Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10488 тіркелді

Қолданыстағы

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенен кейін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты             Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің   
2015 жылғы 13 ақпандағы 
№ 112 бұйрығымен     
бекітілген        

Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары

      1. Осы Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-30) тармақшасына сәйкес әзірленген және өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу тәртібін айқындайды.
      2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеуді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.
      3. Сараптама ұйымы аккредиттеу үшін мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өтінішті (бұдан әрі - өтініш);
      2) сараптама ұйымы мамандарының білімі туралы, мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердегі жұмыс өтілі туралы құжаттарының көшірмелері, сондай-ақ мамандарды жұмысқа қабылдау туралы еңбек шарттарын;
      3) меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негізде сараптама ұйымына тиесілі үй-жай туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
      4. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарау үшін кемінде ведомствоның 5 қызметкері мөлшерінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Комиссия құрамы ведомство басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      5. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды комиссиялар олар келіп түскен күннен бастап есептелетін он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      6. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.
      7. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы шешімнің негізінде комиссия өтініш берушіге аккредиттеу аттестатын береді.
      8. Аккредиттеу аттестатында:
      1) сараптама ұйымының атауы (атауы және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсету), орналасқан жері;
      2) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;
      3) аккредиттеу аттестатының сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген күні;
      4) аккредиттеу аттестатының қолдану мерзімі көрсетіледі.
      9. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі бес жылды құрайды, ол аккредиттеу туралы шешімді қабылдаған күннен бастап есептеледі.
      10. Аккредиттелген ұйым туралы мәлімет осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
      11. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі өткен соң осы ұйымды кезекті аккредиттеу жалпы тәртіпте жүзеге асырылады.
      12. Сараптама ұйымы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда, комиссия бес жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсетіп, өтініш берушіге жазбаша хабарлай отырып, өтінішті қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      13. Аккредиттеу аттестатын қолдану мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
      1) сараптама ұйымының аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы өтінішті ұсыну;
      2) аккредиттеу аттестатын қолдану мерзімінің аяқталу;
      3) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің жойылу;
      4) «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 410-1-бабына сәйкес аккредиттеу аттестатынан айыру.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы
аудит жөніндегі қызметті 
жүзеге асыруға сараптама 
ұйымдарын аккредиттеу   
қағидаларына 1-қосымша  

нысан

Қазақстан Республикасы ІІМ
Төтенше жағдайлар комитетінің
төрағасы         
_______________________________

Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы өтініш

      Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және
____________________________________________________________________
                         (ұйымның атауы)

өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына аттестат беруіңізді сұраймын.
Ұйымның орналасқан жері:_____________________________________________
Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің № және күні_________________________________
ЖСН/БСН__________________________

Қосымша:
      1) сараптама ұйымы мамандарының білімі, мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтегі жұмыс өтілі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ мамандарды жұмысқа қабылау туралы еңбек шарттары;
      2) сараптама ұйымына меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде тиесілі үй-жай туралы құжаттардың көшірмелері.
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Басшы_________________________
                (Т.А.Ә., қолы)
      _____________________________
                 (күні)

Өрт қауіпсіздігі саласындағы
аудит жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға сараптама 
ұйымдарын аккредиттеу   
қағидаларына 2-қосымша  

нысан

Сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімі


р/с

Сараптама ұйымының атауы, басшының аты-жөні

Аккредиттеу аттестатының нөмірі

Аттестаттың қолданылу мерзімі

Мекен-жайы



Телефон