық куәландыруды жүргізуі, сондай-ақ аккредиттелген сарапшы ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңнен өтуді қамтамасыз ететін жабдықты диагностикалауы;
      8) өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің дайындық актісі;
      9) кабель шаруашылығының, отын-көлік және мазут шаруашылығының, қазандық цехының, турбогенераторлардың, коммутациялық аппараттардың газ-май жүйелерінің, турбиналардың, трансформаторлар мен реакторлардың май жүйелерінің өрт-жарылыс қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету туралы актісі;
      10) автоматиканың релелік қорғаныс (бұдан әрі – АРҚ) және аварияға қарсы автоматиканың (бұдан әрі – АҚА) құрылғыларына, жылу автоматикасы мен өлшеу құралдарына (бұдан әрі – ЖӨА) техникалық қызмет көрсетуді толық көлемде орындау актісі. Ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының (бұдан әрі – ДТБҚ), энергия ресурстарын бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – ЭБЕАЖ) бар болған жағдайда күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі актісі;
      11) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-1) тармақшасымен орнатылған тәртіпте жергілікті өкілді органмен (мәслихатпен) келісілген жылу желілерінің температуралық жұмыс кестесінің болуы;
      12) энергия өндіруші кәсіпорынның негізгі жабдықты жылу оқшаулау бойынша орындалған жұмыстар актісінің болуы;
      13) күл үйінділерінің қажетті сыйымдылығының болуы (гидроқұрылыстарға күзгі комиссиялық тексеру жүргізу туралы актісі);
      14) жылу механикалық жабдықтың жұмысы үшін нормативтік су режимін қамтамасыз ету;
      15) объектілік аварияға қарсы, өртке қарсы жаттығулар жүргізу бойынша материалдар (бағасы бар актілер);
      16) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ұйғарымдары бойынша іс-шаралардың және технологиялық бұзушылықтарды тексеру актілерінің орындалуы туралы есеп;
      17) станциялар мен жылу желілерінің негізгі жабдықтарын ұзақтығы 30 тәуліктен асатын жоспардан тыс (авариялық) жөндеулердің болмауы.
      2. Электр желілік компаниялардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттары:
      1) электр энергетикасы саласындағы НҚА және НТҚ талаптарына сәйкес, тиісті актілермен (қайта жаңартудан өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдап алу актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеулер кестесінің көшірмелері) ресімделген белгіленген нормаларға сәйкес қажетті көлемде, кезеңділік пен сапада шағын станцияларды (бұдан әрі – ШС), тарату пункттерін (бұдан әрі – ТП), трансформаторлық шағын станцияларды (бұдан әрі – ТШС), кешенді трансформаторлық шағын станцияларды (бұдан әрі – КТШС) және электр беруші желілерді жоспарлы жөндеудің орындалуы;
      2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстар бүлінуінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуы (орындалған іс-шаралар туралы актісі);
      3) электр жүктемелері кестесін орындауға дайындық, яғни жұмыс пен резервте жүктемелер кестесін орындау және электр беруші желілер мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (күзгі-қысқы кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылдың жазғы және қысқы бақылау күндеріне жүктемелерді өлшеулер);
      4) 6-500 кВ электр желілері шағын станцияларының авариялық қорының, ЭЭБЖ 0,4 кВ-500 кВ резервтік материалдары мен жабдығының, жабдыққа құйылған 2%-дан кем емес көлемде трансформаторлық майдың төмендемейтін қорының болуы (ұйым жабдығының бекітілген және нақты авариялық қорына салыстырмалы талдау);
      5) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптармен және құралдармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен және бастапқы құралдарымен (персоналдың нормативтік және нақтылы санына салыстырмалы талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының, арнайы киімдердің, құралдарының, алғашқы өрт сөндіру құралдарының санына нормативтік және нақты салыстырмалы талдау) қамтамасыз етілгендігі;
      6) электр энергетикасы саласындағы НҚА және НТҚ талаптарына сәйкес, электр желілерінің жабдығына нормативтік құжаттарда көзделген көлем мен мерзімде уақтылы сынаулар жүргізу;
      7) АРҚ және АҚА құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау, бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ дайындығы (актілер көшірмелері);
      8) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеудің (веерлі (ажыратулар) келісілген кестелерінің болуы (шектеу кестелерінің көшірмелері);
      9) электр қондырғыларының, ӘЖ, кабельдік желілердің, АРҚ құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың кестелер мен кезеңділікке сәйкес энергия кәсіпорындары жұмыс комиссияларының электр қондырғыларына толық техникалық куәландыруды жүргізуі (пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, техникалық куәландырудан өткен жабдықтар тізбесі);
      10) аварияға қарсы, өртке қарсы объектілік жаттығу бойынша материалдар (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);
      11) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ұйғарымдары бойынша іс-шаралары және технологиялық бұзушылықтарды тексеру актілерін орындау;
