Орал қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 4-15 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 мамырда № 7-1-234 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 30-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 16.09.2016 № 09-594 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Алматы облысы Талғар аудандық әкімдігінің 16.04.2013 N 04-199 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік түріне қарамастан Талғар ауданының ұйымдары мен мекемелерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай- ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Талғар аудандық әкімдігінің 16.04.2013 N 04-199 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Өмірәлиев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Талғар ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі
      мемлекеттік мекемесінің бастығы" О. Бүркітов