Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-14) тармақшасына және «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған дериваттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 18-03/105 бұйрығымен
бекітілген
Дериваттар тізбесі
1. Өсімдіктер туындысы |
|
1 |
Ағаш безі |
2 |
Баданалар |
3 |
Бүршік |
4 |
Жеміс |
5 |
Қосалқы сүрек ресурстары (материалдар) |
6 |
Өркендер |
7 |
Саңырауқұлақтар |
8 |
Тамыр, тамырсабақ |
9 |
Тұқым |
10 |
Түйіндер |
11 |
Шайыр және ағаш шырындары |
2. Өсімдіктерден және олардың туындыларынан өндірілген өнім |
|
1 |
Ағаш көмірі |
2 |
Ағаш өнімдері |
3 |
Гербарийлер |
4 |
Жабайы өсімдіктерден алынатын май |
5 |
Жиһаз бөлшектері |
6 |
Өркеннен алынған шыбықтар |
7 |
Кәдесыйлық бұйымдар |
3. Жануарлар туындысы |
|
1 |
Май |
2 |
Уылдырық |
3 |
Тері |
4 |
Кан |
5 |
Аю өті |
6 |
Балықтың жыныстық бездері (гонадалары) |
7 |
Мүйіз және тұяқ |
8 |
Су омыртқасыздарының жұмыртқалары |
9 |
Жұмыртқа |
4. Жануарлардан және оның туындыларынан өндірілген өнім |
|
1 |
Галантериялық бұйымдар |
2 |
Медициналық препараттар |
3 |
Кәдесый бұйымдары |
4 |
Тұлып |
5 |
Зергерлік бұйымдар |
Ескертпе: Дериваттар тізбесі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның талаптарын орындау үшін әзірленген.