      12) автономды электрмен қамтамасыз ету көздері бар тұтынушылармен авариялық жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл жасау ережелерінің болуы (ақпарат);
      13) 35 кВ және жоғары ШС негізгі жабдығының, 35 кВ және жоғары электр тарату желілерінің ұзақтығы 15 тәуліктен астам жоспардан тыс (авариялық) жөндеулерінің болмауы;
      14) электр тарату әуе желілерінде мұзды еріту схемаларының жұмысқа әзірлігі туралы актісі (бар болған жағдайда);
      15) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы актісі;
      16) диспетчерлік технологиялық басқару жүйелері мен кепілдендірілген электрмен қоректену жүйелерінің жұмысқа әзірлігі туралы актісі;
      17) электр желісінің бақыланатын қимасындағы ең жоғары рұқсат берілген токтың артуы кезіндегі іс-қимылды қоса алғанда, жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру, персоналдың технологиялық бұзушылықтардың алдын алу және оны жою бойынша іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжаттардың болуы және белгіленген талаптарға сәйкестігі;
      18) жедел-ақпараттық кешеннің қалыпты және авариялық режимде ақпарат берудің белгіленген сапасы кезінде тұрақты жұмыс істеуге және іс-қимылға дайындығы.
      3. Жылу энергиясын тасымалдауды және таратуды (жылу желілері) жүзеге асыратын ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттары:
      1) электр энергетикасы саласындағы НҚА және НТҚ талаптарына сәйкес, тиісті актілермен (қайта жаңартудан немесе күрделі жөндеуден өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдау актілерінің көшірмелері) ресімделген қажетті көлемде және белгіленген нормаларға сәйкес сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің орындалуы бойынша материалдар;
      2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтың, технологиялық сызбалар мен құрылыстардың бүлінуінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуы туралы актісі;
      3) жабдықтың авариялық қорының болуы туралы актісі;
      4) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптармен және құралдармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен және бастапқы құралдарымен (персоналдың нормативтік және нақтылы санына салыстырмалы талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының, арнайы киімдерінің құралдарының, алғашқы өрт сөндіру құралдарының санына нақты салыстырмалы талдау) қамтамасыз етілгендігі;
      5) өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлігі актісі;
      6) ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ (бар болған жағдайда) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі туралы актісі;
      7) энергия көздері қуаттылығы мен жылу желілерінің өткізуші қабілетінің тапшылығы туындаған кезде жергілікті атқарушы органдармен келісілген тұтынушыларды шектеу кестелері;
      8) жергілікті атқарушы органдармен бекітілген температуралық кестенің болуы;
      9) жылу беруші ұйымдардың аталған жердегі күзгі-қысқы кезең температураларының барлық диапазондарында жылу желілері мен жылу көздерінің температуралық кестелерді орындауды қамтамасыз ету жөніндегі актісі;
      10) жылу желілерін диагностикалау мен технологиялық сынаудың жоспарлы көлемдерін орындау туралы актісі;
      11) жылу оқшаулау бойынша жұмыстарды орындау туралы актісі;
      12) аварияға қарсы объектілік жаттығуларды жүргізу нәтижелері бойынша материалдар (бағасы бар актілер);
      13) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ұйғарымдары бойынша іс-шаралардың және технологиялық бұзушылықтарды тексеру актілерінің орындалуы туралы есеп;
      14) жылу желілерінің негізгі жабдықтарын ұзақтығы 30 тәуліктен асатын жоспардан тыс (авариялық) жөндеудің болмауы.

Энергия өндіруші, энергия беруші
ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлігі паспортын  
алу қағидаларына       
4-қосымша           

Нысан

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын тіркеу
журналы*

Берілген күні

Бланк нөмірі

Ұйым атауы

Әзірлік паспортын берген адамның Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы

Әзірлік паспортын алған ұйым өкілінің қолы

Бланкті қайтару белгісі

1

2

3

4

5

6







*Журнал нөмірленуі, тігілуі, паспорт берген мемлекеттік органның мөрімен және басшысының қолымен бекiтілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 55 бұйрығына   
2-қосымша      

Нысан

________________________________________________________________
(паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың _________ жж.
күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі
паспорты

№ _________________
«____» _____________ 20___ ж.
(паспорттың нөмірі және берілген күні)

_______________________ қ. (паспорт жасалған жер)

Осы паспорт ________________________________________________ берілді.
                            (ұйымның заңды атауы)

__________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________
(басшының лауазымы)

__________________________________
(басшының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

МО

Сериясы ______ № ______