"Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 наурызда № 32040 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін болжау әдістемесінде:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бюджет кодексінің 49-бабына сәйкес мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп, бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін корпоративтік табыс салығы бойынша болжам (бұдан әрі – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС) ӘЭДБ-ның мұнай емес сектордың, ӘЭДБ-ның мұнай екінші және үшінші сектордың жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) көлемі, салықтың тиімді мөлшерлемесі негізінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      KРNб = KРNб1 + KРNб2, мұндағы:

      KРNб – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС жалпы болжамды сомасы;

      KРNб1 = (Vжққ(б.) * Sесеп) + NA, мұндағы:

      KРNб1 – мұнай емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС болжамды сомасы;

      Vжққ(п.) – мұнай емес сектордың ЖҚҚ болжамды көлемі;

      Sесеп – есепті қаржылық жылдағы мұнай емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС тиімді мөлшерлемесі, %;

      NA – салықтық және кедендік әкімшілендіру (номиналды мәнде мұнай емес сектордың ЖҚҚ-ға 0,3%);

      бұл ретте:

      Sесеп = KРNесеп/Vжққ(есеп) * 100, мұндағы:

      KРNесеп – есепті қаржылық жылдағы мұнай емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС іс жүзіндегі түсімдері;

      Vжққ(есеп) – есепті қаржылық жылдағы мұнай емес сектордың ЖҚҚ көлемі.

      2) KРNб2 = ((Vжққ(б.м2) + Vжққ(б.м3) )* Sесеп) + NA, мұндағы:

      KРNб2 – екінші және үшінші мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС болжамды сомасы;

      Vжққ(п.м2) – мұнайлы екінші сектордың ЖҚҚ болжамды көлемі;

      Vжққ(п.м3) – мұнайлы үшінші сектордың ЖҚҚ болжамды көлемі;

      Sесеп – есепті қаржылық жылдағы екінші және үшінші мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС тиімді мөлшерлемесі, %;

      NA – салықтық және кедендік әкімшілендіру (ӘЭДБ-ның номиналды мәнде мұнайлы екінші және үшінші сектордың ЖҚҚ 0,3%);

      бұл ретте:

      Sесеп = KРNесеп/(Vжққ(есеп.м2) + Vжққ(есеп.м3)) * 100, мұндағы:

      KРNесеп – есепті қаржылық жылдағы екінші және үшінші мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС іс жүзіндегі түсімдері;

      Vжққ(есеп.м2) – есепті қаржылық жылдағы ӘЭДБ-ның мұнайлы екінші сектордың ЖҚҚ көлемі;

      Vжққ(есеп.м3) – есепті қаржылық жылдағы ӘЭДБ-ның мұнайлы үшінші сектордың ЖҚҚ көлемі.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша болжам ӘЭДБ-ға сәйкес болжамды жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) және тиімді мөлшерлеме негізінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      NDSішкі(б) = (Vжіө(б) * S) – X(б) + NA, мұндағы:

      NDSішкі(б) – ҚҚС болжамды сомасы;

      Vжіө(б) – ЖІӨ болжамды көлемі;

      S – 2,4 % мөлшеріндегі ҚҚС тиімді мөлшерлемесі;

      X(б) – ҚҚС болжамды қайтару сомасы (орта есеппен үш жылда немесе уәкілетті органның деректері);

      NA – салықтық және кедендік әкімшілендіру (номиналды мәнде ЖІӨ 0,2%).

      16. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС бойынша болжам ӘЭДБ-на сәйкес болжанатын импорт көлемінің, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының және тиімді мөлшерлемесінің негізінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      NDSим(б) = (Vим(б) * S(есеп) ) + NA, мұндағы:

      NDSим(б) – импортталатын тауарларға ҚҚС болжамды сомасы;

      Vим(б) – импорттың болжамды көлемі, теңге;

      S(есеп) – есепті қаржылық жыл ішіндегі тиімді мөлшерлеме, %;

      NA – салықтық әкімшілендіру (импорт көлеміне 0,2%),

      бұл ретте:

      S(есеп)= NDSим(есеп) /Vим(есеп) * 100, мұндағы:

      NDSим(есеп) – есепті қаржылық жыл ішіндегі импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС іс жүзіндегі түсімдері;

      Vим(есеп) – есепті қаржылық жыл бойынша импорттың көлемі, теңге";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мұнай секторы ұйымдарын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылардан бонустар түсімдерінің болжамы соңғы үш жылғы түсімдер серпіні негізінде анықталады.";

      2-тарауда:

      8-параграф алып тасталсын;

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Бюджет кодексінің 49-бабына сәйкес республикалық бюджетке есептелетін басқа да төлемдерге мыналар жатады:

      қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы;

      радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      цифрлық майнинг үшін төлемақы;

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;

      телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат берілгені үшін алым;

      банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын, келісім бергені үшін алым;

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттарды бергені үшін алым;

      дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;

      теле-, радиоарнаны, мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны үшін алым;

      ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым;

      көмірсутектер саласындағы жекелеген кіші қызмет түрлерімен айналысу құқығына байланысты лицензия берілгені үшін лицензиялық алым;

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжаттың берілгені үшін алым;

      мемлекеттік баж;

      ойын бизнесі салығы.";

      4-тарау мынадай мазмұндағы 9-1-параграфпен толықтырылсын:

      "9-1-параграф. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем

      76-1. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің болжамы орташа есептеу әдісімен мынадай формула бойынша айқындалады:

      Piб = Piбағ. * Trорт., мұндағы:

      Piб – тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің болжамды сомасы;

      Piбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді бағалау;

      Trорт. – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %,

      бұл ретте:

      Trорт. = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:

      Trесеп(1жыл) – бірінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %;

      Trесеп(2жыл) – екінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %;

      Trесеп(3жыл) – үшінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Бюджет кодексінің 50, 51 және 52-баптарына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне есептелетін төлемдер мен алымдарға мыналар жатады:

      жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

      орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;

      жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;

      өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшін төлемақы;

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;

      Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым;

      қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

      жылжымалы мүлік кепілін және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;      

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым.";

      5-тарау мынадай мазмұндағы 12-параграфпен толықтырылсын:

      "12-параграф. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кесімді баға бойынша түсімдерді болжау

      106. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 24-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің көлемі кесімді баға кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжанатын түсімдердің көлемінен аспайды. Кесімді баға "Кесімді бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 21 бұйрығына сәйкес айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27070 болып тіркелген).

      107. Салық түсімдерін болжау мұнай өндіру көлемі, мұнай экспорты, Brent [Брент] маркалы мұнайдың әлемдік бағасы және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы негізінде жүзеге асырылады.

      108. Түсімдердің болжамы салықтар бойынша соңғы бес жылдағы орташа тиімді мөлшерлемені қолдану жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:

      Nalogп = Dп * Z * Ѕорта, мұндағы:

      Nalogп – мұнай секторы ұйымдарының болжамды салық сомасы;

      Dп – мұнайды, газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі;

      Z – мұнайды сатудың орташа бағасы;

      Ѕорта – соңғы бес жылдағы орташа тиімді мөлшерлеме, %.

      109. Есепті қаржы жылы ішіндегі тиімді мөлшерлеме мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ѕесеп = Nalogесеп / (Dесеп * Zесеп), мұндағы:

      Ѕесеп – есепті қаржы жылының тиімді мөлшерлемесі;

      Nalogесеп – есепті қаржы жылы ішіндегі мұнай секторы ұйымдарынан нақты салық түсімі;

      Dесеп – есепті қаржы жылындағы мұнай, газ конденсатын өндірудің нақты көлемі;

      Zесеп – есепті қаржы жылы ішіндегі мұнайдың нақты бағасы".

      110. Мұнайды сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы болжамды бағамына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,5-ке тең.".

      2. Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі