РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы – азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және кәсіптік деңгейін ұстауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) авиациялық оқу орталығының жарғысы (құрылтай шарты) (бұдан әрі – Жарғы) – оның негізінде авиациялық оқу орталығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын құжат;
3) кәсіптік даярлау – бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсіптік деңгейін ұстау;
4) кәсіптік деңгейді ұстау – мақсаты белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамуға және азаматтардың жеке қажеттіліктеріне негізделген кәсіптік білімдерді, машық пен дағдыларды жаңғырту, кеңейту және тереңдету болып табылатын авиация персоналын оқыту процесі;
5) қайта даярлау – жаңа (қосымша) кәсіптік білім, машық пен дағды (соның ішінде біліктілік бағаларын) алуға және белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, авиация техникасын зерделеуге бағытталған азаматтық авиация персоналын оқыту процесі;
6) өтінім – сертификатты алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берушінің жазбаша өтініші;
7) өтініш беруші – азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жүгінген заңды тұлға;
8) сертификаттау талаптары – Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын авиация персоналын ұйымдастыру, ұстау, даярлау деңгейі мен сапасын белгілеу мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;
9) теориялық даярлық – білім алушы өту кезінде арнайы теориялық білім алатын, сондай-ақ оларды оқыту бағдарламаларына сәйкес деңгейде ұстайтын және жетілдіретін кәсіптік даярлау процесінің кезеңі;
10) жаттығу құрылғысында даярлау – білім алушы өту кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен еліктету құрылғыларының көмегімен практикалық машық пен дағдыларын игеретін, ұстайтын және жетілдіретін авиация персоналының кәсіптік даярлау процесінің кезеңі;
11) үлгі бағдарламалар – азаматтық авиацияның авиация оқу орталығы үшiн бағыттарының, мамандықтары мен қызметінің ерекшеліктерін ашып көрсететін оқу бағдарламаларын дербес белгілеу мүмкiндiгін сақтай отырып, кәсiптік даярлыққа бірыңғай тәсілді қамтамасыз ететiн бағдарламалар;
12) ұшуға даярлық – білім алушы өту кезінде ұшуды орындаудың практикалық машығы мен дағдыларын игеретін және жетілдіретін ұшу құрамының кәсіптік даярлау процесінің кезеңі;
13) Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану, азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.07.2017 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Сертификаттаудың жалпы мерзімі екі айдан аспайды.
2. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру тәртібі
5. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргізуге өтінімді уәкілетті органға жібереді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) құрылтай құжаттарының көшірмелері;
2) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың көшірмесі;
3) сапа жөніндегі нұсқаудың көшірмесі;
4) ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқаудың көшірмесі (қажет болған кезде);
5) авиациялық оқу орталығының штат кестесі;
6) авиациялық оқу орталығының оқу процесін қамтамасыз етуге қатысты басқа оқу мекемелерімен, кәсіпорындармен және бөгде ұйымдармен жасасқан шарттардың көшірмелері (бар болса);
7) қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат;
8) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.07.2017 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Құжаттардың барлық көшірмелері мөрмен және өтініш берушінің немесе оның уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.07.2017 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды жиырма бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды, соның ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тексереді.
7. Ұсынылған құжаттардың толық еместігінің немесе олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінім қарау мерзімінің ішінде өтініш берушіге қайтару себебін көрсете отырып, қайтарылуға жатады.
8. Құжаттама осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған кезде уәкілетті орган сертификаттық зерттеу жүргізу үшін екі жұмыс күні ішінде комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Комиссия құрамына құзыретіне кәсіптік даярлық, куәліктерді (сертификаттарды) және біліктілік рұқсатын беру, сондай-ақ тиісті сертификаттар мен рұқсаттар алуға арналған оқу ұйымдарының өтінімдерін қарау мәселелері жататын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның кемінде 2 (екі) қызметкері енгізіледі.
9. Сертификаттық зерттеу жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні қалғанда уәкілетті орган басталу күні, сертификаттау рәсіміне енгізілуі мүмкін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оларға сәйкес сертификаттық зерттеу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық ұйымдар құжаттарының тізбесі туралы ақпаратты қамтитын еркін нысандағы ресми хабарламаны авиациялық оқу орталығына жібереді.
10. Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу бағдарламасы нысаны бойынша және "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-тармағы 1) тармақшасына сәйкес сертификаттық зерттеу жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиациялық инспекторлар үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әзірлеген нұсқамалық материалды пайдалана отырып, бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
11. Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу кезінде ұйымдық құрылымның, оқытылатын персоналдың, әдістемелердің, бағдарламалардың, процестердің, техникалық базаның және ресурстардың жиынтығы ретіндегі авиациялық оқу орталығының сапа жүйесі тексеріледі.
12. Сертификаттық зерттеу аяқталғаннан кейін уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сертификаттық зерттеу актісін (бұдан әрі – Акт) жасайды, ол туралы өтінім берушіге хабарлайды.
13. Акт авиациялық оқу орталығының сертификаттау талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес болмауы туралы тұжырымдарды, ұсынымдарды және қорытындыны көрсете отырып, екі данада жасалады.
14. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оның бір данасы өтініш берушіге жіберіледі.
Сертификаттық зерттеу процесі кезінде айқындалған сертификаттау талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, өтініш беруші актіні алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіту үшін ұсынады.
15. Уәкілетті органның сертификаттық зерттеуді жүргізген комиссиясы өтініш берушіден түзету іс-қимылдарының бекітілген жоспары бойынша сәйкессіздікті жою туралы хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бақылау сертификаттық зерттеуді жүргізеді және сәйкессіздікті жою туралы еркін нысандағы актіні жасайды.
16. Уәкілетті орган бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде авиациялық оқу орталығының сертификатын (бұдан әрі – сертификат) ресімдейді және береді. Авиациялық оқу орталығының сертификаты мерзімсіз болып табылады, оған екі жылдан аспайтын мерзімге белгіленетін және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін сертификаттың қолданылу саласы жатпайды.
17. Сертификатты беруден бас тарту кезінде өтініш берушіге бас тартудың себебін көрсете отырып, дәлелді жауап беріледі.
18. Сертификаттың қолдану саласына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, авиациялық оқу орталығы мәлімделген өзгерістер немесе толықтырулар жататын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға өтінім береді. Бұл ретте сертификаттауды жүргізу тәртібі өзгермейді.
19. Авиациялық оқу орталығының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кезде немесе қолданыстағы сертификаттың қолданылу саласын өзгертпейтін өзге де жағдайларда өтінім беруші уәкілетті органға 5-тармаққа сәйкес қажетті құжаттармен бірге Авиациялық оқу орталығына сертификаттау жүргізуге өтінімін береді. Бұл ретте сертификаттау жүргізу талап етілмейді, ал жаңа сертификат он жұмыс күні ішінде беріледі.
20. Сертификаттың қолданылу саласының мерзімін ұзарту үшін авиациялық оқу орталығы сертификатты қолдану саласының мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 күн бұрын уәкілетті органға Авиациялық оқу орталығына сертификаттау жүргізуге өтінім береді. Бұл жағдайда уәкілетті орган сертификаттық зерттеу жүргізеді, оның нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сертификаттың қолдану саласын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу туралы акті жасалады.
Сертификаттың қолданылу саласын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу туралы актісі негізінде уәкілетті орган екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Сертификаттың қосымшасын ресімдеуді және оны беруді жүргізеді.
20-1.Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталықтары олардың сертификаттарын уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес танығаннан кейін азаматтық авиацияның авиациялық персоналын даярлауға және кәсіптік деңгейін ұстауға жіберіледі.
Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тануды алу үшін уәкілетті органға оқыту бағдарламасы мен оқытылатын авиациялық персонал көрсетіліп, еркін нысанда Өтінім жіберіледі.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Шетелдік авиациялық оқу орталығының қолданылу саласы жазылған сертификатының көшірмесі;
2) Авиациялық персоналды кәсіби даярлау бағдарламасы.
Уәкілетті орган Өтінімді алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде авиациялық оқу орталығына сертификат берген елдің Авиациялық әкімшілігіне оның түпнұсқалығы мәніне сұрау салу жібереді.
Уәкілетті орган 5 жұмыс күні ішінде авиациялық оқу орталығының сертификаты туралы шетел мемлекетінің авиациялық әкімшілігінен растау алғаннан кейін өтінім берушіге шетелдік авиациялық оқу орталығының танылғаны туралы хат жібереді.
Шетел мемлекетінің Авиациялық әкімшілігінен авиациялық оқу орталығы сертификатының төлнұсқасы туралы теріс жауап алған жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушіге дәлелді жауап жібереді.
Ескерту. 2-тарау 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.07.2017 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Мемлекеттік авиация инспекторы осы Қағидалар талаптарының орындалмағанын анықтаған кезде азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық ұйғарым беріледі.
Инспекторлық ұйғарымды белгіленген мерзімде орындамау сертификаттың қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
22. Авиациялық оқу орталығының сертификаттау талаптарын сақтамауы анықталған жағдайда немесе авиациялық оқу орталығының жазбаша өтініші бойынша уәкілетті орган сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады және авиациялық оқу орталығына сертификаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімін көрсете отырып, сертификаттың қолданысын тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
23. Тоқтатыла тұрған сертификат қолданысы авиациялық оқу орталығы тоқтата тұру себебін жойған, растайтын құжаттарды ұсынған және "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган қажетті тексерулер жүргізгеннен кейін қалпына келтіріледі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.07.2017 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Сертификатты тоқтата тұрудың анықталған себептерін авиациялық оқу орталығы белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік он күн ішінде сертификатты кері қайтарып алады.
25. Кері қайтарып алынған сертификат уәкілетті органға сертификат кері қайтарылып алынған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде қайтаруға тиіс.
26. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын басқа тұлғаға беруге болмайды.
Авиациялық оқу орталығының сертификаттың қолданылу саласында көзделмеген қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 1-қосымша |
Авиациялық оқу орталығына сертификаттау
жүргізуге өтінім
1. __________________________________________________________________
(АОО, ұйымның, құрылымдық бөлімшесінің атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
кәсіптік даярлықтың мынадай түрлері мен бағыттары бойынша авиациялық
оқу орталығының сертификаттауын жүргізуді сұрайды:
Р/с | Кәсіптік даярлау түрлері | Бағыттары (мамандық, мамандануы, курстың атауы) |
1) | Авиациялық персоналды бастапқы даярлау | |
2) | Авиациялық персоналды қайта даярлау | |
3) | Авиациялық персоналдың кәсіптік деңгейін қолдану |
2. Ұйым туралы мәлімет:
1) меншік нысаны
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
3) заңды (пошталық) мекенжайы және басқа деректемелері ________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4) телефон/факс, электрондық пошта
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20__ жылғы "___" ____________________
Азаматтық авиация
ұйымының басшысы ___________ ________________________________
(қолы) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
М.О.
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу
бағдарламасы
АОО атауы, ұйым, құрылымдық бөлімше: _________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Өткізу күні, негіздеме: ______________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс орны: ________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Р/с | Бағдарлама бойынша позициялардың нөмірлері және тексерілетін элементтер |
Сәйкестікті бағалау | Сәйкессіздік позициясының нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жарғының түпнұсқасы (құрылтай шарты) | ||
2 | Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы | ||
3 |
АОО қызметін регламенттейтін құжаттардың Қазақстан Республикасының және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігі: | ||
4 |
Персонал. | ||
5 |
Оқу-әдістемелік жұмыс. | ||
6 |
Мамандарды даярлау сапасы | ||
7 |
Ұшу қауіпсіздігін басқару (қажеттілігіне қарай). | ||
8 |
Материалдық-техникалық база. | ||
9 |
Қаржылық-экономикалық жағдай. |
Ескертпе:
(*) осы оқу орны үшін міндетті емес;
(-1) авиациялық оқу орталығының сертификатын беруге кедергі келтіретін сәйкессіздіктер;
(-2) келісілген мерзімде жою немесе шектеулер енгізу шартымен авиациялық оқу орталығының сертификатын беруге кедергі келтірмейтін сәйкессіздіктер;
Қосымша: сәйкессіздіктер тізбесі ____ парақта.
Тексерушілер: (Т.А.Ә. (егер бар болса), қолы): ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
"Таныстым"
____________________________________________________________________
Азаматтық авиация ұйымының басшысы
______________________________________ ____________________
Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)
М.О.
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 3-қосымша |
Сертификаттық зерттеу актісі
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
20__ жылғы "___" ____________ № _________ бұйрығына сәйкес
құрамындағы комиссия:
Комиссия төрағасы: __________________________________________________
(Т.А.Ә. (егер бар болса), лауазымы)
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
(Т.А.Ә. (егер бар болса), лауазымы)
__________________________________________________
(Т.А.Ә. (егер бар болса), лауазымы)
_____________________________________ сертификаттық зерттеу жүргізді.
(ұйымның атауы)
Қорытынды мәтіні:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ______________________________ ____________
(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)
Комиссия мүшелері: ______________________________ ____________
(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)
______________________________ ____________
(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйым басшысы: ________________________________ ___________
(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
ЕЛТАҢБА
Уәкілетті органның атауы
Уәкілетті органның мекенжайы
Авиациялық оқу орталығының
№ ________ сертификаты
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.07.2017 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы
20__ жылғы "___" _________ берілген.
Осы сертификат _________________________________________________________________
(АОО, ұйым, құрылымдық бөлімше атауы)
_________________ ______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
авиациялық оқу орталығының Қазақстан Республикасының белгіленген талаптарына, осы
сертификатқа қосымшада көрсетілген қолданылу саласына қатысты ИКАО стандарттарына
және ұсынылған тәжірибесіне сәйкес келетінін куәландырады.
Сертификат авиациялық оқу орталығын
________________________________________________________________________________
________________________ (уәкілетті органның атауы) ________________________________
20__ жылғы "___" _____________№ _________ сертификаттық зерттеу актісі негізінде берілген.
Инспекциялық бақылауды
________________________________________________________________________________
________________________ (уәкілетті органның атауы) ________________________________
жүзеге асырады.
20__ жылғы "___" ____________
уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе оның уәкілетті тұлғасы
______________________________________
(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)
Авиациялық оқу орталығының 2015 жылғы 5 шілдедегі № 446 сертифкатына қосымша |
|
Нысан |
Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясы
________________________________________________________________________________
(АОО, ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Кәсіби даярлау түрлері | Бағыттары (мамандығы, мамандануы, курс атауы) | Шектеулер (кезең) | |
Авиациялық персоналды бастапқы даярлау | |||
Авиациялық персоналды қайта даярлау | |||
Авиациялық персоналдың кәсіби деңгейін қолдау |
М.О.
уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе оның уәкілетті тұлғасы
___________________ ________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (егер бар болса)
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын
ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу
актісі
_________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
20__ жылғы "___" ________________ № ________ бұйрығына сәйкес
мемлекеттік авиация инспекторы:
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (егер бар болса), лауазымы)
____________________________________________________________________
(ұйым атауы)
сертификаттық зерттеу жүргізді.
Қорытындының мәтіні:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мемлекеттік авиация инспекторы:
_____________________________________ ____________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйым басшысы: ________________________________ ___________________
(Т.А.Ә.(егер бар болса) (қолы)