Энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 наурызда № 10444 тіркелді

Қолданыстағы

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Энергетикалық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    В. Школьник

Қазақстан Республикасы   
Энергетика министрінің   
2015 жылғы 3 ақпандағы   
№ 59 бұйрығымен бекітілген

Энергетикалық сараптама жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергетикалық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергетикалық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
      2.Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) энергетикалық сараптама – жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, электр және жылу желілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;
      2) жылу энергиясын беру – жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдардың жылу желілері бойынша жылу энергиясын тасымалдау жөнінде көрсететін қызметі;
      3) тұтынушы – электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
      4) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне ауыстыруға арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы жабдықтардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайлармен бірге) жиынтығы;
      5) сарапшы ұйым – электр энергетикасы мәселелері бойынша энергетикалық сараптаманы жүргізуге аккредиттелген ұйым;
      6) зерттелетін ұйым – энергетикалық сараптама жүргізуге сарапшы ұйыммен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға.

2. Энергетикалық сараптама жүргізу тәртібі

      3. Энергетикалық сараптаманы Заңның 5-бабының 59) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен әзірленген энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдiстемесiмен, тәртiбi мен мерзiмдерiмен айқындалатын, 1, 2, 3-санаттарына сәйкес сарапшы ұйымдар жүргізеді:
      1) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға және электр және жылу энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптаманы 1-санаттағы сарапшы ұйымдар жүргізеді;
      2) электр қондырғыларының 500 килоВольтАмпер (бұдан әрі – кВА) дейін және (немесе) жылу қондырғыларының 1 Гигакаллория/сағ (бұдан әрі – Гкал/сағ) дейін қосылған қуаты бар электр және жылу энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптаманы 2-санаттағы сарапшы ұйымдар жүргізеді;
      3) электр қондырғыларының 100 кВА дейін және (немесе) жылу қондырғыларының 1 Гкал/сағ дейін қосылған қуаты бар электр және жылу энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптаманы 3-санаттағы сарапшы ұйымдар жүргізеді.
      4. Энергетикалық сараптама сарапшы және зерттелетін ұйымдар арасында энергетикалық сараптама жүргізуге жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
      5. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның сұрау салуы бойынша энергетикалық сараптама мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      1) электр станцияларындағы, электр және жылу желілеріндегі, энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында;
      2) технологиялық бұзылу – тура сол жабдықтың екі ай ішінде екі реттен астам, Заңның 5-бабының 32) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен орнатылған тәртіпте, I-дәрежелі істен шығуы кезінде;
      3) электр және жылу энергиясын өндіру үшін шартты отынның үлестік шығысының немесе өзіндік қажеттігіне жұмсалатын энергетикалық ресурстар шығынының артуы кезінде.
      6. Энергетикалық сараптама осы Қағидаларға 1234 және 5-қосымшаларға сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жоспары бойынша жүзеге асырылады.
      7. Жүргізілген энергетикалық сараптама нәтижесі бойынша сараптамалық қорытынды жасалады, онда сараптама жүргізу нысанасы бойынша дәлелді, негізделген және сарапшылардың толық тұжырымдары көрсетіледі.
      8. Энергетикалық сараптама қорытындысының мәтіні кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады.
      9. Энергетикалық сараптама қорытындысының кіріспе бөлімі құжатты әзірлеу орны мен күні туралы мәліметін, сараптама жүргізілетін ұйымның толық атауын, басшысының лауазымын, тегі мен аты-жөнін, энергетикалық сараптама жүргізу атауы мен уақытын, сондай-ақ энергетикалық объектінің тексерілетін жабдықтарының тізбесін қамтиды.
      10. Энергетикалық сараптама қорытындысының негізгі бөлімінде зерттелетін жабдықтардың және энергетикалық объектінің іс-жүзіндегі жай-күйі, сарапшы ұйым анықтаған және сараптама жұмыстары кезінде жойылған бұзылулар мен кемшіліктер туралы ақпарат көрсетіледі.
      11. Қорытынды бөлімде нормативтік құқықтық актінің нақты тармағына сілтеме жасай отырып, электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкессіздігін жою жөніндегі іс-шаралар баяндалады.
      12. Энергетикалық сараптама қорытындысын сарапшы ұйымның басшысы бекітеді және мөрмен куәландырады.
      13. Энергетикалық сараптама қорытындысы үш данада ресімделеді: бір данасы зерттелетін ұйымға беріледі, екінші данасы сарапшы ұйымда сақталады, үшінші данасы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органға жарты жылдың қорытындысы бойынша жыл сайын 15 шілдеден бастап 15 қаңтарға дейін жіберіледі.

Энергетикалық сараптама
жүргізу қағидаларына 
1-қосымша      

Электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі ұйымдарға энергетикалық сараптама жүргізу жоспары

      1. Электр станциясы (қазандық) техникалық көрсеткіштерінің негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жинағы мен құрамы бойынша жобалық (паспорттық) деректерге сәйкестігі.
      2. Негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалау (физикалық тозуы, жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген техникалық сипаттамаларға сәйкестігі).
      3. Энергия объектілерін техникалық пайдалану дәрежесінің салалық нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі, мынадай жабдықтар болған кезде:
      1) станциялық жылыту қондырғылары;
      2) күлді ұстап қалатын және күл жою жүйелері;
      3) жылу электр станцияларының құбыржолдары;
      4) жылу автоматикасы және өлшеу құрылғылары;
      5) реттеу және турбиналардың бу тарату жүйелері;
      6) су жылыту және бу энергетикалық қазандары;
      7) газ шаруашылығы;
      8) мазут шаруашылығы;
      9) отын-көлік жабдықтары;
      10) мұнаралық градирнялар;
      11) өндірістік ғимараттар, құрылыстар және аумақтар;
      12) табиғат қорғау объектілері;
      13) реле қорғаныс, аварияға қарсы автоматика және байланыс құрылғылары;
      14) су турбиналық жабдықтар;
      15) электр техникалық жабдықтар (генераторлар, электр қозғалтқыштары, күштік және өлшеу трансформаторлары, реакторлар, коммутациялық аппараттар);
      16) компрессорлық, аккумуляторлық, электролиздік қондырғылар.
      4. Авариясыз жұмысты және қызмет көрсетудің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар болған және олар орындалған кезде, оның ішінде:
      1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның шешімдері бойынша іс-шараларды орындау;
      2) технологиялық бұзылуларды тексеру актілері бойынша іс-шараларды орындау;
      3) жедел және диспетчерлік тәртіпті сақтау бойынша талаптарды орындау.
      5. Кәсіпорын жұмысының және оларды жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау.

Энергетикалық сараптама
жүргізу қағидаларына
2-қосымша     

Жылу энергиясын беруші және таратушы ұйымдарға энергетикалық
сараптама жүргізу жоспары

      1. Жылу желілері техникалық көрсеткіштерінің энергетикалық жабдықтардың жинағы мен құрамы бойынша жобалық (паспорттық) деректерге сәйкестігі.
      2. Энергетикалық жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалау (физикалық тозуы, жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген техникалық сипаттамаларға сәйкестігі), мынадай жабдықтар болған кезде:
      1) магистральді және таратушы жылу желілері;
      2) аудандық қазандықтардың және сорғы станцияларының жабдықтары;
      3) бак-аккумуляторлар.
      3. Объектілердің техникалық пайдалану дәрежесінің салалық нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі, мынадай жабдықтар болған кезде:
      1) жылу желілері (магистральді және тарату);
      2) бак-аккумуляторлар;
      3) су жылыту қазандықтары;
      4) күлді ұстап қалатын және күл жою жүйелері;
      5) газ шаруашылығы;
      6) мазут шаруашылығы;
      7) автоматика және өлшеу құрылғылары;
      8) өндірістік ғимараттар, құрылыстар;
      9) табиғат қорғау объектілері.
      4. Авариясыз жұмысты және қызмет көрсетудің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық шаралар болған және олар орындалған кезде, оның ішінде:
      1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның шешімдері бойынша іс-шараларды орындау;
      2) технологиялық бұзылуларды тексеру актілері негізінде әзірленген іс-шараларды орындаудың уақтылылығы және толықтығы.
      5. Кәсіпорын жұмысының және оларды жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау.

Энергетикалық сараптама
жүргізу қағидаларына
3-қосымша     

Электр энергиясын беруші ұйымға энергетикалық сараптама жүргізу жоспары

      1. Электр желілері техникалық көрсеткіштерінің жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген деректерге (кернеу сыныптары бойынша ұзындығы, 35 килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары қосалқы станциялар трансформаторларының, 6-10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың саны және белгіленген қуаты) сәйкестігі.
      2. Энергетикалық жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалау (физикалық тозуы, жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген техникалық сипаттамаларға сәйкестігі), мынадай жабдықтар болған кезде:
      1) электр тарату желілері;
      2) 35 кВ және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардың, 6-10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың және 6-10 кВ тарату бекеттерінің жабдықтары.
      3. Объектілердің техникалық пайдалану дәрежесінің салалық нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі, мынадай жабдықтар болған кезде:
      1) әуе электр тарату желілері;
      2) кабельді электр тарату желілері;
      3) компрессорлық жабдықтар;
      4) өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйелері;
      5) тарату құрылғыларының жабдықтары;
      6) өндірістік ғимараттар, құрылыстар;
      7) күштік трансформаторлар және май реакторлары;
      8) электролиздік қондырғылар;
      9) релелі қорғаныс және автоматика құрылғылары, аварияға қарсы автоматика және байланыс.
      4. Авариясыз жұмысты және қызмет көрсетудің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық шаралар болған және олар орындалған кезде, оның ішінде:
      1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның шешімдері бойынша іс-шараларды орындау;
      2) технологиялық бұзылуларды тексеру актілері негізінде әзірленген іс-шараларды орындаудың уақтылылығы және толықтығы.
      5. Кәсіпорын, оның құрылымдық бөлімшелері жұмысының және оларды жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау.

Энергетикалық сараптама
жүргізу қағидаларына
4-қосымша     

Электр энергиясын тұтынушыға энергетикалық сараптама жүргізу
жоспары

      1. Электр желілері техникалық көрсеткіштерінің жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген деректерге (кернеу сыныптары бойынша ұзындығы, 35 кВ және одан жоғары қосалқы станциялар трансформаторларының, 6-10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың саны және белгіленген қуаты) сәйкестігі.
      2. Энергетикалық жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалау (физикалық тозуы, жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген техникалық сипаттамаларға сәйкестігі), мынадай жабдықтар болған кезде:
      1) электр тарату желілері;
      2) 35 кВ және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардың, 6-10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың және 6-10 кВ тарату бекеттерінің жабдықтары.
      3. Объектілердің техникалық пайдалану дәрежесінің салалық нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі, мынадай жабдықтар болған кезде:
      1) әуе электр тарату желілері;
      2) кабельді электр тарату желілері;
      3) компрессорлық жабдықтар;
      4) өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйелері;
      5) тарату құрылғыларының жабдықтары;
      6) өндірістік ғимараттар, құрылыстар;
      7) күштік трансформаторлар және май реакторлары;
      8) электролиздік қондырғылар;
      9) релелі қорғаныс және автоматика құрылғылары, аварияға қарсы автоматика және байланыс.
      4. Авариясыз жұмысты және қызмет көрсетудің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық шаралар болған және олар орындалған кезде, оның ішінде:
      1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның шешімдері бойынша іс-шараларды орындау;
      2) технологиялық бұзылуларды тексеру актілері негізінде әзірленген іс-шараларды орындаудың уақтылылығы және толықтығы;
      3) жедел және диспетчерлік тәртіпті сақтау бойынша талаптарды орындау.
      5. Кәсіпорын, оның құрылымдық бөлімшелері жұмысының және оларды жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау.

Энергетикалық сараптама
жүргізу қағидаларына
5-қосымша      

Жылу энергиясын тұтынушыға энергетикалық сараптама жүргізу
жоспары

      1. Жылу желілерінің техникалық көрсеткіштерінің энергетикалық жабдықтарының жинағы мен құрамы бойынша жобалық (паспорттық) деректерге сәйкестігі.
      2. Энергетикалық жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалау (физикалық тозуы, жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген техникалық сипаттамаларға сәйкестігі), мынадай жабдықтар болған кезде:
      1) магистральдық және таратушы жылу желілері;
      2) қазандық және сорғы станцияларының жабдықтары;
      3) бак-аккумуляторлар.
      3. Объектілердің техникалық пайдалану дәрежесінің салалық нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі, мынадай жабдықтар болған кезде:
      1) жылу желілері (магистральдық және таратушы);
      2) бак-аккумуляторлар;
      3) су жылыту қазандықдары;
      4) күлді ұстап қалатын және күл жою жүйелері;
      5) газ шаруашылығы;
      6) мазут шаруашылығы;
      7) автоматика және өлшеу құрылғылары;
      8) өндірістік ғимараттар, құрылыстар;
      9) табиғат қорғау объектілері.
      4. Авариясыз жұмысты және қызмет көрсетудің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық шаралар болған және олар орындалған кезде, оның ішінде:
      1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның шешімдері бойынша іс-шараларды орындау;
      2) технологиялық бұзылуларды тексеру актілері негізінде әзірленген іс-шараларды орындаудың уақытылығы және толықтығы;
      5. Тұтынушы жұмысының және оларды жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау.