Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10489 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      _____________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 20 ақпан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      _____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 11 ақпан

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы 
№ 18-02/41 бұйрығымен  
бекітілген       

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-34) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеудің тәртібін белгілейді.
      2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты (бұдан әрі – шарт) жазбаша нысанда жасалады және мемлекеттік тіркелуге жатады.
      3. Шартты мемлекеттік тіркеуді ұзақ мерзімді орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскелері орналасқан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүргізеді.
      4. Тіркелуге ұзақ мерзімді орман пайдаланудың мынадай түрлеріне жасалған шарттар жатады:
      1) сүрек дайындау;
      2) шайырағаш шырындарын дайындау;
      3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбiрлер, тамырлар, жапырақтар, бүршiктер) дайындау;
      4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал өсіру, аң өсіру, омарталар мен ара ұяларын орналастыру, көкөніс өсіру, бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен техникалық шикізат, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
      5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану;
      6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;
      7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;
      8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану.

2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу үшін берілетін құжаттар

      5. Шартты мемлекеттік тіркеу үшін орман пайдаланушы жергілікті атқарушы органға мыналарды «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы электронды нысанда не қағазға басылған нұсқада:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда шартты мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
      2) шартты береді.

3. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу, қайта тіркеу, бұзу

      6. Шарт осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орман учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) тіркеледі. Шарттың тіркеу нөміріне осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес код беріледі.
      7. Журнал жіппен байланады, нөмірленеді, жауапты тұлға қол қояды, мөр басылады. Журнал беттерінің нөмірленуі толассыз. Қарындашпен жазуға, түзетуге, өшіруге, тазартуға, жөндеуге болмайды.
      8. Шарт бұзылған және қайта тіркелген жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, шарт бұзылған және қайта тіркелгеннен кейін орман пайдаланушы 10 жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталында электрондық нысанда не қағаз нысанда жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

4. Мемлекеттік тіркеуді жүргізу мерзімі

      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 № 18-03/947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік орман учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу бұзу және қайта тіркеу осы Қағидалардың 5-тармағында санамаланған құжаттарды орман пайдаланушы берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      10. Шарттың мемлекеттік тіркелуі үшін қабылданған құжаттар мен журнал жергілікті атқарушы органда сақталады.

Мемлекеттік орман қоры  
учаскелерінде ұзақ мерзімді
орман пайдалану шартын  
мемлекеттік тіркеу    
қағидаларына 1-қосымша 

Нысан 

_____________________________________________________________ басшысы
                   (мемлекеттік органның атауы)
_____________________________________________________________________
                     (тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
    (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
                           тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
               (заңды тұлға үшін - атауы, орналасқан жері)
_____________________________________________________________________

телефон: ______________________

Өтініш

Мен (біз) ___________________________________________________________
       (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
_____________________________________________________________________
                  (заңды тұлға үшін – толық атауы)
_____________________________________________________________________
            (орман иеленушінің атауы және орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      жасалған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеуді, қайта тіркеуді, бұзуды (керегінің астын сыз) сұраймын (сұраймыз).

Хаттама деректері:
Хаттамаға қол қойылған күн___________________________________________
Хаттама нөмірі_______________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ________ 20___ жылғы «___» ___________
      Өтінішке қоса берілді 1. ______________________________________
                            2. ______________________________________
                            3. ______________________________________

Күні _____________                        ___________________________
                                            (өтініш берушінің қолы)

Мемлекеттік орман қоры  
учаскелерінде ұзақ мерзімді
орман пайдалану шартын  
мемлекеттік тіркеу    
қағидаларына 2-қосымша 

Нысан 

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу журналы

Тіркеу нөмірі және күні

Ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының нөмірі және күні

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы

Орман пайдалану түрі

Орман пайдалану орналасқан жер (орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі және орманшылық)

Тіркелген шартты алған күн (қолы)

Шартты қайта тіркеудің негізі және күні

Шарттың қолданысын тоқтатудың негізі және күні

2

3

4

5

6

7

8

9

























Мемлекеттік орман қоры  
учаскелерінде ұзақ мерзімді
орман пайдалану шартын  
мемлекеттік тіркеу    
қағидаларына 3-қосымша  

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу нөмірі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 № 18-03/947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

        Облыстар мен мемлекеттік орман иеленушілер мемлекеттік
             мекемелері бойынша мынадай кодтар беріледі:

р/с

Мемлекеттік орман иеленушілердің атауы

Код

1

2

3

Ақмола облысы

1

«Ақкөл»

01

2

«Барап»

02

3

Үлкен түкті

03

4

«Бұқпа»

