Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 43 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 3492 болып тіркелді

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі және аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі

Н. Ноғаев

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      _____________А. С. Мамытбеков
      01.04.2014 ж.
 


2014 жылғы 1 сәуірдегі № 43
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы
өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша
субсидиялар көлемдері

     Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.09.2014 № 236 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
 
 

Субсидиялау
бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субси-
диялар норматив-
тері,
теңге

Субси-
диялау
көлемі

Субсидия сомасы,
мың теңге

Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы

бас

18 000

26 723

481 014

2)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы

бас

20 000

6 000

120 000

3)

жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу

бас

104 000

61

6 344

2.

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу

1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154 000

1 200

184 800

2)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан және Канададан)

бас

200 000

124

24 800

3)

импортталған селекциялық ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды малды қоса есептегенде)

бас

118 000

350

41 300

3.

Сиыр етін өндіру үшін мал азығы құнын арзандату:

4 195

710 700

1)

1-деңгей

кг

220

2 073

456 060

2)

3-деңгей

кг

120

2 122

254 640

4.

Бірінші субсидиялау деңгейдегі бордақылау алаңдарына өткізілген бұқашықтарды субсидияландыру

бас

15 000

5263

78 945

Барлық сомасы

1 647903

Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу

1)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы

бас

20 000

1 100

22 000

2.

Асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу

1)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан)

бас

118 000

100

11 800

3.

Сүт өндіру үшін мал азығы құнын арзандату:

2 700

55 500

1)

1-деңгей

кг

25

1 500

37 500

2)

2-деңгей

кг

15

1 200

18 000

Барлық сомасы

89 300

Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру үшін азық құнын арзандату:

1)

2-деңгей

дана

2,6

102 002

265 205

Барлық сомасы

265 205

Шошқа шаруашылығы

1.

Шошқа етін өндіруге арналған азық құнын арзандату

кг

98

1 000

98 000

Барлық сомасы

98 000

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу

34 998

52 497

1)

Тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы

бас

1 500

19 998

29 997

2)

Асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық аналық қой басы

бас

1 500

15 000

22 500

2.

Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

бас

8 000

1 500

12 000

3.

биязы жүн өндіру үшін азық құнын арзандату

кг

130

5,4

702

Барлық сомасы

65199

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу

бас

40 000

114

4 560

2.

Қымыз өндіру үшін азық құнын арзандату

кг

60

83

4 980

Барлық сомасы

9 540

Түйе шаруашылығы

1.

Шұбат өндіру үшін азық құнын арзандату

кг

55

3

165

Барлық сомасы

165

Барлығы:

2 175 312

   

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      кг – килограмм.