Энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 наурызда № 10444 тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 266) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Энергетикалық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

В. Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 ақпандағы
№ 59 бұйрығымен бекітілген

Энергетикалық сараптама жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 20.06.2017 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Энергетикалық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 266) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергетикалық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жылу энергиясын тасымалдау – жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті қабылдауды және оны жылу энергиясының көзінен жылу энергиясын тұтынушыға дейін жеткізуді қамтитын жылу энергиясын беру және тарату;

      2) зерттелетін ұйым – энергетикалық сараптама жүргізуге сараптама ұйымымен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

      3) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) тұтынушы – электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

      5) электр қондырғылары – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне ауыстыруға арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы жабдықтардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайлармен бірге) жиынтығы;

      6) энергетикалық сараптама – электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларында жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, сондай-ақ олардағы технологиялық бұзушылықтар мен өндірістік жарақаттануды тергеп-тексеру кезінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігіне жүргізілетін электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы сараптама.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Энергетикалық сараптама жүргізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Энергетикалық сараптаманы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 218 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13840 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптармен айқындалатын 1, 2, 3-санаттарына сәйкес сараптама ұйымдары жүргізеді:

      1) 1-санаттағы сараптама ұйымдары энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға, жылу тасымалдаушы субъектілер мен электр және жылу энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптама жүргізеді;

      2) 2-санаттағы сараптама ұйымдары электр қондырғыларының 500 килоВольтАмперге (бұдан әрі – кВА) дейінгі және (немесе) жылу тұтынатын қондырғыларының 1 Гигакаллорий/сағатқа (бұдан әрі - Гкал/сағ.) дейінгі қосылған қуаты бар электр және жылу энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптама жүргізеді;

      3) 3-санаттағы сараптама ұйымдары электр қондырғыларының 100 кВА дейінгі және (немесе) жылу тұтынатын қондырғыларының 1 Гкал/сағ дейінгі қосылған қуаты бар электр және жылу энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптама жүргізеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Энергетикалық сараптама сараптама және зерттелетін ұйымдар арасында энергетикалық сараптама жүргізуге жасалған шарт негізінде жүргізіледі.

      5. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның сұрау салуы бойынша энергетикалық сараптама мынадай жағдайларда:

      1) электр станцияларындағы, электр желілеріндегі және жылу энергетикасы объектілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзушылықтар мен аварияларды тергеп-тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақаттануда;

      2) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 5-бабының 32) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен екі ай ішінде екі реттен астам бір жабдық бойынша технологиялық бұзушылық – І-дәрежелі істен шығу кезінде;

      3) электр және жылу энергиясын өндіру үшін шартты отынның үлестік шығысы немесе жеке қажеттіліктерге жұмсалатын энергетикалық ресурстар шығыны ұлғайған кезінде жүргізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Энергетикалық сараптама осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жоспары бойынша жүзеге асырылады.

      7. Жүргізілген энергетикалық сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды жасалады, онда сараптама жүргізу нысанасы бойынша сарапшылардың дәлелденген, негізделген және толық тұжырымдары көрсетіледі.

      8. Энергетикалық сараптама қорытындысының мәтіні кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады.

      9. Энергетикалық сараптама қорытындысының кіріспе бөлімі құжатты әзірлеу орны мен күні туралы мәліметтен, сараптама жүргізілетін ұйымның толық атауынан, басшысының лауазымынан, тегі мен аты-жөнінен, энергетикалық сараптама атауынан және уақытынан, сондай-ақ энергетикалық объектінің тексерілетін жабдығының тізбесінен тұрады.

      10. Энергетикалық сараптама қорытындысының негізгі бөлімінде зерттелетін жабдықтың және энергетикалық объектінің іс-жүзіндегі жай-күйі, сараптама ұйымымен анықталған және сараптама жұмыстары кезінде жойылған бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы ақпарат көрсетіледі.

      11. Қорытынды бөлімде нормативтік құқықтық актінің нақты тармағына сілтеме жасай отырып, анықталған электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкессіздікті жою жөніндегі іс-шаралар жазылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Энергетикалық сараптама қорытындысын сараптама ұйымының басшысы бекітеді және ол ұйымның мөрімен куәландырылады.

      13. Энергетикалық сараптама қорытындысы үш данада ресімделеді: бір данасы зерттелетін ұйымға беріледі, екінші данасы сараптама ұйымында сақталады, үшінші данасы энергетикалық сараптаманы жүргізуге осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес сұрау салған жағдайда, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органға жіберіледі.