04

5

Ерейментау

05

6

Кеңес

06

7

Краснобор

07

8

Куйбышев

08

9

Кіші түкті

09

10

Маралды

10

11

Отрадное

11

12

Степногор

12

13

Ұрымқай

13

14

Көкшетау орман селекциялық орталығы

14

15

Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы

15

16

Жасыл аймақ» РМК

16

Ақтөбе облысы

1

Ақтөбе

01

2

Үлкен борсық

02

3

Қарабұтақ

03

4

Мәртөк

04

5

Темір

05

6

Ойыл

06

7

Қобда

07

Алматы облысы

1

Алакөл

01

2

Бақанас

02

3

Бөрлітөбе

03

4

Жаркент

04

5

Жоңғар

05

6

Қаскелең

06

7

Кеген

07

8

Күрті

08

9

Нарынқол

09

10

Талдықорған

10

11

Үйгентас

11

12

Ұйғыр

12

13

Үштөбе

13

14

Шелек

14

15

«Қызыл жиде»

15

16

Алматы орман селекциялық орталығы

16

Атырау облысы

1

Атырау

01

2

Индер

02

3

Құрманғазы

03

Шығыс Қазақстан облысы

1

Асубұлақ

01

2

Үлкен нарым

02

3

Верх-Уба

03

4

Зайсан

04

5

Зырян

05

6

Күршім

06

7

Кіші оба

07

8

Марқакөл

08

9

Пихта

09

10

Риддер

10

11

Самара

11

12

Өскемен

12

13

Черемшан

13

Жамбыл облысы

1

Ақкөл

01

2

Ақыртөбе

02

3

Байзақ

03

4

Бурылбайтал

04

5

Жамбыл

05

6

Жуалы

06

7

Қарақоңыз

07

8

Көктерек

08

9

Қордай

09

10

Қосқұдық

10

11

Луговое

11

12

Мерке

12

13

Мойынқұм

13

14

Сарысу

14

Батыс Қазақстан облысы

1

Ақжайық

01

2

Бөрлі

02

3

Тайпақ

03

4

Орал

04

5

Орда

05

6

Чапаев

06

7

Шыңғырлау

07

8

Январцев

08

Қарағанды облысы

1

Ақтоғай

01

2

Жаңаарқа

02

3

Қарағанды

03

4

Қу

04

5

Теміртау

05

6

Ұлытау

06

Қостанай облысы

1

Арақарағай

01

2

Басаман

02

3

Боровской

03

4

Камышин

04

5

Михайлов

05

6

Пригородное

06

7

Семиозер

07

8

Таранов

08

9

Ұзынкөл

09

10

Урицкое

10

11

Усаков

11

Қызылорда облысы

1

Арал

01

2

Жалағаш

02

3

Жаңақорған

03

4

Қазалы

04

5

Қармақшы

05

6

Қызылорда

06

7

Сырдария

07

8

Шиелі

08

Маңғыстау облысы

1

Бейнеу

01

2

Сам

02

Павлодар облысы

1

Максим Горький

01

2

Павлодар

02

3

Үрлітөбе

03

Солтүстік Қазақстан облысы

1

«Ақан сері»

01

2

Аққайың

02

3

Булаев

03

4

Бұрлық

04

5

Есіл

05

6

Жамбыл

06

7

Қызылжар

07

8

Мамлют

08

9

Орлиногор

09

10

Преснов

10

11

Сергеев

11

12

Соколов

12

Оңтүстік Қазақстан облысы

1

Арыс

01

2

Бадам

02

3

Боралдай

03

4

Отырар

04

5

Созақ

05

6

Түркістан

06

7

Шардара

07

8

«Жасыл желек»

08

       Орман пайдалану түріне байланысты шарт нөмірі мынадай цифрларды қамтиды:
      1) сүрек дайындау - 01;
      2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау - 02;
      3) жанама орман пайдалану (шөп шабу – 03/1, мал жаю – 03/2, марал өсіру – 03/3, аң өсіру – 03/4, омарталар мен ара ұяларын орналастыру – 03/5, көкөніс өсіру – 03/6, бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру – 03/7, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен техникалық шикізат – 03/8, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер – 03/9, мүк, орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтар, қамыс – 03/10 дайындау және жинау);
      4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану – 04;
      5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану - 05;
      6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану - 06;
      7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану - 07.
      Мемлекеттік орман учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу журналда (бұдан әрі - журнал) мынадай жазба жазылады:
      01-01/001, мұндағы:
      1) 01 цифрлары – орман иеленушінің атауын білдіреді;
      2) 01 цифрлары – орман пайдалану түрін білдіреді;
      3) 001 цифрлары – журнал бойынша реттік тіркеу нөмірін білдіреді.