Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 ақпанда № 10322 тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.11.2021 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі бекітілсін.

      2. Салық және кеден саясаты департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
міндеттерін атқарушы
М. Құсайынов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 34 бұйрығымен
бекітілген

Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.11.2021 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 65-кодекс бабына сәйкес әзірленді.

      2. Жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжау "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кірістерді болжау кезінде елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (бұдан әрі – ӘЭДБ) макроэкономикалық көрсеткіштері номиналды мәнде пайдаланылады.

      Болжанатын кірістер түсімдерінің есептерінде салық есептілігінің көрсеткіштері (салықтардың есептелуі, түсімі, салықтар мен алымдар бойынша берешек, салық базасы туралы), мемлекеттік статистика деректері, мемлекеттік органдардың материалдары пайдаланылады.

      4. Жоспарлы кезеңге арналған бюджетке түсетін түсімдерді болжау кезінде Салық кодексіне және Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер ескеріледі.

      5. Мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжау оңтайлы болжамды көрсеткіштерді айқындау мақсатында бірнеше есептеу әдістерімен жүзеге асырылады.

      6. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің болжамдарын айқындау кезінде ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау негізге алынады.

      7. Жоспарлы кезеңге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің салықтық әлеуетін бағалауды айқындау кезінде ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеует негізге алынады.

      8. Түсімдер бағалауын (салықтық әлеуетті) есептеу әдістері салықтық түсімдерді болжау кезінде есептеудің негізі болып алынатын базаға байланысты әртүрлі болады.

2-тарау. Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді болжау

1-параграф. Салықтық түсімдер

      9. Болжау кезінде есептеулер негізіне іс жүзіндегі базамен байланысы бар немесе оның шамасын айқындайтын, салықтық база немесе макроэкономикалық көрсеткіштер қабылданатын, салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалаудың есебі мынадай әдістермен жүзеге асырылады:

      1) тиісті салықтық базаға салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы тікелей есеп мынадай формула бойынша:

      Pбағ. = NB * S, мұндағы:

      Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша кірістер түсімдерін бағалау;

      NB – салықтық база;

      S – Салық кодексінде белгіленген мөлшерлеме;

      2) макроэкономикалық көрсеткіштер мен тиімді мөлшерлемеге сүйене отырып, мына формула бойынша:

      Pбағ. = MP * Sесеп

      Sесеп = Pесеп/МРесеп * 100%, мұндағы:

      Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша кірістер түсімдерін бағалау;

      MP – ағымдағы қаржылық жылын бағалау бойынша макроэкономикалык көрсеткіштердің параметрлері;

      Sесеп – есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;

      Ресеп – есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

      MPесеп – есепті қаржылық жылдағы макроэкономикалық көрсеткіштердің параметрлері;

      3) есепті қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша, мына формула бойынша:

      Pбағ. = Pіс.ж(ағым.)/Uесеп

      Uесеп= Pф(есеп) /Pесеп*100, мұндағы:

      Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;

      Pф(ағ.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Uесеп – есепті қаржылық жылдағы ұқсас кезеңнің үлес салмағы, %;

      Pф(есеп) – есепті қаржылық жылдың ұқсас кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер;

      4) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша, мына формула бойынша:

      Pбағ. = Pф(ағ.) /Kф( ағ.) * 12, мұндағы:

      Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;

      Pф(ағ.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Kіс.ж (ағым.) – ағымдағы қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі айлардың саны;

      12 – бір жылдағы айлардың саны;

      5) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу арқылы, мына формула бойынша:

      Pбағ. = Pесеп * (100% + Iбағ), мұндағы:

      Pбағ – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер;

      Iбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша инфляция деңгейі, %.

      6) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің немесе үш жылдан аспайтын болса, кірістердің тиісті түрінің барлық түсу кезеңіндегі өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, мына формула бойынша:

      Pбағ.= Pесеп * Trорта, мұндағы:

      Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер;

      Trорт. – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %

      бұл ретте:

      Trорт. = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:

      Trесеп (1жыл) – бірінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп (2жыл) – екінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп (3жыл) – үшінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      7) экстраполяция арқылы, мына формула бойынша:

      Pбағ. = Pесеп + Sорт., мұндағы:

      Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер;

      Sорт. – үш жыл ішіндегі өсім сомасы,

      бұл ретте:

      Sорт. =((Sесеп(1 жыл) – Sесеп(өтк жыл))+ (Sесеп(2 жыл) – Sесеп(1жыл))+ (Sесеп(3жыл) – Sесеп(2жыл)))/3

      мұндағы

      Sесеп (өтк.жыл) – бірінші жылдың алдындағы жылдың түсімдер сомасы;

      Sесеп (1жыл) – екінші жылдың алдындағы бірінші жылдағы түсімдердің сомасы;

      Sесеп (2жыл) – үшінші жылдың алдындағы екінші жылдағы түсімдердің сомасы;

      Sесеп (3жыл) – ағымдағы қаржылық жылдың алдындағы үшінші жылдағы түсімдердің сомасы.

      10. Ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалауды айқындау кезінде іс жүзіндегі түсімдерден жүйесіз сипатқа ие және өндірістік қызметтен тәуелсіз біржолғы түсімдер, атап айтқанда, уақытша факторлар есебінен алынған ірі мөлшердегі жылдық қайта есептеулер (бағаның құбылмалылығы, құрылымдық өзгерістер), салықтық тексерулер актілері бойынша үстеме есептелген сомалар алынып тасталады.

      11. Есептеулерде уәкілетті органдардың деректері ескеріледі.

2-параграф. Корпоративтік табыс салығы

      12. Бюджет кодексінің 49-бабына сәйкес мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп, бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін корпоративтік табыс салығы бойынша болжам (бұдан әрі – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС) ӘЭДБ-ның мұнай емес сектордың, ӘЭДБ-ның мұнай екінші және үшінші сектордың жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) көлемі, салықтың тиімді мөлшерлемесі негізінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      KРNб = KРNб1 + KРNб2, мұндағы:

      KРNб – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС жалпы болжамды сомасы;

      KРNб1 = (Vжққ(б.) * Sесеп) + NA, мұндағы:

      KРNб1 – мұнай емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС болжамды сомасы;

      Vжққ(п.) – мұнай емес сектордың ЖҚҚ болжамды көлемі;

      Sесеп – есепті қаржылық жылдағы мұнай емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС тиімді мөлшерлемесі, %;

      NA – салықтық және кедендік әкімшілендіру (номиналды мәнде мұнай емес сектордың ЖҚҚ-ға 0,3%);

      бұл ретте:

      Sесеп = KРNесеп/Vжққ(есеп) * 100, мұндағы:

      KРNесеп – есепті қаржылық жылдағы мұнай емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС іс жүзіндегі түсімдері;

      Vжққ(есеп) – есепті қаржылық жылдағы мұнай емес сектордың ЖҚҚ көлемі.

      2) KРNб2 = ((Vжққ(б.м2) + Vжққ(б.м3) )* Sесеп) + NA, мұндағы:

      KРNб2 – екінші және үшінші мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС болжамды сомасы;

      Vжққ(п.м2) – мұнайлы екінші сектордың ЖҚҚ болжамды көлемі;

      Vжққ(п.м3) – мұнайлы үшінші сектордың ЖҚҚ болжамды көлемі;

      Sесеп – есепті қаржылық жылдағы екінші және үшінші мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС тиімді мөлшерлемесі, %;

      NA – салықтық және кедендік әкімшілендіру (ӘЭДБ-ның номиналды мәнде мұнайлы екінші және үшінші сектордың ЖҚҚ 0,3%);

      бұл ретте:

      Sесеп = KРNесеп/(Vжққ(есеп.м2) + Vжққ(есеп.м3)) * 100, мұндағы:

      KРNесеп – есепті қаржылық жылдағы екінші және үшінші мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС іс жүзіндегі түсімдері;

      Vжққ(есеп.м2) – есепті қаржылық жылдағы ӘЭДБ-ның мұнайлы екінші сектордың ЖҚҚ көлемі;

      Vжққ(есеп.м3) – есепті қаржылық жылдағы ӘЭДБ-ның мұнайлы үшінші сектордың ЖҚҚ көлемі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.03.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде салықтың іс жүзіндегі түсімдерінен жүйелі емес сипаттағы және өндірістік қызметтен тәуелсіз біржолғы төлемдер, атап айтқанда, уақытша факторлар (бағалардың құбылмалылығы, құрылымдық өзгерістер) есебінен алынған жылдық қайта есептеулердің ірі өлшемдері және салықтық тексеру актілері бойынша қосымша есептелген сомалар алынып тасталады.

      14. Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС бағалау мынадай әдістер бойынша:

      1) макроэкономикалық көрсеткіштер мен тиімді мөлшерлемені пайдалану арқылы;

      2) есепті қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша есептеледі.

3-параграф. Қосылған құн салығы

      15. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша болжам ӘЭДБ-ға сәйкес болжамды жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) және тиімді мөлшерлеме негізінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      NDSішкі(б) = (Vжіө(б) * S) – X(б) + NA, мұндағы:

      NDSішкі(б) – ҚҚС болжамды сомасы;

      Vжіө(б) – ЖІӨ болжамды көлемі;

      S – 2,4 % мөлшеріндегі ҚҚС тиімді мөлшерлемесі;

      X(б) – ҚҚС болжамды қайтару сомасы (орта есеппен үш жылда немесе уәкілетті органның деректері);

      NA – салықтық және кедендік әкімшілендіру (номиналды мәнде ЖІӨ 0,2%).

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.03.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС бойынша болжам ӘЭДБ-на сәйкес болжанатын импорт көлемінің, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының және тиімді мөлшерлемесінің негізінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      NDSим(б) = (Vим(б) * S(есеп) ) + NA, мұндағы:

      NDSим(б) – импортталатын тауарларға ҚҚС болжамды сомасы;

      Vим(б) – импорттың болжамды көлемі, теңге;

      S(есеп) – есепті қаржылық жыл ішіндегі тиімді мөлшерлеме, %;

      NA – салықтық әкімшілендіру (импорт көлеміне 0,2%),

      бұл ретте:

      S(есеп)= NDSим(есеп) /Vим(есеп) * 100, мұндағы:

      NDSим(есеп) – есепті қаржылық жыл ішіндегі импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС іс жүзіндегі түсімдері;

      Vим(есеп) – есепті қаржылық жыл бойынша импорттың көлемі, теңге.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.03.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Салық бойынша тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде салықтың іс жүзіндегі түсімдерінен жүйелі емес сипаттағы (тексеру нәтижелері бойынша қосымша есептеулер, қате есептелген сомалар) біржолғы төлемдер алынып тасталады.

      18. ҚҚС бағалауы мынадай әдістер бойынша:

      1) макроэкономикалық көрсеткіштер мен тиімді мөлшерлемені пайдалану арқылы;

      2) есепті қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша есептеледі.

4-параграф. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын акциздер

      19. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер түсімдері болжамының есебі ӘЭДБ-ға сәйкес импорттың болжамды көлемінің негізінде акцизделетін өнім түрлері бойынша бөлек айқындалады және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Аб = Абағ. * Vим(б), мұндағы:

      Ап – акциздің болжамды сомасы;

      Абағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша акциз түсімдерін бағалау;

      Vим(б) – импорт көлемінің болжамды өсу қарқыны, %.

      20. Акциздерді бағалау мынадай әдістер бойынша:

      1) макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану арқылы;

      2) есепті қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша есептеледі.

      21. Есептеулерде Салық кодексіне сәйкес акциздер мөлшерлемелерінің өзгерістері ескеріледі.

5-параграф. Мұнай секторы ұйымдарының түсімдерін қоспағандағы бонустар

      22. Мұнай секторы ұйымдарын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылардан бонустар түсімдерінің болжамы соңғы үш жылғы түсімдер серпіні негізінде анықталады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.03.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-параграф. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

      23. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (бұдан әрі – ПҚӨС) түсімдері болжамының есебі ӘЭДБ-ға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібінің және ашық кеніштерді өңдеудің болжамды ЖҚҚ негізінде айқындалады және мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      NDPIб = NDPIбағ.* Тгорн(п) /100, мұндағы:

      NDPIб – ПҚӨС болжамды сомасы;

      NDPIбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша ПҚӨС түсімдерін бағалау;

      Ттау-кен(б) – тау-кен өнеркәсібінің және ашық кеніштерді өңдеудің ЖҚҚ болжамды өсу қарқыны, %.

      24. ПҚӨС бағалау мынадай әдістерімен:

      1) макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану арқылы;

      2) есепті қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша;

      3) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша есептеледі.

7-параграф. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, экспортқа салынатын рента салығы

      25. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, экспортқа салынатын рента салығы болжамының есебі ӘЭДБ-ға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібінің және ашық кеніштерді өңдеудің болжамды ЖҚҚ негізінде айқындалады және мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      RNб = RNбағ. * Ттау-кен(б) /100, мұндағы:

      RNб – рента салығының болжамды сомасы;

      RNбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салық түсімдерін бағалау;

      Ттау-кен(б) – тау-кен өнеркәсібінің және ашық кеніштерді өңдеудің ЖҚҚ болжамды өсу қарқыны, %.

      26. Экспортқа салынатын рента салығын бағалаумынадай әдістермен есептеледі:

      1) макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану арқылы;

      2) есепті қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша;

      3) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша.

8-параграф. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер

      Ескерту. 8-параграф алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.03.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9-параграф .Республикалық бюджетке есептелетін басқа да төлемдер

      29. Бюджет кодексінің 49-бабына сәйкес республикалық бюджетке есептелетін басқа да төлемдерге мыналар жатады:

      қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы;

      радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      цифрлық майнинг үшін төлемақы;

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;

      телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат берілгені үшін алым;

      банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын, келісім бергені үшін алым;

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттарды бергені үшін алым;

      дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;

      теле-, радиоарнаны, мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны үшін алым;

      ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым;

      көмірсутектер саласындағы жекелеген кіші қызмет түрлерімен айналысу құқығына байланысты лицензия берілгені үшін лицензиялық алым;

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжаттың берілгені үшін алым;

      мемлекеттік баж;

      ойын бизнесі салығы.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.03.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы түсімдерін болжау уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған, болжамды мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.

      31. Басқа төлемдер бойынша болжамды есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      SPб =SPбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      SPб – төлемнің болжамды сомасы;

      SPбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша төлемдер түсімдерін бағалау

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %.

      32. Республикалық бюджет есебіне жатқызылатын басқа да төлемдер бойынша бағалау мынадай әдістермен:

      1) есепті қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша;

      2) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша;

      3) экстраполяция әдісімен есептеледі.

10-параграф. Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар

      33. Әкелінетін тауарларға кедендік баж түсімдері болжамының есебі ӘЭДБ-ға сәйкес болжанатын импорт көлемінің, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының негізінде анықталады және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      TPим(б) = TPим(бағ.) * Vим(б), мұндағы:

      TPим(п) – әкелінетін тауарларға салынатын кедендік баждардың болжамды сомасы;

      TPим(бағ.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша әкелінетін тауарларға салынатын кедендік баж түсімдерін бағалау;

      Vим(п) – импорт көлемінің болжамды өсу қарқыны, %.

      34. Әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баж түсімдері болжамының есебі ӘЭДБ-ға сәйкес болжанатын экспорт көлемінің, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының негізінде анықталады, мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      TPэк(б) = TPэк(бағ) * Vэк(б), мұндағы:

      TPэк(п) – әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баждың болжамды сомасы;

      TPэк(бағ.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баж түсімдерін бағалау;

      Vэк(б) – экспорт көлемінің болжамды өсу қарқыны, %.

      35. Әкелінетін және әкетілетін тауарларға кедендік баждар бойынша бағалау мынадай әдістермен:

      1) макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану арқылы;

      2) есепті қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша есептеледі.

      36. Шикі мұнайға әкетілетін кедендік баж (бұдан әрі – мұнайға ЭКБ) болжамының есебі ӘЭДБ-ға сәйкес болжанатын мұнайға әлемдік бағаның, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының және "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген) сәйкес мөлшерлеме негізінде анықталады және мынадай формула бойынша есептеледі:

      ТРмұн.(б) = Vмұн(б) * S * К(б), мұндағы:

      ТРмұ.н(б) – мұнайға ЭКБ болжамды сомасы;

      Vмұн.(б) – баж салынатын мұнай экспортының болжамды көлемі (уәкілеттті органның деректері бойынша);

      S – мөлшерлеме, 1 тон/долл;

      К(б) – АҚШ долларына қатысты теңгенің болжамды бағамы.

      37. Мұнайға ЭКБ бойынша бағалау мынадай әдістермен:

      1) макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану арқылы;

      2) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша есептеледі.

      38. Кедендiк бақылауды және кедендiк рәсiмдердi жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер болжамының есебі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      TK(б) = TK(бағ) * SV(б) /100, мұндағы:

      TK(б) – кедендiк бақылауды және кедендiк рәсiмдердi жүзеге асырудан түсетiн түсiмдердің болжамды сомасы;

      TK(бағ.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша кедендiк бақылауды және кедендiк рәсiмдердi жүзеге асырудан түсетiн түсiмдерді бағалау;

      SV(б) – импорт және экспорт көлемінің болжамды өсу қарқыны, %.

      39. Кедендiк бақылауды және кедендiк рәсiмдердi жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер бойынша бағалау мынадай әдістермен:

      1) макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану арқылы;

      2) есепті қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша есептеледі.

11-параграф. Салықтық емес түсімдер

      40. Салықтық емес түсімдер салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша серпінін талдау, болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылда күтілетін түсімін бағалауды негізге ала отырып болжанады және уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған болжамды деректер пайдаланылады.

      41. "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемнен түсетін түсімдер бойынша болжам Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Үкіметтері арасында жасалған шартқа сәйкес сомаларда және теңгенің АҚШ долларына қатысты болжамды бағамы есепке алына отырып белгіленеді.

      42. Республикалық бюджетке түсетін, республикалық бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі салықтық емес түсімдерді болжау жүзеге асырылмайды.

12-параграф. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

      43. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді (жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер) болжау мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган ұсынған болжамды көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылады.

13-параграф. Трансферттердің түсімдері

      44. Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен түсетін трансферттер (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін бюджеттік алып қоюлар) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде есептеледі.

      45. Бюджет кодексінің 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттердің мөлшері абсолютті бекітілген мөлшерде айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен белгіленеді.

3-тарау. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау

1-параграф. Салықтық түсімдер

      46. Салықтық түсімдерді болжау мынадай әдістермен жүзеге асырылады:

      1) тиісті салықтық базаға салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы тікелей есеп мынадай формула бойынша:

      P = NB * S, мұндағы:

      P – кірістер түсімдерін болжау немесе бағалау;

      NB – салық базасы;

      S – Салық кодексінде белгіленген мөлшерлеме;

      2) макроэкономикалық көрсеткіштер мен тиімді мөлшерлемені негізге ала отырып, мынадай формула бойынша:

      P = MP * Sесеп

      Sесеп = Pесеп/MPесеп * 100%, мұндағы:

      P – кірістер түсімдерін болжау немесе бағалау;

      MP – макроэкономикалық көрсеткіштер параметрлері;

      Sесеп – есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

      MPесеп – есепті қаржылық жылдағы макроэкономикалық көрсеткіштердің параметрлері;

      3) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, мынадай формула бойынша:

      P = Pесеп * (100% + I), мұндағы:

      P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы (болжау үшін);

      I – инфляция деңгейі,%.

      4) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің немесе үш жылдан аспайтын болса, кірістердің тиісті түрінің барлық түсу кезеңіндегі өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, мынадай формула бойынша:

      P = Pесеп * Trорт., мұндағы:

      P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы (болжау үшін);

      Trорт. – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %,

      бұл ретте:

      Trорт. = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:

      Trесеп(1жыл) – бірінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп(2жыл) – екінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп(3жыл) – үшінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      5) экстраполяция жолымен, мынадай формула бойынша:

      P = Pесеп + Sорт., мұнда:

      P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы (болжау үшін);

      Sорт. – үш жыл ішіндегі орташа өсім сомасы,

      бұл ретте:

      Sорт.=((Sесеп(1жыл) – Sесеп(өтк.жыл))+(Sесеп(2жыл) –Sесеп(1жыл))+(Sесеп(3жыл) – Sесеп(2 жыл)))/3, мұнда:

      Sесеп(өтк.жыл) – бірінші жылдың алдындағы жылдың түсімдер сомасы;

      Sесеп(1жыл) – екінші жылдың алдындағы бірінші жылдың түсімдер сомасы;

      Sесеп(2жыл) – үшінші жылдың алдыңдағы екінші жылдың түсімдер сомасы;

      Sесеп(3жыл) – ағымдағы қаржылық жылдың алдыңдағы үшінші жылдың түсімдер сомасы.

      6) есептік қаржылық жылдағы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағына сүйене отырып, мынадай формула бойынша:

      Pбағ. = Pф(ағым.)/Uесеп

      Uесеп = Pф(есеп) /Pесеп * 100, мұндағы:

      P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;

      Pіс.ж(ағым.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Uесеп – есепті қаржылық жылдағы ұқсас кезеңнің үлес салмағы, %;

      Pіс.ж(есеп) – есепті қаржылық жылдың ұқсас кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Pесеп – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер;

      7) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша, мынадай формула бойынша:

      Pбағ. = Pіс.ж(ағым.) /Kіс.ж(ағым.) * 12, мұндағы:

      Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;

      Pіс.ж(ағым.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Kіс.ж(ағым.) – ағымдағы қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі айлар саны;

      12 – жылдағы айлар саны.

      47. Ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалауды және салықтың тиімді мөлшерлемесін айқындау кезінде іс жүзіндегі түсімдерден жүйелік емес сипаттағы және өндірістік қызметке байланысты емес біржолғы төлемдер, атап айтқанда, уақытша факторлар (бағалардың құбылмалылығы, құрылымдық өзгерістер) есебінен алынған жылдық қайта есептеулердің ірі мөлшерлері, салықтық тексеру актілері бойынша қосымша есептелген сомалар алып тасталады.

      48. Есептеулерде уәкілетті органдардың деректері ескеріледі.

2-параграф. Салықтық емес түсімдер

      49. Салықтық емес түсімдер салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша серпінін талдау, болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылда күтілетін түсімін бағалауды негізге ала отырып болжанады және уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған болжамды деректер пайдаланылады.

      50. Жергілікті бюджеттерге республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі салықтық емес түсімдерді болжау жүзеге асырылмайды.

3-параграф. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

      51. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жерді және материалдық емес активтерді, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді болжау уәкілетті органның деректері бойынша немесе болжанатын жылы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылдың күтілетін түсімінің бағалауы негізге алына отырып жүзеге асырылады.

4-параграф. Трансферттердің түсімдері

      52. Республикалық бюджеттен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне трансферттер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде есептеледі.

4-тарау. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне түсетін түсімдерді болжау

      53. Үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің көлемін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есептейді.

      54. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу үшін кірістер тұтастай алғанда үш санат бойынша: салық түсімдері, салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер соңғы үш жылдағы өсу үрдісін сақтай отырып, айқындалады және қолданылады.

      55. Есептеулерде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған жүйесіз сипаттағы (біржолғы) түсімдер ескеріледі.

      56. Жергілікті атқарушы органдар алдағы үш жылдық кезеңге арналған, трансферттерді қоспағанда, өздерінің кірістерінің болжамдарын ұсынады.

      57. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган трансферттерді қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардың кірістерін қарастырады. Қажет болған жағдайда, кірістер бойынша негіздемелерді ескере отырып, есептеулерге түзетулер енгізіледі және кірістердің соңғы болжамы анықталады.

1-параграф. Салықтық түсімдер

      58. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері кірістерінің көлемдерін айқындау кезінде жалпы сипаттағы трансферттерді белгілеу үшін ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетін бағалауды есептеудің мынадай әдістері пайдаланылады:

      1) есепті қаржылық жылдағы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы мынадай формула бойынша:

      Pбағ. = Ріс.ж/Uесеп, мұндағы:

      Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті;

      Ріс.ж – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Uесеп – есепті қаржылық жылдағы ұқсас кезеңнің үлес салмағы, %;

      2) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсім бойынша, мынадай формула бойынша:

      Pбағ. = Ріс.ж/Kб(есеп) * 12, мұндағы:

      Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті;

      Ріс.ж – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Kб(есеп) – ағымдағы қаржылық жылдың белгілі бір кезеніңдегі айлар саны;

      12 – жылдағы айлар саны;

      3) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, мынадай формула бойынша:

      Pбағ. = Pесеп. * (100% + Iб), немесе Pбағ. = (Pесеп * (100% + Iб))/12 * Кб + Nб(есеп), мұндағы:

      Pбағ – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті;

      Pесеп – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер;

      Іб – ағымдағы қаржылық жыл бойынша инфляция деңгейі,%.

      12 – жылдағы айлар саны;

      Кб – ағымдағы қаржылық жыл бойынша болжанатын кезең (айлар саны)

      Nб(есеп) – ағымдағы қаржылық жылдың белгілі бір кезеңі үшін салықтың іс жүзіндегі түсімі;

      4) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің немесе егер үш жылдан аспайтын болса, кірістердің тиісті түрінің барлық түсу кезеңіндегі өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, мынадай формула бойынша:

      Pбағ = Pесеп * Trорт, мұндағы:

      Pбағ – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті;

      Pесеп – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер;

      Trорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %,

      бұл ретте:

      Trорт = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:

      Trесеп(1жыл) – бірінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп(2жыл) – екінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп(3жыл) – үшінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      5) экстраполяция арқылы мынадай формула бойынша:

      Pбағ = Pесеп + Sорт, мұндағы:

      Pбағ – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;

      Pесеп – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер;

      Sорт – үш жыл ішіндегі орташа өсім сомасы,

      бұл ретте:

      Sорт =((Sесеп(1жыл) - Sесеп(өтк.жыл))+ (Sесеп(2жыл) - Sесеп(1жыл))+ (Sесеп(3жыл) - Sесеп(2жыл)))/3, мұндағы:

      Sесеп(өтк.жыл) – бірінші жылдың алдыңдағы жылғы түсімдер сомасы;

      Sесеп(1жыл) – екінші жылдың алдыңдағы бірінші жылғы түсімдер сомасы;

      Sесеп(2жыл) – үшінші жылдың алдыңдағы екінші жылғы түсімдер сомасы;

      Sесеп(3жыл) – ағымдағы қаржылық жылдың алдыңдағы үшінші жылғы түсімдер сомасы.

      59. Есептеулерде бірнеше әдістерді пайдаланған кезде, болжамдауда неғұрлым көп кірістердің түсуін қамтамасыз ететін әдіс ескеріледі.

2-параграф. Жеке табыс салығы

      60. Номиналды мәндегі жалақы төлем көзінен салық салынатын табыстардан түсетін жеке табыс салығын есептеуге арналған салық базасы болып табылады.

      Болжамды жалақы қоры әрбір өңір бойынша жалақы қорының есепті (статистикалық) деректеріне алдыңғы жылдардағы жалақы қорының кемінде үш жыл үшін орташа өсу қарқынын қолдану арқылы шаруашылық субъектілері мен бюджеттік мекемелер бойынша жеке айқындалады.

      61. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетін бағалауда жоспарлы кезеңге салық төлеушінің тіркеу орнының өзгеруіне (қайта орналастыруға) байланысты өңірдегі жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетінің өзгеруі, жекелеген кәсіпорындардағы қызметкерлер санының өзгеруі (жобаның аяқталуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуы) ескеріледі. Жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруін есептеу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мәліметтері негізінде нақты салық төлеушілер бойынша жеке жүргізіледі.

      62. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжам келесі әдістермен айқындалады:

      1) жалақы қорының болжамды көлеміне салықтың тиімді мөлшерлемесін қолдану арқылы мынадай формула бойынша:

      IPN(салық.салын)б = (Dfzp * Sесеп) ± Iipn

      Sесеп = IPN(салық.салын)есеп /Dесеп * 100, мұндағы:

      IPN(салық.салын)б – жоспарлы жылға жеке табыс салығы бойынша болжам;

      Dfzp – жоспарлы жылға арналған жалақы қорының болжамды көлемі;

      Sесеп – есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;

      Iipn – салық және алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдердің түзетуші сомасы;

      IPN(салық.салын)есеп – есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

      Dесеп – есепті қаржылық жыл үшін жалақы қоры;

      2) салық салынатын жалақы қорының болжамды көлеміне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен (жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін) мынадай формула бойынша:

      IPN(салық.салын)б = (Ofzp * Fipn), мұндағы:

      IPN(салық.салын)б – жоспарлы жылға арналған жеке табыс салығы бойынша болжамы;

      Ofzp – болжамды салық салынатын жалақы қорының мөлшері;

      Fipn – Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығының мөлшерлемесі, %.

      63. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжамы мынадай формулабойынша айқындалады:

      IPN(салық.салынб)б= IPN(ноб)оц * (100% + Iп), мұндағы:

      IPN(салық.салынб)б– жоспарлы жылға төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша болжам;

      IPN(салық.салынб)оц – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі,%.

3-параграф. Корпоративтік табыс салығы

      64. Бюджет кодексінің 50-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы бойынша болжам ӘЭДБ-ның мұнай емес секторының ЖҚҚ көлемі негізінде мынадай формулабойынша есептеледі:

      KPNп = KPNбағ. * T(ққс)/100, мұндағы:

      KPNп – корпоративтік табыс салығы бойынша болжам;

      KPNбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      T(жққ) – мұнай емес сектордың ЖҚҚ өсу қарқынының болжамы,%.

4-параграф. Әлеуметтік салық

      65. Әлеуметтік салықты есептеу үшін салық базасы ретінде номиналды мәндегі жалақы болып табылады.

      Болжамды жалақы қоры, жалақы қорының есепті (статистикалық) деректеріне әрбір өңір бойынша алдыңғы жылдардағы жалақы қорының кемінде үш жыл үшін орташа өсу қарқынын қолдану жолымен, шаруашылық субъектілер және бюджеттік мекемелер бойынша жеке айқындалады.

