Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 наурызда № 10436 тіркелді

Қолданыстағы

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Сұлтанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      _______________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 10 ақпан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 29 қаңтар

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің     
2015 жылғы 30 қаңтардағы № 61
бұйрығымен бекітілген   

Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік
талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметтің түрі үшін

1.

Темекі өнімдерін өндірушінің өндіріс паспорты

Темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіріс паспорты

Өндірістік паспорты «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 7-бабы 2-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып толтырылады

2.

Өндіріс паспортында көрсетілген, өтініш берушіге меншік құқығында тиесілі темекі өнімдерін өндіру үшін қажетті ғимараттар мен үй-жайлар немесе өзге құқықтар

Өндірістік тіркелгені туралы тіркеу органының белгісі бар құқықтығын белгілейтін құжат.
_____________________
Аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі

Қызмет берушімен «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорының тіркелімі ақпараттық жүйесі арқылы дәлелденеді «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы

3.

Өндіріс паспортында көрсетілген өндірістің технологиялық схемасына сәйкес келетін темекі өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын технологиялық жабдық

Технологиялық жабдықтың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Көрсетілген жабдықтың болуын «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес лицензиар бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді

4.

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшеу бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары

Өлшеу құралдарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Өлшеу құралдарының болуын «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес лицензиар бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді

5.

Темекі өнімдерінің өндірісін технологиялық бақылау бойынша зертханалар

Зертхананың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Зертхананың болуын «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес лицензиар бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді

6.

Барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын корсете отырып, өндірілетін өнім тізбесі

Өндірілетін өнім тізбесі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


-

7.

«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін нормативтік техникалық құжаттар

Нормативтік техникалық құжаттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


-

Темекі өнімдерін өндіру     
жөніндегі қызметке қойылатын  
біліктілік талаптары мен оларға
сәйкестігін растайтын құжаттардың
тізбесіне қосымша       

нысан

Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік
талаптарына мәліметтер нысандары

      1. Темекі өнімдерін өндірушінің өндірістік паспортында көрсетілген өндірістің технологиялық схемасына сәйкес келетін темекі өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын технологиялық жабдық, мыналар:
      1) жабдықтың атауы ___________________________________________;
      2) түрі ______________________________________________________;
      3) маркасы ___________________________________________________;
      4) жабдықтың өнімділігі ______________________________________;
      5) саны ______________________________________________________;
      6) жабдықты сатып алуды растайтын құжаттың нөмірі мен күні
_____________________________________________________________________
(құжаттын белгілінген заңнама сақтау мерзімің өткен бойда толтырмайды)
      7) соңғы және кейінгі тексеру (калибрлеу) күні ________________ көрсетілсін.
      2. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары, мыналар:
      1) өлшеу құралының атауы _____________________________________;
      2) түрі ______________________________________________________;
      3) маркасы ___________________________________________________;
      4) саны ______________________________________________________;
      5) соңғы және кейінгі тексеру (калибрлеу) күні _______________ көрсетілсін.
      3. Темекі өнімдерінің өндірісін технологиялық бақылау бойынша зертханалар, болған кезде мыналар:
      1) аккредиттеу аттестатын (куәлігін) берген орган ____________;
      2) аттестаттың (куәліктің) қолданыс мерзімі __________________;
      3) аккредиттеу (аттестаттау) саласы __________________________;
      4) аккредиттеу аттестатының (куәлігінің) нөмірі және күні
      __________________________________________________ көрсетілсін;
      5) берген орны _______________________________________________.
      4. Барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнім тізбесі, мыналар:
      1) барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнімнің дәл және толық атауы ___________________;
      2) тауар белгісін тіркеу нөмірі және күні ____________________ көрсетілсін.
      5. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін нормативтік техникалық құжаттар, техникалық құжаттаманың болуы көрсетілсін:
      1) стандарттың нөмірі және күні ______________________________;
      2) техникалық регламенттің нөмірі және күні __________________;
      3) технологиялық нұсқаулық нөмірі және күні (болған кезде)
      ______________________________________________________________;
      4) басқа құжаттама (болған кезде) ____________________________.