Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10313 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________ В. Школьник

      20 қаңтар 2015 жыл


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 13 қаңтардағы
№ 15 бұйрығымен
бекітілген

Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын электрмен жабдықтаушы ұйым мен жылумен жабдықтау субъектілері (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті берушілер) жүзеге асырады. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Көрсетілетін қызметті берушілер алдыңғы нормалар бекітілген күннен бастап кемінде 18 айдан кейін және бес жылда бір рет қайта қарайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің әрбір санатына арналған есептік кезең үшін 1 шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну нормасы осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес формула бойынша есептеледі. Бұл ретте есептік кезең – бұл тұтынылған жылу энергиясы ескеріліп, тұтынушыға төлеуге ұсынылатын жылумен жабдықтауға арналған шартпен белгіленетін уақыт кезеңі:


Q0

      N0 = ________,

      Sж хn

      мұнда:

      N0 – 1 шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну нормасы;


Q0 – есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерде бір есептік кезеңнің ішінде тұтынылатын жылу энергиясының жиынтық саны (Гкал/есептік кезең);

      Sж – жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғын үй-жайлардың немесе жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған жеке тұрғын үйлердегі үй-жайлардың жалпы пайдалы жиынтық алаңы;

      n – есептік кезеңдегі айлар саны.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылыту үшін қажетті жылу энергиясының саны (Гкал/есептік кезең) мынадай формула бойынша есептеледі:

      (tішкі – tот)

      Q0 = qmax x ____________ x 24 x n0 x 10-6

      (tвн – tро),

      мұнда:

      Q0 – жылу энергиясының саны (Гкал/есептік кезең);

      qmax – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі (ккал/сағ);

      tішкі – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің жылытатын тұрғын үй-жайларындағы ішкі ауа температурасы (оC);

      tот – есептік кезең үшін сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (0C);

      tеж – жылытуды жобалау мақсатындағы сыртқы ауаның есептік температурасы (0C);

      n0 – есептік кезеңдегі ғимараттағы жылыту жүйесінің жұмыс істеу ұзақтығы (тәулік);

      24 – бір тәуліктегі сағат саны.

      Көппәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға сағаттық жылу жүктемесі (qmax), көппәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің жылытылатын тұрғын үй-жайларының ішкі ауасының температурасы (tішкі), жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (tөрұ), жылытуды жобалау мақсатында сыртқы ауаның есептік температурасы (tро), жылыту кезеңіндегі жылу тұтыну нормасын есептеу кезінде есептік кезеңнің ұзақтығы (n0) "Ғимараттардың жылу қорғанысы" ҚР ҚН 2.04-07-2022 сәйкес айқындалады".

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Жылу энергиясын есептеу (Гкал/сағат) аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі үйлердің жобалау деректерін немесе құжаттарын ескере отырып анықталады. Жобалау немесе құжаттық деректер болмаған жағдайда, сағаттық жылу жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:

      qmax= qуд x S/1,163,

      мұнда:

      qүл – осы бұйрыққа 1-қосышаға сәйкес көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған жылу энергиясының нормаланған үлестік шығысы (сағатына 1 шаршы метрге вт);

      S – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың жалпы алаңы (шаршы метр)

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.10.2024 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну нормаларын есептеу тәртібі ток қабылдағыштардың жүктемесі мен олардың жану сағатына сәйкес жүргізіледі.

      8. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну нормасы (Np) мынадай формула бойынша анықталады:



      мұнда:

      n – шамдардың саны, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

      ТL – бір шамның бір айда жанатын сағаты;

      РL – бір шамның қуаты, РL = 0,06 кВт.

      ТR – бір розетканың бір тәулікте жанатын сағаты, ТR = 7,5 сағат;

      РR – бір электр розеткасының қуаты, РR = 0,6 кВт.;

      D – бір айдағы тәулік саны.

  Есептеу аспаптары жоқ
тұтынушылар үшін электрмен
жабдықтау және жылумен
жабдықтау бойынша коммуналдық
қызметтерді тұтыну нормаларын
есептеудің үлгі қағидаларына
1-қосымша

Жалпы ауданы 1 м2 көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған жылу энергиясының нормаланған үлестік шығысының мәні, сағатына Вт

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Салынған тұрғын үйдің қабаты, қабаттар

Ғимараттардың сипаттамасы

Сыртқы ауаның есептік температурасы, 0С

минус 5

минус 10

минус 15

минус 20

минус 25

минус 30

минус 35

минус 40

минус 45

минус 50

минус 55

1985 жылға дейін салынған үйлер үшін

1 - 2

Энергия үнемдеу іс-шараларын есепке алмау және енгізусіз

148

154

160

205

213

230

234

237

242

255

271

3 - 4

95

102

109

117

126

134

144

150

160

169

179

5 және одан жоғары

65

70

77

79

86

88

98

102

109

115

122

1 - 2

Энергия үнемдеу іс-шараларының енгізілуін ескерумен

147

153

160

194

201

218

222

225

230

242

257

3 - 4

90

97

103

111

119

128

137

140

152

160

171

5 және одан жоғары

65

69

73

75

82

88

92

96

103

109

116

1985 жылдан кейін салынған үйлер үшін

1 - 2

1985-2004 ж.ж. үлгілік жобалар бойынша

145

152

159

166

173

177

180

187

194

200

208

3 - 4

74

80

86

91

97

101

103

109

116

123

130

5 және одан жоғары

65

67

70

73

81

87

87

95

100

102

108

  Есептеу аспаптары жоқ
тұтынушылар үшін электрмен
жабдықтау және жылумен жабдықтау
бойынша коммуналдық қызметтерді
тұтыну нормаларын есептеудің үлгі
қағидаларына
2-қосымша

Есептеу аспаптары болмаған жағдайда электр энергиясын тұтыну нормасын есептеу кезіндегі шамдардың саны

Тұрғын үй

Шамдардың саны

1 бөлмелі жатақхана

1 шам

1 бөлмелі

4 шам

2 бөлмелі

6 шам

3 бөлмелі

7 шам

4 бөлмелі

8 шам

5 бөлмелі

9 шам

6 бөлмелі

11 шам


      Ескертпе: Егер тұрғын үй бөлмелерінің саны 6 бөлмеден асатын болса, онда шамдарды есептеу мынадай формула бойынша анықталады: бөлмелер саны + 5 = шамдар саны.

  Есептеу аспаптары жоқ
тұтынушылар үшін электрмен
жабдықтау және жылумен жабдықтау
бойынша коммуналдық қызметтерді
тұтыну нормаларын есептеудің үлгі
қағидаларына
3-қосымша

Бір шамның бір айда жанатын сағаттың саны

Ай

Жану сағаты (ТL, сағ)

Қаңтар

410

Ақпан

310

Наурыз

260

Сәуір

160

Мамыр

120

Маусым

100

Шілде

100

Тамыз

140

Қыркүйек

190

Қазан

310

Қараша

380

Желтоқсан

440

Бір жыл ішінде жиыны

2920