Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10491 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-тармағы сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. «Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 288 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8728 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2013 жылғы 20 қарашада № 319 (27593) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Б. Имашев 

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 120 бұйрығымен 
бекітілген      

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасы

      1. Осы Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілігін беру адамдардың Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға дайындығының кәсіби деңгейін анықтаудың міндетті рәсімі.
      3. Сот сарапшысы біліктілігін беру, оның біліктілік емтиханын тапсырып, оған сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру арқылы жүзеге асырылады.
      4. Үміткерлер сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарынан арнайы кәсіби даярлықты аяқтағаннан соң өтеді.
      5. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін үміткерлер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) сот сараптамасы органдарына мына құжаттарды:
      1) еркін нысандағы арыз;
      2) жеке куәліктің көшірмесін;
      3) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесін (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар болса - дипломдардың көшірмелерін);
      4) арнайы кәсіптік даярлықтың қорытындысы бойынша пікір немесе Министрліктің Сот сараптамасы орталығының кадрлық қамтамасыз ету қызметі куәландырған қайта даярлаудан, интернатурадан, резидентурадан өткендігі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) арнайы кәсіби даярлықтан өткендігі туралы есеп.
      6. Біліктілік емтихандары Министрліктің сот сараптамасы органдарының басшылары бекіткен кестеге және жоспарға сәйкес жүргізіледі.
      7. Сот сараптамасы біліктілігін (соның ішінде қосымшасын) алуға үміткер біліктілік емтиханын тапсыратын күн туралы біліктілік емтиханын қабылдаудан бір ай бұрын хабардар етіледі.
      8. Біліктілік емтихандары 2 кезеңде үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі:
      1) қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, криминалистика, әкімшілік құқық, Заң бойынша не игеретін мамандығы бойынша компьютерлік тестілеу нысанындағы білімін тексеру.
      Егер дұрыс жауаптардың саны қойылған 100 сұрақтың 70% кем болмаса, сот сараптамасы біліктілігін алуға үміткер тестілеуден өтті деп саналады. Тестілеу уақыты 90 минуттан аспайды;
      2) сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша білімін тексеру үш сұрақтан тұратын емтихан билеттері бойынша не әңгімелесу нысанында.
      Екі және одан да көп сұрақтарға дұрыс жауап берген кезде, сот сараптамасы біліктілігін (соның ішінде қосымшасын) алуға үміткер емтиханнан өтті деп саналады.
      Егер тестілеудің нәтижесі белгіленген шекті мәннен кем болса, сот сараптамасы біліктілігін алуға үміткер екінші кезеңге жіберілмейді.
      9. Біліктілік емтихандарын тапсыру кезінде үміткердің көмекші құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиеттерді), сондай-ақ аудиожазбалар мен байланыс құралдарын пайдалануына жол берілмейді.
      10. Сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша сот сарапшысының біліктілігі Министрліктің біліктілік комиссияларының (бұдан әрі - Комиссиялар) дауыс беру нәтижелері бойынша беріледі.
      11. Нәтижелері біліктілік емтиханын тапсырған күні жарияланады және Комиссиялар отырысының хаттамасында көрсетіледі.
      12. Комиссиялар 15 жұмыс күні ішінде біліктілік емтиханынан өткен үміткерге осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін (бұдан әрі - біліктілік куәлігі) береді. Қосымша сарапшылық мамандықты алу кезінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік куәлігіне қосымша (бұдан әрі - біліктілік куәлігіне қосымша) 15 жұмыс күні ішінде рәсімделеді.
      13. Комиссиялар теріс шешім қабылдаған жағдайда, біліктілік емтиханын 3 айдан кейін қайта тапсыруға жол беріледі.
      13. Біліктілік куәлігі (біліктілік куәлігіне қосымша(лар)) жоғалған немесе бүлінген жағдайда үміткердің негізделген арызы негізінде біліктілік куәлігінің (біліктілік куәлігіне қосымша(лардың)ның) телқұжаты беріледі.

Сот сараптамасының белгілі 
бір түрін жүргізу құқығына сот
сарапшысы біліктілігін беру үшін
біліктілік емтихандарын қабылдау
қағидасына       
1-қосымша        

Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
СОТ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНА
СОТ САРАШПЫСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК КУӘЛІГІ №______

Осы куәлік___________________________________________________________
______________________________________________________________берілді
                  (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))
себебі, оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі біліктілік комиссиясының 20__жылғы «__» _______________________________________ шешімімен
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

М.О.                                                БІЛІКТІЛІК
                                                    КОМИССИЯСЫНЫҢ
                                                    ТӨРАҒАСЫ

                                                     ХАТШЫ

Астана қ. 20 жылғы «__»_______________               Тіркеу №_______


Сот сараптамасының белгілі 
бір түрін жүргізу құқығына сот
сарапшысы біліктілігін беру үшін
біліктілік емтихандарын қабылдау
қағидасына       
2-қосымша        

Нысан

№ сот сараптамасын жүргізуге құқық беретін
сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша

_____________________________________________________________________
______________________________________________________________берілді
                   (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))
себебі, оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі біліктілік комиссиясының 20 жылғы «___»_______________________________шешімімен
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

         М.О.                                       БІЛІКТІЛІК
                                                    КОМИССИЯСЫНЫҢ
                                                    ТӨРАҒАСЫ

                                                    ХАТШЫ

      Астана қ. 20___жылғы «___»________             Тіркеу №________