"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республи

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 376-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22901 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10381 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін жасау жөніндегі біліктілік талаптарында:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


р/с

Біліктілік талаптары

Қызметті жүзеге асыру үшін ұсынылатын құжаттар

Ескертпе

2

*Өндірістік техникалық базаның (технологиялық жабдықтың, өлшеу және бақылау құралдарының, оның ішінде қолданыстағы ҚР СТ 988 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар" талаптарына сәйкес дайындалған мемлекеттік рәміздердің сапасын және оларды дайындаудың технологиялық процесін сақтауды қамтамасыз ететін түстер атласының) болуы

Технологиялық жабдық, өлшем және бақылау құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Көрсетілген жабдықтың болуын лицензиар Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар" туралы заңның 2 тармағының 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу жолымен белгілейді.
Егер өтініш беруші өндірістік үй-жайдың, технологиялық жабдықтың иесі болмаса, онда жалдау шарты көрсетіледі.

      ";

      реттік нөмірлері 4 және 5-жолдар келесі редакцияда жазылсын:

      "

4

Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі қоса берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің басты модельінің болуы

Әрбір өндірілген үлгілік өлшемінің басты моделі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің басты модельінің болуы, Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар" туралы заңның 2 тармағының 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу жолымен белгілейді.

5

Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі қоса берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің өндірістік эталондық үлгісінің болуы

Әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің эталондық үлгісі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің өндірістік эталондық үлгісінің болуы, Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар" туралы заңның 2 тармағының 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу жолымен белгілейді.

      ";

      қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өндірістік техникалық базаның болуы_____ __________";

      6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      6. Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" талаптарына сәйкестігіне оң сынақ нәтижесін қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің басты модельінің болуы_______ ____________________________

      7. Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" талаптарына сәйкестігіне оң сынақ нәтижесін қолданумен Қазақстан Республиканың Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілген өлшемінің өндірістік эталондық үлгісінің болуы___________________________________________________

      8. ҚР СТ 989 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" және (немесе) ҚР СТ 988 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар" талаптарына сәйкес дайындалатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы өніміне СТ-KZ нысанында тауардың шығарылуы туралы сертификаттың болуы____________________".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі