Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10467 тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 212 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жалға беруші – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, сондай-ақ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі;

      2) жалдаушы (жалға алушы) – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

      3) кепілдік жарнасы – тендерге қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;

      4) қатысушы – тендерге қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

      4-1) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес құрылған заңды тұлға;

      5) мүлiктiк жалдау (жалға алу) объектісі (бұдан әрі – объект) – су шаруашылығы құрылыстарын, жер учаскелерін, тұрғын үй қорын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар).

      Ақша, бағалы қағаздар және мемлекеттің мүліктік құқықтары мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартының объектісі (нысанасы) болып табылмайды;

      6) тендер – бұл жалға беруші өзі ұсынған бастапқы шарттар негізінде жалға беруші үшін ең жақсы шарт талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылардың бірімен шарт жасасуға міндеттенетін тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;

      7) теңгерім ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;

      8) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру шарттары бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі – Тізілім);

      9) Ұлттық почта операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысына сәйкес құрылған заңды тұлға;

      10) шарт – мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты;

      11) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар терімі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен

      3. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган береді.

      Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықпен келісе отырып береді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-3-тармағына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Баланс ұстаушы артық және пайдаланылмайтын жылжымайтын объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалға берушiге объектілердің атауы, саны, өлшем бірлігі, қысқаша сипаттамасы, орналасқан жері, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мерзімі, нысаналы пайдаланылуы қамтылған ақпарат береді.

      Артық және пайдаланылмайтын өзге мүлкі болған кезде, баланс ұстаушы оның атауы, саны, қысқаша сипатттамасы, қалдық құны, орналасқан жері, мүліктік жалға алуға беру мерзімі, нысаналы пайдаланылуы қамтылған ақпарат береді. Артық және пайдаланылмайтын объектілер туралы ақпарат болжамды жалға алушы көрсетілмей ұсынылады.

      Баланс ұстаушы объект туралы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді.

      Ұсынылған ақпаратты жалға беруші күнтізбелік он күннен асырмай қарайды.

      Баланс ұстаушы ұсынған артық, пайдаланылмайтын объектілер туралы ақпаратты қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты өткізетін мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша жалға беруші:

      1) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы;

      2) жалға беруші объектінің заңды тағдыры бойынша өзге шешім қабылдаған жағдайда, объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жалға беруші баланс ұстаушы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ұсынған ақпаратты қарау нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты өткізетін мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша объектіні мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде мынадай ақпараттың:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағының 3) және 8) тармақшаларында көрсетілген объектілерді қоспағанда объектінің атауын, санын, өлшем бірлігін, қысқаша сипаттамасын, орналасқан жерін, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мерзімін, мақсатты пайдалануын көрсете отырып мәліметтердің;

      2) объект иесі мен баланс ұстаушы туралы мәліметтердің (пошта мекенжайы, телефон, факс, е-mail);

      3) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда объектіні тендер өткізу арқылы немесе тендер өткізбей мүліктік жалға беру туралы мәліметтердің тізілімде орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мүлiктiк жалдау (жалға алуға) шарты (бұдан әрі – шарт) үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалады.

      Шартта белгіленген мерзім өткеннен кейін шарт тоқтатылды деп саналады.

      Шартта жалдаушыға Заңның 105, 106-баптарында тікелей көзделген жағдайларда, жалдауға (жалға алуға) берілген объектіні иеліктен шығару туралы талапты көздейді.

2. Объектiлердi тендер өткізбей мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру

      7. Мынадай жағдайларды:

      1) курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер, көрмелер мен спорттық іс-шаралар өткізу үшін бір айдан аспайтын мерзімге білім беру ұйымдарының, ғылым, мәдениет және спорттық ұйымдардың үй-жайларын беру;

      2) кандидатқа, саяси партияға не олардың сенiм бiлдiрген адамдарына сайлаушылармен кездесулер өткiзу және сайлау алдындағы үгiттер жүргізу үшін үй-жайлар беру;

      3) тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және объектілердің баланс ұстаушыларына қызметтер көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасаған өнім берушілерге үй-жайлар (ауданына қарамастан) мен жабдықтар беру;

      4) ауданы жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны 150 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын өзге де мүлікті (автокөлік құралдары, жабдықтар, жиһаз, ұйымдастыру техникасы) беру;

      5) банкоматтар мен мультикассалар орнатуға арналған алаңдар беру;

      6) Ұлттық почта операторының ауылдарда, ауылдық округтерде қызметін жүзеге асыру үшін;

      7) аудандық коммуналдық меншікке жататын және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруына берілген объектілерді беру;

      8) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасаған өнім берушілерге үй-жайлар (олардың алаңына қарамастан) мен жабдықтар (олардың құнына қарамастан) беруді қоспағанда, объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тендер негізінде жүргізіледі.

      8. Үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдеріне және халыққа қызмет көрсету орталықтарының теңгеріміндегі үй-жайларды жалдауға (жалға алуға) беру берілетін объектінің ауданына қарамастан тендер негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Осы Қағидалардың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі немесе одан да көп өтінім берілген жағдайда, оларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тендер өткізу арқылы жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі немесе одан да көп өтінім берілген жағдайда жалға беруші осы объектілерді тендер өткізу арқлы мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру туралы ақпаратты осындай шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде Тізілімге орналастыруды қамтамасыз етеді.

      10. Объектіні тендер өткізбей мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша өтінімнің негізінде (бұдан әрі – өтінім) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жүзеге асырылады.

      Өтінім мынадай құжаттарды:

      1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың) және жарғының көшірмелерін;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкерлер үшін) көшірмелерін, тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын қоса бере отырып;

      шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорт немесе құрылтай құжаттарын, не көрсетілген құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін, объектінің атауын, оның баланс ұстаушысын, сондай-ақ объектіге қажеттілік негіздемесін көрсетумен электрондық нысанда тізілімнің веб-порталында ресімделеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Кандидатқа, саяси партияға не олардың сенiм бiлдiрген адамдарына сайлаушылармен кездесулер өткiзу және сайлау алдындағы үгiттер жүргізу үшін үй-жайлар беру жалдауға берушінің атына ерікті нысандағы жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      Жалға беруші өтініш түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде кандидатты, саяси партияны немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдарын жылжымайтын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасасуға дайындығы туралы хабарландырады.

      Осы Қағидалардың 10-тармағының екінші бөлігінің талаптары кандидатқа, саяси партияға немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдарына сайлаушылармен кездесулер өткiзу және сайлау алдындағы үгiттер жүргізу үшін үй-жай беру жағдайларына қолданылмайды.

      12. Жалға беруші Қағидалардың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген объектілерді қоспағанда объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру өтінімін және оған қоса берілген құжаттарды күнтізбелік он бес күні ішінде қарайды.

      Жалға беруші Қағидалардың 7-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген объектілерді жалдауға (жалға алуға) беру туралы өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды бірінші өтінім түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күні ішінде қарайды.

      Жалға беруші объектілерді жалдауға (жалға алуға) беру туралы өтінімді (өтінімдерді) және оған қоса берілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы;

      2) осы Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес осы Қағидалардың 7-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі және одан астам өтінім берілген жағдайда, тендер өткізу туралы;

      3) объектінің заңды тағдыры бойынша, осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген талаптарға өтінімде көрсетілген объектінің сәйкес келмеуі, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарының болмауы, жалға беруші өзге шешім қабылдаған жағдайда, объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден бас тарту туралы шешімдердің біреуін қабылдайды.

      13. Жалға берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілген үлгілік шартқа сәйкес объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жалға алушымен шарт жасасады және ол Тізілімде тіркелуге жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары жалға беруші мен кандидат немесе саяси партия не олардың сенiм бiлдiрген адамдары арасында Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес жасасқан жылжымайтын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарттарына қолданылмайды.

3. Тендер өткізуге дайындық

      14. Жалға берушi тендерге дайындалу және оны өткiзу кезiнде:

      1) тендер комиссиясын қалыптастырады;

      2) тендер өткiзу мерзімін және оның шарттарын айқындайды;

      3) тендер құжаттамасын дайындайды;

      4) тізілімде тендер өткізу туралы хабарламаны жариялайды;

      5) шарт жобасын дайындауды жүзге асырады;

      6) алып тасталды - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      7) тендер жеңімпазымен шарт жасасады және оның шарттарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      8) тендерлік комиссия отырыс хаттамаларына қол қояды;

      9) тендер жеңімпазымен жарт жасасуды қамтамасыз етеді;

      10) алып тасталды - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      11) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Тендерлік құжаттама мынадай негізгі бөлімдерді:

      1) тендер объектiсiнің нысаналы мақсатын көрсете отырып, ол туралы мәлiметтерді;

      2) өтiнiмнің және онымен бiрге ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптарды;

      3) тендер шарттарын;

      4) тендер өткiзудiң тәртiбiн;

      5) шарттың жобасын қамтуы тиіс.

      16. Тендердің ұйымдастырушысы ретінде жалға беруші әрекет етеді.

      17. Тендер комиссиясының құрамына жалға берушiнiң, баланс ұстаушының, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге ұйымдардың өкiлдерi енгiзiледі. Тендер комиссиясы мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды. Жалға берушiнiң өкiлi комиссия төрағасы болып табылады.

      Комиссияның құрамын жалға берушi бекiтедi.

      Тендер комиссиясының хатшысы жалға берушiнiң өкiлi болып табылады және комиссия мүшесі болып табылмайды. Комиссияның хатшысы тендерді өткізу күні веб-порталда тендер нәтижелері туралы хаттаманы қалыптастырады және оны оған комиссия мүшелері дауыс беру рәсімінен кейін жариялайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Тендер комиссиясы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) жалға беруші белгілеген мерзімде және объекті туралы оған ұсынған деректердің негізінде осы Қағидалардың 53-тармағына сәйкес есептелген жалдау мөлшерлемесінен төмен болмайтын, жалдау төлемінің ең төменгі мөлшерлемесі негізгісі болып табылатын тендердің шарттарын әзірлейді;

      2) тендер өткiзедi;

      3) алып тасталды - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Жалға беруші тізілімнің веб-порталында тендер өткізу туралы хабарламаның, тендер өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз етеді.

      20. Тендер өткiзу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:

      1) жалға берушінің атауын;

      2) тендер өткізу шарттарын;

      3) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын;

      4) тендер өткiзілетін күнін, уақытын;

      5) тендерге қатысуға өтінімдi қабылдау мерзiмдерiн;

      6) мүлiктiк жалдау (жалға алу) мерзiмiн және жалдау төлемінің бастапқы мөлшерлемесінің мөлшерін;

      7) кепiлдiк жарнаның мөлшерiн, мерзiмi мен оны енгiзу үшін банк деректемелерін;

      8) тендерге қатысу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiн;

      9) шартты жасасу мерзімін;

      10) тендер объектісімен танысу мекенжайын, мерзімдерін және шарттарын қамтиды.

      20-1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, жалға берушінің шотына тендерде жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады және тендердің басқа қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтарады.

      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Тендерді өткізу

      21. Қатысушыларды тiркеу тізілімнің веб-порталында тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер өткiзiлгенге дейін екі сағат бұрын аяқталады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн жалға берушi тендерге қатысуға ниет бiлдiрушiлердің объект туралы ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етеді, ал баланс ұстаушы объектіні қарауға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      23. Тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды:

      1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);

      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

      4) байланыс деректерін (почталық мекенжайын, телефонын, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімге енгізілген деректерді өзгертеді.

      24. Қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну бойынша тендерге қатысуға өтінімді тіркеу қажет.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Қатысушылар Тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік шарттарға келісімі мен бағалық ұсынысты тендерге қатысуға өтінімді тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыға (жалға алушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып тіркейді.

      Шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспортының немесе құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Қатысушылардың тендерге қатысуға арналған өтінімдері мен оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері Тізілімнің дерекқорында сақталады және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады.

      27. Қатысушының осы Қағидалардың 23 және 25-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды және қатысушыны тендерге жіберуді жүзеге асырады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

      Тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Қатысушылар тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдерде және тәртiппен, мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына кепiлдiк жарна енгiзедi.

      Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке және заңды тұлға енгізеді.

      Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi.

      Жылжымайтын мүлік объектісі берілген кезде, тендерге қатысу үшiн кепiлдiк жарнаны тендер комиссиясы мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объект үшін жалға алушының қызмет түрі мен жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттерді ескермей есептелген айлық жалдау төлемі мөлшерінде белгілейді. Өзге мүлік берілген кезде, кепілдік жарна айлық жалдау ақысы мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Кепілдік жарна тендер жеңімпазының мынадай:

      1) тендерде жеңiске жеткен жағдайда, тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою;

      2) тендер нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес шарт жасасу мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылады.

      31. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор кепілді жарнаны мынадай:

      1) тендер жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін шарттарда шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда жеңімпазға;

      2) тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда жеңімпазға қайтармайды.

      Осы Қағидалардың 46-тармағын қоспағанда, қалған барлық жағдайларда кепілді жарналарды мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор тендер өткізілгеннен үш жұмыс күні өткен соң тендерге қатысушы өтінімде көрсеткен деректемелерге қайтарады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Тендер комиссиясы тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда, барлық өзгерістер туралы хабарлама тендерді өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын тізілім веб-порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

      Тендер шарттарының өзгертілгені туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан адамдарға жазбаша өтінім негізінде кепілдік жарнасы қайтарылады.

      33. Бір кепілдік жарна бір объектінің тендеріне қатысуға мүмкіндік береді.

      34. Қатысушылар:

      1) тендерге өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаттың негізiнде өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысады;

      2) тендерге шығарылатын объекті бойынша қосымша мәлiметтердi, нақтылауларды алады;

      3) объектiнi алдын ала тексеріп қарайды;

      4) өзінің құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгiнеді;

      5) тендер басталғанға дейін кемінде үш күн бұрын бұл туралы жалға берушіге жазбаша хабарлап, қатысуға берген өзінің өтінімін қайтарып алады.

      35. Егер өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте бiр ғана өтiнiм тіркелген болса (екiншi және келесi тендерлердi қоспағанда), тендер өтпедi деп танылады.

      Өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте кемінде бiр өтiнiм тіркелген болса, екінші және кейінгі тендерлер өтті деп танылады.

      Егер тендер өтпеді деп танылған жағдайда, тендерге қатысуға арналған өтінімдерді ашу жүргізілмейді және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттан кейін жиырма төрт сағат ішінде жалға беруші ЭЦҚ-ны пайдалана отырып тізілімнің веб-порталымен қалыптастырылатын өтпеген тендер туралы актіге қол қояды.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Тендер тізілімнің веб-порталында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұма аралығында өтеді. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.

      Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Тендерге қатысуға өтінімдерді тендер комиссиясының мүшелері тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (жалға алушылардың) қойылатын талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды анықтау мақсатында тізілім веб-порталында қаралады.

      38. Тендердi өткiзу кезінде ұсынысы объект үшін жалдау төлемінің ең жоғары сомасын ұсынған және тендерлiк құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңiмпазы деп жарияланады.

      Қатысушылар ұсынған жалдау төлемақысының сомасы сәйкес (тең) болған жағдайда тендерге қатысу туралы өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Тендер нәтижелерін ресімдеу

      39. Хаттамада мынадай деректер:

      1) тендерлік комиссияның құрамы;

      2) тендердiң шарттары;

      3) объект туралы мәліметтер;

      4) қатысушылар мен олардың ұсыныстары туралы мәлiметтер;

      5) тендер жеңімпазы туралы деректер;

      6) шартқа қол қою бойынша тараптардың міндеттемелері қамтылады.

      40. Тендер нәтижелері туралы хаттама комиссияның хатшысымен тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады және ол өткізілген күні жалға беруші мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендердің нәтижесі болып табылатын тендер нәтижелерін және жеңімпаз бен жалға берушінің шартқа қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.

      42. Жеңімпаз жалға берушіге шартқа қол қою барысында төменде көрсетілген құжаттардың, оның ішінде тендерге қатысу өтініміне тіркелген құжаттардың түпнұсқасын:

      1) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті, жарғыны;

      2) жеке тұлғалар үшін: Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін не уақытша жеке куәлікті, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (жеке кәсіпкерлер үшін);

      3) заңды тұлғаның өкілі үшін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және заңды тұлға өкілінің өкілеттілігін растайтын құжатты тексеру үшін ұсынады.

      43. Тендердiң нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде жеңiмпаздың ұсыныстарына сай келетін талаптарда мемлекетік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартына сәйкес жеңімпазбен шарт жасалады.

      Жалға берушінің басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жеңімпазбен шарт жасайды және Тізілімде тіркелуге жатады.

      44. Жеңімпаз осы Қағидалардың 42-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ жеңімпаз белгіленген мерзімде тендер нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоймаса, жалға беруші ЭЦҚ қолдана отырып тізілімнің веб-порталымен әзірленетін тендер нәтижелерінің күшін жою тура актіге қол қояды.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Кемінде бір жыл мерзімге жасалған жылжымайтын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты мемлекеттік тіркеуге жатады.

      Шарттарды мемлекеттік тіркеу жалға алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      46. Тендердің жеңімпазы енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша тендер объектісін пайдаланғаны үшін төлем есебіне жатқызылады.

      47. Жалға алынатын объектілерді қосалқы жалдауға тапсыру баланс ұстаушының және жалға берушінің жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.

      Жалға алынатын объектілерді қосалқы жалдауға тапсыруға рұқсаттарды алу үшін жалға алушы баланс ұстаушы мен жалға берушіге қосалқы жалдау шарттары мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша түрде тиісті өтініш беріледі.

      Жалға беруші мен баланс ұстаушы жалға алушының жалға алынатын объектілерді қосалқы жалдауға тапсыру туралы өтінішін он бес жұмыс күні ішінде қарайды және мынадай:

      1) жалға алынатын объектілерді қосалқы жалдауға беруге келісу туралы;

      2) қосалқы жалдау шарттары мен мерзімдері жалдау шартымен сәйкес келмеген жағдайда, жалға алынатын объектілерді қосалқы жалдауға беруден бас тарту туралы шешімдердің біреуін қабылдайды.

      48. Жалға алынған объекті үшін залал келтірмей ажыратылмайтын объектінің ажырамас жақсартуларын жалға алушының өз қаражаты есебінен жүргізуі баланс ұстаушы мен жалға берушінің жазбаша рұқсаттарымен жүзеге асырылады.

      Жалға алушы жүргізген объектілердің ажыратуға келетін жақсартулары, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның меншігі болып табылады.

      Жалға алушы жүргізген объектілердің ажырамас жақсартуларының құны жалға берушінің келісімі бойынша тиісті бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

      Ажырамас жақсартуларды жүзеге асыруға рұқсат алу үшін жалға алушы баланс ұстаушы мен жалға берушіге объектінің ажырамас жақсартуларын жүргізуге тиісті өтінішті мынадай құжаттармен қоса береді:

      1) жалға алушының өтінімі;

      2) енгізілетін ажырамас жақсартулардың қысқаша сипаттамасы, оларды жүргізу қажеттігінің негіздемесі, оларды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі көрсетілген жалпы түсіндірме жазбаның құрамындағы жобалау-сметалық құжаттама, сондай-ақ құнының жиынтық сметалық есебі;

      3) жаңадан салынатын объектілер үшін есептеулерді, көлемдік-жоспарланған, конструктивті және инженерлік жобалық шешімдердің сызбалары.

      Жалға беруші мен баланс ұстаушы күнтізбелік отыз күннің ішінде жалға алушының объектінің ажырамас жақсартуларын жүзеге асыруға ұсынған өтінімін, оған қоса берілген құжаттарды қарайды және мынадай:

      1) жалға алушының объектінің ажырамас жақсартуларын жүзеге асыруға келісу туралы;

      2) экономикалық тұрғыдан орынсыз болған, болжанған құнмен және оларды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімімен келіспеген жағдайларда, сондай-ақ объектінің ажырамас жақсартулары құнының өтемақысына баланс ұстаушыда қаражат болмаған кезде, жалға алушының объектінің ажырамас жақсартуларын жүзеге асыруынан бас тарту туралы шешімдердің біреуін қабылдайды.

      Жалға берушінің рұқсатын алғаннан кейін жалға алушы объектінің ажырамас жақсартуларын жүргізуге кіріседі.

      Жалға алушы жүргізген объектінің ажырамас жақсартуларының құнын өтеу үшін жалға алушы орындалған жұмыстар күнінен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жалға берушіге мынадай құжаттарды:

      1) жалға алушының өтемақы алу өтінімін;

      2) жалға берушінің объектінің ажырамас жақсартуларын жүргізуге жазбаша рұқсатын;

      3) объектілерді реконструкциялаудан және техникалық қайта жарақтандырудан кейін объектіні пайдалануға беруге рұқсат ететін құжаттаманы (мемлекеттік комиссия актілері, объектіні пайдалануға беру жөніндегі жұмыс комиссиясының актілері және басқалары);

      4) орындалған жұмыстардың актілерін қоса бере отырып тиісті өтініш береді.

      Ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша жалға беруші заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шешім қабылдайды, ол туралы ақпарат тізілімге енгізіледі.

6. Қабылдау-тапсыру актісі бойынша объектіні беру

      49. Шартқа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, баланс ұстаушы объектіні жалдауға беруші бекітетін қабылдау-тапсыру актісі бойынша жалға алушыға береді және ол тізілімде тіркеледі.

      50. Қабылдау-тапсыру актісінде мыналар:

      1) акт жасалған орны мен күні;

      2) өкiлдері оларға сәйкес тараптардың мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi құжаттардың атауы мен деректемелері;

      3) объектіні беру жүргізілетін шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi;

      4) берiлетiн объектiнiң атауы, орналасқан орны, анықталған ақаулардың тiзбесімен бірге, оның техникалық сипаттамасы мен жай-күйі көрсетіледі.

      51. Қабылдау-тапсыру актісіне тараптардың өкілдері қол қояды және мөрмен бекітіледі.

      52. Қабылдау-тапсыру актісі мемлекеттік және орыс тiлдерiнде үш данада жасалады, оның біреуі жалға берушiде, біреуі баланс ұстаушыда сақталады және біреуі жалға алушыға беріледі.

7. Жалдау төлемақысы

      53. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушы қызметінің түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін, қолданылатын коэффициенттердің базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,

      мұнда:

      Ап – жылына мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі;

      Рбс – 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;

      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;

      Кт – құрылыс үлгісі ескерілетін коэффициент;

      Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрі ескерілетін коэффициент;

      Кск – қолайлылық дәрежесін ескерілетін коэффициент;

      Кр – аумақтық орналасуын ескерілетін коэффициент;

      Квд – жалдаушының қызмет түрі ескерілетін коэффициент;

      Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициент;

      Жабдықтарды, автокөлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысын есептеу айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Ап = С х Nam/100 х Кп

      мұнда:

      Ап – жылына жабдықтар, көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;

      С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;

      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;

      Nam – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;

      Кп – төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады – 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде – 0,5 мөлшерінде).

      Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін, сондай-ақ жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) ұсыну кезінде жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзегеасырылады:

      Ач = Ап/12/Д/24,

      мұнда:

      Ач – сағатына мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;

      Ап – жылына мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;

      Д – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндер саны.

      Ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігін жалдағаны үшін төленетін ақыны есептеу кезінде мүліктік жалдауға (жалға алу) берілген ауданның 25 % мөлшерінде осы аудандарды жалға алушының жалпы пайдаланымдағы орындарға қолжетімділігі ескерілуі қажет.

      Түскі ас залдары бар орта білім беретін мемлекеттік заңды тұлғалардың асханаларын мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде, жалдау есебіне түскі ас залдарының алаңы мүліктік жалға берілмейтіндіктен, тек тағам блогының алаңы мен қосалқы үй-жайлар қосылады.

      Орта білім беретін мемлекеттік заңды тұлғалардағы мүліктік жалдауға (жалға алу) берілетін үй-жайларды жалға алу ақысының мөлшерлемесін есептеу, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан өнім беруші жазбаша өтініш берген кезде бір оқу жылына жүргізіледі.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Төлем жалға алынған барлық мүлік үшін тұтастай немесе оның барлық құрамдас бөліктерінің әрқайсысы бойынша жеке кезең-кезеңмен немесе бір жолғы енгізілетін төлемдердің шартта көзделетін тіркелген сомасымен белгіленеді.

      55. Мүліктік жалдау (жалға алу) төлеміне коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымды және күрделі жөндеуге аударымдар, объектіге қызмет көрсеткені үшін төлемдер қосылмайды. Бұл төлемдерді жалға алушы тікелей ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитариялық және басқа да қызметтерге ақы төлейді.

      56. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін жылына бір реттен жиі өзгертуге болмайды.

      57. Республикалық меншікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден түсетін жалдау ақысы республикалық бюджетке, коммуналдық меншіктен түсетін жалдау төлемақысы жергілікті бюджетке, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүліктен түсетін жалдау төлемақысы жергілікті өзін-өзі басқару органының қолма-қол ақшасының бақылау шотына аударылады.

  Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк
жалдауға (жалға алуға)
беру қағидаларына
1-қосымша

      нысан

Объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну бойынша
ӨТІНІМ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланған

      мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру туралы

      хабарламаны қарап және Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға

      алуға) беру қағидаларымен танысып,

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды

      тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат

      негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған

      жағдайда) төменде көрсетілген объектіні жалға алуға ниет білдіреді.

      Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі (-лері) туралы мәліметтер:

Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің атауы

Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің теңгерім ұстаушысының атауы және деректемелері






      Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі ____________________ үшін

      қажет. (объектіге қажеттілік негіздемелері көрсетіледі)

      2. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз):

      Заңды тұлғалар үшін:

      Атауы _______________________________________________________________

      БСН _________________________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      _____________________________________________________________________

      Мекенжайы: __________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________

      Шарт жасасу үшін банк деректемелері:

      ЖСК _________________________________________________________________

      БСК _________________________________________________________________

      Банктің атауы _______________________________________________________

      Кбе _________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) __________________________________________________________________

      2) __________________________________________________________________

      3) ______________________________________________ қоса беріледі.

      Жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда):

      _____________________________________________________________________

      ЖСН _________________________________________________________________

      Паспорт деректері ___________________________________________________

      Мекенжайы: __________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________

      Банк деректемелері:

      ЖСК _________________________________________________________________

      БСК _________________________________________________________________

      Банктің атауы _______________________________________________________

      Кбе _________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) __________________________________________________________________

      2)___________________________________________________________________

      3)_____________________________________________________қоса беріледі.

      ________ ____________________________________________________________

      (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе

      сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты

      (болған жағдайда) 20__ ж. "___"____________.

      М.О.

      Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы

      20__ ж. "___"____________20__ ж. сағат "___" минутта қабылдады.

  Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк
жалдауға (жалға алуға)
беру қағидаларына
2-қосымша

      нысан

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну бойынша тендерге қатысуға
ӨТІНІМ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру

      туралы жарияланған хабарламаны қарап және мемлекеттік мүлікті

      мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен танысып,

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды

      тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат

      негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған

      жағдайда) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің

      веб-порталында ___________20____жылғы "___"_______ _____________

      болатын тендерге қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) тендерге қатысу үшін мемлекеттік мүлікті есепке

      алу саласындағы бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына жалпы

      сомасы ____ (______________) теңге

      (саны) (жазбаша сомасы цифрмен)

      ____ кепілдік жарнаны (жарналарды) енгіздім (к).";

      (саны)

      Кепілдік жарнасы енгізілген мүліктік жалдау (жалға алу)

      объектілері туралы мәлімет:

Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің атауы

Аударуға жататын кепілдік жарнасының сомасы, теңге








Жиыны



      Енгізілген кепілдік жарналары туралы мәлімет:

р/с

Кепілдік жарнасының белгіленуі және тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасы енгізілген мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге












Жиыны





      3. Қатысушыға қойылатын талаптарға мен (біз) сәйкес емес екенім

      (із) анықталған жағдайда, мен (біз) тендерге қатысу құқығынан

      айырылуымен, мен (біз) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама

      және мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты

      жарамсыз деп танылуымен келісемін (із).

      4. Егер мен (біз) тендер жеңімпаз(дар)ы деп танылған жағдайда

      өзімізге тендер нәтижелері туралы хаттамаға өткізілген күні қол қою

      және тендер өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік

      мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартына қол қою

      міндеттемелерін аламыз.

      5. Мынадай:

      1) тендер өткізілген күні тендер нәтижелері туралы хаттамаға

      қол қоймаған;

      2) белгіленген мерзімде мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға

      (жалға алуға) беру шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайларда мен

      (біз) енгізген кепілдік жарна сомасының қайтарылмайтынына және жалға

      берушіде қалатынына келісемін (-міз).

      6. Осы өтінім тендер нәтижелері туралы хаттамамен бірге

      мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты

      жасалғанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

      7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-ыз):

      Заңды тұлғалар үшін:

      Атауы _______________________________________________________________

      БСН _________________________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      _____________________________________________________________________

      Мекенжайы: __________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтаруға арналған банктік реквизиттер:

      ЖСК _________________________________________________________________

      БСК _________________________________________________________________

      Банктің атауы _______________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН/БСН Кбе

      _____________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) __________________________________________________________________

      2) __________________________________________________________________

      3) ___________________________________________________ қоса беріледі.

      Жеке тұлғалар үшін:

      тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда):

      _____________________________________________________________________

      ЖСН _________________________________________________________________

      Паспорт деректері ___________________________________________________

      Мекенжайы: __________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтаруға арналған банктік реквизиттер:

      ЖСК__________________________________________________________________

      БСК _________________________________________________________________

      Банктің атауы _______________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН/БСН Кбе

      _____________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) ____________________________________________________________

      2)_____________________________________________________________

      3)______________________________________________ қоса беріледі.

      (жеке тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе

      заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат

      негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған

      жағдайда) 20__ ж. "___"____________.

  Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк
жалдауға (жалға алуға) беру
қағидаларына 3-қосымша

Тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі,
аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының
ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің
қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 23.10.2015 № 679 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Базалық мөлшерлемелер


Әкімшілік-аумақтық бірлік

Базалық мөлшерлеменің мөлшері

1

Астана және Алматы қалалары

Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 2,5 айлық есептік көрсеткіш

2

ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс

Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш

     

Коэффициенттер түрі

Коэффициент мөлшері

1

Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):


1.1 кеңселік

1

1.2 өндірістік

0,8

1.3 қойма, гараж, қазандық

0,6

1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар, спорттық алаңдар)

0,7


1.5 басқа құрылыстар (ғимараттар)

0,9

2

Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк)


2.1 жеке тұрған құрылыс

1

2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі

0,9

2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4 жертөле бөлігі

0,6


2.5 басқа (шатыр, шатырдағы жай, тамбур, мансарда, лоджия, ашық спорттық құрылыстар және басқа)

0,7

3

Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)


3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды

1,0

4

Аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициент (Кр):



4.1 Астана және Алматы қалалары үшін

республикалық меншік үшін - 3;

коммуналдық меншік үшін - 3

4.2 облыс орталықтары және Байқоңыр қаласы үшін

2

4.3 облыстық маңызы бар қалалар үшін

1,5

4.4 аудан орталықтары үшін

1

4.5 кент, ауыл

0,5

5

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):



5.1 банктердің, Ұлттық почта операторының есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін, банкоматтар, төлеу терминалдары (мультикассалар) үшін (қол жетімділігі шектеулі республикалық заңды тұлғалардың ғимараттарында 0,5-ке төмендету коэффициенті қолданылады)

2,5

5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін

3,0

5.3. сауда, қонақ үй қызметтерін қызметтерін ұйымдастыру үшін, сату автоматтары үшін

2,5

5.4 қылмыстық-атқарушылық жүйенің ғимараттарында және оқу орындарының жатақханаларында сауда қызметтерін ұйымдастыру үшін

1,9

5.5 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін (асхана, буфет)

1,5

5.6 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін:

ғылым және жоғары білім беру

орта білім және қосымша білім беру, мектепке дейінгі білім беру

1,1

0,9

0,8

5.7 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін

1,0

5.8 ұялы байланыс, интернет желісі саласында қызмет ету үшін (телекоммуникация жабдықтарын орналастыру және басқа)

5,0

5.9 өткізу жүйесі бар (қол жетімділігі шектеулі) мемлекеттік заңды тұлғалардың ғимараттарында қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, тұрмыстық қызметтерді көрсету

0,5

5.10 оқу орындарында (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде және спорттық мектептерде) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру (асхана, буфет) үшін

0,5

5.11. 5.1-5.10-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін

1,9

6

Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):



6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін

0,9


6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары немесе акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі және табысының кемінде 90 пайызын бюджеттік бағдарламаларды орындаудан алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін

0,8


6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін

0,5


6.4 қалғандары үшін

1,0