Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10349 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.02.2017 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 42–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.02.2017 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.02.2017 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 102 бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9426 тіркелді, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (27808) "Казахстанская правда", 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (28410) "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланды).

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 42 бұйрығымен бекітілген

Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.01.2019 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Негізгі ережелер

      1. Осы Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) мемлекеттік органдарға жүктемені азайту және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің (бұдан әрі - Жыл сайынғы бағалау жүйесі) 42–тармағына сәйкес жүргізілетін бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратындағы (бұдан әрі - есептік ақпарат) деректерді қайта тексеру рәсімін оңтайландыру мақсатында әзірленді.

      2. Әдістеме тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес есептік ақпаратын қайта тексеру қажет Жыл сайынғы бағалау жүйесінің тізбесінде көзделген орталық мемлекеттік органдарды (бұдан әрі – ОМО) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын (бұдан әрі – ЖАО) айқындауға арналған.

      3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) айыппұл балдары (К1) – алдыңғы бағалау жылындағы бағыттар бойынша бағалау шеңберінде ақпаратты анық, толық және уақтылы ұсынбау фактілері бойынша шегерілген балдар;

      2) бағалаудағы тәуекелдерді басқару жүйесі – бағалау қызметінің неғұрлым басым бағыттары бойынша таңдау мен ресурстарды оңтайлы бөлу қағидаттары бойынша бағалау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ететін әкімшілендіру жүйесі;

      3) бағалау серпіні (К2) – алдыңғы екі бағалау кезеңі ішінде мемлекеттік органның бағыттар бойынша қорытынды бағаларының айырмашылығы.

      4) басым көрсеткіш (К3) – бағаланушы мемлекеттік органдардың есептік ақпараты негізінде бағаланатын, бағыт бойынша жиынтық мәні жоғары ОМО және ЖАО қызметінің тиімділігін бағалау өлшемшарттары;

      5) тәуекел көрсеткіші – мемлекеттік органға тәуекел деңгейін айқындау өлшемшарты бойынша рейтингтегі позицияға сәйкес берілетін балл.

      Әдістеме үшін алдыңғы бағаланатын кезеңдегі тиісті блоктар мен бағыттар бойынша бағалау нәтижелері туралы қорытындылар ақпарат көзі болып табылады.

      4. Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдар әр бағалау блогының бөлінісінде жеке айқындалады.

      5. "Мақсаттарға қол жеткізу" блогы бойынша есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау кезінде алдыңғы бағалау кезеңі үшін "Стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің мақсаттарына қол жеткізу" бағыты бойынша бағалау нәтижелері пайдаланылады.

      "Азаматтармен өзара іс-қимыл" блогы бойынша есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау кезінде алдыңғы бағалау кезеңі үшін "Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы" және "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" бағыттары бойынша бағалау нәтижелері пайдаланылады.

      "Ұйымдастырушылық даму" блогы бойынша есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау кезінде алдыңғы бағалау кезеңі үшін "Персоналды басқару" және "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыттары бойынша бағалау нәтижелері пайдаланылады.

      6. Көрсетілген бағалау бағыттары бойынша басым көрсеткіштер тізбесі (К3) осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.

      7. Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау алдыңғы бағалау кезеңінің қорытындылары бойынша жыл сайын жүзеге асырылады.

      8. Егер мемлекеттік орган есепті кезеңде Бағалау жүйесіне алғаш рет енгізілген болса, аталған мемлекеттік органға қатысты қайта тексеру жүзеге асырылмайды.

      9. Тәуекелдерді басқару жүйесі өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін мемлекеттік органдардың санынан ОМО мен ЖАО қызметінің тиімділігін бағалаудың әр блогы бойынша (бұдан әрі – бағалау) қайта тексерілетін мемлекеттік органдардың үлесін 50%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

2-тарау. Бағалау бағыттары бойынша тәуекел көрсеткіштерін айқындау

      10. Бағалау бағыты бойынша тәуекел көрсеткішін айқындау мақсатында мынадай есептеу формуласы қолданылады:



      мұнда:


– мемлекеттік органның бағыт бойынша жиынтық тәуекел көрсеткіші;

– "Айыппұл балдары" өлшемшарты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші;

– "Бағалау серпіні" өлшемшарты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші;

– "Басым көрсеткіш" өлшемшарты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші.

      11. Жүргізілген есептеулер нәтижелері Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес "ОМО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" және 3-қосымшаға сәйкес "ЖАО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" кестелерінің тиісті бағандарына енгізіледі.

3-тарау. "Айыппұл балдары" өлшемшарты бойынша рейтингті есептеу

      12. "Айыппұл балдары" өлшемшарты бойынша Әдістемеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес бағыт бойынша ең жоғары айыппұл балынан ең төмен айыппұл балына қарай ОМО мен ЖАО-ның рейтингі жүргізіледі.

      13. "Айыппұл балдары" өлшемшарты бойынша рейтинг жасау кезінде ОМО-ға өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдар санының жартысына тең ең жоғары мәннен бастап 0,5 балды қоса отырып, тәуекел көрсеткіштері беріледі.

      14. "Айыппұл балдары" өлшемшарты бойынша рейтинг жасау кезінде ЖАО-ға өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдар санының жартысына тең ең жоғары мәннен бастап 0,5 балды қоса отырып, тәуекел көрсеткіштері беріледі.

      15. Бағыт бойынша бірдей айыппұл балдарын алған мемлекеттік органдар болған жағдайда аталған мемлекеттік органдарға тең тәуекел көрсеткіштері беріледі. Тізімдегі келесі мемлекеттік орган өлшемшарт бойынша 0,5 балға төмен тәуекел көрсеткішін алады.

      16. Балдары берілген мемлекеттік органдардың атаулары Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес "ОМО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" және 3-қосымшаға сәйкес "ЖАО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" кестелерінің тиісті бағандарына енгізіледі.

4-тарау. "Бағалау серпіні" өлшемшарты бойынша рейтингті есептеу

      17. "Бағалау серпіні" өлшемшарты бойынша Әдістемеге 6 және 7-қосымшаларға сәйкес бағалау нәтижелерінің ең жоғары мәнінен төмен мәніне қарай ОМО мен ЖАО-ның рейтингі жүргізіледі.

      18. "Бағалау серпіні" өлшемшарты бойынша рейтинг жасау кезінде ОМО-ға өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдар санының жартысына тең ең жоғары мәннен бастап 0,5 балды қоса отырып, тәуекел көрсеткіштері беріледі.

      19. "Бағалау серпіні" өлшемшарты бойынша рейтинг жасау кезінде ЖАО-ға өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдар санының жартысына тең ең жоғары мәннен бастап 0,5 балды қоса отырып, тәуекел көрсеткіштері беріледі.

      20. Алдыңғы бағаланатын екі кезең үшін бағыт бойынша бағалауда айырмашылығы бірдей мемлекеттік органдар болған жағдайда Әдістеменің 15-тармағында көрсетілген тәсіл қолданылады.

      21. Балдары берілген мемлекеттік органдардың атаулары Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес "ОМО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" және 3-қосымшаға сәйкес "ЖАО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" кестелерінің тиісті бағандарына енгізіледі.

5-тарау. "Басым көрсеткіш" өлшемшарты бойынша рейтингті есептеу

      22. "Басым көрсеткіш" өлшемшарты бойынша Әдістемеге 8 және 9-қосымшаларға сәйкес басым көрсеткішті бағалау нәтижелерінің ең жоғары мәнінен төмен мәніне қарай ОМО мен ЖАО-ның рейтингі жүргізіледі.

      Бұл ретте, Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген бағалау бағыттары бойынша басым көрсеткіштер пайдаланылады.

      23. "Басым көрсеткіш" өлшемшарты бойынша рейтинг жасау кезінде ОМО-ға мынадай тәуекел көрсеткіштері:

      1) "Стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің мақсаттарына қол жеткізу" бағыты бойынша өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдар санының жартысына тең ең жоғары мәннен бастап 1 балды қоса отырып беріледі;

      2) "Азаматтармен өзара іс-қимыл" блогының бағыттары бойынша әр басым көрсеткіш негізінде өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдар санының жартысына тең ең жоғары мәннен бастап 0,5 балды қоса отырып, әрі қарай берілген тәуекел көрсеткіштерінің қосындысы беріледі;

      3) "Ұйымдастырушылық даму" блогының бағыты бойынша өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдар санына тең ең жоғары мәннен бастап 1 балды қоса отырып беріледі.

      24. "Басым көрсеткіш" өлшемшарты бойынша рейтинг жасау кезінде ЖАО-ға мынадай тәуекел көрсеткіштері:

      1) "Стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің мақсаттарына қол жеткізу" бағыты бойынша әр басым көрсеткіш негізінде өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдар санының жартысына тең ең жоғары мәннен бастап 0,5 балды қоса отырып, әрі қарай берілген тәуекел көрсеткіштерінің қосындысы беріледі;

      2) "Азаматтармен өзара іс-қимыл" блогының бағыттары бойынша әр басым көрсеткіш негізінде өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдар санының жартысына тең ең жоғары мәннен бастап 0,5 балды қоса отырып, әрі қарай берілген тәуекел көрсеткіштерінің қосындысы беріледі;

      3) "Ұйымдастырушылық даму" блогының бағыты бойынша өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдар санына тең ең жоғары мәннен бастап 1 балды қоса отырып беріледі.

      25. Бағалау өлшемшарты бойынша нәтижелері бірдей мемлекеттік органдар болған жағдайда Әдістеменің 15-тармағында көрсетілген тәсіл қолданылады.

      26. Балдары берілген мемлекеттік органдардың атаулары Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес "ОМО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" және 3-қосымшаға сәйкес "ЖАО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" кестелерінің тиісті бағандарына енгізіледі.

6-тарау. Қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындаумен қорытынды есептеу

      27. Блоктар бойынша тәуекел көрсеткіштерін қорытынды есептеу мынадай формулалар бойынша жүзеге асырылады:



      мұнда:

      A – "Мақсаттарға қол жеткізу" блогы бойынша мемлекеттік органның қорытынды тәуекел көрсеткіші;

      B – "Азаматтармен өзара іс-қимыл" блогы бойынша мемлекеттік органның қорытынды тәуекел көрсеткіші;

      C – "Ұйымдастырушылық даму" блогы бойынша мемлекеттік органның қорытынды тәуекел көрсеткіші;


– "Стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің мақсаттарына қол жеткізу" бағыты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші;

– "Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы" бағыты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші;

– "Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау сапасы" бағыты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші;

– "Персоналды басқару" бағыты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші;

– "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші.

      28. Блоктар мен бағыттар бөлінісінде ОМО мен ЖАО-ның қорытынды тәуекел көрсеткіштері Әдістемеге 10 және 11-қосымшаларға сәйкес "Блоктар бойынша ОМО-ның қорытынды тәуекел көрсеткіштерін есептеу" және "Блоктар бойынша ЖАО-ның қорытынды тәуекел көрсеткіштерін есептеу" кестелеріне енгізіледі.

      29. Тәуекелдер көрсеткіштерін қосу нәтижесінде әр блок бойынша ең көп балл жинаған ОМО мен ЖАО айқындалады.

      30. Егер мемлекеттік органдардың тәуекел көрсеткішінің мәні бірдей болған жағдайда қорытынды тізімге алдыңғы бағаланатын кезең үшін қызмет нәтижелері бойынша блоктағы ең төмен бағалау қорытындысына ие мемлекеттік орган енгізіледі.

      31. Егер мемлекеттік орган соңғы екі жыл қатарынан қайта тексерілген жағдайда бағаланатын кезеңде мұндай мемлекеттік орган қайта тексерілмейді.

      32. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда қайта тексеру құқықтық мирасқор мемлекеттік органға қатысты жүргізіледі.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      33. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша Әдістемеге 12, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша, әр бағалау блогы бойынша қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдардың тізбесі жасалады.

      34. Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау нәтижелері туралы қорытындыны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.

  Есептік ақпараты тәуекелдерді
басқару жүйесі негізінде қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау
әдістемесіне
1-қосымша

Бағалау бағыттары бойынша басым көрсеткіштер тізбесі

Блок Бағыттар Басым көрсеткіштер

1

Мақсаттарға қол жеткізу

Стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің мақсаттарына қол жеткізу

Стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу

Бюджеттік даму бағдарламасының орындалу тиімділігі (ЖАО үшін ғана қолданылады)

2

Азаматтармен өзара іс-қимыл

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдерінің сақталуы

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын қамтамасыз ету

Шағымдар мен өтініштерді қарау сапасы

Шағымдар мен өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталуы

Сот шешімі бойынша негізі бар деп танылған (сот қанағаттандырған) және жоғары тұрған орган қанағаттандырған шағымдар мен өтініштердің үлесі

3

Ұйымдастырушылық даму

Персоналды басқару

Мемлекеттік органның кадрлық әлеуеті

Ақпараттық технологияларды қолдану

Мемлекеттік органның функцияларын автоматтандыру кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелер

  Есептік ақпараты тәуекелдерді
басқару жүйесі негізінде қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау
әдістемесіне
2-қосымша

ОМО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері


ОМО-ның атауы

"Айыппұл балдары"

Тәуекел көрсеткіші

"Бағалау серпіні"

Тәуекел көрсеткіші

"Басым көрсеткіш"

Тәуекел көрсеткіші

1








2








3








4








5








6








7








8








9








10








11








12








13








14








15








  Есептік ақпараты тәуекелдерді
басқару жүйесі негізінде қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау
әдістемесіне
3-қосымша

ЖАО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері


ЖАО-ның атауы "Айыппұл балдары" Тәуекел көрсеткіші "Бағалау серпіні" Тәуекел көрсеткіші "Басым көрсеткіш" Тәуекел көрсеткіші








1








2








3








4








5








6








7








8








9








10








11








12








13








14








15








16








  Есептік ақпараты тәуекелдерді
басқару жүйесі негізінде қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау
әдістемесіне
4-қосымша

ОМО-ның "Айыппұл балдары" өлшемшарты бойынша рейтингі


ОМО-ның атауы К1
"Айыппұл балдары" Тәуекел көрсеткіші

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10




11




12




13




14




15




16




  Есептік ақпараты тәуекелдерді
басқару жүйесі негізінде қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау
әдістемесіне
5-қосымша

ЖАО-ның "Айыппұл балдары" өлшемшарты бойынша рейтингі


ЖАО-ның атауы

К1

"Айыппұл балдары"

Тәуекел көрсеткіші

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10




11




12




13




14




15




16




  Есептік ақпараты тәуекелдерді
басқару жүйесі негізінде қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау
әдістемесіне
6-қосымша

ОМО-ның "Бағалау серпіні" өлшемшарты бойынша рейтингі


ОМО-ның атауы К2
"Бағалау серпіні" Тәуекел көрсеткіші

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10




11




12




13




14




15




16




  Есептік ақпараты тәуекелдерді
басқару жүйесі негізінде қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау
әдістемесіне
7-қосымша

ЖАО-ның "Бағалау серпіні" өлшемшарты бойынша рейтингі


ЖАО-ның атауы К2
"Бағалау серпіні" Тәуекел көрсеткіші

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10




11




12




13




14




15




16




  Есептік ақпараты тәуекелдерді
басқару жүйесі негізінде қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау
әдістемесіне
8-қосымша

ОМО-ның "Басым көрсеткіш" өлшемшарты бойынша рейтингі


ОМО-ның атауы К3
"Басым көрсеткіш" Тәуекел көрсеткіші

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10




11




12




13




14




15




16




  Есептік ақпараты тәуекелдерді
басқару жүйесі негізінде қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау
әдістемесіне
9-қосымша

ЖАО-ның "Басым көрсеткіш" өлшемшарты бойынша рейтингі


ЖАО-ның атауы К3
"Басым көрсеткіш" Тәуекел көрсеткіші

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10




11




12




13




14




15




16




  Есептік ақпараты тәуекелдерді
басқару жүйесі негізінде қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау
әдістемесіне
  10-қосымша

ОМО-ның блоктар бойынша тәуекел көрсеткіштерін қорытынды есептеу


ОМО-ның атауы

Стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің мақсаттарына қол жеткізу

"Мақсаттарға қол жеткізу" блогы бойынша

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы

Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау сапасы

"Азаматтармен өзара іс-қимыл" блогы бойынша

Персоналды басқару

Ақпараттық технологияларды қолдану

"Ұйымдастырушылық даму" блогы

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11










12










13










14










15










16










  Есептік ақпараты тәуекелдерді
басқару жүйесі негізінде қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау
әдістемесіне
  11-қосымша

ЖАО-ның блоктар бойынша тәуекел көрсеткіштерін қорытынды есептеу


ЖАО-ның атауы

Стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің мақсаттарына қол жеткізу

"Мақсаттарға қол жеткізу" блогы бойынша

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы

Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау сапасы

"Азаматтармен өзара іс-қимыл" блогы бойынша

Персоналды басқару

Ақпараттық технологияларды қолдану

"Ұйымдастырушылық даму" блогы

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11










12










13










14










15










16










  Есептік ақпараты тәуекелдерді
басқару жүйесі негізінде қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау
әдістемесіне
12-қосымша
  Нысан

"Мақсаттарға қол жеткізу" блогы бойынша қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдардың тізбесі


Мемлекеттік органның атауы

Орталық мемлекеттік органдар

1


2


3


4


5


6


7


Жергілікті атқарушы органдар

1


2


3


4


5


6


7


  Есептік ақпараты тәуекелдерді
басқару жүйесі негізінде қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау
әдістемесіне
13-қосымша
  Нысан

"Азаматтармен өзара іс-қимыл" блогы бойынша қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдардың тізбесі


Мемлекеттік органның атауы

Орталық мемлекеттік органдар

1


2


3


4


5


6


7


Жергілікті атқарушы органдар

1


2


3


4


5


6


7


  Есептік ақпараты тәуекелдерді
басқару жүйесі негізінде қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау
әдістемесіне
14-қосымша
  Нысан

"Ұйымдастырушылық даму" блогы бойынша қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдардың тізбесі


Мемлекеттік органның атауы

Орталық мемлекеттік органдар

1


2


3


4


5


6


Жергілікті атқарушы органдар

1


2


3


4


5


6


7


8