Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10313 тіркелді

Қолданыстағы

      «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      ______________ В. Школьник
      20 қаңтар 2015 жыл

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 13 қаңтардағы 
№ 15 бұйрығымен     
бекітілген        

Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау
және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді
тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеуді электрмен жабдықтаушы немесе жылумен жабдықтаушы ұйым (бұдан әрі – Қызмет көрсетуші) сарапшы ұйымдарды, ғылыми институттар мен қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып жүзеге асырады. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Қызмет көрсетуші алдыңғы нормалар бекітілген сәттен бастап кемінде 18 айдан кейін және кемінде бес жылда бір рет қайта қарайды.

2. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен
жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді
тұтыну нормаларын есептеу тәртібі

      3. 1 шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұнда:
      N0 – 1 шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну нормасы;
      Q0 – есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерде бір жылыту маусымы ішінде тұтынылатын жылу энергиясының жиынтық саны (Гкал/жыл);
      Sж – жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғын үй-жайлардың немесе жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған жеке тұрғын үйлердегі үй-жайлардың жалпы алаңы;
      n – жылыту кезеңіндегі айлар саны.
      4. Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылыту үшін қажетті жылу энергиясының саны (Гкал/жыл) мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұнда:
      Q0 – жылу энергиясының саны (Гкал/жыл);
      qmax – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі (ккал/сағ);
      tішкі – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің жылытатын тұрғын үй-жайларындағы ішкі ауа температурасы (оC);
      tот – жылыту кезеңі үшін сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (оC);
      tеж – жылытуды жобалау мақсатындағы сыртқы ауаның есептік температурасы (оC);
      n0 – жылытуды жобалауға арналған сыртқы ауаның есептік температурасы минус 30оC-ға дейін және ғимараттардың жылытылатын үй-жайларының ішкі ауасының орташаланған есептік температурасы 18оC болатын аудандарда сыртқы ауаның 8оC орташа тәуліктік температурасымен және жылытуды жобалауға арналған сыртқы ауаның есептік температурасы минус 30оC-дан төмен және ғимараттардың жылытылатын үй-жайларының ішкі ауасының орташаланған есептік температурасы 20оC болатын аудандарда сыртқы ауаның 10оC орташа тәуліктік температурасымен сипатталатын жылыту кезеңінің ұзақтығы (жылына тәулік);
      Q0те – көп пәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкі болып табылмайтын тұрғын емес үй-жайларды жылытуға арналған жылу энергиясының шығыны.
      24 – бір тәуліктегі сағат саны.
      Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі (qmax), көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің жылытатын тұрғын үй-жайларындағы ішкі ауа температурасы (tішкі), жылыту кезеңі үшін сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (tот), жылытуды жобалау мақсатындағы сыртқы ауаның есептік температурасы (tеж), жылыту кезеңінің ұзақтығы (n0) ҚР ҚН 2.04-21-2004* «Азаматтық ғимараттардың энергия тұтынуы және жылулық қорғауы» талаптарына сәйкес анықталады.
      5. Жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі үйлердің жобалау деректерін немесе құжаттарын ескере отырып анықталады. Жобалау деректер немесе құжаттың болмаған жағдайда, сағаттық жылу жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұнда:
      qүл – 1-кестеге сәйкес көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған жылу энергиясының нормаланған үлестік шығысы (сағатына 1 шаршы метрге ккал);
      S – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың жалпы алаңы (шаршы метр).
      6. Елді мекенде көп пәтерлі тұрғын үйлерде коммерциялық есептеу аспаптары болған жағдайда, жылу энергиясын тұтыну нормаларын есептеуді жылу энергиясын коммерциялық есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша есептік кезең ішінде техникалық және пайдалану сипаттамалары бірдей үйлерді жылытуға арналған жылу энергиясын нақты тұтыну бойынша мынадай формула арқылы жүргізуге жол беріледі:

      мұнда:
      Nq – тұрғын үйдің 1 шаршы метріне арналған жылу энергиясын нақты тұтыну нормасы, Гкал/м2;
      Qнақты – ғимараттың есептеу аспабы бойынша есептік кезең ішінде жылу энергиясын нақты тұтынуы, Гкал;
      F – ғимараттың алаңы, м2.

3. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен
жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын
есептеу тәртібі

      7. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну нормаларын есептеу тәртібі ток қабылдағыштардың жүктемесі мен олардың жану сағатына сәйкес жүргізіледі.
      8. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну нормасы (Np) мынадай формула бойынша анықталады:

      мұнда:
      n – шамдардың саны, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
      ТL – бір шамның бір айда жанатын сағаты;
      РL – бір шамның қуаты, РL = 0,06 кВт.
      ТR – бір розетканың бір тәулікте жанатын сағаты, ТR = 7,5 сағат;
      РR – бір электр розеткасының қуаты, РR = 0,6 кВт.;
      D – бір айдағы тәулік саны.

Есептеу аспаптары жоқ      
тұтынушылар үшін электрмен    
жабдықтау және жылумен жабдықтау
бойынша коммуналдық қызметтерді
тұтыну нормаларын есептеудің үлгі
қағидаларына          
1-қосымша           

Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған жылу энергиясының нормаланған үлестік шығысының мәні

Қабаттар саны

Сыртқы ауаның есептік температурасы

-
100С

-
150С

-
200С

-
250С

-
300С

-
350С

-
400С

-
450С

-
500С

-
550С

1999 жылға дейін салынған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерді
қосқанда

1

128

134

140

145

149

151

158

163

169

176

2

121

127

128

135

138

140

146

152

161

167

3-4

67

72

78

83

86

88

92

96

100

104

5-9

56

60

64

69

72

77

79

85

87

93

10

50

59

63

66

69

74

75

80

84

89

11

48

57

61

66

69

74

75

80

84

89

12

48

57

61

66

69

73

74

79

83

88

13

49

58

62

68

69

74

76

81

85

90

14

49

58

63

69

71

75

78

82

87

91

15

51

60

64

71

72

76

79

84

88

93

16 және одан көп

53

62

66

73

74

78

82

86

91

95

1999 жылдан кейін салынған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлер

1

34

40

45

51

57

63

68

74

81

86

2

29

33

38

43

48

53

58

63

68

73

3

28

33

37

43

48

52

57

62

67

72

4-5

24

28

32

37

41

45

49

54

58

62

6-7

23

27

30

35

38

42

46

50

54

58

8

22

25

29

33

36

40

44

48

52

55

9

22

24

29

33

36

40

44

48

52

55

10

20

24

27

31

34

38

41

45

49

52

11

20

23

27

31

34

38

41

45

49

52

12 және одан көп

20

23

26

30

33

37

40

43

47

50

Есептеу аспаптары жоқ      
тұтынушылар үшін электрмен    
жабдықтау және жылумен жабдықтау
бойынша коммуналдық қызметтерді
тұтыну нормаларын есептеудің үлгі
қағидаларына           
2-қосымша             

Есептеу аспаптары болмаған жағдайда электр энергиясын тұтыну нормасын есептеу кезіндегі шамдардың саны

Тұрғын үй

Шамдардың саны

1 бөлмелі жатақхана

1 шам

1 бөлмелі

4 шам

2 бөлмелі

6 шам

3 бөлмелі

7 шам

4 бөлмелі

8 шам

5 бөлмелі

9 шам

6 бөлмелі

11 шам

      Ескертпе: Егер тұрғын үй бөлмелерінің саны 6 бөлмеден асатын болса, онда шамдарды есептеу мынадай формула бойынша анықталады: бөлмелер саны + 5 = шамдар саны.

Есептеу аспаптары жоқ      
тұтынушылар үшін электрмен    
жабдықтау және жылумен жабдықтау
бойынша коммуналдық қызметтерді
тұтыну нормаларын есептеудің үлгі
қағидаларына           
3-қосымша             

Бір шамның бір айда жанатын сағаттың саны

Ай

Жану сағаты (ТL, сағ)

Қаңтар

410

Ақпан

310

Наурыз

260

Сәуір

160

Мамыр

120

Маусым

100

Шілде

100

Тамыз

140

Қыркүйек

190

Қазан

310

Қараша

380

Желтоқсан

440

Бір жыл ішінде жиыны

2920