  Энергетикалық сараптама
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Электр және жылу энергиясын өндіретін ұйымдарға энергетикалық сараптама жүргізу жоспары

      1. Электр станциясы (қазандық) техникалық көрсеткіштерінің негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтың жинағы мен құрамы бойынша жобалық (паспорттық) деректерге сәйкес келуі.

      2. Негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалау (физикалық тозуы, техникалық сипаттамалардың жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген деректерге сәйкестігі).

      3. Электр және жылу энергиясын өндіретін ұйымдардың техникалық пайдалану деңгейінің электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі, мынадай жабдықтар болған кезде:

      1) станциялық жылыту қондырғылары;

      2) күлді ұстап қалатын және күл жою жүйелері;

      3) жылу электр станцияларының құбыржолдары;

      4) жылу автоматикасы және өлшеу құрылғылары;

      5) турбиналардың реттеу және бу тарату жүйелері;

      6) су жылыту және бу энергетикалық қазандары;

      7) газ шаруашылығы;

      8) мазут шаруашылығы;

      9) отын-көлік жабдығы;

      10) мұнаралық градирнялар;

      11) өндірістік ғимараттар, құрылыстар және аумақтар;

      12) табиғатты қорғау объектілері;

      13) релелік қорғау, аварияға қарсы автоматика және байланыс құрылғылары;

      14) гидротурбиналық жабдықтар;

      15) электр техникалық жабдықтар (генераторлар, электр қозғалтқыштары, күш және өлшеу трансформаторлары, реакторлар, коммутациялық аппараттар);

      16) компрессорлық, аккумуляторлық, электролиздік қондырғылар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Авариясыз жұмысты және қызмет көрсетудің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар болған және олар орындалған кезде, оның ішінде:

      1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның шешімдері бойынша іс-шараларды орындау;

      2) технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру актілері бойынша іс-шараларды орындау;

      3) жедел және диспетчерлік тәртіпті сақтау бойынша талаптарды орындау.

      5. Кәсіпорын жұмысының және оларды жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау.


  Энергетикалық сараптама
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Жылу энергиясын тасымалдау жөніндегі ұйымдарға энергетикалық сараптама жүргізу жоспары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жылу желілері техникалық көрсеткіштерінің энергетикалық жабдықтың жинағы мен құрамы бойынша жобалық (паспорттық) деректерге сәйкес келуі.

      2. Мынадай жабдық:

      1) магистральдық және таратушы жылу желілері;

      2) аудандық қазандықтардың және сорғы станцияларының жабдығы;

      3) бак-аккумуляторлары болған кезде энергетикалық жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалау (физикалық тозуы, техникалық сипаттамалардың жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген деректерге сәйкестігі).

      3. Жылу тасымалдаушы субъектілердің техникалық пайдалану деңгейінің электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі, мынадай жабдықтар болған кезде:

      1) жылу желілері (магистральдық және таратушы);

      2) бак-аккумуляторлары;

      3) су жылыту қазандықтары;

      4) күлді ұстап қалатын және күл жою жүйелері;

      5) газ шаруашылығы;

      6) мазут шаруашылығы

      7) автоматика және өлшеу құрылғылары;

      8) өндірістік ғимараттар, құрылыстар;

      9) табиғатты қорғау объектілері.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Авариясыз жұмысты және қызмет көрсетудің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар болған және олар орындалған кезде, оның ішінде:

      1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның шешімдері бойынша іс-шараларды орындау;

      2) технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру актілері негізінде әзірленген іс-шараларды орындаудың уақтылығы және толықтығы.

      5. Кәсіпорын жұмысының және оларды жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау.


  Энергетикалық сараптама
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

Электр энергиясын беретін ұйымға энергетикалық сараптама жүргізу жоспары

      1. Электр желілері техникалық көрсеткіштерінің жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген деректерге (кернеу сыныптары бойынша ұзындығы, 35 килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары шағын станциялар трансформаторларының, 6-10/0,4 кВ трансформаторлық шағын станциялардың саны және белгіленген қуаты) сәйкес келуі.

      2. Мынадай жабдықтың:

      1) электр беру желілері;

      2) 35 кВ және одан жоғары трансформаторлық шағын станциялардың, 6-10/0,4 кВ трансформаторлық шағын станциялардың және 6-10 кВ тарату бекеттерінің жабдықтары энергетикалық жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалау (физикалық тозуы, техникалық сипаттамалардың жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген деректерге сәйкес келуі).

      3. Электр энергиясын беретін ұйымдардың техникалық пайдалану деңгейінің мынадай жабдықтар:

      1) әуе электр тарату желілері;

      2) кабельді электр тарату желілері;

      3) компрессорлық жабдықтар;

      4) өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйелері;

      5) тарату құрылғыларының жабдықтары;

      6) өндірістік ғимараттар, құрылыстар;

      7) күштік трансформаторлар және май реакторлары;

      8) электролиздік қондырғылар;

      9) релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика және байланыс құрылғылары болған кезде электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі.

      4. Авариясыз жұмысты және қызмет көрсетудің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар болған және олар орындалған кезде, оның ішінде:

      1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның шешімдері бойынша іс-шараларды орындау;

      2) технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру актілері негізінде әзірленген іс-шараларды орындаудың уақтылығы және толықтығы.

      5. Кәсіпорын, оның құрылымдық бөлімшелері жұмысының және оларды жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау.


  Энергетикалық сараптама
жүргізу қағидаларына
4-қосымша

Электр энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптама жүргізу жоспары

      1. Электр желілері техникалық көрсеткіштерінің жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген деректерге (кернеу сыныптары бойынша ұзындығы, 35 кВ және одан жоғары шағын станциялар трансформаторларының, 6-10/0,4 кВ трансформаторлық шағын станциялардың саны және белгіленген қуаты) сәйкес келуі.

      2. Мынадай жабдықтың:

      1) электр беру желілері;

      2) 35 кВ және одан жоғары трансформаторлық шағын станциялардың, 6-10/0,4 кВ трансформаторлық шағын станциялардың және 6-10 кВ тарату бекеттерінің жабдықтары энергетикалық жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалау (физикалық тозуы, техникалық сипаттамалардың жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген деректерге сәйкес келуі).

      3. Электр энергиясын тұтынушыларының энергетикалық объектілерді техникалық пайдалану деңгейінің мынадай жабдықтар:

      1) әуе электр тарату желілері;

      2) кабельді электр тарату желілері;

      3) компрессорлық жабдықтар;

      4) өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйелері;

      5) тарату құрылғыларының жабдықтары;

      6) өндірістік ғимараттар, құрылыстар;

      7) күштік трансформаторлары және май реакторлары;

      8) электролиздік қондырғылар;

      9) релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика және байланыс құрылғылары болған кезде электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі.

      4. Авариясыз жұмысты және қызмет көрсетудің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар болған және олар орындалған кезде, оның ішінде:

      1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның шешімдері бойынша іс-шараларды орындау;

      2) технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру актілері негізінде әзірленген іс-шараларды орындаудың уақтылығы және толықтығы;

      3) жедел және диспетчерлік тәртіпті сақтау бойынша талаптарды орындау.

      5. Кәсіпорын, оның құрылымдық бөлімшелері жұмысының және оларды жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау.


  Энергетикалық сараптама
жүргізу қағидаларына
5-қосымша

Жылу энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптама жүргізу жоспары

      1. Жылу желілері техникалық көрсеткіштерінің энергетикалық жабдықтың жинағы мен құрамы бойынша жобалық (паспорттық) деректерге сәйкес келуі.

      2. Мынадай жабдық:

      1) магистральдық және таратушы жылу желілері;

      2) қазандық және сорғы станцияларының жабдықтары;

      3) бак-аккумуляторлар болған кезде энергетикалық жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалау (физикалық тозуы, техникалық сипаттамалардың жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген деректерге сәйкес келуі).

      3. Жылу энергиясын тұтынушылардың энергия объектілерінің техникалық пайдалану деңгейінің электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі, мынадай жабдықтар болған кезде:

      1) жылу желілері (магистральдық және таратушы);

      2) бак-аккумуляторлар;

      3) су жылыту қазандықтары;

      4) күлді ұстап қалатын және күл жою жүйелері;

      5) газ шаруашылығы;

      6) мазут шаруашылығы;

      7) автоматика және өлшеу құрылғылары;

      8) өндірістік ғимараттар, құрылыстар;

      9) табиғат қорғау объектілері.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Авариясыз жұмысты және қызмет көрсетудің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар болған және олар орындалған кезде, оның ішінде:

      1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның шешімдері бойынша іс-шараларды орындау;

      2) технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру актілері негізінде әзірленген іс-шараларды орындаудың уақтылығы және толықтығы;

      5. Тұтынушы жұмысының және оларды жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау.