1. Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (Р. Сергалина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Ермекқалиев |
Мәслихат хатшысы | А. Әубекеров |
Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 30-5 шешіміне 1-қосымша |
Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасы
Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы осы қағида (одан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" және 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес әзірленді.1.Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:1) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы-тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;
3) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
5) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар адамдар.
2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға;
2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi;
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
3. Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтің есептеу құралы бар алушыларға есептеу кезінде жоғарыда белгіленген тарифтер пен нормативтерден аспайтын санауыш көрсеткіштері бойынша нақты шығындар қолданылады.
4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу Ережесiне сәйкес орындалады және қолданыстағы абоненттiк ақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік ақы арасындағы айырма, яғни, телекоммуникация қызметтеріне абоненттік ақыны өсірудің айырмасын есептеу арқылы анықталады.
6. Коммуналдық қызметтердi тұтыну ақысы сомасының құрамына мыналар енедi: пайдалану шығындары, су, канализациямен қамтамасыз ету, газ, электр, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, лифт пайдалану және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақыны ұлғайту бөлiгiндегi байланыс қызметi.
7. Тұрғын үйді күтіп ұстау, коммуналдық қызметті пайдалану және жалға берілетін үйлерде тұрғын жайды пайдалану шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысынан 10%, ал жалғызбасты және ерлі-зайыпты жұптар үшін: зейнеткерлер, мүгедектер үшін ауыру себебіне қарамастан және оларды күтетін азаматтарға, тұл жетім балалар, ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратын қамқоршылар, күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте, кәмелетке толмаған балалармен бірге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы жиырма үш жастан аспайтын күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын тұлғалармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшін 7% көлемінде белгіленеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 03.12.2015 № 39-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
8. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарға арналған жарналарға шекті жол берілетін шығыстар үлесі осы Қағиданың 7-тармағына сәйкес келеді.
2.Тұрғын үй көмегін отбасыларға (азаматтарға) тағайындау тәртібі
9. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ХҚКО) арқылы;
2) "электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және нәтижесі, сонымен қатар тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар қабылданады.
Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
10. Тұрғын жайда бірнеше меншік иелері (немесе азаматтар) тұрған жағдайда тұрғын үй көмегі алғашқы өтініш берген тұлғаға отбасы құрамындағы басқа меншік иелерін (немесе азаматтарды) есепке алып, тағайындалады. Егер құжаттардың тізімі толық болмаса, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
11. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесi бойынша тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну шығындары, тұрғын үйдi (тұрғын ғимарат) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар, отбасының (азаматтың) жалдау ақысы жөнiнде мәлiмет жасалады. Мәлiметтерде көмек тағайындау есебi көрсетiледі. Хабарламаның бiр данасы тұрғын жайдың меншік иесінде (жалдаушыда) сақталады. Хабарлама тұрғын үй көмегін беруге негiз болып табылады.
12. Азаматтардың келесi санаттары үшiн өтемақы шараларымен коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңының нормалары, пайдаланып отырған тұрғын жайдың бiр бiрлiгiнің нақты аумағына, бiрақ 64 шаршы метрден аспайтын болып: зейнеткерлер, жалпы ауру бойынша мүгедектер және оларды күтетiн азаматтар, тұл жетiм балалар, ата-анасыз қалған балалармен бiрге тұратын қамқоршылар күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте, кәмелетке толмаған балалармен бiрге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бiрге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы жиырма үш жастан аспайтын күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын тұлғалармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, ал басқа санаттағы азаматтар үшiн тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын жай алаңының нормасы шегiнде белгіленеді.
Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңының нормалары, күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, жалға алған тұрғын үйді (тұрғын ғимарат) пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы тұрғын жайдың бiр бiрлiгiнің нақты аумағына, бiрақ 50 шаршы метрден аспайтын болып белгіленеді.
13. Тұрғын үй көмегі жарты жылдық бойына алты ай мерзiмге, жарты жылдық алдындағы өткен тоқсандағы кіріс бойынша, шығыстар өткен тоқсанға немесе қызметтер толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсанға есептелсін; егер ағымдағы тоқсанда тарифтерде өзгерістер болса, онда ағымдағы тоқсанның тарифтері бойынша тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындауға арналған құжаттары тіркелген арыздарды қабылдау жартыжылдықтың соңғы айының 18 күніне дейін жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегі жартыжылдық сайын тоқсандарға бөле отырып тағайындалады. Бiрiншi жартыжылдықта 1-ші тоқсан - жылу беру мерзiмi, 2-ші тоқсан – жазғы мерзiм, екiншi жартыжылдықта 3-ші тоқсан – жазғы мерзiм, 4-ші тоқсан - жылу беру мерзiмi. Жаңа мерзiмге көмекті ресімдеу ресімдеудің алғашқы процедурасына ұқсас.
14. Отбасының (азаматтың) тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шекті жол берілетін шығыстар үлесі, отбасының табысы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтің тарифтері мен ставкалары өзгерген жағдайда алдыңғы тағайындауда уақытылы ескерілмеген табыстарды уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді.Тұрғын үй көмегін тағайындағанға дейінгі төленбеген коммуналдық қызметтер бойынша берешектер есепке алынбайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 03.12.2015 № 39-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Отбасының (азаматтың) тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтердi төлеуге арналған шекті жол берілетін шығыстар үлесі, отбасының табысы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтің тарифтерi мен ставкалары өзгерген жағдайда алдыңғы тағайындауда уақытылы ескерілмеген табыстарды уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейдi.
15. Тұрғын үй көмегін алушылар кез келген өзгерiстер жөнiнде 10 күн мерзiм ішінде (отбасы құрамы, бюджетi, жылжымайтын мүлiк алуы және тағы басқа), сондай-ақ көмекті қате есептеу жайттары жөнiнде уәкілетті органға хабарлауға мiндеттi. Уәкілетті органға қасақана қате мәлiметтер бергендiгi салдарынан заңсыз немесе көтермеленген өтемақы тағайындалса, меншiк иесі (жалдаушы) заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі түріндегі сомаларды ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарады. Келесі мерзімге арналған тұрғын үй көмегі заңсыз алынған тұрғын үй көмегі бюджетке қайтарылған соң тағайындалады.
16. Уәкілетті органның қызметкері арыз иесiнiң тұрғылықты жеріне баруға құқылы.
17. 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерінде есепте тұрған психикалық және өкпе аурулармен ауыратындар қоспағанда, жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды, әскери қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасы мүшелері бар отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасының бір мүшесі қайтыс болған жағдайда, қайтқан адамның табысы туралы құжаттар талап етілмейді.
Жұмыссыз ретінде белгіленген тәртіппен тіркелген азаматтарға тұрғын үй көмегі жұмыссыз мәртебесі берілген айдан бастап тағайындалады.
3. Тұрғын үй көмегін төлеу
18. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу тұрғын үй көмегін көрсетуге көзделген бюджеттік қаражат есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы арызда көрсетілген тұрғын үй көмегін алушылардың жеке есеп шотына аударылады.19. Егер тұрғын үй көмегі төленбеген жағдайда, тұрғын үйді (жеке тұрғын үйді күтіп ұстаудан басқа) күтіп ұстауға және өткен кезеңде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысыны, коммуналдық қызметтерді пайдалану ақысына тағайындалған соманы растайтын құжат (түбіртек) ұсынылмаса, келесі кезеңде отбасыға (азаматқа) жоғарыда көрсетілген көмек берілмейді.
Тағайындалған тұрғын үй көмегі жартыжылдыққа төленеді.
20. Тұрғын үй көмегінің мөлшерi тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтердi пайдалану үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы белгiленген нормаларға сәйкес нақты есептелген сомадан аспауы қажет.
21. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер заңда белгіленген тәртіппен шешiледi.
Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 30-5 шешіміне 2-қосымша |
Орал қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Орал қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-183 тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Жайық үні" газетінде № 17 және 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Пульс города" газетінде № 17 жарияланған);2. Орал қалалық мәслихатының 2010 жылғы 13 шілдедегі № 30-9 "Орал қалалық мәслихатының" 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-189 тіркелген, 2010 жылғы 4 тамыздағы "Жайық үні" газетінде № 31, 2010 жылғы 5 тамыздағы "Пульс города" газетінде № 31, 2010 жылғы 12 тамыздағы "Жайық үні" газетінде № 32 және 2010 жылғы 12 тамыздағы "Пульс города" газетінде № 32 жарияланған);
3. Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 2 маусымдағы № 39-13 "Орал қалалық мәслихатының " 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-210 тіркелген, 2011 жылғы 4 тамыздағы "Жайық үні" газетінде № 31 және 2011 жылғы 5 тамыздағы "Пульс города" газетінде № 31 жарияланған);
4. Орал қалалық мәслихатының 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 40-10 "Орал қалалық мәслихатының "2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-212 тіркелген, 2011 жылғы 13 қазандағы "Жайық үні" газетінде № 41 және 2011 жылғы 14 қазандағы "Пульс города" газетінде № 41 жарияланған);
5. Орал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 4-15 "Орал қалалық мәслихатының "2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-234 тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымдағы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде № 22 жарияланған);
6. Орал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 9-5 "Орал қалалық мәслихатының" 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3155 тіркелген, 2013 жылғы 31 каңтардағы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде № 5 жарияланған);
7. 7. Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 21 қазандағы № 17-9 "Орал қалалық мәслихатының "2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3354 тіркелген, 2013 жылғы 7 қарашадағы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде № 45 жарияланған);
8. Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 20-4 "Орал қалалық мәслихатының "2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3445 тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірдегі "Жайық үні - Жизнь города" газетінде № 14 жарияланған).