Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10349 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 51-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 102 бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9426 тіркелді, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (27808) "Казахстанская правда", 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (28410) "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланды).

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е.Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 42 бұйрығымен бекітілген

Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау
әдістемесі
1. Негізгі ережелер мен ұғымдар

      1. Осы Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) мемлекеттік органдарға жүктемені азайту және "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (бұдан әрі - Жарлық) сәйкес жүргізілетін бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратындағы (бұдан әрі - Есептік ақпарат) деректерді қайта тексеру рәсімін оңтайландыру мақсатында әзірленген.

      2. Әдістеме тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес Есептік ақпаратын қайта тексеру қажет Жарлық тізбесінде көзделген орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі - ОМО) мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарын (бұдан әрі - ЖАО) айқындауға арналған.

      3. Тәуекелдерді басқару жүйесі қайта тексерілетін мемлекеттік органдардың үлесін 20 %-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша, Әдістемеге сәйкес қайта тексерілуге жататын үш ОМО мен үш ЖАО айқындалады.

      Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) айыппұл балдары (К1) - алдыңғы бағалау жылындағы ОМО мен ЖАО қызметінің тиімділігін бағалау шеңберінде дұрыс емес, толық және уақтылы емес ақпаратты беру фактілері бойынша шегерілген балдар;

      2) бағалаудағы тәуекелдерді басқару жүйесі - бағалау қызметінің неғұрлым басым бағыттары бойынша таңдау мен ресурстарды оңтайлы бөлу қағидаттары бойынша бағалау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ететін әкімшілендіру жүйесі;

      3) басым көрсеткіш (КЗ) - қайта тексеру үшін елеулі қызығушылық тудыратын ОМО мен ЖАО қызметінің тиімділігін бағалау критерийінің нәтижелері;

      4) мемлекеттік органның серпіні (К2) - алдыңғы екі бағалау кезеңі ішінде мемлекеттік органды бағалаудағы балдардың елеулі өсуі;

      5) тәуекел - ОМО мен ЖАО қызметінің тиімділігіне сапасыз бағалау жүргізу ықтималдығы;

      6) тәуекел аймағы - осы Әдістеме бойынша есептеулерге сәйкес жиынтығында ең жоғары көрсеткіштерді (балл) иеленген төрт ОМО мен бес ЖАО-дан тұратын топтың сипаттамасы;

      7) тәуекел деңгейін айқындау критерийлері (К1, К2, КЗ) - алдыңғы бағалау кезеңіндегі ОМО мен ЖАО қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерімен байланысты сапалық көрсеткіштер.

      4. Әдістеме үшін ақпарат көзі алдыңғы бағалау кезеңіндегі тиісті бағыттар бойынша ОМО мен ЖАО қызметінің тиімділігін бағалау (бұдан әрі - бағалау) нәтижелері туралы қорытындылар болып табылады.

      5. Қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау кезінде бағалаудың бес бағыты бойынша нәтижелер қолданылады:

      1) қадағаланатын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру;

      2) бюджет қаражатын басқару;

      3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

      4) персоналды басқару;

      5) ақпараттық технологияларды қолдану.

      6. Көрсетілген бағалау бағыттарының басым көрсеткіштерін (КЗ) осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      7. Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау алдыңғы бағалау кезеңінің қорытындылары бойынша жыл сайын жүргізіледі.

2. Тәуекел аймағына жататын мемлекеттік
органдарды айқындау

      8. Тәуекел аймағына жататын мемлекеттік органдарды айқындау мақсатында мынадай есептеу формуласы қолданылады:

      Хn = К1n+ К2n + КЗn,

       мұнда:

      Хn - тәуекел аймағына жататын мемлекеттік органның бағыт бойынша жиынтық көрсеткіші;

      К1n - "айыппұл балдары" критерийі бойынша мемлекеттік органның көрсеткіші;

      К2n - "мемлекеттік органның серпіні" критерийі бойынша мемлекеттік органның көрсеткіші;

      КЗn - "басым көрсеткіш" критерийі бойынша мемлекеттік органның көрсеткіші.

      9. Жүргізілген есептеулердің нәтижелері осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес "4 ОМО-дан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау" және 3-қосымшасына сәйкес "5 ЖАО-дан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау" кестелерінің тиісті бағандарына енгізіледі.

      10. Бағыт бойынша балдар сомалары бірдей болған жағдайда тәуекел аймағына бағыт бойынша бағалау нәтижелері ең төмен мемлекеттік орган енгізіледі.

3. "Айыппұл балдары" - К1 критерийі бойынша рейтинг жүргізу

      11. "Айыппұл балдары" критерийі бойынша осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес 4 ОМО-дан "айыппұл балдары" критерийі бойынша тәуекел аймағын айқындау және 5-қосымшасына сәйкес 5 ЖАО-дан "айыппұл балдары" критерийі бойынша тәуекел аймағын айқындау мақсатында неғұрлым жоғары айыппұл балынан неғұрлым төменгісіне қарай барлық ОМО мен ЖАО-ға рейтинг жүргізіледі.

      12. Осы критерий бойынша тәуекел аймағына жататын ОМО-ға 1 балл қадамымен 4-тен 1-ге дейін балл беріледі.

      13. Осы критерий бойынша тәуекел аймағына жататын ЖАО-ға 1 балл қадамымен 5-тен 1-ге дейін балл беріледі.

      14. Осы критерий бойынша бірдей көрсеткіш болған жағдайда мемлекеттік органдарға тең балл беріледі. Тізімдегі келесі мемлекеттік орган бағалау көрсеткішін 1 балға аз алады.

      Мысалы, егер осы критерий бойынша бірінші үш ОМО-да айыппұл балдары бірдей болса, олардың барлығына 4 балдан беріледі және олардан кейінгі осы критерий бойынша неғұрлым төмен көрсеткіші бар (төртінші) ОМО 3 балл алады.

      15. Осы критерий бойынша көрсеткіштер бірдей болған жағдайда тәуекел аймағына бағыт бойынша бағалау нәтижелері ең төмен мемлекеттік орган енгізіледі.

      16. Мемлекеттік органдардың атаулары берілген балдармен осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес "4 ОМО-дан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау" және 3-қосымшасына сәйкес "5 ЖАО-дан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау" кестелерінің тиісті бағандарына енгізіледі.

4. "Мемлекеттік органның серпіні" - К2 критерийі
бойынша рейтинг жүргізу

      17. "Мемлекеттік органның серпіні" критерийі бойынша осы Әдістеменің 6-қосымшасына сәйкес 4 ОМО-дан "мемлекеттік органның серпіні" критерийі бойынша тәуекел аймағын айқындау және 7-қосымшасына сәйкес 5 ЖАО-дан "мемлекеттік органның серпіні" критерийі бойынша тәуекел аймағын айқындау мақсатында неғұрлым жоғары балдардың арту қарқынынан неғұрлым төменгісіне қарай барлық ОМО мен ЖАО-ға рейтинг жүргізіледі.

      Бұл ретте, серпін алдыңғы екі жылдағы бағыттар бойынша бағаланатын мемлекеттік органның балдар айырмашылығын білдіреді.

      18. Осы критерий бойынша тәуекел аймағына жататын ОМО-ға 0,5 балл қадамымен 2-ден 0,5-ке дейін балл беріледі.

      19. Осы критерий бойынша тәуекел аймағына жататын ЖАО-ға 0,5 балл қадамымен 2,5-тен 0,5-ке дейін балл беріледі.

      20. Осы критерий бойынша бірдей көрсеткіш болған жағдайда осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тәсіл қолданылады.

      21. Осы критерий бойынша көрсеткіштер бірдей болған жағдайда тәуекел аймағына бағыт бойынша бағалау нәтижелері ең төмен мемлекеттік орган енгізіледі.

      22. Мемлекеттік органдардың атаулары берілген балдармен осы Әдістеменің 2-қосымшасына сэйкес "4 ОМО-дан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау" және 3-қосымшасына сәйкес "5 ЖАО-дан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау" кестелерінің тиісті бағандарына енгізіледі.

5. "Басым көрсеткіш" - КЗ критерийі бойынша
рейтинг жүргізу

      23. "Басым көрсеткіш" критерийі бойынша осы Әдістеменің 8 қосымшасына сәйкес 4 ОМО-дан "басым көрсеткіш" критерийі бойынша тәуекел аймағын айқындау және 9-қосымшасына сәйкес 5 ЖАО-дан "басым көрсеткіш" критерийі бойынша тәуекел аймағын айқындау мақсатында неғұрлым төмен балдан неғұрлым жоғарғысына қарай барлық ОМО мен ЖАО-ға рейтинг жүргізіледі.

      Бұл ретте осы Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген бағыттар бойынша басым көрсеткіштер қолданылады.

      24. Осы критерий бойынша тәуекел аймағына жататын ОМО-ға 1 балл қадамымен 4-тен 1-ге дейін балл беріледі.

      25. Осы критерий бойынша тәуекел аймағына жататын ЖАО-ға 1 балл қадамымен 5-тен 1-ге дейін балл беріледі.

      26. Осы критерий бойынша бірдей көрсеткіш болған жағдайда осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тәсіл қолданылады.

      27. Осы критерий бойынша көрсеткіштер бірдей болған жағдайда тәуекел аймағына бағыт бойынша бағалау нәтижелері ең төмен мемлекеттік орган енгізіледі.

      28. Мемлекеттік органдардың атаулары берілген балдармен осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес "4 ОМО-дан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау" және 3-қосымшасына сәйкес "5 ЖАО-дан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау" кестелерінің тиісті бағандарына енгізіледі.

6. Қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындаумен
жиынтық есептеу

      29. Бағалаудың барлық бағыттарын ескере отырып, мемлекеттік органның балдар қосындысын қорытынды есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Rn = Х1n+ Х2n + ХЗn+ Х4n+ Х5n,

       мұнда:

       Rn - бағалаудың барлық бағыттарын ескере отырып, мемлекеттік орган бойынша балдардың жиынтық сомасы;

      Х1n - "қадағаланатын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру" бағыты бойынша тәуекел аймағына жатқызылған мемлекеттік органның балы;

      Х2n - "бюджет қаражатын басқару" бағыты бойынша тәуекел аймағына жатқызылған мемлекеттік органның балы;

      ХЗn - "мемлекеттік қызметтер көрсету" бағыты бойынша тәуекел аймағына жатқызылған мемлекеттік органның балы;

      Х4n - "персоналды басқару" бағыты бойынша тәуекел аймағына жатқызылған мемлекеттік органның балы;

      Х5n - "ақпараттық технологияларды қолдану" бағыты бойынша тәуекел аймағына жатқызылған мемлекеттік органның балы.

      30. Бағыттар бойынша осы Әдістемеге 2 және 3-қосымшаларға сәйкес тәуекел аймағына жатқызылған 4 ОМО мен 5 ЖАО-ның балдары осы Әдістеменің 10-қосымшасына сәйкес "Бағалаудың барлық бағыттарын ескере отырып, жиынтық есептеу және ең жоғары балл алған 3 ОМО-ны айқындау" және 11-қосымшасына сәйкес "Бағалаудың барлық бағыттарын ескере отырып, жиынтық есептеу және ең жоғары балл алған 3 ЖАО-ны айқындау" кестелеріне енгізіледі.

      31. Алынған балдарды қосу нәтижесінде ең жоғары мән жинаған 3 ОМО мен 3 ЖАО айқындалады.

      32. Мемлекеттік органдар балдарының жиынтық сомасы бірдей болған жағдайда қорытынды тізімге барлық бағыттар бойынша жалпы бағалау нәтижелері ең төмен мемлекеттік орган қосылады.

7. Қорытынды ережелер

      33. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша осы Әдістемеге 12-қосымшаға сәйкес ресімделетін, қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдардың қорытынды тізімі қалыптастырылады.

      34. Қайта тексеруге жататын осы Әдістемені қолдану нәтижесінде айқындалған мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, қайта тексеру құқықтық мирасқор мемлекеттік орган ұсынған есептік деректер бойынша жүзеге асырылады.

      35. Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау нәтижелері туралы қорытындыны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 30 қаңтарға дейінгі мерзімде жыл сайын бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдайды.

  Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
1-қосымша

Бағалаудың бағыттары бойынша басым көрсеткіштер

Бағыт

Басым көрсеткіш

1

Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру

Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу

2

Бюджет қаражатын басқару

Бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізу

3

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету

4

Персоналды басқару

Адами ресурстарды пайдалану тиімділігі

5

Ақпараттық технологияларды қолдану

Мемлекеттік органның функцияларын (процестерін) автоматтандыру

  Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
2-қосымша

4 ОМО-дан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау

ОМО атауы

К1

ОМО атауы

К2

ОМО атауы

КЗ

"айыппұл балдары"

4-тен 1-ге дейінгі балдар (1 қадам)

"мемлекеттік органның серпіні"

2-ден 0,5-ке дейінгі балдар (0,5 қадам)

"басым көрсеткіш"

4-тен 1-ге дейінгі балда (1 қадам

2

3

4

6

7

8

10

11

12

1












2












3












4












  Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
3-қосымша

5 ЖАО-дан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау

ЖАО атауы

К1

ЖАО атауы

К2

ЖАО атауы

КЗ

"айыппұл балдары"

5-тен 1-ге дейінгі балдар (1 қадам)

"мемлекеттік органның серпіні"

2,5-тен 0,5-ке дейінгі балдар (0,5 қадам)

"басым көрсеткіш"

5-тен 1-ге дейінгі балдар (1 қадам

2

3

4

6

7

8

10

11

12

1












2












3












4












5












  Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
4-қосымша

"Айыппұл балдары" критерийі бойынша 4 ОМО тәуекел аймағын
айқындау

Орталық мемлекеттік органдардың атауы

К1

"айыппұл балдары"

4-тен 1-ге дейінгі балдар (1 қадам)


2


3


4

1










2










3










4










5







Балдар қойылмайды

6







7







8







9







10







11







12







  Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
5-қосымша

"Айыппұл балдары" критерийі бойынша 5 ЖАО тәуекел
аймағын айқындау

Жергілікті атқарушы органдардың атауы

К1

"айыппұл балдары"

5-тен 1-ге дейінгі балдар (1 қадам)


2


3

4

1










2










3










4










5










6







Балдар қойылмайды

7







8







9







10







11







12







13







14







15







16







  Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
6-қосымша

"Мемлекеттік органның серпіні" критерийі бойынша 4 ОМО тәуекел
аймағын айқындау

Орталық мемлекеттік органдардың атауы

К2

"мемлекеттік органның серпіні"

2-ден 0,5-ке дейінгі балдар (0,5 қадам)

2

3

4

1




2




3




4




5



Балдар қойылмайды

6



7



8



9



10



11



12



  Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
7-қосымша

"Мемлекеттік органның серпіні" критерийі бойынша
5 ЖАО тәуекел аймағын айқындау

Жергілікті атқарушы органдардың атауы

К2

"мемлекеттік органның серпіні"

2,5-тен 0,5-ке дейінгі балдар (0,5 қадам)


2

3

4

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10



Балдар қойылмайды

11



12



13



14



15



16



  Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
8-қосымша

"Басым көрсеткіш" критерийі бойынша 4 ОМО тәуекел аймағын
айқындау

Орталық мемлекеттік органдардың атауы

КЗ

"басым көрсеткіш"

4-тен 1-ге дейінгі балдар (1 қадам)

2

3

4

1




2




3




4




5



Балдар қойылмайды

6



7



8



9



10



11



12



  Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
9-қосымша

"Басым көрсеткіш" критерийі бойынша 5 ЖАО тәуекел
аймағын айқындау

Жергілікті атқарушы органдардың атауы

КЗ

"басым көрсеткіш"

5-тен 1-гедейінгі балдар (1 қадам)


2

3

4

1




2




3




4




5




6



Балдар қойылмайды

7



8



9



10



11



12



13



14



15



16



  Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
10-қосымша

Бағалаудың барлық бағыттарын ескере отырып, қорытынды есептеу
және ең жоғары балл алған 3 ОМО-ны айқындау

ОМО атауы

Х1n

Х2n

Х3n

Х4n

Х5n

Rn

Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру

Бюджет қаражатын басқару

Мемлекеттік қызметтер корсету

Персоналды басқару

Ақпараттық технологияларды қолдану

ОМО-ның барлық бағыттары бойынша балдардың қорытынды есебі


2

3

4

5

6

7

8

1








2








3








  Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
11-қосымша

Бағалаудың барлық бағыттарын ескере отырып, қорытынды есептеу
және ең жоғары балл алған 3 ЖАО-ны айқындау

ЖАО атауы

Х1n

Х2n

Х3n

Х4n

Х5n

Rn

Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру

Бюджет қаражатын басқару

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Персоналды басқару

Ақпараттық технологияларды қолдану

ЖАО-ның барлық бағыттары бойынша балдардың қорытынды есебі

2

3

4

5

6

7

8

1








2








3








  Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
12-қосымша

Қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдардың тізбесі

Мемлекеттік органдардың атауы

Орталық мемлекеттік орган

1


2


3


Жергілікті атқарушы орган

1


2


3