Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 наурызда № 10381 тіркелді.

Жаңартылған

      Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.09.2020 № 191-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарға және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында осы бұйрықтың орналастырылуын;

      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрінің


міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

"КЕЛІСІЛДІ":


Қазақстан Республикасының


Мәдениет және спорт министрі


_____________ А. Мұхамедиұлы


2015 жылғы 3 ақпан


"КЕЛІСІЛДІ":


Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі


_______________ Е. Досаев


2015 жылғы 30 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 50 бұйрығымен
бекітілген

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Тізбеге өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 31.05.2021 № 376-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.09.2020 № 191-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Біліктілік талаптары

Қызметті жүзеге асыру үшін ұсынылатын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Стандарттау бойынша құжаттар:
стандарттың атауы
стандарттың нөмірі

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
(қосымшаға сәйкес)


2

*Өндірістік техникалық базаның (технологиялық жабдықтың, өлшеу және бақылау құралдарының, оның ішінде қолданыстағы ҚР СТ 989 - 2007 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар" талаптарына сәйкес дайындалған мемлекеттік рәміздердің сапасын және оларды дайындаудың технологиялық процесін сақтауды қамтамасыз ететін түстер атласының) болуы

Технологиялық жабдық, өлшем және бақылау құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)


3

Пайдаланылатын өлшем құралдарын және сынау жабдығын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың болуы

Сертификатты берген ұйымның атауы, сертификаттың атауы, нөмірі мен күні туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
(қосымшаға сәйкес)


4

Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 - 2007 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Жалпы техникалық шарттар" талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі қоса берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің басты модельінің болуы

Әрбір өндірілген үлгілік өлшемінің басты моделі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)


5

Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 - 2007 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы". Жалпы техникалық талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі қоса берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің өндірістік эталондық үлгісінің болуы

Әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің эталондық үлгісі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)


6

Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларына сәйкес шығарылатын өнімге СТ-KZ нысанындағы сертификаттың болуы
(Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10947 тіркелген)

Сертификатты берген ұйымның атауын, нөмірін және күнін көрсете отырып, СТ-KZ нысанының сертификаты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)


      * Егер өтініш берушінің өндірістік орны, техникалық жабдықтары болмаған жағдайда, онда жалдау шарты көрсетіледі

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы мен
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасын
дайындау жөніндегі
қызметті жүзеге асыру үшін
қойылатын біліктілік талаптар
мен олардың сәйкестігін
растайтын құжаттар тізбесіне
қосымша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      1. Стандарттау жөніндегі құжаттардың болуы:

      стандарттың атауы ___________________________________________

      стандарттың нөмірі_____________________________________________

      2. Өндірістік технологиялық база________________________________

      3. Технологиялық жабдықтың атауы_______________________________

      4. Өлшеу және бақылау құралдарының атауы түстер атласының болуы

      (атауы)____________________________________________________________ _

            (салыстырып тексеру/метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың

                  берілген күні, сертификатты берген органның атауы,

                        сертификаттың қолданылу мерзімі)

      5. Салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар,

      салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың нөмірі

      ________________________________________________

      салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың

      берілген күні ________________________________________________________

      сертификатты берген органның атауы __________________________________

      сертификаттың қолданыс мерзімі ______________________________________

      6. Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 – 2007 "Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік Елтаңбасы. Жалпы техникалық шарттар" талаптарына сәйкестігіне оң

      сынақ нәтижесін қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

      Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің басты модельінің

      болуы ____________________________________

      7. Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 – 2007 "Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік Елтаңбасы. Жалпы техникалық шарттар" талаптарына сәйкестігіне оң

      сынақ нәтижесін қолданумен Қазақстан Республиканың Мемлекеттік Елтаңбасының

      әрбір өндірілген өлшемінің өндірістік эталондық

      үлгісінің болуы ____________________________________

      8. ҚР СТ 989 – 2007 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Жалпы

      техникалық шарттар" және (немесе) ҚР СТ 988 – 2007 "Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар" талаптарына сәйкес дайындалатын

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік Елтаңбасы өніміне СТ-KZ нысанында тауардың шығарылуы туралы

      сертификаттың болуы _______________________________________________________