Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10339 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      _________________ Ә.Смайылов

      2015 жылғы 12 ақпан

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 244 қаулысына
қосымша

Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6207 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы Ереженің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес К1 коэффициенті мәнінің есебін, 4-қосымшасына сәйкес К2 коэффициенті мәнінің есебін, сондай-ақ осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес пруденциялық нормативтерді орындау туралы есепті уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірмей, осы Ереженің қосымшаларының мынадай нысандары бойынша:

      1) қағаз тасымалдауышта – осы Ереженің 5-қосымшасының;

      2) электрондық тасымалдауышта – осы Ереженің 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларының нысандары бойынша ұсынады.

      Есептердегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі. Оларды жасауда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан астам сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді. Коэффициенттер үтірден кейін төрт белгімен беріледі.";

      1-қосымша Тізбенің 11-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезде бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны инвестициялауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды және бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7475 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі – № 189 қаулы) сәйкес көзделген талаптарға сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары;

      2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және № 189 қаулысында көзделген талаптарға сәйкес келетін акциялар;";

      10) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және № 189 қаулысында көзделген талаптарға сәйкес келетін бағалы қағаздары;".

      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық қоры активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау қағидаларын және акционерлік және пайлық инвестициялық қорлардың құрамына кіретін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7540 тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінде № 369-374 (27448) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-қосымша Тізбенің 12-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      9. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.04.2019 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.09.2019 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерін бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 236 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8794 тіркелген, 2013 жылғы 7 қарашада "Заң газеті" газетінде № 167 (2368) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерінде:

      5-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі – № 189 қаулы) көзделген "акциялар" секторының бірінші санатының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;";

      11), 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) рейтингтік бағасы осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмен, сондай-ақ рейтингтік бағасы жоқ, № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санатының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      12) осы тармақтың 10), 11) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:

      борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) (бұдан әрі – ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) (бұдан әрі – АҚШ ҚЕС) сәйкес жасайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың біріндегі таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

      борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытта осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;

      13) осы тармақтың 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, мынадай талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:

      борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жүзеге асырылды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілігін ХҚЕС-ке немесе АҚШ ҚЕС-ке сәйкес жасайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін соңғы аяқталған қаржы жылы үшін берді;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмауға тиіс;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес аяқталған үш қаржы жылының бірінде таза пайдасының болуы;

      лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы қаржы жылындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;";

      1-қосымша Тізбеге 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      13. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8815 тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашада "Заң газеті" газетінде № 180 (2381) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      2-қосымша Тізбеге 15-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      14. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 18 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 56 (2450) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      45-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (бұдан әрі – № 189 қаулы) сәйкес қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген эмитент-банктер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитент-банктер болып табылады;";

      75-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санатына енгізілген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;".

      16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 16 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 54 (2448) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      41-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (бұдан әрі – № 189 қаулы) сәйкес қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген эмитент-банктер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитент-банктер болып табылады.".

      17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9274 тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 10 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 51 (2445) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

      1-қосымша Тізбеге 17-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      18. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша басқарушының) есептер мен өзге (қосымша) ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы" 2014 жылғы 16 шілдедегі № 148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9731 тіркелген, 2014 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 14 қазанда "Заң газеті" газетінде № 154 (2548) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-қосымшаның "Банк активтерінiң жағдайы туралы есеп" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Реттік нөмірі 4-бағанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (бұдан әрі – № 189 қаулы) сәйкес "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор биржасы) ресми тізімінің "акциялар" секторының екінші деңгейдегі банк акцияларының санаты көрсетіледі.";

      13-қосымшаның Әкімшілік деректер жинауға арналған "Қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірмесінде:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Реттік нөмірі 22-бағанда № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздың санаты көрсетіледі.".

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
6-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
7-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының өзгерістер
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
8-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының өзгерістер
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
9-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының өзгерістер
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
10-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
11-қосымша
  Сауда-саттықты ұйымдастырушы
үшін пруденциалдық нормативтерді
есептеу ережесіне
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша
мөлшерленген сауда-саттықты ұйымдастырушы
активтерiнiң кестесi
Есепті кезең: 20 ___ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша

      Индекс: TA-1_ОТ

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынады: сауда-саттықты ұйымдастырушы

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі – есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей

      Нысан

      _____________________________________________________________

      сауда-саттықты ұйымдастырушының атауы

      (мың теңгемен)

Баптардың атауы

Сома

Тәуекел деңгейі пайызбен

Есепке арналған сома

I топ

1

Қолма-қол теңге


100


2

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетелдiк қолма-қол валютасы


100


3

Тазартылған бағалы металдар


100


4

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар


100


5

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiндегi салымдар


100


6

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар


100


7

Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі


100


8

Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының салықтар мен бюджетке басқа төлемдер бойынша дебиторлық берешегi


100


9

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары


100


10

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар


100


11

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған, мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар


100


12

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "AA-"- төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар


100


II топ

13

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң шетелдiк қолма-қол валютасы


100


14

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының корреспонденттік шоттарындағы ақша


100


15

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "AA+"-тен "A-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiндегi салымдар


100


16

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "A+"-тен "A-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар


100


17

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдардағы салымдар


100


18

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдардың корреспонденттік шоттарындағы ақша


100


19

Тәуекелдің І-тобына жатқызылған дебиторлық берешекті қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдарының дебиторлық берешегi


100


20

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдардың дебиторлық берешегi


100


21

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "A+"-тен "A-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерi шығарған, мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар


100


22

"Standard & Poor's" агенттiгінiң "A+"-тен "A-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар


100


23

Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздары


100


24

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздары


100


25

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар


100


26

Сауда-саттықты ұйымдастырушы баланста ұстап тұратын және "Standard & Poor's" агенттiгiнің "ААА"-дан "AA-"-ке дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе "Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA"-дан "kzAA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары


100


III топ

27

Тазартылмаған бағалы металдар


100


28

"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


29

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiндегi салымдар


100


30

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар


100


31

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдардағы салымдар


100


32

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдардың корреспонденттік шоттарындағы ақша


100


33

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдардың дебиторлық берешегі


100


34

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерi шығарған, мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздары


100


35

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздары


100


36

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздары


100


37

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар


100


38

Сауда-саттықты ұйымдастырушы баланста ұстап тұратын және "Standard & Poor's" агенттiгiнің "А+"-тен "А-"-ке дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе "Standard & Poor's" агенттiгiнің ұлттық шкаласы бойынша "kzA+"-тен "kzA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары


100


IV топ

39

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВ+"-тен "В-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң орталық банктерiндегi салымдар


100


40

"Standard & Poor's" агенттiгінiң "ВВ+"-тен
"В-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар


100


41

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "А-"-тен төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарындағы, тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарындағы және "Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарындағы салымдар


100


42

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "А-"-тен төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының, тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының және "Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының корреспонденттік шоттарындағы ақша


100


43

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "А-"-тен төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының, тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының және "Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының дебиторлық берешегi


100


44

Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегi


100


45

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВ+"-тен "В-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердің және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздары


100


46

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердің және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздары


100


47

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВ+"-тен "В-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздары


100


48

"Standard & Poor's" агенттiгінiң "А-"-тен төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары, тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары және "Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВВ+"-тен "BB-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар


100


49

Сауда-саттықты ұйымдастырушы баланста ұстап тұратын және "Standard & Poor's" агенттiгiнің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе "Standard & Poor's" агенттiгiнің ұлттық шкаласы бойынша "kzВВВ+"-тен "kzВВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары


100


50

Төлемдер бойынша есеп айырысулар


100


51

Негiзгi құрал-жабдықтар


100


52

Материалдық қорлар


100


53

Сыйақының және шығыстар сомаларының алдын-ала төлемi


100


V топ

54

Сауда-саттықты ұйымдастырушының негiзгi қызметінің мақсаты үшiн сатып алынған және 38 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету


100


55

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "В-"-тен төмен тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiндегi салымдар


100


56

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "В-"-тен төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар


100


57

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарындағы және тиiстi рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарындағы салымдар


100


58

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының және тиiстi рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының корреспонденттік шоттарындағы салымдар


100


59

Осы қосымшаның ескертуінде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарындағы салымдар


100


60

Осы қосымшаның ескертуінде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының корреспонденттік шоттарындағы ақша


100


61

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының және тиiстi рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының дебиторлық берешегi


100


62

Осы қосымшаның ескертуінде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының дебиторлық берешегі


100


63

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "В-"- тен төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерi шығарған бағалы қағаздар


100


64

"Standard & Poor's" агенттiгiнiң "ВВ-"-тен төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар


100


65

"Standard & Poor's" агенттiгінiң "В-"-тен төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар


100


66

"Standard & Poor's" агенттiгінiң "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары және тиiстi рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар


100


67

Осы қосымшаның ескертуінде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар


100


68

Сауда-саттықты ұйымдастырушы баланста ұстап тұратын және "Standard & Poor's" агенттiгiнің "ВВ+"-тен "ВВ-" дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердің бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе "Standard & Poor's" агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ+"-тен "kzВВ-" дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары


100


69

Осы ереженің 51 жолында көрсетілген деңгейден төмен рейтингтік бағалауы бар, сондай-ақ рейтингтік бағалауы жоқ, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына сәйкес қор биржасының ресми тізімінің "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" секторына енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар.


100


70

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, осы ереженің 72 және 73 жолдарында көрсетілген бағалы қағаздардан басқа, келесі талаптарға сәйкес:
1) борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берген күнге дейінгі кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;
2) борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептіліктің ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есеп жасайды;
3) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдар тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;
4) борыштық бағалы қағаздар эмитенті қор биржасына соңғы аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік ұсынған (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда- шоғырландырылған қаржылық есептілік);
5) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншік капиталы соңғы есептік күнге аудиторлық есеппен расталған (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда- шоғырландырылған қаржылық есептілік) қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
6) соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес аудиторлық есеппен расталған, аяқталған соңғы үш қаржы жылының біреуіндегі борыштық бағалы қағаздар эмитентінің таза пайдасының болуы (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда - ұзартылған қаржылық есептілік);
7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйымның - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша соңғы қаржы жылындағы негізгі қызметі бойынша аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік деректері бойынша (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда - ұзартылған қаржылық есептілік) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
8) борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы;
9) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар қамтылмаған;


100


71

Басқа қаржы құралдары


100



Барлығы:


x



      Бiрiншi басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)

      _________________________________________________ ___________________

      (тегi, аты, бар болса – әкесiнiң аты) (қолы)

      Бас бухгалтер ___________________________________ ___________________

      (тегi, аты, бар болса – әкесiнiң аты) (қолы)

      Орындаушы: ____________________________________________ _____________

      (лауазымы, тегi, аты, бар болса – әкесiнiң аты) (қолы)

      ________________

      (телефон нөмiрi)

      Есепке қол қойылған күн 20__ жылғы "____" __________

      Мөрдің орны

      Ескерту:

      Шетел мемлекеттерінің тізбесі:

      1) Андорра Княздығы;

      2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті;

      3) Багам аралдары Достастығы;

      4) Барбадос Мемлекеті;

      5) Бахрейн Мемлекеті;

      6) Белиз Мемлекеті;

      7) Бруней Даруссалам Мемлекеті;

      8) Вануату Республикасы;

      9) Гватемала Республикасы;

      10) Гренада Мемлекеті;

      11) Джибути Республикасы;

      12) Доминика Республикасы;

      13) Индонезия Республикасы;

      14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      15) Кипр Республикасы;

      16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана);

      17) Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары;

      18) Коста-Рика Республикасы;

      19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);

      20) Либерия Республикасы;

      21) Лихтенштейн Княздығы;

      22) Маврикий Республикасы;

      23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      24) Мальдив Республикасы;

      25) Мальта Республикасы;

      26) Маршалл аралдары Республикасы;

      27) Монако Княздығы;

      28) Мьянма Одағы;

      29) Науру Республикасы;

      30) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);

      31) Нигерия Федеративтік Республикасы;

      32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана);

      33) Біріккен Араб Әмірлігі (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана);

      34) Палау Республикасы;

      35) Панама Республикасы;

      36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;

      37) Сейшель аралдары Республикасы;

      38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті;

      39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;

      40) Сент-Люсия Мемлекеті;

      41) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):

      Ангилья аралдары; Бермуд аралдары;

      Британдық Виргин аралдары;

      Гибралтар;

      Кайман аралдары;

      Монтсеррат аралы;

      Теркс және Кайкос аралдары;

      Мэн аралы;

      Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);

      42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);

      43) Тонга Корольдігі;

      44) Филиппин Республикасы;

      45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.

"Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген
сауда-саттықты ұйымдастырушының активтерiнiң кестесi" әкімшілік
деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген сауда-саттықты ұйымдастырушының активтерiнiң кестесi" нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды белгілейді.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      3. Нысанды тоқсан сайын есепті кезеңнің соңына сауда-саттықты ұйымдастырушы толтырады.

      4. Нысанды толтыру кезінде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектендіреді, ал бес жүз теңгеге тең сома мың теңгеге дейін дөңгелектендіреді.

      5. Нысанға бірінші басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша Түсіндірме

      Салымдардың кредиттік дәрежесi бойынша мөлшерленген сауда-саттықты ұйымдастырушының активтерiнiң есебiне түсiндiрме:

      6. Сауда-саттықты ұйымдастырушыда осы тармаққа сәйкес түзетiлген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкiндiк беретiн осыған ұқсас есепке алу жүйесi болғанда, сауда-саттықты ұйымдастырушыда түзетiлген құны аталған активтер мөлшерінің 50 пайызынан кем еместі құрайтын қамтамасыз етуi бар (Түсіндірменің 1-6, 9-12-жолдарында көрсетiлген активтер түрiндегi) салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар түзетiлген қамтамасыз ету құнын шегергенде, тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген активтер есебiне енгiзiлуi мүмкiн.

      Қамтамасыз етудің түзетiлген құны (Түсіндірменің 1-6, 9-12-жолдарында көрсетiлген активтер түрiндегi) мыналарға:

      1) қамтамасыз ету ретiнде ұсынылған салымдардың 100 пайыздық сомасына;

      2) қамтамасыз етуге берiлген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 пайызына;

      3) қамтамасыз етуге берiлген тазартылған қымбат металдардың нарықтық құнының 85 пайызына тең болады.

      Жоғарыда аталған салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етiлмеген бөлiгi салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін Тәуекел дәрежесi бойынша Нысанға сай мөлшерленеді.

      7. Қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесi бар ұйымдар кепiлдiк берген (сақтандырылған) сауда-саттықты ұйымдастырушының инвестицияларының есебiне енгiзiлмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, заемдар, инвестициялар тәуекел дәрежесi бойынша (сауда-саттықты ұйымдастырушының инвестицияларының есебiне енгiзiлмеген салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған бағалы қағаздардың, заемдардың, инвестициялардың кепiлдiк берілген (сақтандырылған) сомасын шегергендегi) сараланған активтердiң есебiне борышкердің тәуекелi бойынша енгiзiлуi мүмкiн.

      8. Сауда-саттықты ұйымдастырушының инвестицияларының есебiне енгiзiлмеген салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған бағалы қағаздардың, заемдардың, инвестициялардың кепiлдiк берілген (сақтандырылған) сомасы тиiстi кепiлгердiң (сақтандырылушының) дебиторлық берешегiнiң тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленеді.

      Қазақстан Республикасының мынадай резидент еместерiне ұсынылған осы Түсiндiрменiң 6-тармағында көрсетiлген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар:

      1) оффшорлық аймақтың аумағында заңды тұлға ретiнде тiркелгендерге;

      2) жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайызынан астамын иеленушi оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғалардан туәлді немесе оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншiлес болып табылатындарға;

      3) оффшорлық аймақ азаматтары болып табылатындарға,

      Түсiндiрменiң 6-тармағында көрсетiлген қамтамасыз етуі болуына қарамастан, Нысанға сәйкес тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленеді.

      9. Қазақстан Республикасының мынадай резидент еместерiне ұсынылған Түсiндiрменiң 6-тармағында көрсетiлген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар:

      1) оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретiнде тiркелгендерге, бiрақ "Standard & Poor's" агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар немесе мiндеттемелердің барлық сомасын қамтамасыз ету үшін, аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингi бар бас ұйымның тиiстi кепiлі барларына;

      2) жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайызынан астамын иеленушi, оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғадан тәуелді болып табылатын немесе оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншiлес болып табылатындарға, бiрақ аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингi бар немесе мiндеттемелердің барлық сомасын қамтамасыз ету үшін борыштық рейтингi деңгейдің осы тармағының 1) тармақшасында аталған деңгейден төмен емес бас ұйымның тиiстi кепiлi барларына, оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе Нысанға Ескеруде белгіленген оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелерді қабылдамаған оффшорлық аймақтардың тізбесіне не жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 проценттен астамын иеленушi, заңды тұлғаға қатысты тәуелді болып табылатын ұйымдарға енгізілген мемлекеттердің азаматтары не аталған оффшорлық аймақтардың аумағында тiркелген заңды тұлғаларға қатысы бойынша еншiлес болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне қойылатын талаптарды қоспағанда, тәуекелдің нөл дәрежесi бойынша сараланады.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
12-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 60 қаулысына
2-қосымша

Акционерлік және инвестициялық пай қорларының құрамына
кіруі мүмкін қаржы құралдары тізбесі

      1. Басқарушы компания инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі, әрбір жеке ашылған не аралық инвестициялық пай қорларының инвестициялық басқарудағы активтері және оларға қойылатын талаптар:

Қаржы құралдарының атауы

1.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар (оның ішінде шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес эмитеттеген), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар

2.

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар

3.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" Акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Мына талаптардың біріне сәйкес келгенде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне салымдар:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктер; банктер резидент емес бас банкі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі "А-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы бар резидент емес еншілес банктер болып табылады

5.

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-" төмен емес рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және (немесе) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (бұдан әрі - №189 қаулы) көзделген "акция" секторының талаптарына сәйкес акциялар;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша рейтингісі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар немесе қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, 189 қаулымен көзделген "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" борыштық бағалы қағаздар;
қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымының инфрақұрылымды облигациялары;
басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорларының (басқарушы компаниясы активтері есебінен осы пайлар сатып алынатын инвестициялық пай қорларының басқарушы компаниясы болып табылатын инвестициялық пай қорларын қоспағанда), қор биржасының ресми тізіміне енгізілген пайлары; осы эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған бағалы қағаздар

6.

"Standard & Poor's principal stability fund ratings" "BBm-" төмен емес не "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" "BBf-" төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы бар инвестициялық қорлардың бағасы

7.

Базалық активі Тізбенің 1-тармағының кестесінің 5, 12, 13 жолдарында көрсетілген акциялар болып табылатын не базалық активі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша рейтингісі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар эмитенттердің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлы қолхаттар

8.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар шетелдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

9.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтинг агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар елдердің шетел валютасы

10.

Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында Лондондық сапалы жеткiзiлiм (London good delivery) стандарты ретiнде белгiленген тазартылған қымбат металдар мен он екі айдан аспайтын мерзiмi бар металл депозиттері, оның iшiнде Standard & Рооr's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "А-"-дан төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингтiк бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерiндегi металл депозиттер

11.

Мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар:
Азия даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Африка даму банкі;
Еуропа Даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі;
Еуропа Қайта құру және даму банкі;
Ислам даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Халықаралық Қайта құру және даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы;

12.

Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы танитын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел ұйымдары шығарған акциялар және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы танитын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялар

13.

Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 22-1-бабының 3-тармағына сәйкес танитын шетел ұйымы шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы танитын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар

14.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар ұйымдар шығарған Principal protected notes, ол мына талаптардың біріне сәйкес келеді:
айналыс мерзімі бес жылдан аспайды;
principal protected notes шығарылым талаптарымен қандай да бір мемлекеттің, эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолт жағдайы көзделмеген

15.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар резидент емес банктердегі салымдары

16.

базалық активі Ашық және аралық инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары, шетел валютасы, сондай-ақ мынадай есепті көрсеткіштер (индекстер) болып табылатын, хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары (фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар):
CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index)
DAX (Deutscher Aktienindex)
DJIA (Dow Jones Industrial Average)
ENXT 100 (Euronext 100)
FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index)
KASE (Kazakhstan Stock Exchange)
MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index)
MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International
World Index)
NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index)
RTSI (Russian Trade System Index)
S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index)
TOPIX (Tokyo Price Index)
HSI (Hang Seng Index)

17.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысу үлесі

18.

Баға белгілеу қаржы құралдарына не қор биржаларында не Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі тәуелсіз рейтингтік бағасы бар шетел аумағында жұмыс істейтін тауар биржаларында сатылатын тауарларға немесе көрсетілген қаржы құралдарынан немесе тауарлардан тұратын индекстерге байланысты Exchange Traded Fund пайлары


      2. Басқарушы компания инвестициялайтын қаржы құралдарының

      тізбесі, жылжымайтын мүлік әрбір жеке қорының инвестициялық

      басқарудағы активтері және оларға қойылатын талаптар:

Қаржы құралдарының атауы

1.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар (оның ішінде басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес эмитеттеген), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар

2.

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар

3

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" Акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Мына талаптардың біріне сәйкес келгенде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерге салымдар: Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктер; банктер резидент емес бас банкі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі "А-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар резидент емес еншілес банктер болып табылады

5.

Мәміле жасау күніне олардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде болған жағдайдағы акциялар

6.

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар

7.

Шетел ұйымдары шығарған Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар

8.

Шетел ұйымдары шығарған Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар акциялар

9.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ"-ден төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар мынадай халықаралық қаржы ұйымдары:
Азия даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Африка даму банкі;
Еуропа Даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі;
Еуропа Қайта құру және даму банкі;
Ислам даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Халықаралық Қайта құру және даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы

10.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ"-ден төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

11.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ"-ден төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шетелдік валюта

12.

Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында Лондондық сапалы жеткiзiлiм (London good delivery) стандарты ретiнде белгiленген тазартылған қымбат металдар мен он екі айдан аспайтын мерзiмi бар металл депозиттері, оның iшiнде Standard & Рооr's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "А-"-дан төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингтiк бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерiндегi металл депозиттер

13.

Хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары осы қосымшаға сәйкес базалық активі жылжымайтын мүлік қоры активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары болып табылады.

14.

Жылжымайтын мүлік қорына кіретін мүлікке қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға қатысу үлесі

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
13-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
14-қосымша
  Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары
үшін пруденциялық нормативтердің
тізбесіне, олардың нормативтік
мәндеріне және есептеу әдістемесіне,
сондай-ақ есептілік нысандары мен
ұсыну мерзімдеріне
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
К1 коэффициенті мәнінің есебі

      Есепті кезең: 20 ____жылғы "____" ___________

      Индексі: К1_DNPF

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры

      Нысан кімге ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей

      Нысан

      __________________________________________________________________

      (Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы (бұдан әрі - ЕЖЗҚ)

      (мың теңгемен)

Көрсеткіш атауы

Баланс бойынша құны

Ескерілетін көлем (%)

Есептелетін
сома

1.

Ақша - барлығы (1.1 - 1.6 жол сомасы):


Х


1.1

кассадағы ақша, ЕЖЗҚ-ның балансы бойынша активтер сомасының бір пайызынан аспайды


100


1.2

Ереженің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі теңгедегі және шетел валютасындағы ақшасы


100


1.3

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша


100


1.4

клирингтік ұйымдағы шоттардағы, ЕЖЗҚ-ның кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша


100


1.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі не басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдің шетел валютасында басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктеріндегі ағымдағы шоттарындағы ақша


100


1.6

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ЕЖЗҚ-ға банктік қызмет көрсететін агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдардың ағымдағы шоттарындағы ақша


100


2.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzB"-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің отыз алты айдан аспайтын мерзімге арналған салымдар


100


3.

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzB" төмен емес рейтингтік бағасы бар, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің банктік депозиттік сертификаттары


100


4.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарын қосқанда)


100


5.

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар


100


6.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


7.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дауыс беретін акцияларының жүз пайызын иеленетін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйым шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


8.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


9.

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген Қазақстан Республикасы ұйымдарының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі - № 189 қаулы) көзделген "акциялар" секторының бірінші санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары немесе ықтимал шығындарға көзделген резевтерді шегерумен, қор биржасы индексінің өкілді тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары


100


10.

"В-"-дан төмен емес рейтингі бар осы қосымшаның 9-жолында көрсетілген акцияларға жатқызылмаған заңды тұлғалардың акциялары


100


11.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


12.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-қа дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB-"-тан "kzВ"-ға дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


13.

Осы қосымшаның 11 және 12 жолдарында көрсетілген деңгейден төмен рейтингтік бағасы бар, сондай-ақ рейтингтік бағасы жоқ, № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің "квазимемлекеттік секторы субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыштың сомасы мен есептелген сыйақыны есепке ала), ықтимал шығындарға көзделген резервтерді шегерумен;


100


14.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Ереженің 8-тармағының
12) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының бағалы металдар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


16.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының ұйымдарының және басқа мемлекеттердің Ереженің 8-тармағының 13) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


17.

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесіне ие бағалы қағаздар


100


18.

Шетел ұйымдары шығарған, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар


100


19.

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


20.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, базалық активі Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


21.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтінгтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


22.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, заңды тұлғалардың № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген акциялары немесе заңды тұлғалардың қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


23.

Осы нысанның 10-белгісінде көрсетілген акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


24.

Халықаралық қаржы ұйымдары шығарған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар


100


25.

Лондондық бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде осы қауымдастық құжаттарында белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері, оның ішінде Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінде 12 айдан аспайтын мерзімге салынған металл депозиттері


100


26.

Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және акционерлері бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары


100


27.

Зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақылар мен зейнетақы активтерін инвестициялаудан есептелген инвестициялық кіріс бойынша, шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген дебиторлық берешек


100


28.

ЕЖЗҚ балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы ЕЖЗҚ-тың жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары


100


29.

Өтімді және басқа активтер жиынтығы (1 - 28-жолдарының сомасы)


х


30.

Баланс бойынша міндеттемелер


х


31.

МКТМ




32.

Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті К1 ((29-жол – 30-жол)/ 31-жол) 1-ден кем емес

х

х


33.

Зейнетақы активтерінің ағымдағы құны

х

х


34.

Баланс бойынша активтердің құны

х

х



      Бiрiншi басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)

      _________________________________________________ ___________________

      (тегi, аты, бар болса – әкесiнiң аты) (қолы)

      Бас бухгалтер ___________________________________ ___________________

      (тегi, аты, бар болса – әкесiнiң аты) (қолы)

      Орындаушы: ____________________________________________ _____________

      (лауазымы, тегi, аты, бар болса – әкесiнiң аты) (қолы)

      ________________

      (телефон нөмiрi)

      Есепке қол қойылған күн 20__ жылғы "____" __________

      Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинауға арналған
"К1 коэффициенті мәнінің есебі" нысанын толтыру бойынша
түсіндірме
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "К1 коэффициенті мәнінің есебі" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы өтімді активтер, басқа да активтер, міндеттемелер, меншікті капиталының ең төменгі мөлшері және меншікті капиталының жеткіліктілігі нормативі бойынша толтырады.

      4. Қаржы есептілігін жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      5. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      6. 3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер көрсетіледі.

      7. 5-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы есептеуге арналған, 3 және 4-бағандар деректерінің туындысы ретінде есептелген сома көрсетіледі.

      8. Реттік нөмірі 32-жолда баланс бойынша өтімді активтер мен міндеттемелер айырмасының меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қатынасы ретінде есептелген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті көрсетіледі.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
15-қосымша
  "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорының және (немесе) ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларының
қызметін жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат берілген
қаржы құралдарының тізбесі

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін орналастыратын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар:

Қаржы құралының атауы

1.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігіне шығарылған бағалы қағаздар

2.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар

3.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Дауыс беруші акцияларының жүз пайызын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі иемденетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым шығарған борыштық бағалы қағаздар

5.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар

6.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBВ-"-тен "kzВ+" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі отыз алты айдан аспайтын мерзімдегі салымдар

7.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBВ-"-тен "kzВ+"-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің банктік депозиттік сертификаттары

8.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар мына халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар:
Азия даму банкі;
Африка даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Еуразиялық даму банкі
Еуропа қайта құру және даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі;
Ислам даму банкі;
Америка аралық даму банкі;
Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы.

9.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойына "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

10.

Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;
мөлшері мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар шығарылымының толық көлеміне сәйкес келетін, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес бас ұйымның не Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті бас ұйымның кепілдігіне эмитент шығарылымын жүзеге асыратын борыштық бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары;
Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 22-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылған шетел ұйымдарының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі - № 189 қаулы) көзделген "акциялар" секторының бірінші санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары

11.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
№ 189 қаулыда көзделген "акциялар" секторының бірінші санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялар;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВ"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;
№ 189 қаулыда көзделген "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;
№ 189 қаулыда көзделген "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары;
басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 189 қаулыда көзделген "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторының талаптарына сәйкес келетін аралық инвестициялық пай қорларының пайлары;
эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау аясында шығарылған бағалы қағаздар.

12.

Осы тармақтың реттік нөмірі 9-жолында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, мына талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:
1) борыштық бағалы қағаздардың эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнінен кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылған;
2) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) (бұдан әрі - ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын стандарттарға (International Accepted Accounting Principles - GAAP) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес жасайды;
3) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы біліктілік талаптарға сәйкес келуі негізінде танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады;
4) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілік) кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін қор биржасына ұсынылған;
5) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы ұйымның соңғы есептік күндегі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;
6) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың біреуіндегі таза кірісі ұйымның соңғы есептік күндегі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;
7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйым - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша сатылымының соңғы екі жылдың әрқайсысындағы көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;
8) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
9) осы бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізімінде болуы кезінде борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;
10) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.

13.

Осы тармақтың реттік нөмірлері 9 және 10-жолдарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, мына талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:
1) борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнінен кемінде бір жыл бұрын жүзеге асырылған; 2) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті ХҚЕС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;
3) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы олардың біліктілік талаптарға сәйкес келуі негізінде танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады;
4) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігін) аяқталған соңғы қаржы жылы үшін қор биржасына ұсынған;
5) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы ұйымның соңғы есептік күндегі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;
6) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы есептік күндегі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес аяқталған соңғы үш жылдың біреуінде таза кірісінің болуы;
7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйым - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы қаржы жылындағы негізгі қызметі бойынша сатылымының көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;
8) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
9) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.

14.

"Standard & Poor's principal stability fund ratings" "BBBm-"-тен төмен емес не "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" "BBBf-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары.

15.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар не қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 189 қаулыда көзделген "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторының талаптарына және мына талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүлік қорларының акциялары:
шығарылған бағалы қағаздар және (немесе) басқа міндеттемелер бойынша жылжымайтын мүлік қоры міндеттемелерінің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды;
жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің кемінде жетпіс бес пайызын жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кіріс құрайды;
жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясынан және оның үлестес тұлғаларынан сатып алынбаған;
жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынбаған не ол сенімгерлікпен басқаруға берілген;
жалға беру шартымен белгіленген жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру мерзімі кемінде бір жылды құрайды;
жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініш берілген күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға беріледі.

16.

Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және бұл қауымдастықтың құжаттарында "Лондонның сапалы жеткізілімі" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген тазартылған бағалы металдар және он екі айдан аспайтын мерзімге орналастырылған, оның ішінде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктеріндегі металл депозиттері

17.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, мына талаптарға сәйкес келетін ұйымдар шығарған рrincipal protected notes:
айналыс мерзімі үш жылдан аспайды;
рrincipal protected notes шығару талаптарында қандай да бір мемлекеттің, эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолт жағдайлары көзделмеген

18.

Осы қосымшада көрсетілген акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттар

19.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары, шетел валютасы, мынадай есептік көрсеткіштер (индекстер) базалық активі болып табылатын фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар:
1. MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index);
2. DAX (Deutscher Aktienindex);
3. CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index);
4. NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index);
5. TOPIX (Tokyo Price Index);
6. HSI (Hang Seng Index);
7. ENXT 100 (Euronext 100);
8. RTSI (Russian Trade System Index);
9. DJIA (Dow Jones Industrial Average);
10. S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index);
11. FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index);
12. KASE (Kazakhstan Stock Exchange);
13. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)


      2. Мынадай қаржы құралдарына инвестициялардың жиынтық көлемі ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерінің бес пайызынан аспайды:

1.

№ 189 қаулыда көзделген инфрақұрылымдық облигацияларды қоспағанда, эмитенттері "өзге де борыштық бағалы қағаздар" шағын санатының талаптарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

2.

Басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 189 қаулыда көзделген "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторының талаптарына сәйкес келетін пайлары

3.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар қаржы құралдары базалық активі болып болып табылатын фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар

4.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар не қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 189 қаулыда көзделген "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторының талаптарына және мына талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүлік қорларының акциялары:
жылжымайтын мүлік қорының шығарылған бағалы қағаздар және (немесе) басқа міндеттемелер бойынша міндеттемелерінің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды;
жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің кемінде жетпіс бес пайызын жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кіріс құрайды;
жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясынан және оның үлестес тұлғаларынан сатып алынбаған;
жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынбаған не ол сенімгерлікпен басқаруға берілген;
жалға беру шартында белгіленген жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру мерзімі кемінде бір жылды құрайды;
жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініш берілген күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға беріледі

5.

"Standard & Poor's principal stability fund ratings" "BBBm-" төмен емес не "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" "BBBf-" төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары

6.

Осы қосымшаның 1-тармағының реттік нөмірлері 9 және 10-жолдарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, мына талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:
1) борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнінен кемінде бір жыл бұрын жүзеге асырылған;
2) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті ХҚЕС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;
3) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы біліктілік талаптарға сәйкес келуі негізінде танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады;
4) борыштық бағалы қағаздар эмитенті аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігін) аяқталған соңғы қаржы жылы үшін қор биржасына ұсынған;
5) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы ұйымның соңғы есептік күндегі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;
6) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес аяқталған үш қаржы жылының біреуінде таза кірісінің болуы;
7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйым - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша соңғы қаржы жылындағы сатылымының көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;
8) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
9) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
16-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының өзгерістер
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
17-қосымша
  Зейнетақы активтерін есепке алуды
және бағалауды жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша

Қаржы құралдарының құнсыздануын немесе құнын
азайтуды тану критерийлері


Критерий атауы

Балл саны

1

Қаржылық жай-күйі:


1.1

тұрақты

+0

1.2

қанағаттанарлық

+1

1.3

тұрақты емес

+2

1.4

шекті

+7

2

Шығарылған/берілген қаржы құралдары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу мерзімін кешіктіру:


2.1

мерзімін кешіктірудің болмауы

-1

2.2

күнтізбелік 7 күнге дейін мерзімін кешіктіру

+0

2.3

күнтізбелік 8 күннен 15 күнге дейін мерзімін кешіктіру

+1

2.4

күнтізбелік 16 күннен 30 күнге дейін мерзімін кешіктіру

+2

2.5

күнтізбелік 30 күннен астам

+3

2.6

күнтізбелік 1 жылдан астам

+4

3

Кепілдіктің болуы:


3.1

Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақыға 100%-ға кепілдік беру кезінде)

-4

3.2

Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақыға 100%-дан кем кепілдік беру кезінде)

(Балл сомасы "-4"-тен бастап кепілдік мөлшеріне шамалас есептеледі)

3.3

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттің

-3

3.4

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері

-3

3.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттің

-2

3.6

кепілдіксіз

+0

4

Рейтингінің болуы:


4.1

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А"-дан төмен емес немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы

-4

4.2

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы

-3

4.3

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен "В-"-ке дейінгі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы

-2

4.4

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі бағасы

+3

5

Рейтингі жоқ не 4-тармақта көрсетілген деңгейден төмен рейтингі бар


5.1

"өзге де борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар

+0

5.2

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (бұдан әрі - № 189 қаулы) сәйкес қор биржасы ресми тізімінің "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген борыштық бағалы қағаздар

+0

6

№ 189 қаулыға сәйкес қор биржасы ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына ензілген эмитенттер акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар

-1

6.1

№ 189 қаулыға сәйкес қор биржасы ресми тізімінің "акциялар" секторының екінші санатына енгізілген эмитенттер акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар

+1

7

Эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақы төлеу бойынша дефолт болған жағдайында № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының "буферлік санатына" енгізілген борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасы ресми тізімінің "буферлік санатына" енгізілген борыштық бағалы қағаздар

+1

8

Делистинг немесе рейтингінің төмендеуі

+2

9

Бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру (уәкілетті органның орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімі)

+2

10

Ақпараттың болмауы

+10

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының өзгерістер
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
18-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының өзгерістер
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
19-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
қор биржасы бағалы қағаздарының
ресми тізімі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырула енгізілетін
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
20-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.