      66. Жоспарлы кезеңге арналған әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуетті бағалауда, салық төлеушіні тіркеу орнының өзгеруіне (көшіру) байланысты өңірдегі салық бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруі, жекелеген кәсіпорындардағы қызметкерлер санының өзгеруі (жобаның аяқталуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуы) ескеріледі. Әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруін есептеу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мәліметтері негізінде нақты салық төлеушілер бойынша жеке жүргізіледі.

      67. Жоспарлы жылға арналған әлеуметтік салық бойынша болжам келесі әдістермен есептеледі:

      1) жалақы қорының болжамды көлеміне салықтың тиімді мөлшерлемесін қолдану арқылы мынадай формулабойынша:

      SNп = (Dfzp * Sесеп) ± Isn

      Sесеп= SNесеп /Dесеп * 100, мұндағы:

      SNп – жоспарлы жылға арналған әлеуметтік салық бойынша болжам;

      Dfzp – жоспарлы жылға арналған жалақы қорының болжамды көлемі;

      Sесеп – есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;

      Isn – салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдерді түзету сомасы;

      SNесеп – есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

      Dесеп – есепті қаржылық жыл үшін жалақы қоры.

      2) салық салынатын жалақы қорының болжамды көлеміне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен (жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін) мынадай формулабойынша:

      SNп = (Ofzp * Fsn) ± Isn , мұндағы:

      SNп – жоспарлы жылға арналған әлеуметтік салық бойынша болжам;

      Ofzp – болжамды салық салынатын жалақы қорының мөлшері;

      Fsn – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды алып тастағандағы Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салық мөлшерлемесі, %;

      Isn – салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдерді түзету сомасы.

5-параграф. Мүлік салығы

      68. Мүлік салығы түсімдерінің болжамды көлемін есептеу заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша және жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша жеке жүргізіледі.

      69. Мүлік салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжамы келесі әдістермен есептеледі:

      1) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, мынадай формула бойынша:

      NIп = NIбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      NIп – жоспарлы жылға мүлік салығы бойынша болжам;

      NIбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша мүлік салығының салықтық әлеуетін бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі,%;

      2) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, мынадай формулат арқылы:

      NIп = NIбағ. * Тp, мұндағы:

      NIп – жоспарлы жылға мүлік салығы бойынша болжам;

      NIбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша мүлік салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Тр – алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл),%.

      70. Ағымдағы қаржылық жыл бойынша жеке тұлғалардан мүлік салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындау кезінде есептеулерде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мәліметтері бойынша ағымдағы қаржылық жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешегі мен артық төлемі ескеріледі.

6-параграф. Жер салығы

      71. Жоспарлы жылға жер салығы бойынша болжам кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеппен мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      NIп = NIбағ. * Тp, мұндағы:

      NIп – жоспарлы жылға жер салығы бойынша болжам;

      NIбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Тp – алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %.

7-параграф. Көлік құралдарына салынатын салық

      72. Көлік құралдарына салық түсімдерінің болжамды көлемін есептеу заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеке жүргізіледі.

      73. Көлік құралдарына салынатын салық бойынша жоспарлы жылға арналған болжамы келесі әдістермен есептеледі:

      1) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, мынадай формула бойынша:

      NTп = NTбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      NTп – жоспарлы жылға арналған көлік құралдары салығы бойынша болжам;

      NTбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша көлік құралдары салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі,%;

      2) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, мынадай формула арқылы есептеледі:

      NTп = NТбағ. * Тp, мұндағы:

      NTп – жоспарлы жылға көлік құралдары салығы бойынша болжам;

      NТбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша көлік құралдары салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Тp – алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %.

      74. Ағымдағы жыл бойынша жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындау кезінде есептеулерде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мәліметтері бойынша ағымдағы қаржылық жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешегі мен артық төлемі ескеріледі.

8-параграф. Бірыңғай жер салығы

      75. Бірыңғай жер салығы бойынша болжам мынадай формула бойынша есептеледі:

      EZп = EZбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      EZп – жоспарлы жылға арналған бірыңғай жер салығы бойынша болжам;

      EZбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша бірыңғай жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі,%.

9-параграф. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарларға акциздер

      76. Жоспарлы жылға Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлардың акциздері бойынша болжамды есептеу акцизделетін өнім түрлері бойынша жеке түрде, мынадай әдістермен жүзеге асырылады:

      1) акцизделетін өнім өндірісінің болжамды көлемінің және акциз мөлшерлемесінің негізінде мынадай формула бойынша:

      Aп = Vп * S, мұндағы:

      Aп – жоспарлы жылға арналған акциздер бойынша болжам;

      Vп – акцизделетін өнім өндірудің болжамды көлемі;

      S – Салық кодексіне сәйкес акциз мөлшерлемесі, мұндағы:

      Vп = Vбағ. * Тр,

      Vп – акцизделетін өнім өндірісінің болжамды көлемі;

      Vбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша акцизделетін өнім өндірісінің көлемі;

      Тр – акцизделетін өнім өндірісі көлемінің алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %;

      2) инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылғы бағалау негізінде мынадай формула бойынша:

      Ап =Абағ. * (100% + Iп) + Iаk, мұндағы:

      Ап – жоспарлы жылға арналған акциздер бойынша болжам;

      Абағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша акциздердің салықтық әлеуеті;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі,%.

      Iаk – салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескерілетін түсімдерді түзету сомасы.

9-1-параграф. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем

      Ескерту. 4-тарау 9-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.03.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      76-1. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің болжамы орташа есептеу әдісімен мынадай формула бойынша айқындалады:

      Piб = Piбағ. * Trорт., мұндағы:

      Piб – тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің болжамды сомасы;

      Piбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді бағалау;

      Trорт. – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %,

      бұл ретте:

      Trорт. = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:

      Trесеп(1жыл) – бірінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %;

      Trесеп(2жыл) – екінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %;

      Trесеп(3жыл) – үшінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %.

10-параграф. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне есептелетін төлемақылар мен алымдар

      77. Бюджет кодексінің 50, 51 және 52-баптарына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне есептелетін төлемдер мен алымдарға мыналар жатады:

      жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

      орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;

      жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;

      өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшін төлемақы;

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;

      Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым;

      қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

      жылжымалы мүлік кепілін және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;      

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.03.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      78. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне есептелетін төлемдер мен алымдар бойынша болжам ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу жолымен мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      SPп = SPбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      SPп – жоспарлы жылға төлемдер мен алымдардың салықтық әлеуетінің болжамы;

      SPбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша төлемдер мен алымдардың салықтық әлеуетін бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі,%.

11-параграф. Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж

      79. Жоспарлы жылға жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжамды есептеу мынадай әдістермен жүзеге асырылады:

      1) үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқынын мына формула бойынша қолдану:

      GPп = GPбағ. * Trорт, мұндағы:

      GPп – жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжам;

      GPбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Trорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %;

      2) ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу арқылы мына формула бойынша:

      GPп = GPбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      GPп – жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжам;

      GPбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі,%.

12-параграф. Басқа да салықтар

      80. Жоспарлы жылға арналған басқа да салықтар бойынша болжамын есептеу түсімдердің серпіні бойынша жүзеге асырылады.

13-параграф. Салықтық емес түсімдер

      81. Салықтық емес түсімдер бірқатар жылдардағы салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша серпінін талдау, болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылдың күтілетін түсімін бағалау негізінде болжанады.

      82. Жергілікті бюджеттерге республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі салықтық емес түсімдерді болжау жүзеге асырылмайды.

14-параграф. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

      83. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жерді және материалдық емес активтерді, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді болжау, болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне қарай түзетілген ағымдағы қаржылық жылғы күтілетін түсімді бағалау негізге алына отырып, жүзеге асырылады.

5-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдерді болжамдау

      84. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кірістер түсімдерін болжау Бюджет кодексінің 22-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін Мұнай секторы ұйымдарының тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

1-параграф. Салықтық түсімдер

      85. Салықтық түсімдерін болжау мұнай өндіру көлемі, мұнай экспорты, Brent [Брент] маркалы мұнайдың әлемдік бағасы және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы негізінде жүзеге асырылады.

      86. Есептеулерде уәкілетті органдардың деректері, жүйесіз сипаттағы түсімдер (біржолғы) ескеріледі.

2-параграф. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін корпоративтік табыс салығы

      87. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін корпоративтік табыс салығының болжамы мына формула бойынша жүргізіледі:

      KPNп = (Vп * Z - W) * S, мұндағы:

      KPNп – корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы;

      Vп – мұнайды, газ конденсатын сатудың болжамды көлемі;

      Z – сатудың болжамды орташа бағасы;

      W – салық заңнамасында көзделген шегерімдер;

      S – салық мөлшерлемесі, % (ҚР Салық кодексіне сәйкес жалпы белгіленген режим бойынша, келісімшартқа сәйкес тұрақты салық режимі бар жер қойнауын пайдаланушылар бойынша).

      88. Мұнайды, газ конденсатын сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ долларына шаққанда теңгенің болжамды бағамына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,5 құрайды.

3-параграф. Мұнай секторының ұйымдарынан алынатын үстеме пайдаға салынатын салық

      89. Мұнай секторының ұйымдарынан алынатын үстеме пайдаға салынатын салық түсімдері болжамы мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      NSп = NSф * Tмц * Tд * Tк, мұндағы:

      NSп – мұнай секторының ұйымдары бойынша үстеме пайдаға салынатын салықтың болжамды сомасы;

      NSф – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі салық түсімі;

      Tәб – ағымдағы қаржылық жыл бойынша мұнайдың әлемдік бағасының өсу қарқыны,%;

      Tө – ағымдағы қаржылық жыл бойынша мұнайды өндірудің өсу қарқыны,%;

      Tб – ағымдағы қаржылық жыл бойынша АҚШ долларына шаққанда теңге бағамының өсу қарқыны, %.

4-параграф. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін бонустар

      90. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін бонустар бойынша түсімдер болжамы:

      1) АҚШ долларына шаққандағы теңгенің болжамды бағамына қайта есептелетін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурста жеңіп шыққан жер қойнауын пайдаланушылар бөлінісінде бонустар көлемі (АҚШ долларымен) туралы жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде;

      2) түсімдер серпіні негізінде анықталады.

5-параграф. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін пайдалы қазбаларды өндіру салығы (роялти)

      91. Мұнай секторы ұйымдарынан ПҚӨС бойынша түсімдердің болжамы мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      NDPIп = (Dп * Z * Sесеп)/4 * 3 + N4кв, мұндағы:

      NDPIп – мұнай секторы ұйымдарынан ПҚӨС болжамды сомасы;

      Dп – мұнай, газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі;

      Z – сатудың орташа бағасы;

      Sесеп – есепті қаржылық жылғы тиімді мөлшерлеме, %;

      4 – жылдағы тоқсан саны;

      3 – болжанатын кезең (тоқсан саны);

      N4тоқсан – өткен жылдың төртінші тоқсанындағы ауыспалы төлемдер;

      бұл ретте:

      Sесеп = NDPIесеп/(Dесеп * Zесеп), мұндағы:

      Sесеп – есепті қаржылық жылдың тиімді мөлшерлемесі;

      NDPIесеп – есепті қаржылық жылдағы мұнай секторы ұйымдарынан іс жүзіндегі ПҚӨС түсімі;

      Dесеп – есепті қаржылық жылдың мұнай, газ конденсатын өндірудің нақты көлемі;

      Zесеп – есепті қаржылық жылдың орташа сату бағасы.

      92. Сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы болжамды бағамына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,5 құрайды.

      93. Мұнай секторы ұйымдарынан роялти бойынша түсімдердің болжамы мынадай формулабойынша жүргізіледі:

      Rп = ((Dп * Z * Sесеп) – W)/4 * 3 + R4кв, мұндағы:

      Rп – роялтидің болжамды сомасы;

      Dп – мұнай, газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі;

      Z – сатудың орташа бағасы;

      Sесеп – тиімді мөлшерлеме, %;

      W – келісімшартта көзделген шегерімдер;

      4 – жылдағы тоқсан саны;

      3 – болжанатын кезең (тоқсан саны );

      R4тоқсан – өткен жылдың төртінші тоқсанындағы ауыспалы төлемдер;

      бұл ретте:

      Sесеп = Rесеп/ (Dесеп * Zесеп)*100%, мұндағы:

      Rесеп – есепті қаржылық жыл үшін мұнай секторы ұйымдарынан іс жүзіндегі ПҚӨС түсімі;

      Dесеп – есепті қаржылық жылдың мұнай, газ конденсатын өндірудің нақты көлемі;

      Zесеп – есепті қаржылық жылдың орташа сату бағасы.

      94. Сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің болжамды бағамына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,8 құрайды.

6-параграф. Мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа рента салығы

      95. Мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа рента салығы түсімдерінің болжамы мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      RNп = (Q * Z * S)/4 * 3 + RN4кв, мұндағы:

      RNп – рента салығының болжамды сомасы;

      Q – мұнай, газ конденсаты экспортының болжамды көлемі;

      Z – сатудың орташа бағасы;

      S – Салық кодексіне сәйкес мөлшерлеме, %;

      4 – жылдағы тоқсан саны;

      3 – болжамды түсімдердің тоқсандар саны ;

      RN4кв – өткен жылдың төртінші тоқсанындағы ауыспалы төлемдер.

      96. Сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің болжамды бағамына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,5 құрайды.

7-параграф. Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша мұнай секторы ұйымдарының өнімдерін бөлудегі үлесі

      97. Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша мұнай секторы ұйымдарының өнімдерін бөлудегі үлесі (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының үлесі) түсімінің болжамы ірі салық төлеушілер бойынша мынадай формулалар бойынша жүзеге асырылады:

      DLп = Dп *Z * Y * Yрк , мұндағы:

      DLп –Қазақстан Республикасы үлесінің болжамды сомасы;

      Dп – мұнай, газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі;

      Z – сатудың орташа бағасы;

      Y – пайдалы өнімнің үлесі, %;

      Yрк – Қазақстан Республикасының табысты өнімдегі үлесі, %.

      Қалған салық төлеушілер бойынша Қазақстан Республикасының үлесі түсіміндегі болжам мынадай формулалар бойынша жүзеге асырылады:

      DLп =Dбағ. * Tмц * Tд * Tк, мұндағы:

      DLп –Қазақстан Республикасы үлесінің болжамды сомасы;

      Dбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салық түсімін бағалау;

      Tмц – мұнайдың әлемдік бағасының ағымдағы қаржы жылындағы өсу қарқыны,%;

      Tд – мұнай өндіру көлемінің ағымдағы қаржы жылындағы өсу қарқыны ,%

      Tк – АҚШ долларына шаққандағы теңге бағамының ағымдағы қаржы жылындағы өсу қарқыны,%.

      98. Мұнайды, газ конденсатын сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің болжамды бағамына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,5 құрайды.

      99. Пайдалы өнімнің және Қазақстан Республикасы үлесінің орташа пайыздық мәндері келісімшарт талаптарымен айқындалады.

8-параграф. Қызметін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі

      100. Қызметін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша түсімдердің болжамы мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      DPп = Vп*(Z - R) * S, мұндағы:

      DPп – жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемінің болжамды сомасы;

      Vп – мұнайды, газ конденсатын өткізудің болжамды көлемі;

      Z – сатудың орташа болжамды бағасы;

      R – тасымалдау шығындары;

      S – өнімді бөлу туралы келісімшартқа сәйкес төлем мөлшерлемесі.

9-параграф. Мұнай секторы ұйымдарынан алынатын жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық

      101. Мұнай секторы ұйымдарынан жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық бойынша түсімдердің болжамы мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      ANп = (Vп * Z – W + Vr) *S, мұндағы:

      ANп – жер қойнауын пайдаланушыларға баламалы салықтың болжамды сомасы;

      Vп – мұнайды, газ конденсатын өткізудің болжамды көлемі;

      Z – сатудың болжамды орташа бағасы;

      W – салық заңнамасында көзделген шегерімдер;

      Vr – Салық кодексіне сәйкес сыйақылар;

      S – Салық кодексіне сәйкес салық мөлшерлемесі, %.

      102. Сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің болжамды бағасына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,5 құрайды.

10-параграф. Салықтық емес түсімдер

      103. Мұнай секторы ұйымдарының залалды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан тұскен қаражатты және өзге де салықтық емес түсімдерді болжау түсімдер серпіні негізінде жүзеге асырылады.

      104. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі салықтық емес түсімдерді болжау жүзеге асырылмайды.

11-параграф. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

      105. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдердің болжауы түсімдер серпіні негізінде жүзеге асырылады.

12-параграф. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кесімді баға бойынша түсімдерді болжау

      Ескерту. 5-тарау 12-параграфпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.03.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      106. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 24-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің көлемі кесімді баға кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжанатын түсімдердің көлемінен аспайды. Кесімді баға "Кесімді бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 21 бұйрығына сәйкес айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27070 болып тіркелген).

      107. Салық түсімдерін болжау мұнай өндіру көлемі, мұнай экспорты, Brent [Брент] маркалы мұнайдың әлемдік бағасы және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы негізінде жүзеге асырылады.

      108. Түсімдердің болжамы салықтар бойынша соңғы бес жылдағы орташа тиімді мөлшерлемені қолдану жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:

      Nalogп = Dп * Z * Ѕорта, мұндағы:

      Nalogп – мұнай секторы ұйымдарының болжамды салық сомасы;

      Dп – мұнайды, газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі;

      Z – мұнайды сатудың орташа бағасы;

      Ѕорта – соңғы бес жылдағы орташа тиімді мөлшерлеме, %.

      109. Есепті қаржы жылы ішіндегі тиімді мөлшерлеме мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ѕесеп = Nalogесеп / (Dесеп * Zесеп), мұндағы:

      Ѕесеп – есепті қаржы жылының тиімді мөлшерлемесі;

      Nalogесеп – есепті қаржы жылы ішіндегі мұнай секторы ұйымдарынан нақты салық түсімі;

      Dесеп – есепті қаржы жылындағы мұнай, газ конденсатын өндірудің нақты көлемі;

      Zесеп – есепті қаржы жылы ішіндегі мұнайдың нақты бағасы".

      110. Мұнайды сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы болжамды бағамына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,5-ке тең.