Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 43 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 3492 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.01.2015 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі және аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

Облыс әкімі

Н. Ноғаев

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      _____________А. С. Мамытбеков
      01.04.2014 ж.
 


2014 жылғы 1 сәуірдегі № 43
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы
өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 02.12.2014 № 316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субси-
диялар норматив-
тері, теңге

Субси-
диялау көлемі, бас, тонна, мың дана

Субсидия сомасы, мың теңге

Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу



1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы

бас

18 000

62 215

1 119 870

2)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы

бас

20 000

8 070

161 400

3)

жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу

бас

104 000

272

26 416

2.

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды
сатып алу

1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154 000

1 205

184 330

2)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, Америка Құрама Штаттарынан және Канададан)

бас

200 000

120

24 000

3)

импортталған селекциялық ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды малды қоса есептегенде)

бас

118 000

363

42 834

3.

Сиыр етін өндіру үшін мал азығы құнын арзандату:

1 579

230 943

1)

1-деңгей

кг

220

414,9

91 271

2)

3-деңгей

кг

120

1164

139 672

4.

Бұқашықтарды субсидиялаудың бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу

бас

15 000

3144

47 160

Барлық сомасы

1 836 953

Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу



1)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы

бас

20 000

695

13 900

2.

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды
сатып алу

1)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан)

бас

118 000

80

9 440

3.

Сүт өндіру үшін мал азығы құнын арзандату:

1 975

38 963

1)

1-деңгей

кг

25

934

23 339

2)

2-деңгей

кг

15

1 042

15 624

Барлық сомасы

62 303

Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы



1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру үшін азық құнын арзандату:

1)

2-деңгей

дана

2,6

69 350

180 311

Барлық сомасы

180 311

Шошқа шаруашылығы



1.

Шошқа етін өндіруге арналған азық құнын арзандату

кг

98

326

31 995

Барлық сомасы

31 995

Қой шаруашылығы



1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу

34 171

51 257

1)

Тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы

бас

1 500

19 998

29 997

2)

Асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық аналық қой басы

бас

1 500

14 173

21 260

2.

Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

бас

8 000

1 240

9 920

Барлық сомасы

61 177

Жылқы шаруашылығы



1.

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу

бас

40 000

35

1 400

2.

Қымыз өндіру үшін азық құнын арзандату

кг

60

19,6

1 173

Барлық сомасы

2 573


Барлығы:




2 175 312

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      кг – килограмм.